Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
TArikh_Serik_a_1171_a(1) / Дін тану / Сабақ жоспары .Дінтану.doc
Скачиваний:
142
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
978.43 Кб
Скачать

III. Сабақты қорытындылау.

1. Құран деген сөздің мағынасы қандай?

2. Аят дегеніміз не?

3. Құранда неше сүре бар?

4. «Фатиха» сүресінің мағынасын түсіндіріңдер.

ІV. Үйге тапсырма. Лама Шәриф,«Дұға», Алматы, «Қаламгер», 1991ж. (оқу, инсерт әдісімен талдау).

21 Тақырып. Шариғат.

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:

1.Оқушыларға шариғат туралы терең білім беру.

2.Оқушыларға шариғат, амалдар туралы тың мәліметтер бере отырып білімдерін тереңдету.

3.Оқушыларға патриоттық, толеранттық, эстетикалық тәрбие беру, діни-саяси сауаттылыққа баулу;

Мақсаты: оқушылардың теологиялық сауаттылықтарын қалыптастырып, логикалық ой өрісін дамыту, олардың белсенді өмірлік ұстанымын қалыптастыру.

Негізгі ұғымдар:

«Фарз»– орындауға міндетті әрекеттер.

«Важиб»–міндетті.

«Суннат»– қосымша.

«Мустахаб»–қошеметті.

«Мубах»–орындауаға да орындамауға да болатын әрекеттер.

«Харам»–тыйым салынған.

«Макрух»–мәжбүрлі.

«Мустакрух»–тәрбиесіздік көрінісі.

Құрал-жабдықтар, көрнекті құралдар: қима-қағаздар, жетондар, трек-сызба, кестелер,суреттер, тақта т.б.

Сабақтың типі: аралас сабақ.

Әдісі: интерактивті оқыту әдісі.

Сабақ барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Жаңа материалды түсіндіру.

Мұғалімге жаңа материалды түсіндірудің кіріспе бөлімінде «Миыға шабуыл» стратегиясын қолдануына болады.

Исламның құқықтық жүйесі–шариғат, құран мен хадистер негізінде құрастырылған. Ислам заңының ерекшелігі–адамның жағымсыз әрекет етуіне жол берілмеуінде.

Ислам заңы бойынша дәретсіз құран кітабын ұстауға тыйым салады. Дәреттен бұрын адам ғұсыл құйынуы керек. Ғұсыл–адамның толық жуынуы (шомылуы). Ислам кітаптарын дәретсіз ұстамау керек және кіндіктен төмен түсіруге болмайды.

Алланың атын естіген немесе айтқан кезде міндетті түрде: «Субханаху уә тағала» деген құрмет сөздер айтылу керек.

Пайғамбар Мұхаммедтің атын естіген немесе айтқан кезде: «Салаллаху ғалейһи уәс-салам» деп айту керек.

Пайғамбардың серіктерінің, сахабаларының атын естіген немесе айтқан кезде: «Рази Аллаху әнху» деп айтқан абзал.

Имам, шейх, ғалымдардың атын естіген немесе айтқан кезде: «Рахимахул-лаһу-тағала» деп айту керек.

Шариғат бойынша мұсылмандардың барлық амалдары 8-ге бөлінеді:

  1. Фарз.

  2. Уәжіб.

  3. Сүннет.

  4. Мустахаб.

  5. Мубах.

  6. Харам.

  7. Макрух.

Фарз.

Фарз–шариғаттың барлық үкімін орындау міндеті. Қарсы келсе кафир санатына жатқызылады. Фарз 2-ге бөлінеді:

Фарз айн

Фарз кифая

Әрбір мұсылман орындауға міндетті, мысалы: намаз, ораза т.б.

Мұсылман қауымына міндеттелген амалдар, мысалы: сәлемге жауап беру, жаназа т.б.

  1. Аллаға сену.

  2. Пайғамбарға сену.

  3. Шаһадат айту.

  1. Намаз оқу т.б.

Уәжіб.

Фарыз сияқты орындауға міндетті амалдар, орындамаса үлкен күнәһар болып есептеледі.

  1. Пітір садақа береу.

  2. Құрбан шалу.

  3. Утір намазын оқу.

  1. Құранды «тажуидпен» оқу т.б.

Сүннет.

Бұл амалдарды пайғамбарымыз орындаған, сондықтан сүннетті орындамаған үлкен күнәһар бомаса да қиямет күнінде пайғамбардың шапағатынан құр қалады.

  1. Әрбір істі «Бисмилаһи–р–рахмани рахим» деп бастау.

  2. Түшкіргеннен кейін «Әльхамду лилләһи» деп айту.

  3. Мұсылманмен сәлемдесу.

  4. Тамақты «Бисмилаһи–р–рахмани рахим» деп жеу т.б.

Мустахаб.

Мустахабты пайғамбарымыз жиі орындаған. Орындағандар сауап алады.

  1. Қосымша намаздар оқу.

  2. Қосымша ауыз бекіту.

  3. Әрдайым дәретпен жүру.

  4. Бос уақытта құран оқу т.б.

Мубах.

Мубах–орындауға да орындамауға да болатын амалдар.

  1. Тым тойып тамақтану.

  2. Жануарларды піштіру.

  3. Ерлерге күміс белбеу тағу.

  1. Татуластыру үшін өтірік айту т.б.

Харам.

Харам–ислам шариғатында қатаң тыйым салынған амалдар.

  1. Кісі өлтіру.

  2. Өртеп өлтіру.

  3. Ұрлау.

  4. Тонау т.б.

Макрух–пайғамбарымыз тыйым салған амалдар.

  1. Өлең тыңдау (тәрбиесіз, әдепсіз).

  2. Музыкалық аспаптарды көңіл көтеру үшін тыңдау (намазға, тіршілікке кедергі келтірсе).

  3. Билеу (жалаңаш, тәрбиесіз).

  4. Шапалақ соғу т.б. (құрмет белгісі ретінде емес).

III. Сабақты қорытындылау.

1. Шариғат дегеніміз не?

2. Шариғат неше бөлімнен тұрады?

ІV. Үйге тапсырма.

  1. Зинатулла ат–Тарази, «Исламский шариат», Казань, 1995 г., /дерекнамалық материалды талдау/.

  2. Тақырып аясында интернет материалдарын жинақтап, саралау.

22 тақырып. Қазақ ойшылдары мен ағартушыларының діни– философиялық көзқарастары.

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:

1. Оқушыларға қазақ ойшылдары мен ағартушыларының діни-философиялық көзқарастары туралы терең білім беру.

2. Оқушылардың тақырып ауқымында тың мәліметтер бере отырып білімдерін тереңдету;

3. Оқушыларға патриоттық, толеранттық, эстетикалық тәрбие беру, діни-саяси сауаттылыққа баулу.

Мақсаты: оқушылардың теологиялық сауаттылықтарын қалыптастырып, логикалық ой өрісін дамыту, олардың белсенді өмірлік ұстанымын қалыптастыру.

Құрал-жабдықтар, көрнекті құралдар: қима-қағаздар, жетондар, трек-сызба, кестелер,суреттер, тақта т.б.

Сабақтың типі: жаңа сабақты түсіндіру.

Әдісі: интерактивті оқыту әдісі.

Сабақ барысы:

Соседние файлы в папке Дін тану