Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК ХОМ.docx
Скачиваний:
183
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
367.18 Кб
Скачать

Оқушылардың білімін және білігін тексеру Жоспар:

1. Білім мен білікті тексерудің оқу-тәрбиелік маңызы.

2. Оқушылардың білімі мен білігін тексеру әдістері мен түрлері.

3. Ауызша сұрақ қою.

а) Сұрақ қою, жауап беретін оқушыны тыңдау.

ә) Оқушының жауап беруге әзірленуі.

б) Жауапты тыңдау.

4. Оқушылардың білімі мен білігін жазбаша тексеру.

5. Оқушылардың білімі мен дағдысын эксперименттік тексеру.

6. Оқушылардың білімін, білігін және дағдыларын қорытып тексеру және бағалау.

Білім менбілікті тексерудің оқу-тәрбиелік маңызы. Оқытудың нәтижесін шығару – оқыту барысындағы аса маңызды бөлік. Оқыту мақсатының орындалуы, мазмұны, құралдары, әдістері және ұйымдастыру формаларының тиімділігі оқушылардың білімі мен білігін тексеру арқылы анықталады. Тұтасынан алғандағы оқытудың барысы тәрәздә білім мен білікті тексеру де үйрену, тәрбие беру және оқушылардың ақыл-ойын дамыту мақсаттарын көздейді.

Оқушылардың білімі мен білігін тексеру арқылы мұғалім өз ісіне талдау жасайды, қол жеткен табыстарын молайтып, жіберген кемшіліктерінің себебін ашуға ұмтылады. Оқыту мазмұнына, ұйымдастыру формаларына, құралдары мен әдістеріне өзгерістер енгізеді, жетілдіреді.

Жүйелі жүргізілген тексеру оқушыларды әр сабаққа әзірленіп келуге машықтандырады, өз ісіне деген жауапкершілігін арттырады, жолдастарының алдында есеп беруге, өз ойын анық және дәл жеткізіп сөйлей білуге үйретеді.

Білім мен білігін күнделікті, тоқсандық жылдық және қорытынды тексеру арқылы оқушылар сыныптан сыныпқа көшіріледі, мектеп бітіру емтихандарында сыналады.

Сонымен оқушылардың білімін, білігін тексеру мен бағалау бақылау, оқыту, тәрбиелеу міндеттерін ақаруды қамтиды және дағдысые тексеру дидактикалық жағынан алғанда бақылау, үйрету, бағдарлау және тәрбиелеу міндеттерін атқарады. Мұғалім оқытудың әр кезеңінде оқушылардың өтілген материалды қалай меңгергенін бақылайды. Бақылау нәтижесін талдау арқылы оқушыға бағыт-бағдар нұсқайды, білім алу жолындағы мақсатын орындауда қажырлы, адал және шыншыл болуға тәрбиелейді.

Тексерудің үйрету міндеттерін дамылсыз жүзеге асады. Жаңа материалды түсіндіру үшін мұғалім оқушылардың бұрынан білетіндерін есепке алады.Түсіндіріп болғаннан кейін жаңа материалдың негізгі мәселелерін оқушылардың қалай игергенін қадағалайды. Білім тексеру кезінде оқушылардың еске сақтауын, қисынды ойлауын, сөйлеу мәдениетін дамытуға тірек хабарларын, сызба-нұсқалар сыздыру арқылы ой еңбегінің техникалық тәсілдерін қалыптастыруға, есептер шығару арқылы алған білімді қолдана білуге дағдыландырады.

Бақылау, бағдарлау, үйрету және тәрбие беру міндеттерін ойдағыдай жүзеге асыру үшін білім мен білікті тексеруге бірнеше талап қойылады.

Тексеру оқушылардың барлығын толық қамтитын болуы керек. Сонда өтілген жеке тақырып бойынша әр оқушының білімін нақтылы анықталады .

Тексеру жүйелі және жоспарлы түрде асырылуы тиіс. Тексеру үшін қажетті дидактикалық және техникалық құралдар, тексеру әдістері мен түрлері материалдың мазмұнына сәйкесалдын ала әзірленеді.

Тексерудің оқушыларды ынталандыратын, өз күшіне сенімін арттыратын сипаты болу керек. Оқушылар тексерудің қажеттігі мен пайдасын мойындайтын дәрежеге дейін көтеріліп, өзін - өзі бақылайтын, өз ісіне сын көзімен қарайтын күйге келуі тиіс. Ізгілік пен демократияландыру тұрғысынан алғанда бұл аса маңызды талаптардың бірі.

