Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
TArikh_Serik_a_1171_a(1) / Дін тану / Сабақ жоспары .Дінтану.doc
Скачиваний:
142
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
978.43 Кб
Скачать

III. Сабақты қорытындылау.

1. Индуизмнің негізгі постулаттары қандай?

2. Вишнудың қандай аватарларын білесіңдер?

3. Сикхтар деген кімдер және олардың ілімі нені уағыздайды?

ІV. Жеке оқушыларға озық тапсырма беру § 10.

V. Үйге тапсырма. § 9 оқу.

10 Тақырып. Заратуштра діні.

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:

1. Оқушыларға зороастризм діні, діни ғұрыптары туралы терең білім беру,

көне замандарда қазіргі Қазақстан территориясында заратуштра дінінің ықпалы болғандығын түсіндіру және олардың білім-біліктілік дағдыларын қалыптастыру.

2. Зороастризм діні туралы тың мәліметтер бере отырып білімдерін тереңдету.

3. Оқушыларға патриоттық, толеранттық, эстетикалық тәрбие беру, діни-саяси сауаттылыққа баулу.

Мақсаты: оқушылардың теологиялық сауаттылықтарын қалыптастырып, логикалық ой өрісін дамыту, олардың белсенді өмірлік ұстанымын қалыптастыру.

Негізгі ұғымдар:

«Ахурамазда»–қайырымды от құдайы.

«Авеста»–зороастризм дінінің қасиетті кітабы.

«Митра»–заратуштра мифтерінде әлем Күн құдайы.

Құрал-жабдықтар, көрнекті құралдар: қима-қағаздар, жетондар, трек-сызба, кестелер,суреттер, тақта т.б.

Сабақтың типі: аралас сабақ.

Әдісі: интерактивті оқыту әдісі.

Сабақ барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Жаңа материалды түсіндіру.

Жоспар

  1. Заратуштра дінінің пайда болуы.

  2. Қасиетті «Авеста».

  3. Заратуштра дінінің мейрамдары мен ғұрыптары.

1.Заратуштра аңыз бойынша б.з.д. 1500-1200 ж.ж. аралығында өмір сүрген. Ол отқа, қайырымдылық құдайы Ахурамаздаға табынуға негізделген жаңа дін жүйесін, әлемдік этика үлгісін жасады. Ол үшін Жақсылық пен Жамандық адам жанының да, тіптен адамзаттың да проблемасы болған емес. Бұлар–космос құдіреттері еді.

Заратуштра діні қазіргі Иран территоряисында пайда болған. Екінші бір деректерде Заратуштра б.з.д. VII-VI ғ.ғ. шамасында Мидияда дүниеге келген.Туғанда оған ата-анасы Спитама есімін берген. Оған ұлы құдай– Ахурамазда және оның жеті сипаты туралы аян келеді. Жаңа діни ілім Бактрия (Амудария бойына) мен Согдиананың әміршісі Виштасптың назарына ілігіп, Заратуштраны өзінің кеңесшісі әрі бас діни уағызшы етіп алады. Виштасптың жарлығымен «Авестаның» бастапқы тарулары алтын табақшаларға түсіріледі. Б.з.д. 546 ж. бактрияны Парсы патшасы Кир басып алады. Кир жаңа дінді өз ұлылығын насихаттауға пайдалануды ойлайды. Зороастризм іздері қазір де Иран мен Индия тұрғындары арасынан байқалып отырады.

2. Қасиетті «Авестаның» ең көне тараулары б.з.д. XIII ғ. жатады. «Авеста» бойынша әлемді ең көне замандардан тұңғыш адам басқарып келген. Оны Ангра-Майну құдай өлтірген соң, әлемде ізгілік пен зұлымдық күресі басталды. Ол орасан апатқа әкеліп соқтырды: барша әлем отқа оранып майып болды. Осыдан соң әлем екінші қайтара жаратылды.

Ахурамазданың жарық пен ізгілік әлеміне ↔ Ангра-Майнудың зұлымдық пен қапас әлемі қарсы тұрды.

Зұлымдық құдайы Ахурамазданы мейлінше жек көрді. Бірақ, оған қарсы әлдене жасауға дәрменсіз еді: бір ауыз ізгі сөздің өзі зұлымдық рухын құртып жібере алатын еді.

