Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК ХОМ.docx
Скачиваний:
183
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
367.18 Кб
Скачать

Орта мектептегі химия курсының мазмұны мен құрылысы Жоспар:

1. Химия курсының мазмұнын таңдауға және оқытуға қойылатын дидактикалық талаптар.

2. Орта мектептегі химия курсының мазмұнын сұраптау негіздері.

3. Оқу материалының қазіргі ғылым деңгеиіне сәйкес келуі.

4. Орта мектептегі химия курсы мазмұнын қалыптасу кезеңдері (XIII, IX, X, XI ).

Химия курсының мазмұнын таңдауға және оқытуға қойылатын дидактикалық талаптар. Химия курсының мазмұны химия ғылымының қол жеткен табыстарын дидактикалық талдау арқылы мына негіздерге сай анықталады және оқытылады: ғылымилығы, жүйелігі, түсініктілігі, саналығы мен белсенділігі, көрнекілігі, теорияның сарамандыққа байланыстылығы.

Ғылымилығы. Орта мектептегі химияның негізіне ғылымда толық шешімін тапқан деректер мен көзқарастар кіреді. Олар ғылымдағы мәліметтерге толық сәйкес келіп, заттар мен құбылыстар туралы ақиқат бұрмалай жеткізуі тиіс. Ол үшін жетекші теориялардың орны дұрыс анықталып, жеткілікті деректі материалдық негізінде енгізуі керек.

Жүйелігі. Оқу материалы ғылым логикасына сәйкес бірінен бірі туындайтын ретпен орналастырылады. Жаңа материал өтілгенді ескеріп беріледі де, өзі соңындағыларға негіз болады. Жүиелік негіз, әсіресе, химияның негізігі ұғымдарын қалыптастырғанда ескеріледі. Ол үшін деректі материалдарды заттар және химиялық реакциялар туралы ұғымдар жүйесіне біріктіреді.

Түсініктілігі. Бұл ғылыми негізге кереғар, жүйелікке тура қатысты болады. Оқу материалдарының түсінікті болуы көлеміне және ғылыми деңгейіне байланысты, сондықтан кейбір ғылыми деңгеиіне байланысты, сондықтан кейбір ғылыми ақпарды оңайлатып беруге тура келеді. Оңайлатудың дәрежесін тым төмендетіп жіберсе, бұрмалаушылыққа әкеліп соғады.

Оқушылар химиялық қосылыс және қоспа ұғымдарымен нақтылы мысалдар арқылы танысқан соң ерітінділер өтіледі. Осыған орай оңайлату үшін ерітінді ұғымына қосылыс деп те немесе қоспа деп те анықтама беру жөнінен химиялық қосылысқа (еріген зат еріткіш бөлшектерінің өзара әрекеттесуі), екіншілері бойынша қоспаға (құрамы тұрақсыз) ұқсайды.

Саналық және белсенділік негізі – оқыту барысында мұғалім мен оқушы еңбегінің ара салмағын оқушылар жағына ауыстырып, олардың пәнге қызығуын және білім алудағы белсенділігін арттыру. Ол үшін білімнің қажеттігі мен пайдасына оқушылардың көздерін жеткізіп, өздерінен жұмыс істей білуге үйрету керек.

Ғылым тілін меңгеруге байланысты саналық негізінің маңызы арта түседі. Оқушылар термин арқылы берілетін ұғымның негізгі белгілерін, қажет жағдайда, зат атауының шығу төркінін, химиялық символиканың мәні мен мағынасын түсінуі, олар арқылы белгіленген заттар мен құбылыстарды елестете білу керек. Мұның өзі оқушылар білімінің жаттанды және үстірт болмауын қамтамасыз етеді.

Көрнекілік принципі – дидактиканың ертеден қалыптасқан түпкілікті негіздерінің бірі, химияны оқытуда маңызы орын алады. Оқушылар білімді заттар мен химиялық әрекеттерді тікелей қабылдау арқылы алуы тиіс. Бұл мүмкін болған жағдайда атом мен молекула құрылысының, өндірістік құрылғылардың модельдерін, суреттерін, сызбанұсқаларын пайдаланады. Осының бәрінде оқушылар жан жақты бақылау жасауға, әр көрнекіліктен барынша мол ақпар алуға, бақылау нәтежелерін қорытындылап, түсіндіре білуге үйрену керек.