Тексерудің түрлері мен әдістері әр мұғалім жүзеге асыра алатындай қарапайым және оңтайлы болуы керек. Сонымен бірге білімді тексеру мен бағалау кезінде ақиқаттан алыстамаудың, әділеттік пен парасартылықтан айнымаудың тәрбиелік маңызы зор екенін айрықша айтпаса болмайды.

Оқушылардың білімі мен білігін тексеру әдістері мен түрлері. Әдістемелік әдебиеттерде оқушылардың білімі мен білігін тексеру дидактикалық мақсаттарына қарай күнделікті, дүркінді және қорытынды тексеру деп жіктеледі. Күнделікті тексеруді жеке сабақтарда, дүркінді тексеруді бір тақырыпты өткен соң, қорытынды тексеруді тоқсанның соңында, жыл аяғында жүзеге асырады. Бұлардың әрқайсысы өткізуі немесе білімнің алыну формасы бойынша ауызша сұрауға, жазба жұмыстарға және эксперименттік тапсырмаларға бөлінеді. Бұлардың өзі одан әрі жекелеп сұрау, топтық сұрау және жаппай сұрау, химиялық диктант, қысқа мерзімді бақылау жұмыстары, жазбаша үй тапсырмасы, жеке-дара көрнекті көрсету, эксперимент, зертханалық жұмыс, сарамандық бақылау жұмыстары, үй эксперименті болып тарамдалады. Білім мен білікті тексеру құралдарына қарай машиналармен және машинасыз тексеру деп те жіктеледі, соңғысына жататындар: карточкалар, перфокарталар, диафилмдер, үлестірілетін заттар, құралдар, модельдер, сызбанұсқалар, т.б.

Тексерудің кез-келген түдін қолданғанда оқушылардың біліміне, білігіне және дағдысына қойылатын талаптар ескеріледі, олар қазіргі бағдарламада көрсетілген. Негізгі талаптарды химиялық теориялар мен заңдарын, деректі және өндірістік материалдарды игеру мәселелерінің төңірегіне топтастыруға болады.

Оқушылар химиялық теориялардың: 1) негізгі қағидааларын; 2) ашылу тарихын; 3)әр қағиданы дәлелдейтін тәжірибелер мен деректерді; 4)теорияны өздері танысатын деректерді түсіндіруге, заттардың қасиеттері мен құбылыстарды болжай білуге пайдаланатын дәрежеге жетуі керек.

Оқушылар әр заңның және ұғымның: 1) мазмұны; 2) өтілген теория тұрғысынан анықтамасын; 3) заң және ұғым тұрғысынан жеке деректердің, құбылыстардың түсіндірілуін; 4) заңның ақиқаттылығын дәлелдейтін тәжірибелерді; 5) ашылу тарихын білуі тиіс.

Оқушылар орта мектепте оқылатын әр заттың табиғатта таралуын, алыну тәсілдерін, қасиеттерін, құрамы мен құрылысын, қолданылуын білуі қажет. Химиялық өндіріске байланыстыоқушылар: 1) өнімнің құрамын, сипаттамаларын, халық шаруашылығындағы маңызын; 2) шикізат құрамының өндіріске әзірленуі; 3) өндірістің негізіне жататын химиялық әрекеттерді; 4) оларды жүзеге асыратын негізгі аппараттарды; 5) өндірістің ғылыми негіздерін білуі керек.

Осы кездегі педогогикалық және әдістемелік әдебиеттерде айтылып жүрген оқушыларда қалыптасуға және тексерілуге тиісті біліктер мен дағдыларды үш топқа біріктіруге болады. Біріншісі – оқу жұмысын ұйымдастыруға байланысты біліктер мен дағдылар: жоспарлау, оқулықпен жұмыс істей білу; білімнің басқа оқулықтарын пайдалана білу; беретін жауабының жоспарын жасау; айтқанын дәлелдей білу, өзін-өзі бақылау және талдау. Екіншісі – оқушылардың даму өрісін көрсететін қисынды біліктер мен дағдылар: анализ және синтез жасай білу; салыстыру; жіктеу; жалпылау; негізгісін таба білу; аналогия жасау; себеп-салдар байланысын ашу; жорамал жасай білу, оны дәлелдеу, қорытындысын шығару. Үшіншісі – еңбек істей білуге байланысты біліктер мен дағдылар: еңбек етуге ыңғайы, жабдықтарды пайдалана білуі; реактивтермен жұмыс етуге білуі; сақтық шараларын орындауы; тәжірибе жасау техникасын меңгеруі; құбылыстарды бақылай білуі; бақылауды тіркеп жазуға икемділігі; уақытты икемді пайдалануы; жұмыс орнының тазалығы.

