Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК ХОМ.docx
Скачиваний:
183
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
367.18 Кб
Скачать

Химияның сыныптан тыс жұмыстары Жоспар:

  1. Сыныптан тыс жұмыстардың маңызы.

  2. Химиядан жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстардың түрлері

  3. Көпшілікке арналған сыныптан тыс жұмыстар.

  4. Сыныптан тыс топтық және жеке жұмыстар

Сыныптан тыс жұмыстардың маңызы. Оқушылардың химияға қызығуын біршама қанағаттандырғанымен факультативтік сабақтардың да мазмұны мемлекеттік бағдарлама бойынша шектеледі. Оқушылар бағдарламадан тыс көптеген мәселелерді білгісі, уйренгісі келеді. Мұның өзі химияның тұрмыстағы және халық шаруашылығындағы маңызының күн сайын артуымен де байланысты. Оқушылардың осы тілегін орындау мақсатымен сыныптан тыс жұмыстар жүргізіледі. өзінің атынан көрініп тұрғанындай бұл жұмыстар – оқушылардың қалауы бойынша мұғалімнің жетекшілігімен сабақтан тыс жүргізілетін оқу жұмысын ұйымдастырудың бір түрі.

Сыныптан тыс жұмыстар оқушылардың сабақта алған білімін тереңдетеді, сарамандық біліктер мен дағдылар алуына жәрдемдеседі. Ірі ғалымдардың өмірінен, ғылымға шексіз берілуінен үлгі- өнеге алады, ашқан жаңалықтарының мәнін және химия өнеркәсібінін же тістіктерімен, еңбек адамдарының қажырлы қстерімен танысу оқушыларда мақтаныш сезімін тудырады, сарамандық істерге тікелей араласуға құлшындырады. Еңбекті қадірлеуге, бастаған ісін ақырына дейін жеткізуге, өздігінен жұмысістей білуге уйретеді.

Сыныптан тыс жұмыстардың түрлері, мазмұны және әдістері сабақтағыдан өзгеше болып келеді. Олардың мазмұны бағдарлама арқылы шектелмейді. Мектептің жағдайына оқушылардың қызығуына қарай анықталады. Оқушылардың қызығуы сабақ үқтінде, ғылыми- көпшілік кітаптарын, мерзімді баспасөзді оқығанда туады. Сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырғанда еріктілік негізі сақталады және оларды жүргізудің негізгі әдісі- оқушылардың өздігінен істейтін жұмыстары. Мұғалім ақыл- кеңесін беріп, бағыттап отырады.

Сыныптан тыс жұмыстардың міндеттері мен ұйымдастырылу негіздері: оқушылардың химияға құштарлығын жоспарлы дамыту; сабақта өтілген материалдармен байланысын қамтамасыз ету; сыныптан тыс жұмыстарға қоғамдық мән беру; теориялық және сарамандық жұмыстарды ұщтастыра жүргізу; жұмыстың түрін таңдаудағы оқуушылардың еріктілігі мен орындаудағы мінднттілігін.ұйымдастыру жұмыстарындағы белсенділігі мен деобестігін қамтамасыз ету; көпшілік және жеке жұмыстарды ұштастыру; сыныптан тыс жұмыстармен оұушылардышамадан тыс шұғылдандырмау; сыныптан тыс жұмыстарға кәсіптік бағдар беру. Сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстар химия пәнінің негіздерін оқушыларға үйретіп қана қоймай, сонымен бірге боашақ жастарды өмірге әзірлеп, мамандықты еркін тақдай білулеріне көп септігін тигізеді. Мұның өзі жеке мемлекет болып, білім берудің жүйесіне жаппай жасалып жатқан қазіргі уақытта өте маңызды болып отыр.

Химиядан жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстардың түрлері. Химиядан жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстар көпшілікке, топтық және жеке жұмыстар деп үшке жіктеледі. Көпшілік жұмыстарға жататындар: жас химиктер қоғамы, химиялық шектілер, олимпиадалар, химия апталығы онкүндікі және айлығы, конференциялар.

Топтық жұмыстар: химиялық үйірмелер, жас химиктер клубының және қоғамның секциялары, көрме ұйымдастыру, топтық зеттеу жұмыстары.

