Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК ХОМ.docx
Скачиваний:
183
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
367.18 Кб
Скачать

Оқушыларды химия өндірістері және халық шаруашылығын химияландыру мәселесімен таныстыру Жоспар:

1. Химиялық өндіріс туралы оқу материалының маңызы және міндеттері.

2.Өндіістік материалдардың мазмұнын іріктеу.

3. Химиялық өндірісті оқып,үйренудің әдістемелік мәселелері.

4. Оқушыларды халық шаруашылығын химияландыру мәселелерімен

таныстыру.

5. Химияның ауыл шаруашылығында қолданылуымен таныстыру.

6. Химия және табиғат қорғаудың экологиялық мәселелерімен таныстыру.

Орта мектептегі химия курсының мазмұнына теориялық,деректі және өндірістік материалдар кіретіні белгілі.Химия өндірістері туралы берілетін мағлұматтар оқушыларға политехникалық білім беру міндеттерін шешуге жәрдемдеседі.Бұл міндеттерге жататындар қазіргі заман өндірістердегі еңбек ұйымдастырудың жалпы техникалық негіздерімен таныстыру;өлшеужәне есептеу техникасымен байланысты білім,білік,дағдымен қаруландыру;оқушылардың ғылыми-техникалық ой-өрісін дамытып,жобалар және конструкция жасай білуге баулу;оқушыларды өндірістік еңбекке үйрету.

Химия пәні оқушыларды ауыр индустрияның аса маңызды саласы-химия өнеркәсібінің негіздерімен таныстырады.Химия ғылымымен өндірісінің өзара шарттастығын,ғылымның өндіруші күшке айналып отырғанын көрсетуге мүмкіндік жасайды.Химия өнімдерінің халық шаруашылығында және тұрмыста кеңінен қолданылатыны,шикізаттарды химиялық өндірудің кең өріс алғаны,экологиялық мәселелерді шешу жөніндегі химияның маңызы туралы қалыптастырады.

Өндірістік материалдар химияның физикамен,экологиямен,биологиямен,сызу және математика,т.б.пәндерімен байланысын жүзеге асыруға септігін тигізеді,олардың алған білімін химиялық мәліметтермен толықтырады.

Өндірістік материалдар алуан түрлі мамандықтармен таныстыру арқылы оқущыларға кәсіптік бағдар береді,өмірден өз орнын табуға жәрдемдеседі.

Өндірістік материалдардың білім берудегі міндеті-химия өндірісі туралы ұғымдар жүйесін қалыптастырады.Бұл жуйеге өндіріс өнімі,шикізаты,шикізаттыңөнімге айналуының негізгіне жататынхимиялық реакциялар,технологиялық процестер,қондырғылар мен аппараттар және олармен жұмыс істеу техникасы,өндірістің негізгі мамандықтары кіреді.

Өндірістік материалдардың мазмұнын іріктеу.Соңғы жылдарда оқу-тәрбиелік маңызы шамалы өндірістер біртіндеп қысқаррып,жаңа бағдарлама бойынша санаулы ғана өнеркәсіптіктер қалдырылды.Оларды іріктегенде мына негіздер ескерілді:

1)өнімнің халық шаруашылығындағы маңызы.Тұз,азот және күкірт қышқылдарын салыстырғанда соңғы қышқылдадың қолданылатын салаларының көп екенін оқушылар біледі.Сондықтан күкірт қышқылын өдіру мәселелері толық қарастырылады;

2)оқылатын өндіріс химия бағдарламасына кіретін материалдармен тығыз байланысты және оқушыларға түсінікті болуы тиіс,күкірт қышқылының өндірісі осы талапқа сай келеді;

3)химиялық техника мен технологияның соңғы жетістіктерін көрсететін болуы.Осы тұрғыдан алғанда күкірт қышқылының мұнаралы әдісінен гөріконтакт тәсілімен алынуын оқыған тиімді.Колчедан кесектерін өртейтін механикалық пештерді алмастырған «қайнаған қабатпен» жұмыс істейтін жаңа қондырғылара қарастырылады.

