Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК ХОМ.docx
Скачиваний:
183
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
367.18 Кб
Скачать

Оқушылардың білімі мен дағдысын эксперименттік тексеру.

Химияны оқыту барысында оқушыларда көптеген эксперименттік біліктер мен дағдылар қалыптасады, олардың тізбесі бағдарламада берілген. Бұлардың оқушыларды қалай игергені көрнекті көрсету арқылы, тәжірибе жасату арқылы, тәжірибе жасату және зертханалық бақылау жұмыстарын өткізу арқылы анықталады.

Жаңа сабақты түсіндіру кезінде мұғалім көрсеткен тәжірибені білімін тексеру кезінде оқушы қайталайды, мұғалім мына мәселелерге көңіл аударады және бақылайды: тәжірибенің мақсатын білуін қажетті заттар мен жабдықтарды таңдап алуын, құрал құрастыруын, тәжірибе жасауын және құбылыстарды бақылауын һ, құбылысты түсіндіруін және химиялық тілмен жазуын.

6 – кесте Оқушылардың білігі мен дағдысын есепке алу

Білік пен дағды

Оқушының аты-жөні

1

2

3

4

  1. Берілген бөлшектерден құрал құрастыру.

  2. Герметикалылығын тексеру

  3. Қатты заттың мөлшері.

  4. Қышқылдың мөлшері

  5. Сақтық ережесін ескеруі

  6. Штативке бекітуі

  7. Газ жүретін түтік ұшының орналасуы

  8. Қыздыру техникасын білуі.

  9. Қыздыру аспабымен жұмыс ережелерін сақтауы

Құбылысты бақылауы.

Қысқаша талдаудан кейін оқушының білігі мен дағдысына баға қойылады.

Оқушылардың эксперименттік білігі мен дағдылары зертханалық тәжірибелер және сарамандық жұмыстар кезінде тексеріледі. Ол үшін мұғалім тәжірибенің мазмұнын талдап, оқушыларда болу тиісті біліктер мен дағдылардың тізбесін жасайды. Мәселен хлор сутекті және тұз қышқылын алу тәжірибесіндегі тізбе мынадай болуы мүмкін.

Мұғалім 4-6 оқушының тәжірибені қалай жасағанын қадағалап, әр білік пен дағдының тұсына белгі қояды да, олардың жиынтығы және оқушылардың жазба есебі бойынша бағалайды.

Оқушылардың білігі мен дағдысын жаппай тексеру және бақылау сарамандық жұмыстарында жүзеге асырылады. Тапсырма эксперимент есептері түрінде беріледі. Оқулық және оқу құралдарын пайдалануға рұқсат етілмейді. Тексерілетін біліктер мен дағдылар: 1) тапсырманы орындаудың жоспарын жасау; 2) есептің теориялық шешуі; 3) қажетті сызба – нұсқаларды, құралдың суретін сызуы; 4) керекті жабдықтарын іздеп табуы және тиімді пайдалануы; 5) тәжірибені жасауы, бақылауларын жазу реті. 6) түсіндіру және қорытынды жасауы; 7) қауіпсіздік ережелерін сақтауы; 8) жұмыс орнын таза ұстауы; 9) жұмыс орнын тәртіпке келтіруі; 10) жазбаша есебі.

Мұғалім келтірілген біліктер мен дағдылардың орындалуын сапасын талдауға және зертханалық жұмыс кезіндегі бақылауларға сүйеніп, әр оқушының жұмысын бақылайды.

Оқушылардың білімін, білігін және дағдыларын қорытып тексеру және бағалау. Оқушылардың білімін, білігін және дағдысын қорытынды тексеру олардың білімін есепке (зачет) алу және емтихан қабылдау арқылы жүзеге асырылады.

Химиядан орта мектепте оқушылардың білімін есепке алу көп жылдардан бері қолданып келе жатса да әдістемесі нақтылы талданбаған. Ең алдымен әр сыныпта өткізетін сынақ санын және тақырыптарын анықтайды. Екінші кезекте тақырып бойынша тексерілетін білімнің, біліктің және дағдының мазмұны анықталады. Үшіншіден, оларды тексеретін сұрақтар мен тапсырмалардың тізбесі жасалады, бұған жай және мәселелі сұрақтар, сан және сапа есептері келтіріледі. Төртіншіден, материалдың мазмұнына қарай снақ ауызша немесе жазбаша өткізіледі.

Сынақ кезінде белгіленген сұрақтар бойынша бір оқушы жауап береді, қалғандары тыңдап, түзетулер жасайды немесе бір сұраққа барлық оқушы жауап береді. Кейде, әсіресе, қорытындылау сабақтары кезінде 3-4 оқушы ауызша сұралады, 8-10 оқушы эксперимент есептерін, 8-10 оқушы сан есептерін шығарады. Бұл әдістердің әрқайсысының өзіне тән артықшылықтары және кемшіліктері бар. Келтірілген әдістердің біріншісінде сұралғаннан басқа оқушылар белсенділік танытпайды, кейбір оқушылар ғана тексеруден өтетіндіктен көпшілік оқушылар жөнді әзірленбейді. Екінші әдіспен білім тексеруге уақыт көп кетеді, барлық сұрақтықамту қиынға түседі. Үшінші әдісті оқушы бір жағынан ғана тексеріледі. Мұның қайсысында болса да оқушының тақырыпты толық меңгергені жөнінде нақтылы пікір айту мүмкін емес. Сондықтан тексеру әдістерін бір-бірімен шатастырып, түрлендіріп отыру керек.

