Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК ХОМ.docx
Скачиваний:
183
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
367.18 Кб
Скачать

Эксперимент есептерін шығару әдістері Жоспар:

  1. Эксперимент есептерінің оқу-тәрбиелік маңызы және типтері

  2. Эксперимент есептерінің орны және шығарту әдістемесі

  3. Заттармен байланысты эксперимент есептерін шығару мысалдары

  4. Заттың сапалық құрамын анықтау

  5. Химиялық құбылысты бақылау және түсіндіру

Эксперимент есептерінің оқу-тәрбиелік маңызы және типтері. Химиялық есептер шығару оқытудың жалпы жүйесінде сарамандық әдістердің тобына жатады. Есеп- шығару оқушыларда теориялық білім мен тәжірибе арасындағы байланысты жүзеге асырады. Оқушылар есеп барысында химиялық ұғымдарды, заңдарды, теорияларды қалыптастыруға, олардың химиялық тілмен сөйлеу мәдениетін байытуға, іскерлікке, ізденгіштікке тәрбиелеуге мүмкіндік береді. Химиялық есептер: жаңе сарамандық іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыру химиялық ұғымддар мен мағлұматтарды үйрету; білімнің тереңдігі мен баяндыллығын тексеру; проблема қою және проблемалық ахуал туғызу; материалды пысықтау, жалпылау және қайталау; оқушылардың әр түрлі деңгейдегі шығармашылық қабілетін тәрбиелеу мақсатында беріледі.

Химиялық есептері сан және сапа есептері болып екіге жіктеледі. Сапа есептерін эксперимент есептері деп те атайды, өйткені оларда сандық мәліметтер болмайды, химиялық тәжірибелер жасау арқылы шығарылады. Химиядан білім мен білік қалыптастыруда, оқушылардың алған білімін бақылап, бағалауда эксперимент есептерінің маңызы өте зор. Эксперимент есептерін шығару арқылы оқушылар теориялық білімін баянды етеді, іс жүзінде қолдана білуге үйренеді. Олар химиялық құрал-жабдықтарынмен және реактивтерімен жұмыс істеудағдыларын нығайтып, жетілдіре түседі. Эксперимент есептерін үзбей шешіп, машықтанғанда оқушылар өздігінен жұмыс істей білуге, ұқыптылыққа, өз ісіне сын көзімен қарауға үйренеді. Оқушылардың химиядан білім сапасын мен сарамандық әзірлігі эксперимент есептерін шығару үстінде айқын білінеді. Сондықтан химиядан мектеп бітіру емтиханы билеттерінің бір сұрағы эксперимент есебі түрінде беріледі.

Эксперимент есептері оқушылардың таным әрекетінің сипатына қарай бірнеше типтерге бөлінеді. Солардың мектепте іс жүзінде жиі қолданылатындары: заттың сапалық құрамын анықтау, затты тани білу, заттарды алу, заттың жіктелу белгілерін табу, қоспаның құрамын анықтау және бөлу, құралдар құрастару, заттардың өздеріне тән химиялық реакцияларын жасау арқылы олардың қасиеттері мен құрамын анықтау, заттар мен құбылыстарды типтерге және кластарға жатқызу білу, берілген мөллшердегі ерітінділерді даярлау, сынақ тәжірибелік сан есептері, химиялық аспаптарды пайдалана отырып, шығарылатын есептер.

Эксперимент есептерін шешу үшін сынау және қателесу, есте қалғаны бойынша шығару, жорамал жасау, аналлиз және синтез тәсілдері қолданылады. Сынау және қателесу тәсілі оқушының білімі жеткіліксіз болғанда пайдаланылады. Тиісті нәтиже алғанға дейін тәжірибені қайталап жасай береді. Есепте берілген мәліметтер оқушыға бұрыннан таныс, есте сақталғаны бойынша шығарылады. Берілген мәліметтер толық болмаса, оқушы алдымен жорамал жасайды, содан соң тәжірибе арқылы оның дұрыс-бұрыстылығын тексереді. Эксперимент есептерін шығарудың ең тиімді кең таралған тәсілі- анализ және синтез. Оқушы есептің шартын нақтылы талдау арқылы шешу жоспарын жасайды да, соған сәйкес іс-әрекетерді жүзеге асырады.

Эксперимент есептерінің орны және шығарту әдістемесі. Эксперимент есептері химияны оқыту сарамандығына отызынгшы жылдарда енгізіледі. Эксперимент есептерін шығарудың алдымен көрнекі көрсету, содан соң зертханалық, ақырында сараманддық әдістері қалыптасады.

Әдістерінің бұл реті қазіргі кезде де қолданылады. Алғашқы кезеңде берілген есеп теория жүзінде талқыланады. Мұғалім оқушылармен әңгімелесе отырып, жоспар құрады, қажетті тәжірибелерді анықтайды да бір оқушы немесе мұғалімнің өзі көрнекі көрсетеді. Екінші кезеңде есепті шығару жоспары көпшілік оқушылармен бірлесіп талқылау арқылы жүзеге асырылады да, тәжіриибелер зертханалық түрде жасалады. Үшінші кезеңде арнайы сарамандық сабақтарда оқушылар эксперимент есептерін өздігінен шығарады.

Химияның бағдарламасы мен оқулықтарында эсперимент есептерінің типтерін енгізу реті көрсетілген. Оны мұғалімнің өзі анықтайды.

Озат мұғалімдердің тәжірибесінде эксиеримент есептерін енгізу оттегі тақырыбынан басталады. Алғашқыда оттегін алу, оттегін жинайтын құрал құрастыру, оттегін анықтауға байланысты қарапайым есептер шығаррылады. Сутегі тақырыбын өткенде есептердің мазмұны кеңейіп, жаңадан затқа тән реакцияны жасау, тұз алу, қоспаның құрамын анықтау және бөлу есептері қосылады.

Есептің қиындығын біртіндеп арттырылады. Мәселен, оқушылар алдымен оттегін анықтауды, содан соң берілген екі газдың, ақырында бірнеше газдың ішінен оттегін ажыратып тануды үйренеді. Есепті шешу тәсілін нақтылы үйрету үщін оқушы жүзеге асыратын қимылдардың алгаритімін бастапқыда дайын күйінде беру керек. Оттегін ажыратып тану есебін шешу ретіне мысал келтірейік.

1- есеп. Аузы бекітулі екі сынауықта оттегі және көмір қышқыл газы берілген. Әр сынауықтың ішіндегісін анықтаңыздар.

Ш е ш у і: Оқушыларға жұмыыс реті көрсетілген нұсқау беріледі: 1) есептің шартын талдаңдар; 2) табиғаттану мен химиядан оттегі және көмір қышқыл газы туралы білетіндеріңізді еске түсіріңіздер; 3) физикалық қасиеттері бойынша берілген газдарды табуға бола ма 4) қандай тәжірибелер жассау керегін ойластырыңыздар; 5) тәжірибе жасаңыздар; 6) жазбаша есеп беріңіздер. Онда не істегеніңізді, не бақылағаныңызды, бақылаудан шыққан қорытындыны кесте түрінде жазыңыздар.

Эксперимент есептерінің нәтижесін сарамандық сабақтың соңында қорытындылау тиіиді екені іс жүзінде дәлелденеді. Ол үшін әр типке жататын есептің шеешімін жеке оқушылар жазба есебі бойынша айтады, қалғандары өз шығарғандарымен салыстырып, талқылайды. Есептердің дұрыс жауабын кодоскоп арқылы көрсетуге де болады.