Жеке жұмыстар: кітаппен жұмыс, хабарлама реферет және баяндама әзірлеу, құрал және көрнекі құралдар жасау, шағын зерттеулер жүргізу. Сыныптан тыс жұмыстардың түрлері көп, олар біртендеп қалыптасты. Жиырмасыншы жылдары химиядан сыныптан тыс жұмыстар техникалық станцияларда жүргізіледі, оқушылар тәжірибе жасау, құралдар мен көрнекі ұралдар әзірлеумен шұғылданды. Отызыншыжылдары химиялық уйірмелер жұмыс істеді, оларды ұйымдастыру жөнінде оқуқұралдары жарық көрді. Қырқыншы жылдары алғашқы химиялық қоғам ұйымдастырылды, бұлар кейінгім жылдарда кең өріс алды. Елуінші жылдары бастап «химия в школе» журналында сыныптан тыс жұмыстардың әдістемесін баяндайтын бөлім ашылды, ғылыми зерттеу жұмыстары дамыды. Алпысыншы жылдары Д.И.Менделеев атындағы бүкілодақтық химия қоғамы жас химиктер секциясын ұйымдастырды. Оған орта мектептің оқушылары арнайы орта және жоғары оқу орындарының студенттері муше болып,сыныптан тыс жұмыстар жүргізілуге белсенеараласады. Жас химиктер шығармашылығын насихаттауға арналған одақты көрмелер ұйымдастырылып, бәйгелер жарияланды. Жас химиктер секциясының жұмысына ірі ,алымдар, жоғары оқу орнының оқытушылары қатысты. Осының бәрі сыныптан тыс жұмыстардың кең өріс алуына зор ықпалын тигізді. Бұрынғы КСРО Ғылым Академиясының «Химия и жизнь» журналында жас химиктерге арналған тартымды материалдар үзбей жарияланды. Соңғы уақытта жастарды қоғамның жан-жақты жетілген белсенді азаматы етіп тәрбиелеу үшін химия пәні бойынша сыныптан өтілетін бағдарлама материалдарын қазіргі өмір талабына сай оқытумен қатар, оқытудың білім беру, тәрбиелік және одан әрі дамыту мінднттерін жүзеге асыруда сыныптан тыс жұмыстардың сапасын жақсарту жолға қойылуда.

Көпшілікке арналған сыныптан тыс жұмыстар. Көпшілікке арналған сыныптан тыс жұмыстардың ішінде кеңінен таралғандары - жас химиктер қоғамы және химиялық кештер.

Сыныптан тыс жұмыстарға қатысатын оқушылардың саны өте көп, олардың әуестену бағыты алуан түрлі болып келетін ірі мектептерде жас химиктер қоғамы ұйымдастырылады. Қоғам арнайы жарғы бойынша жұмыс ңстейді, оның мазмұны әдістемелік әдебиеттерде баяндалған. Жарғыда қоғамның мақсаты. Құрамы, мүшесінің құқы мен міндеттері, басқару органдары және ұйымдық қрылысы, кітапхана және баспа істері нақтылы көрсетіледі. Қоғамның мүшелігіне қабылдау және шығару жарғыға сәйкес жалпы жиналысында шешіледі. Мұнда еріктілік пен мінднттілік белсенділік пен дәйектілік, жеке мен ұжым бірлігінің негіздері мүлтіксіз жүзеге асырылады. Жас химиктер қоғамын әдетте, бір ғылымның аты беріліп, оның жұмысы әуесқойлық, бәсеке, жарыс түрінде ұйымдастырылады.

Сыныптан тыс жұмыстардың ең маңыздылардың бірі- химиялық кештер. Оған оқушылардың көпшілігі қамтылады. Ол танымдық әсерінің күштілігімен ерекшеленеді.Химиялық кештер мазмұнына қарай тақырыптық , тарихи, мерейтоп, сабақта өтілген материалдарымен тығыз байланыста жүргізіледі.

VІІІ сынып. Атом- молекулалық ілімнің тарихы. В.М. Ломоносов - химияның негізін қалаушы. Химиялық элемент қғымының дамуы. Жер қыртысында ең көп таралған элемент. Ауа- газдар қоспасы. Сутегінің ашылуы тарихы және қолданылуы. Су- ғажайып зат. Сусыз тіршілік жоқ. Периодтық заңның ашылу тарихы. Д.И. Менделеевтің ғылыми ерлңгң. Периодтық жұйеге саяхат. Тұз түзушілер топтамасы.

ІХ сынып. Күкірт қышөылы- химия өнеркәсібінің «наны». Табиғаттағы және адам өмірінднгі көміртегінің маіызы. Жер қыртысындағы және өнеркәсіптегі кремний. Азоттың табиғаттағы айналымы. Ақыл мен ой өлементі (фосфор) Сванте Аррениус. Металдар – біздің кушіміз. Химия мен электрдің одағы. ХХ ғасырдың металы. Шойын мен болат.