4)оқушылардың политехникалық ой-өрісін дамытуға жәрдемін тигізетін болуы керек.Ол үшін өндірістің технологиясы айқын,аппараттары типтік,ғылыми негіздерде оқушыларға түсініктілерін таңдап алады.Мұндай негіздерге реакцияласушы реагенттің арзандауын артық мөошерде алу,қарсы ағыс,үздіксіздік,циркуляция,т.б.жатады.

Химиялық өдірісті оқып,уйренудің әдістемелік мәселелері.Басқа оқу материалы тәрізді химиялық өндіріс ең алдымен сабақта өтіледі.Химияға қызығатын оқушылар үшін «Өнеркәсіптегі химия» деген факультатив ұйымдастырылады.Бұл фаукльтативтің бағдарламсы,оқу құралын және әдістемелік талдаулары жасалған.Өндірісті нақтылы оқып,үйренетін оқу жұмысын ұйымдастырудың ең тиімді түрі-топсеруен.Жергілікті өндірістерді зерттеу оқу-өнірістік сарамандықтары кезінде жүзеге асырылуы мүмкін.Өндіістік материалдармен тереңірек танысуда сыныптан тыс жұмыстардың маңызы зор.Химиялық өндірістерге арналғанполитехникалық кештер өткізіледі.Химия үйірмесінің мүшелеріжергілікті өндіріс орындарын тыңғылықты зерттейді.

Аталған оқу жұмысын ұйымдастырудың түрлерінде сөз,сөз-көрнекі,сөз-көрнекі-сарамандық әдістер қолданылады.Бастапқыда өндірістік материал суреттеме және трихи суреттеме тәсілдері арқылы баяндалады.Мұнда мұғалім кестелерді,макеттерді,фильмдердірджі,диафильмдерді,диапозитивтерді пайдаланып,білімді дайын күйінде хабарлайды.

Өндірістік материалдарды ойдағыдай игеругедің пәрменді құралы -өндірістік мазмұны бар есептер шығарту.Бұл есптер шикізат пен өнім арасындағы сандық қатынастарды терең аңғаруға,технологиялық процестер кезіндегі ысырапты,өнімнің шығымын,шикізаттардың қоспасын ескере білуге үйретеді.Мұның бәрі өндірістің өнімділігін есептеуге айлық және жылдық жұмысын жоспарлау үшін қажет екендігіне оқушылардың көздерін жеткізеді.

Оқу жумысын ұйымдастырудың имді түрлерін және әдістерін жүзеге асыруга оқушыларда химиялық технологияның заңдылықтарцы жөнінде жалпы ұғым оқушылардың химиялық реакциялардың түрлері және жүру заңдылықтары туралы жалпы химиялық ұғымдарына негізделеді. Сондықтан адсорбция,гомогенді және гетерогенді реакциялар, реакциялардың жылдамдығы және оған әсер ететін жағдайлар туралы оқушылардың білімін удайы ескеріп, ұтымды пайдалану кеғрек.

Оқушыларды халық шаруашылығын хиияландыру мәселесімен таныстыру.

Халық шаруашылығын химияландыру химия өндірісінің өнімдерін және химия ғылымының жетістіктерін шаруашылықтың әр түрлі саласында кеңінен қолдану арқылы жүзеге асырылады. Химияландырудың мақсаты-шикізаттарды және энергияны тиімді пайдалану ғылыми-технологиялық әрекетті жеделдету және экономиканы интенсвтендіру.

Халық шаруашылығын химияландыру мәселесімен оқушылар жеке химиялық элементтерді және олардың қосылыстарын өткенде тагнсады.Әрбір элемент қосылыстардың қолданылуын көрнекті бейнелейтін сызбанұсқалар,кестелер және хабарларын сызады. Ең маңызды методикалық мәселе-заттың сан алуан қолдануларының ішінен оқушыларға белгілі қасиеттеріне сай келетіндерін іріктеп алу.

