Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК ХОМ.docx
Скачиваний:
183
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
367.18 Кб
Скачать

Сан есептерін шығару есептері Жоспар:

1. Сан есептерінің оқу тәрбиелік маңызы және жіктелуі.

2.Сан есептерін шешу тәсілдері және әдістемесі.

  1. VІІІ сыныпта шығаратын есептердің типтері.

  2. IX сыныпта енгізілетін есептердің типтері.

  3. X сыныпта енгізілетін есептердің типтері.

Сан есептерінің оқу тәрбиелік маңызы және жіктелуі. Сандық мәліметтер заттар мен құбылыстарды сан жағынан сипаттай отырып, химияны оқытудың білім мен тәрбие беру және оқушылардың ақыл-ойын дамыту міндеттерін нәтижелі жүзеге асыруға жәрдемдеседі.

Сан есептері арқылы жаңа білім беріледі, алынған білім нығайтылады, жетілдіреді және қолданылады. Есептеулер жасау арқылы химиялық теориялардың, заңдардың және ұғымдардың мәні ашылады, деректі материалдардың түсініктілігі артады, политехникалық білім беріледі, химиялық тілдің мағынасы нақтылынады.

Заттар мен құбылыстардың арасындағы сандық қатынастарды ашу арқылы пәнаралық байланыс жүзеге асады, оқушыларда, ғылыми материалистік көзқарас қалыптасады. Еңбек сүйгіштігі, мақсатына жету жолындағы табандылығы, өз ісіне жауапкершілігі артады.

Есеп шығару барысында түсіну, талқылау, жинақтау, ой тұжырымын жасау, жалпыдан жекеге, жекеден жалпыға ауысып ойлау арқылы оқушылардың ақыл-ойы дамиды, интелектуалды біліктері мен дағдылары қалыптасады.

Әдістемелік әдебиеттерге және арнайы оқу құралдарын сан есептерін жіктеудің бір ізге түсірген жүйесі кездеспейді. Бір автордың өзі сан есептерін әр түрлі негізге сүйеніп жіктейді. С.Г.Шаповаленко оқу материалының заң, теория, ұғым түрі және символикасы химиялық формула, теңдеу бойынша сан есептерңн жеті типке бөледі.

1-тип. Тәжірибе мәліметтері, масса сақталу заңы және құрам тұрақтылық заңы бойынша есептеулер.

2-тип. Заттың қарапайым және нағыз формуласын табу.

3-тип. Химиялық формула бойынша есептеулер.

4-тип. Химиялық теңдеу бойынша есептеулер.

5-тип. Ерітінділерді дайындау және олардың қанықпасын анықтауға байланысты есептеулер.

6-тип. Газдың тығыздығы бойынша малекулалық массасын, молекулалық массасы бойынша тығыздығын және қалыпты жағдайда газдардың көлемін есептеу.

7-тип. Аралас есептер.

Есептерді жіктеуді бір негізге келтіру үшін химияның зерттеу обьектілері және оларды бейнелейтін химияның тілі тұрғысынан қарауға болады, мысалы: 1) затпен байланысты есептеулер; 2) химиялық реакциялармен байланысты есептеулер; 3) ерітінділермен байланысты есептеулер. Заттың сандық және сапалық көрсеткіштері химиялық формула арқылы, химиялық реакциялардың сандық сипаттамалары химиялық теңдеулер арқылы, ерітінділердің негізгі ұғымдары терминдер (ерігіштік, еріген заттың массасы, мольдік қанықпа) арқылы берілетін болғандықтан келтірілген типтерді басқаша айтуға болады: 1) химиялық формулалар арқылы есептеулер; негізгі ұғымдары 2) химиялық теңдеулер арқылы есептеулер; 3) химиялық терминдер бойынша есептеулер; 4) күрделі заттағы элементтердің массалықүлесін оның формуласы бойынша есептеу; 5) ерітіндіде еріген заттың массалық үлесін есептеу; 6) ерітіндінің және еріген заттың белгілі массалық үлесі бойынша еріткішпен еріген заттың массасын есептеу; 7) заттың белгілі мөлшерінің массасые есептеу; 8) газдардың салыстырмалы тығыздығын есептеу; 9) газ күйіндегі қосылыстың белгілі бір мөлшерінің көлемін есептеу; 10) массасы белгілі газ тәрізді заттың көлемін есептеу; 11) элементтердің массалық үлесі бойынша заттың қарапайым химиялық формуласын табу; 12) реакцияға кірісетін заттардың біреуінің белгілі массасы бойынша түзілген заттың массасын есептеу; 13) біреуі артық мөлшерде алынған реакцияға кірісетің заттардың массалары бойынша түзілген заттың массасын есептеу; 14) басқа газдың белгілі көлемін реакцияласуға қажет газ көлемін есептеу; 15) құрамында белгілі бір қоспасы бар бастапқы заттардың белгілі массасы бойынша реакция өнімін массасын есептеу; 16) теориялық шамаға қарағанда реакция өнімін пайызбен есептеу.

Шын мәнісінде есептеулер обьектілердің өздері арқылы емес, оларды белгілейтін формула, теңдеу және термин арқылы жүзеге асады.