Осы үш саладағы жалпы біліктер мен дағдылардың әрқайсысы химиялық материалды өткенде және химиядан тәжірибелер жасағанда қалыптасуы және тексерілуі тиіс.

Тексерудің қай түрі болса да тиімділігі мен дайындылығына байланысты. Оның негізгі түрлері тақырыптық жоспарда көрсетіледі. Күнделікті, дүркінді және қорытынды сұраулар үшін карточкалар әзірленеді.

Ауызша сұрақ қою. Оқушылардың білімі мен білігін тексерудің ең жиі қолданылатын негізгі түрі жекелеп және жаппай сұраудан тұрады. Ауызша сұрақ қоюдың артықшылығы мұғалім оқушының жауабын көзбе – көз тыңдап, талдайды және бағалайды. Әр оқушының дара ерекшеліктерін, қабілетін, есін, ынтасын, ойлауын, сөйлеу мәнерін жетік біліп алуына мүмкіндік туады.

Ауызша сұрау білімді тексерудің барынша қиын түрі болып есептеледі. Себебі оқушылардың үй тапсырмаларын қалай дайындап келгеніне байланысты анықталады. Ауызша сұрау жеке дара жауап алу, қатарынан жаппай жауап алу, тығыздатылған (құрама) жауап алу болып бөлінеді.

Қысқа мерзімді ауызша сұрау жаңа сабақты түсіндіруден бұрын тірек білімді еске түсіру үшін, сабақтың соңында жаңа материалды бекіту үшін жүргізіледі. Ұзақ мерзімді ауызша сұрау белгілі бір тақырыптан оқушылардың алған білімін, қайталау пысықтау және тексеру мақсатын көздейді.

Ауызша сұрақ қою кезінде ең маңызды әдістемелік мәселені және қалай сұрайтынын анықтау.

Тәжірибесі аз мұғалімдер түсіндірілетін жаңа сабаққа қатысты болмаса да осының алдында өтілген сабақтың материалдарын сұрайды, оқушылар еске сақтағанын ғана айтып беретін жалпылама сұрақтар қояды. Сұраудың тиімділігін артыру үшін мұғалім оқушыларға оның мақсатын, мазмұнын түсіндіреді, қажет болған жағдайда затты, құбылысты, заңды, теорияны сипаттаудың, дәлелдеудің және тұжырымдаудың жалпы жоспарын береді. Мәселен, периодтық заң және периодтық жүйе өтілгенге дейін химиялық элементті сипаттау жоспары: 1) химиялық символы; 2) салыстырмалы атомдық массасы; 3) түзетін жай заты; 4) жай заттың физикалық қасиеттері; 5) химиялық қасиеттері; 6) табиғатта кездесуі; 7) бос күйінде зертханада және техникамен алынуы; 8) валенттілігі; 9) түзетін химиялық қосылыстары. Периодтық заң және атом құрылысы өтілгеннен кейін жоспар күрделеленіліп, бұрынғыларының үстіне: элементтің периодтық жүйесіндегі орны, атом құрылысы, тотығу дәрежесі және оларға сәйкес түзетін қосылыстарының сипаттамалары қосылады.

Сұрақтардың мазмұнымен бірге қойылу түрінің маңызы зор екенін атап айтқан жөн. Олар оқушылардың ойлауына түрткі болып, салыстыру, себеп-салдарбайланысын ашу, құбылыстың негізгі белгілерін анықтау, жалпы заңдылықтарды, жеке деректерді, жеке деректерден жалпы қорытынды шығару тәсілдерін қолдана білуге үйрету керек. Мұндай сұрақтардың мысалдары:

1.Ауаның тұрақты құрамына қандай оксидтер кіреді (VIII сынып)?

  1. Калий сілтісін неліктен ашық ыдысқасақтауға болмайды (VIII сынып)?

  2. Әр негізге негіздік оксид сәйкес келеді, әр оксидке негіз сәйкес келеді деп айтуға бола ма (IX сынып)?