Х-ХІ сынып. Органикалық химия. Сондай-ақ, Қазақстанның халық шаруашылығын химияландыру жетістіктеріне арналған кештер мағызы зор. Оларды республикалық материалдарға лайықтап өткізген тиімді, мысалы: Қазақстанда химия өнеркәсібінің дамуы. Қазақстанда фосфор заводы. Металлургия өндірісінің қалдықтарынан күкірт қышқылын өндіру. Қостанай жібек заводы. Шымкент фосфор заводы.

Химиялық кештерді дайындауға ұйірме мүшелері және басқа да тілек білдірген оқушылар қатысады. Мектеп жоспарында кештің тақырыбы және өткізілетін мерзімі анықталған соң, оның бағдарламасы жасалынады.онда жасалатын баяндамалардың, хабарламалардың тақырыптары, қызықты тәжірибелер, жұмбақ әігңме, химиялық ойындар, плакаттар әзірлеу белгіленеді, оларды оқушылардың ыңғайлы және қалауына қарай бөліп береді, әр оқушының белсенділік көрсетуін қамтамасыз етеді. Кештің тақырыбына байланысты жұмбақтар, мақал – мәтелдер, көркем шығармаларында үзінділер, таппақтар жинауға және өздері шығаруға тапсырмалар беріледі.

Апталықтың алғашғы куні оқушылар әзірлегеншығармашылық жұмыстар бәйгесін қрытындысы шығарылады. Келесі кундері химиялық олимпиадалар теориялық және обьектәлерге топсеруендер, үйірмелердің жиындары, сынып сағаттары, қатар сыныптар оқушыларның арасындағы «Сен білесін бе?» деген білім сайыстары өткізіледі. Мектеп радио торабынан қызықты дәрістер, химиялық мазмұнды әңгімелер, химия жаңалықтары беріледі, оқу фильмдері, кәсіптік бағдар беру жұмыстары өткізіледі. Апталық мектепте химия кешін өткізумен аяқталады. Жұмыстың жеке салаларынан сыйлықтар тапсырылады. Кештің қалған қызықты тәжірибелер көрсетіледі, жұмбақтар шешіледі, химиялық ойындар ойналады.

Сыныптан тыс топтық және жеке жұмыстар. Сыныптан тыс топтвқ жұмыстардың ең маңыздысы – химиялық үйірмелер. Химия пәніненсыныптан тыс жұмыстар әр салалы үйірме ұйымдастырудан басталады. Ол жүйелі турде жургізіледі. Еркімен келген окушылар курамының турактылығы, олардың жумысын біріктіретін жалпы тақырыбынын болуы химия уйірмеснің ерекшкліктеріне жаталы. 1970 жылы жеке сыныптарда химиядан жүргізілетін уйірме жұмыстарының шамамен алынған бағдарламасы ұсылынады. Орда зертханалық техниканың негіздері, препарат әзірлеу, электрохимия, химиялық технология, геохимия, органикалық химия, аналитикалық химия үйірмелерінің тақырыптары, бағдарламасы берілген.

Бір үйірмеге қатысатын оқушылар саны: 10-12-ден аспайды. Бірінші жылы оқушылар зертханада жұмыс істеу және қауіпсіздік техникасын сақтау шараларымен толығырақ танысады. Заттарды тазарту, ерітінділердң дайындау, химия зертханасында қажетті кейбір заттарды алумен шұғылданады, сарамандық біліктер мен дағдылар игереді. Химияның тұрмыста қолданылуымен байланысты тәжірибелер жасайды, киімдегі дақты, ыдысқа жұққан кір мен жабысқан қақты кетіру жұмыстарымен танысады.

Химияның тарихымен шұғылданатын үйірменің ашылу тарихымен, көрнекті ғалымдардың өмірі және еңбегімен танысады, көрмелерге өндіріс орындарына топсеруенге барады.

Аналитикалық химия үйірмесінде судың, ауанің минералдардың және ауыл шаруашылығы өнімдері құрамына химиялық анализ жасалады.

Агрохимия ұйірмесінде топырақтың құрамын касиеттерің өсімдіктерге қажетті қоректі заттарды зерттейді. Өсімдіктерді зиянкестерден қорғайтын заттардың пайдасы мен зиянын анықтайды. Агрохимиялық анализдер және тәжірибелер жүргізеді.

Электрохимия үйірмесінде химияның осы маңызды саласының шығу тарихын, электролиз әрекетінде, гальваникалық элементтер және металдар коррозиясы кезінде жүзеге асатын әрекеттерді тәжірибе жүзінде зерттейді.

Дәріс №11

II-бөлім. Химияның кейбір бөлімдерін оқытудың әдістемесі