Заратуштра діні бойынша, ақырзаман болғанда өлгендер Ахурамазданың алдына жауапқа барады. Өлген адамның жаны аспанға ұшып, «жаза көпіріне» барады. Оларды онда құдайлар күтіп тұрады. Күнәсіз жандар жарық пен қайырымдылық әлеміне, күнә жасағандар зұлымдық әлеміне жіберіледі.

Адамның тәні жер үстінде қалып, табиғатпен тұтасады:

Қаны → суға; сүйегі → топыраққа; өмірлік қуаты → отқа қосылады.

Ақырзаман келгенде Ахурамазданың бұйрығымен адамдардың жаны бір-бірін тауып қосылады. Осыдан соң үш күнге ізгілер жұмаққа, зұлымдар тамұққа түседі. Үш күннен соң Ахурамазда барлық адамдарды бір жерге жиып, жерді балқытып, сол балқыған денені адамдарға жібереді. Одан күнә жасамаған адамдар сескенбек емес, өйткені олар үшін балқыған жердің ыстығы жылы сүттей ғана сезіледі, ал күнәлілер ол ыстықтан қуырылып қалады. Осылай қасиетті от әлемді барлық күнә атаулыдан арылтады.

3. Заратуштра ілімі Ізгілік пен Зұлымдық, Жарық пен Қапастың ымырасыз күресі арқылы ең жоғары адамшылық құндылықтарына жетуді

3 дәуірге бөледі:

1

2

3

Жарату

Әлемге Ангро-Майнудің зұлымдық тарата келуі немесе Жақсы мен Жаманның сапырылысы

Ізгіліктің зұлымдықты жеңіп мәңгі жасау дәуірі немесе Ажыратылу

Мұның негізінде бәрі өзінің бастапқы қалпына оралады деген қарабайыр философияның жатқандығын аңғару қиын емес. Осы қайырымдылық дүниесіне оралуы жолында, зұлымдыққа қарсылықтың көрінісі ретінде күніне бес мәрте (күннің қозғалысы цикліне қарай) Ахурамаздаға құлшылық жасап, дұға оқу міндетті саналады.

Көктемнің ортасында аспанның жаратылуы тойланады. Бұл мереке әр адамның салауатты өмір жолындағы көрсетуі тиіс қажыр-қайратын марапаттады. Жаздың тең ортасы, күзде астық жинау, малдың жайлаудан қайтуы, қыс ортасы, көктемде күн мен түннің теңелуі қарсаңындағы жылдың соңғы кеші мерекелері болды. Сонымен бірге мерекеде фравашиге–ақиқат үшін күрескен шаһиттердің аруағына ерекше құрмет көрсетілді. Осылардың ішінде күн мен түннің теңеліп, жаңа жылдың келуімен байланысты Наурыз (жаңа күн) мерекесі ерекше болды. Ол ақиқат пен ізгіліктің мәңгілік салтанат құруының қарсаңы деген ұғыммен байланыстырылып, өмір қуат-тазартушы отқа арналды.

Заратуштра дінінің ғұрыптарының ішіндегі ең бастысы–Ахурамазданың рәмізі ретінде отты қастерлеу. От–адам жанының негізі. Заратуштра храмдары барлық жерлерде бір үлгімен салынды: құрылыстың дәл ортасында арнайы бөлме бөлініп, оған қасиетті ошақ қойылды.

Заратуштра діні (зороастризм) Иран империясының мемлекеттік діні болды. Өткен дәуірдің VI ғасырынан жаңа дәуірдің VII ғасырына дейін Таяу және Орта Шығыстағы басым дін болды. Ол өзінен кейінгі діндерге– иудаизмге, буддизмге, христиандық пен исламға дүниетанымдық негіз салды. Андронов мәдениетінің тікелей мұрагері, жоғары ұйымдасқан қоғам құра білген сақ тайпалары осы иран мәдениетімен белсенді қатынасқа түсіп, зороастризмнің терең ықпалын сезінді. Сақтардың діни түсініктерінің арийлердің діни нанымдарына жуықтап келетіндігін аңғаруға болады. Бұл әсіресе күн құдайы–Митра бейнесінен толығырақ байқалады. Сақ тайпаларының бірқатары осы құдайға сенім ортақтығымен топтасады. Демек, көне замандарда қазіргі Қазақстан территориясында заратуштра дінінің ықпалы болған.

Соседние файлы в папке Дін тану