Теорияның сарамандыққа байланыстылығы. Бұл – оқушылардың ғылым негіздерінен алған білімін өмірмен, қоғамдық құрылыс сарамандығымен ұштастыру арқылы жүзеге асады, политехникалық білім беру мәселелерін қамтиды. Реті келген жағдайда химия ғылымында ашылған жаңалықтардың өндіріске енгізілуін, ал химия өнеркәсібінің қажеттілігі ғылымның дамуына түрткі болғанын нақты мысалдармен түсіндіріп отырған жөн. Мәселен өткен ғасырда азот тыңайтқыштарын молынан өндіру, оқ-дәрі жасаитын нитрат алу қажеттігі туғанда химиялық байланыстырудың мәселесі қойылды. Осыған орай аммиак синтезінің жағдайларын, химиялық тепе- теңдікті қалған жағына қарай ығыстыру шарттары, әрекетті жүзеге асыру құралдары мен негіздері жан-жақты зерттелді.

Сөз болып отырған принципті жүзеге асыру үшін оқушылар химиядан алған теориялық білімін сарамандық таным есептерін шығаруға қолдана білуі тиіс. Бұл есептер өмірде, табиғатта, зертханаларда және өндірісте жиі кездесетін құбылыстарға негізделіп құрастырылады.

Орта мектептегі химия курсының мазмұнын сұрыптау негіздері. Химияны оқыту әдістемесінің негіздерінде оқу материалының көлемін және қиындығын реттеудің мынадай жалпы педагогикалық талаптар келтірілген: мазмұнның тұтастығы; ғылыми дәлдігі және құндылығы; оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай келуі; оқу жоспарындағы сағат санының ескерілуі; көпшілік мектептің жағдайына сәйкестігі; халықаралық стандартпен үйлесімділігі.

Бұлар оқу пәндерінің бәріне тиесілі жалпы талаптар. Мектептегі химия курсының мазмұнын іріктеудің кейбір өзіндік негіздері химиядан сабақ беру әдістемесінде талданған. Енді соларға тоқталып өтейік.

Оқу материалының қазіргі ғылым деңгейіне сәйкес келуі. Қазіргі ғылыми- техникалық даму дәуіріндежеке ғылым салалары қарыштап дамыды. Қайсы бір топшылауларға қарағанда, әр 7-10 жылда ғылыми ақпараттың көлемі екі есе өскен екен. Мұның өзі оқу пәндерінің мазмұнын дүркін-дүркін қайта қарап, жаңалықтармен, толықтырып отыруды қажет етеді.

Оқу пәні ретінде химияның мазмұнына деректі материалдар енгізіледі. Осылардың әр қайсысы соны деректермен, химиялық технологияның жаңалықтарымен, жаңа идеялармен толысуы керек.

Химия курсының мазмұнын таңдағанда және толықтырғанда білімнің жүйелі түрде орналасуы ескеріледі. Оқу материалының ішінен ең іргелі білім мен біліктері іріктеліп, жетекші идеяның төңірегіне топтастырады, олардың ішкі мәнін жалпы заңдылықтарды қамтитын теориялардың тұрғысынан түсіндіреді.

Демек, теория мен деректі тәжірибелік білімнің арақатынасын тиімді анықтау- аса маңызды әдістемелік міндеттердің бірі. Деректер теориялық көз қарасты жетік меңгеретін дәрежеде ғана алынады. Олардың мөлшері көбейіп кетсе, кері нәтеже береді.

Ұғымдарды дамыту негіздері. Химия ғылымының, даму барысында теориялық деңгейінің көтерілуіне байланысты, негізгі ұғымдарының мағынасы кеңейіп, тереңдейді. Мектеп курсында әр ұғымның ғылым тарихындағы қалыптасу жолын айнытпай міндет емес. Дегенмен, оқушылардың әзірлігін, жас ерекшелігін ескеріп, ұғымның мағнасын бірітіндеп ашып, дамытуға тура келеді. Мәселен, зат туралы ұғым мына сызбанұсқаға сәйкес дамытылады; физикалық дене → зат → элементтің құрамы → элементар бөлшектер → иондық құрамы → материяның бір түрі.