  3. Бір үзім ақ нанды ұзақ шайнағанда тәтті дәм пайда болады, Мұны қалай түсінесіздер (X сынып)?

Ауызша сұрау бірнеше кезеңнен тұрады, әр кезеңнің тиімділігін арттыратын әдістері бар.

1. Сұрақ қою, жауап беретін оқушыны тындау. Сұрақ алдымен жалпы класқа беріледі, әр оқушы өзінің психикалық жағынан жауап қайтаруға әзірлейді. Бірінші сұрақты дайындауға уақыт аз бөлінетіндіктен жауап беруге тәуір оқитын оқушы шақырылады. Ол тақтаға жетіп әзірленгенше сыныпқа екінші сұрақ беріліп, екінші оқушы жекелеп жауап беруге әзірленеді. Осылай, сұрақ жоспарына сәйкес оқушылар шақырылады, бірінші оқушы жауабын бастайды.

2. Оқушының жауап беруге әзірленуі. Сұрақтын мазмұнына сәйкес оқушы жауап беру жоспарын жасайды, тақтаға химиялық формулаларды, реакция теңдеулерін, есеп шығару амалдарын жазады. Тәжірибе жасау тапсырылған болса, қажетті реактивтерді, аспаптарды, әр оқушының әзірлігін және сыныпты қадағалайды, қажет жағдайда ескертулер жасайды, сыныпқа арнайы тапсырма береді.

3. Жауапты тыңдау. Бұл – ауызша сұрақ қоюдың ең жауапты және қиын кезеңі. Әдетте оқушылар тақтада жауап берген оқушыны зейін салып тындамайды, бос отырады немесе өзіне ұнайтын бірденелермен айналысып кетеді. Мұндай жағдайды болдырмас үшін мұғалім сыныпқа қалай тыңдау керектігін айтып, тапсырмалар береді:

а) жауаптың жоспар бойынша жүйелі берілуін қадағалау;

ә) қандай ескертпелер және толықтырулар жасауға болатынын межелеу.

б) жауап туралы пікір айту;

в) жауапқа баға беріп, неге олай бағалағанын түсіндіру;

г) оқушының жауабын анықтай түсетін және толықтыратын сұрақтар қою;

д) тәжірибені дұрыс жасап, қорытындылау.

Жолдасының жауабына пікір айту (б) күрделі жұмыс, пікірде жауптың толықтығы, тереңдігі, дәлелділігі, есептің шығарылу тәсілі, тәжірибенің қалай қойылғаны талданады. Мұны жүзеге асыру үшін оқушы өз білімін басқа оқушының жауабымен салыстырып, айырмасын таба білуі керек. Бұған оқушылар біртіндеп үйретіледі. Жолдастарының жауабын бағалау да (в) оқушыдан парасатты, білімді және әділ болуды қажет етеді. Басқа жағдайда білімді бғалаудың құны түсіп, бос әурешілікке әкеліп соқтырады. Жауап берген оқушыға сұрақтар қоюда (г) күткен нәтижегеи жете алмайтын жағдай жиі кездеседі. Өйткені оқушылар жауаптың мазмұнына қатысты аз кездейсоқ сұрақтарды жаудырып жібереді. Сонымен пікір айту, бағалау және сұрақтар қою оқушылардан білімділікті, сыйластықты, т.б. жоғарғы сапалы қасиеттерді қажет ететін болғандықтан, мектеп сарамандығында тиіселі орын ала алмай келеді. Бүкіл сынып ұйымдасқан түрде жұмыла кіріскенде ғана сұрау мақсатына жетеді, ал білім бәсекесін тудыру арқылы сыныптың белсенділігін арттыру мұғалімнің шеберлігіне байланысты. Тәжірибесі аз мұғалімдердің ауызша сұрақты ойдағыдай жүргізуге қиналатының, қойылатын талаптарды толық орындамайтынын ұстаздық сараман көрсетіп келеді.

Жаппай ауызша сұрау қысқа мерзім ішінде бүкіл сыныптың бір мәселе жөніндегі білімін анықтау үшін пайдаланылады. Үй тапсырмасы, химиялық ұғымның қалыптасуы, жаңадан өтілген материалды қалай түсіндіргені, көбінесе, жаппай тексеріледі. Сұрақтар қысқа, негізгі мәселені ғана қамтитын түрде беріледі. Мәселен хлор тақырыбы бойынша “Хлордың суда ерігіштігі қандай?”, “Хлор суының қасиеті жөнінде не білесіздер?” іспеттес 25 сұрақ әзірлеуге болады.

