Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК ХОМ.docx
Скачиваний:
183
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
367.18 Кб
Скачать

Vііі сыныпта шығарылатын есептердің типтері

Химиялық формула бойынша есептеулер

1. Заттың салыстырмалы молекулалық массасын есептеу.

1-есеп. Мыс сульфатының салыстырмалы молекулалық массасын есептеу.

Ш е ш у і: Заттың салыстырмалы молекулалық массасы зат құрамына кіретін атомдарының санына көбейтілген салыстырмалы атомдық массалардың қосындысына тең, ол жалпы түрде былай өрнектеледі.

Мr(зат)=Аr(эл1) * n1 + Аr(эл2) * n2 + Аr(эл3) * n3+...

Мr- салыстырмалы молекулалық масса;

Аr- салыстырмалы атомдық масса;

Эл- элемент;

n – атом саны. Мыс сульфатының химиялық формуласы – CuSO4.

Мr(CuSO4.) = 64+32+16*4=160.

Жауабы: Мr(CuSO4 )=160.

2. Элементтің масса үлесін табу.

Зат құрамындағы элементтің массалық үлесі бірдің ішіндегі бөлшек санымен немесе пайызбен табылады. Заттағы элементтің масса үлесі элемент атомдарының массасы молекулалық массасын қанша бөлігі екенің көрсетеді:

W(эл) =Ar(эл)*n/Mr

2-есеп. Мыс (ІІ) оксидінің мыстың және оттегінің массалық үлесін есептеніздер.

Шешу барысы: а) есептің шартын жазу, ә) заттың формуласын жазу, б) элементтің салыстырмалы молекулалық массасын есептеу, в) сан мәндерін формулаға қойып есептеу.

Шешуі:

CuO Mr(CuO)=64+16=80

w(Cu)–?, ?(O)–? w(Cu)=Ar(Cu)*1

Ar(Cu)=64 1(Cu)=64=0.8 немесе 80%

Ar(O)=16 w(O)=16*1\80=0.2 немесе 20%

Жауабы: CuO да 80% мыс, 20% оттегі бар.

3. Зат мөлшері ұғымын пайдаланып жүргізілетін есептеулер.

Оқушыларға бұрыннан белгілі масса және көлем өлшемдерінен басқа, химияда зат мөлшері деген физикалық шама да жиі қолданылады. Зат мөлшерінің өлшемі – моль. Массасы: 0,012 кг (12г) көміртегінде қанша атом болса, сонша құрылым бөлшектері ( атомдары, молекулалары, электрондары, иондары,т,б) болатын зат мөлшерін моль (v) деп атайды. Есептеулер нәтежиесінде 12г көміртегінде 6,02*10 атом бар екені анықталады. Кез келген заттың бір мольінде 6,02*10 бөлшек бар, бұл тұрақты шаманы Авогадро саны дейді.

3-есеп. Массасы 4,5 г судағы моль санын табыңыздар.

Шешуі: m(H2O)=4.5 М(H2O)=Мr(H2O)*1г/моль

v(H2O)­? М(H2O)=18г/моль

V(H2O)=4.5\18=0.25моль

Жауабы: 4,5 суда 0,25г моль бар.

4. Химиялық теңдеулер бойынша есептеулер.

Химиялық теңдеулер бойынша есептерді шығарғанда химиялық формуласы, салыстырмалы молекулалық массасы, моль, мольдік масса ұғымдарын пайдаланады.

4-есеп. 64,4г су айырылғанда түзілетін сутегінің массасын есептеңіздер.

Есепті шығару реті: а) есептің шартын мұқият танысу, ә) есептің шартын символика арқылы жазу, б) реакция теңдеуін жазу, в) теңдеу бойынша есепті щығаруға мәліметті анықтау.

Шешуі: m(H2O)=64,8г

m(H2)–? 2H2O=O2+2H2

реакция теңдеуі

M(H2O)= 18г\ моль

m(H2O)=2моль*18г\моль=36г

M(H2)=2моль

m(H2)=2г \ моль* 2г/ моль =4.

5.Ерітіндідегі еріген заттың массалық үлесін табыңыздар.

5-есеп. Ас тұзының массасы 450г, еріген заттың массалық үлесі 10 пайыздық ерітіндісіне неше грамм тұз ерітілген.

Шешуі: m( ерітінді) = 450г

W%(NaCL)=10

m(NaCL)=W%*m(ерітінді) /100%

m(NaCL)=10%*450г/100%=45г.

Жауабы: ерітіндіде 45г ас тұзы ерітілген.

6-есеп. Тұз қышқылының еріген заттың массалық үлесі 10пайыз болса, тығыздығы 1,047кг\м, 10л ерітіндісіндегі хлорсутектің массасы қанша?

Шешуі: V(HCL ерітінді ) =10л

R(HCL ерітінді) =1,047кг\м

W(HCL ерітінді ) =1% m(HCL)= 0,1*0,001* 1047=0,1047 немесе 104,7г

m(HCL)–?

Жауабы: 10л 10% HCL да 104,7 г хлорсутек еріген.