Сынақ оқушылар білімін есепке алудың басым түріне жатады, оны емтиханға айналдыруға болмайды. Әдетте, сынақ (зачет) алу 1-2 сағатқа созылады, сабақ үстінде өткізіледі. Оқушыларды толық қамту үшін жартылай жазбаша химиялық диктант, бақылау жұмысы, жартылай әңгімелесу түрінде өткізілуі мүмкін.

Химиядан мектеп бітіру емтихандары оқушылардың білімінің, білігінің дағдысының сапасын анықтап, мемлекеттік бақылау жасау үшін бірыңғай билеттер жүйесін қолдану арқылы өткізіледі. Емтихан билеттерінде оқушылардың теориялық білімі (бірінші сұрақтар), химиялық элементтерді және олардың қосылыстарын сипаттай білу (екінші сұрақ), сан және эксперименттік есептерді шығару біліктері мен дағдылары (үшінші сұрақтар) тексеріледі. Билеттерде есептердің типі көрсетіледі, оларға сәйкес нақтылы есептерді мұғалімнің өзі таңдайды. Олардың мазмұны жергілікті материалдарға байланысты құрылғаны дұрыс.

Емтиханға әзірлену қорытынды қайталау, типтік есептерді шығару түрінде жүзеге асырылады. Мұнда химияның бір саласының ішіндегі, әр салаларының арасындағы (бейорганикалық химия, органикалық химия, жалпы химия) байланысты тудыруға, негізгі ұйымдардың даму сатыларын анықтауға және бір жүйеге түсіруге баса назар аударылады.

Бақылаудың барлық түрлеріндегі оқушылардың білімін, білігін және дағдыларын бағалау нормалары бағдарламада көрсетілген, соны басшылыққа алу керек.

Бағалау кезінде оқушылар жауабының сапалық көрсеткіштері ескеріледі, олар: тереңдігі, толықтығы, сапалылығы, жіберген қателіктерінің саны мен сипаты. Оқушы жауабының тереңдігі теориялық деңгейінен көрінеді. Олардың минералды қышқылдың қасиеттерін – электролиттік диссоциациялану, органикалық қышқылдардың қасиеттерін электрондық теория тұрғысынан түсіндіре білулері керек.

Оқушының жауабында жіберген қателері елеулі және болымсыз деп есептеледі. Елеуліге оқушы жауабының тазя және түсініксіз болуынан туындайтын мына қателіктер жатады: оқушы негізгі белгілерін, заттардың маңызды қасиеттерін, заңның тұжырымын шатастырады, теориялық білімін құбылыстарды салыстыруға, жіктеуге, тусіндіруге, себеп-салдар байланысын ашуға және болжай білуге пайдалана алмайды. Болымсыз қателерге оқушының жаңылыпкетуінен, өз жауабында мән бермей сөйлеуінен жәнежазуынан туындайтын қателіктер жатады, мәселен реакция теңдеуіне кейбір коэффициенттер қоюды ұмытады, ион зарядтарын және санын дәл көрсетпейді, бірақ мұғалімнің ескертпесінен кейін оларды түзетеді.

Осы сапалық көрсеткіштер тұрғысынан ауызша жауапқа қойылатын бағалар:

“5” деген баға өтілген теориялардың тұрғысынан толық және дұрыс берілген, әдеби тілмен жүйелі баяндалған және оқушының дәйектілігін білдіретін жауапқа қойылады.

“4” деген баға өтілген теориялардың тұрғысынан толық дұрыс және жүйелі баяндалған, бірақ екі-үш болымсыз қате жіберіп, мұғалімнің ескертуімен түзетілген жауап үшін қойылады.

“3” деген баға толық, бірақ елеулі қатесі бар жауап үшін немесе толық емес, ретсіз жауапқа қойылады.

“2” деген баға оқу материалының мазмұнын түсінбей немесе елеулі қателер жібергенде, мұғалімнің жетелеуші сұрақтарынан кейін қателерін түзете алмағанға қойылады.

“1” деген баға жауап болмайтынын көрсетеді.

Сонымен оқушылардың білімін, білігін және дағдысын тексеру- оқыту мақсаттарының қандай дәрежеде орындалғанын көрсетеді. Соңғы кездерде деректерді, теориялық материалды, тілді меңгеруге, экспериментті меңгеруге, есептерді шығаруға қойылатын талаптар, білімді бағалау критерийлері бағдарламада көрсетілген.

Дәріс №9