Сызбанұсқаға қарағанда зат туралы алғашқы ұғым тәжірибе жүзінде бірнеше физикалық денелердің ортақ белгілерін табу арқылы қалыптасады(1). Бұдан соң атом молекулалық теорияның(2), электрондық теорияның(3), электролиттік диссоциялану теориясының(4), жалпы материалистік көзқарастың(5) тұрғысынан дамиды.

Қиыншылықты бөлу негізі. Бұл негіз химия курсының мазмұнын анықтауда әр қилы шешім тапты. Мұндағы негізгі мәселе - оқушылардың таным әрекетінің мүмкіндігін ескеріп, деректі материалдардың, теориялардың және химиялық ұғымдардың орынын тиімді анықтау. Оқушылар тікелей бақылауға негізделмеген теориялық материалдарды игеруге қиналады. Сондықтан оларды бір жерге топтастырмай, қиыншылықты бөлу негізіне сәйкес кластарға бөліп орналастырады. Деректі материалдар теорияның алдынан және соңынан қарастырылады да, бірнеше жағдайда теорияны түсіндіру, екінші жағдайда бекіту, нақтылау және дамыту мақсатын көздейді.

Қиындықты бөле білу негізі ұғымдарды дамытуға тығыз байланысты. Негізгі химиялық ұғымдар теориялық деңгейіне қарай курстың әр жерінде өтіліп дамытылады. Мәселен, валенттілік ұғымының VII сыныпта эмпирикалық түсінігі, VIII сыныпта электрондық түсінігі беріліп келді. Эмпирикалық ұғымның өзі, алдымен қосылу, соңынан орын басу реакциялары арқылы әр тақырыптарға бөлініп берілді.

Қиыншылықты бөле білу негізіне сәйкес терминдердің мағынасыда бірітіндеп ашылады. VII сыныпта атом – химиялық бөлінбейтін заттың ең кішкене бөлшегі деп анықталады да, VIII сыныпта атомның элементар бөлшектерден тұратын күрделі құрылысы түсіндіріледі.

VIII сыныпта электрондардың атомдағы күйі, периодтылықтың себебі туралы күрделі материалды толық және терең қарастыру мүмкін еместігінен, бұлардың негізгі бөлігі XI сыныптағы жалпы химия курсына көшірілді.

Политехнизм негізі. Бұл негізді жүзеге асыру үшін химия курсының мазмұнына енгізілетін материалдар: 1) алдыңғы қатардағы химия өндірістерінің және негізіне химиялық әрекеттер жататын кейбір өндіріс орындарының шикізаттары, өнімдері, технологиялық барысы, қажет болған жағдайда қондырғылары мен аппараттары; 2) өндірістің жалпы және химияға тән ғылыми негіздері; 3) халық шаруашылығын химияландырудың негізгі бағыттары, басқа өндірістермен байланысы, ауыр индустриядағы алатын орыны; 4) химия өнеркәсібінің дамуы, қазіргі жайы, өркендеу перспективалары; 5) химия өндірісінің экологиялық мәселелерін шешудегі мәні; 6)кәсіптік бағдар беретін материалдар.

Келтірілген материалдар оқушылардың ғылыми- техникалық ой- өрісін дамытуға бағытталған. Бұлардан басқа политехнизм оқушыларды сарамандық іске бейімдеу, тұрмыста және табиғатта жиі кездесетін заттармен жұмыс істей білу біліктері мен дағдыларын қалыптастыру мақсатын көздейді.

Тарихи негіз. Бұл негізді жүзеге асыру дегеніміз- химия ғылымын дамыту бағытында көрсету, оның өткені, бүгінгісі, және болашағы туралы оқушыларда пікір қалыптастыру. Тарихи негіз екі бағытта жүзеге асады: біріншісі- орта мектептегі химия курсының мазмұны мен құрылысын анықтағанда ғылымның тарихи даму логикасын ескеру, екіншісі- химия элементтердің заттардың, химия ғылымының дамуына елеулі үлес қосқан ғалымдардың өмірі мен еңбектерінен мәлімет беру.