Химияның маңызы туралы оқушылардың жеке сыныптарда алған білімі- «Еліміздің халық шаруашылығын дамытудағы химияның мәні» деген соңғы тақырыпта қорытылып жүйеленеді.Бұл тақырыптың мақсаты: халық шаруашылығын химияландырудың негізі бақыттарының мәнін ашу;химия өнеркәсібіндегі ғылыми-техникалық жаңалықпен таныстыру;экологиялық мәселелерді шешудегі,азық-түлік жән энергетика бағдарламаларын жүзеге асырудағы химияның маңызын көрсету;химия өнеркәсібі дамуының басқа ғылымдармен байланысын анықтау химиялық өнеркәсіп жөнінде бағыт—бағдар беру.

Ең алдымен осы мақсатқа жеткізетін оқу материалының мазмұны таңдап алынады.Мұндағы ескерілетін мәселе-химия өнеркәсібі ауыр индустрияның ең маңызды салаларының бірі,оның құрамына мына өнеркәсіптер кіреді:тау-кен химия өнеркәсібі негізгі химия өнеркәсібі (минералды тыңайтқыштар өндіру, сода алу,хром, бром және иод өнеркәсібі т.б) химиялық талшық өндіру; синтетикалық смола,пластмасса өндірісі бояу, органикалық синтез,тұрмыстық химия өнеркәсіптері, химиялық реактивтер және аса таза затта өндіру;химия-фотография өнеркәсібі.

Бірінші бағыт- шикізат қорларын толық және тиімді пайдалану.

Екінші бағыт-шикізаттарды химиялық өндеу әдістерін кенінен қолдану.

Халық шаруашылығын химияландыруға байланысты оқу материалын өткенде мынадай әдістемелік тәсілдер қолданылады:

1.Жеке тақырыптардың мазмұнын деректі материалдармен байыту.Химиялық өндірістерді және металлургияны оқытқанда олардың қолы жеткен табыстарын кеңінен көрсету.Осы мақсат үшін Орталық Санақ бөлімінің анықтама мәліметтерін, жергілікті өндірістің материалдрын пайдалану.

2.Жүйелі түрде жиналған материалдардан түсті плакаттар,диаграммалар,графиктер,кестелер әзілеу,оларды тиімді пайдаланудың ұйымдастырудың түрлерін және әдістерін іздестіру.

3.Оқушыларға сабақтарда жасайтын хабарлама және баяндамалар әзілету, іс-әрекет ойындарын ұйымдастыру.Ол үшін ғылыми-көпшілік әдебиеттерін мерзімді баспасөз материалдарын толық пайдалану.

4. Толық шаруашылығын химияландыруға арналған тақырыптық кештер өткізу,үйірме жұмыстарын ұйымдастыру викториналар әзірлеу және қабырғаға газеттерін шығару.

Химияның ауыл шаруашылығында қолданылумен таныстыру.

Химия өнімдерін молынан тұтынатын саланың тағы бірі-ауыл шаруашылығы. Орта мектептің химия курсында қарастырылатын ауыл шаруашылығын химияландырудың негізгі бағыттары:минералды тыңайтқыштар қолдану;топырақтың химиялық мелиорциясы,өсімдіктерді зиянкестерден химиялық қорғау;өсу стимуляторларын қолдану;өсімдік және жануар өнімдерін химиялық өндеу.

Минералды тыңайтқыштарды өндіру мәселесін, қарастырғанда даму қарқынына өлкелік және жергілікті материалдарға назар аударылады.Өсімдіктерді хииялық қорғау заттардың ішінде орта мектеп курсында оқыылатындары:тотияйын,гексахлоран,ДДТ,париж жасылы,бордосс сұйығы.

Химия заттарында алынатын заттардың бірі-малға семірту үшін берілетін мочевина немесе карбамид.Оны аммиактың туындысы ретінде қарастыруға блады.