Сан есебінің әр типі бірнеше түрге бөлінеді. Мәселен, формула бойынша есептеулердің түрлері: 1) заттың салыстырмалы молекулалық массасын есептеу; 2) заттың салыстырмалы молекулалық массасын есептеу; 3) элементтердің масса үлесін анықтау; 4) моль ұғымымен байланысты есептеулер; 5) газдардың тығыздығын табу; 6) химиялық формула табу есептері және т.б. Теңдеулер және ерітінділер бойынша есептеулердің түрлері жеке кластар бойынша қарастырылады.

Сан есептерін шешу тәсілдері және әдістемесі. Сан есептерінің екі жағы бар. Біріншісі – заттармен, химиялық реакциялармен және ұғымдармен байланысты химиялық мазмұны, екіншісі- сандық мәліметтермен жүзеге асыратын математикалық амалдары. Математикалық мүшелеріне қарай сан есептерін шешу бірге келтіру, пропорция құру, алгебралық, графикалық және алгоритімдік тәсілдері деп жіктеледі. Есептерді шешудің бір тәсілі пропорция құру жиі қолданады, оқушылардың математика пәнінен алған дайындығы, көбінесе, ескерілмейді. Математиканың амалдары, физикалық шамалары және олардың белгілеулері тиімді пайдаланылмайды. Есептің химиялық жағын жан- жақты талдап, нақтылы түсінуге жете назар аударылмайды. Оқушылар есепті мұғалім көрсеткен бір тәсілмен ғана шығарып, өздерінің белсенділігін көрсете алмайды. Жауабының дұрыстығын кері есеп құрастыру арқылы тексермейді.

4-кесте Есептеулердің химиялық теңдеулер бойынша енгізілу реті

Тақырыбы

Енгізілетін есептің типі

VIII VIII сынып

Химиялық алғашқы ұғымдар.

Оттек.Оксидтер. Жану.

Галогендер.

ІХ сынып

Электролиттік диссоциациялау

Азот топшасы

Көміртек топшасы

Х сынып

Қаныққан көмірсутек

Химиялық теңдеу бойынша реакцияға кіріскен немесе шыққан заттардың біреуінің белгілі мөлшері бойынша қалғандарының массасын есептеу.

Термохимиялық теңдеулер бойынша есептеулер.

Химиялыұ теңдеулер бойынша реакцияға түскен немесе шыққан заттардың біреуінің белгілі мөлшері бойынша газдың көлемін табу.

Реакцияласушы заттардың біреуі артығымен алғанда химиялық теңдеулер бойынша есептеу

Теориялығын салыстырғандағы өнімшығымының массалық немесе көлемдік үлесін пайызбен табу

Қосымшасы бар бастапқы заттардың берілген массасы немесе көлемі бойынша реакция өнімінің массасын немесе көлемін табу

Газ күйіндегі заттың молекулалық формуласын табу (реакция өнімдері бойынша)

Бұл кемшіліктерді болдырмау үшін сан есептерін химияны оқыту барысына енгізу шешу тәсілдерін және әдісін меңгеру керек.

Химия курсынының мазмұнына сан есептерін кіргізу реті бағдарламаның жеке тақырыптарында көрсетілген. Белгілі бір тақырыпта енгізілген есеп типі одан кейінгі тақырыптарда жүйелі түрде дамытылуы тиіс. Химиялық теңдеулер бойынша есептеулерді мысалға алып, мұны бағдарламада жүзеге асыру ретін көрсетейік.

Химиялық теңдеулер бойынша есептеулердің жеті түрі үш сыныпқа бөлініп берілген. Қалған тақырыптарда өтілген типтерге есептер шығарылады.

Бір типке немесе түрге жататын есепті әр түрлі тәсілмен шығаруға, жоғары сыныптарда оқушылардың математикадан білімін өсуге қарай тәсілді күрделілендіруге және ықшамдауға жете назар аудару керек. Бұл сыныптарда есепті шешудің жинақтап қорытылғанжалпы тәсіліне ауысқан тиімді. Есептерді шығаруға барлық оқушыны бірдей қатыстырып, өзін - өзі бақылауға өздігінен есептер құрастыруға үйретсе ғана олардың білімі мен білігі тиянақты болады.

Өтілген сабақты бекіту, әдетте сұрақтар қою, оқу материалын қайталап айттыру арқылы жүзеге асырады. Мұның өзі оқушылардың әсіресе жақсы үлгеретін оқушылардың сабаққа ықыласын кемітеді, тәртіптің бұзылуына әкеліп соқтырады.

Оқушылардың білімін күнделікті есепке алу кезінде сан есептерін шығару алған білімді қолданудың тиімдігін арттыруға көмектеседі. Мұндай сандық мәліметтер молекулалық массаларға еселеніп алынған есептерге уақыт аз кетеді, ауызша шығарады.

Оқушылардың білімін қорытынды есепке алуда, мәселен, жазбаша бақылау жұмыстарында бір сұрақ кезінде сан есептерін шығарып машықтанған оқушы қорытынды бақылау жұмыстарын қиналмай орындайды.