Бірінші бағыттың негізінде теориялық көз қарастардың орналасу реті анықталды. Мұнда оқушыларды ғылым тарихынадағы адасулар мен қателіктерге соқтырмай, тура жолмен алып жүру мақсаты көзделеді.

Екінші бағыт бойынша оқу материалының мазмұнына кіретіндер: 1) кең таралған және толық түрде өтілетін элементтердің, мысалы, оттегі мен сутегінің ашылу тарихы жөнінде мағұлымат беру; 2) атом-молекулалық ілімнің негізін қалаған М.В.Ломоносов, Дж Дальтон еңбектерімен қысқаша таныстыру; 3) массаның сақталу заңының ашылуына байланысты М.В.Ломоносов және А.Лавуазье тәжірибелерін сипаттау; көрнекті ғалымдардың ғылымға келу жолын, қиыншылықтарды жеңу үстіндегі табандылығы, отанына деген шексіз сүйіспеншілігін нақтылы мысалдармен көрсету.

Орта мектептегі химия курсы мазмұнының қалыптасу кезеңдер. Жалпы білім беретін орта мектептің алдына қойылған міндеттердің өзгеруіне сәйкес химия пәннің мазмұны үздіксіз қайта қаралып, жаңарып отырады.

1920 жылы химияның шамамен алынған екі бағдарламасының жобасы жарияланды. Шамамен алынған дейтін себебіміз - бұл бағдарламаларда әр сыныпта өтілетін тақырыптардың тізбесі ғана берілді, мазмұны ашылмады, оны жергілікті жағдайға байланысты мұғалімнің өзі анықтау керек болды. Екі жоба химияны оқытудың өмір мен қоғамдық сарамандыққа байланысын, өздігінен істейтін сарамандық жұмыстар арқылы оқушылардың белсенділігін арттыру негізіне сай құрылды. Профессор П.П.Лебедовтың басшылығымен жасалған москвалық жобада теорияның жетекшілік мәні мойындалмады, оны тәжірибеден өздері қорытып шығаруға тиісті болды.

1923 жылы қабылданған жинақты бағдарламада химияның жаңадан қалыптаса бастаған жүйелі курсы жойылып кетті. Оның орнына барлық пәндерді біріктіретін “табиғат” ,”еңбек” , “қоғам” деген құрама тақырыптар енгізілді. Соларға сәйкес өндіріс және өндірістік әрекеттерді жөндеп түсінбеді, білімнің сапасы да төмендеп кетті.

Оқу пәндерінің бағдарламаларын жасаудағы орын алған бұрмалаушылықтарды түзетуде ВКП (б) Орталық комитетінің 1932 жылғы тамыздағы “Бастауыш және орта мектептегі оқу бағдарламалары мен тәртібі ” туралы қаулысының маңызы зор болды. Бұл қаулыда жалпы білім беретін пәндердің жүйелі бағдарламаларын жасау, пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру міндеттері қойылды. Осыған орай 1932 жылдың соңында В.Н.Верховский басқарған комиссия химияның тұрақты бағдарламасын ұсынды.

Бұл бағдарлама жүйелікке, ұғымдардың үздіксіз дамуына, политехнизмге, теорияның сарамандыққа байланысына негізделіп құрылды. Химияның негізгі ұғымдары мен заңдарының анықтамалары тәжірибе жүзінде өтілген деректі материалдардың негізінде берілетін болды, оларды орналастыруда химия ғылымының логикасы мен даму кезеңдері ескерілді.

Қазіргі қолданысқа ие болған бағдарлама ұстанымы – химиялық заттар бір- бірімен тығыз байланысты ұғымдар жүйесінен тұрады, оларды жете түсінбейінше, ғылымның мазмұнын игеруге толық мүмкіндік болмайды. Сондықтан орта мектептің биорганикалық, органикалық, жалпы химия курсын меңгеруде жаңа бағдарламаның оқу-тәрбиелік маңызы зор. Мұны төмендегі берілген жаңа бағдарлама мазмұнынан айқын көруімізге болады.