Жаппай сұрау кезінде оқушылар нақтылы деректі біле ме, білгенін түсіне ме, түсінбеген жағдайда себебін анықтау және болдырмау мақсаты көзделеді. Деректі толық білмейтін оқушыдан оны дәлелдеп түсіндіруді талап етудің қажеті шамалы. Кейде деректің өзін білгенімен мәнісін түсінбеуі де мүмкін. Мәселен, оқушы хлордың суда аз еритіндігін, бірақ оның себебін малекула құрылысы тұрғысынан дәлелдеп бере алмайды. Өйткені газдардың ерігіштігі химиялық байланысының табиғатына тәуелді екенін естен шығарып алған. Мұндай жағдайда оқушының жауабын нақтылай түсетін қосымша сұрақтар қоюға тура келеді.

Оқушылардың білімі мен білігін жазбаша тексеру. Жазбаша тексерудің артықшылығы аз уақыт ішінде көп оқушының білімі мен білігін, химиялық сауаттылығын, алған білімін қолдану жайын анықтауға мүмкіндік береді.

Бір мезгілде өткізетін жазбаша тексеру арқылы оқушылардың өтілгени материалды қандай дәредеде меңгергені, жіберетін қателіктерінің мазмұны және көлемі анықталады.

Жазба жұмыстарын жүргізгенде оқушылардың химиялық құбылыстарды сипаттай білуі, құралдардың аттарын және жұмыс істеу тәсілдерін білуі, химиялық символиканы, физика мен математикадан алынған шамалардың таңбаларын білуі, заңдардың және ұғымдардың анықтамасын, оларға сүйеніп есептеулер жасай білуі, деректерді түсіндіру үшін теорияларды пайдалануы, заттар мен құбылыстар арасындағы байланысты сызбанұсқа түрінде көрсете білуі, т.б. тексеріледі.

Оқушылардың білімін жазбаша тексеру химиялық диктант, қысқаша мерзімді бақылау, ұзақ мерзімді бақылау, баяндама және шығарма түрінде жүзеге асырылады.

Қысқа мерзімді бақылау жұмыстары (15 – 20 мин) үй тапсырмасын тексеру үшін, жаңа материалды қабылдауға әзірлеу немесе оқушылардың оны қалай оны қалай түсінгенін анықтау үшін, жалпы түрде айтқанда нақтылы материалдан оқушылардан білімін анықтау үшін жүргізіледі. Бақылау жұмысының нұсқаларындағы сұрақтың саны, мазмұны, сипаты және қиындығы уақытқа лайық іріктеледі. Мәселен оқушыларды “Сутегінің металл оксидтерімен әрекеттесуі тақырыбын өтуге дайындау үшін екі нұсқа да бақылау жұмысы жүргізіледі.

I нұсқа

1. HCI → H2 → H2O

өзгерістерін жүзеге асыратын реакциялардың теңдеулерін жазыңыздар.

2. Мына заттардың ішіне оксидтердің формулаларын тауып жазыңыздар: ZnCl2, HCl, CuO, Fe2O3, H2O . Бұл окситтердің алыну реакцияларының теңдеулерін құрыңдар.

ІІ нұсқа

1.H2O → H2,

HCl → H2

Алу реакцияларының теңдеулерін жазыңыздар.

2. Мыналардың ішінен: CO2, CuCl2, ZnO, O2, HCl оксидтердің формулаларын тауып жазыңдар.

Бұл бақылау жұмыстары оқушылардың белсенді қатысуымен қолма-қол тексеріледі. “Оксидтердің құрамы, сутегінің алынуы, су түзілу жөніндегі еске түсірілген білім және материалды түсінуге негіз болады”.

Ұзақ мерзімді бақылау жұмыстары (45мин) тақырып өтілгеннен кейін жүргізіледі.Мұғалім өтілген тақырыпты жан-жақты талдап тексеруге тиісті білім мен біліктің көлемін анықтайды, нұсқаларға, сұрақтарға бөлінеді. Бақылау жұмыстарына ұзақ жауап жазуды қажет ететін теориялық материалды кірістірудің қажеті жоқ. Мысал ретінде “Галогендер” тақырыбына өткізілетін бақылау жұмысының екі нұсқасын келтірейік, оны төрт нұсқада жасауға болады.

I нұсқа

1. Хлордан мырыштың беті неліктен ағарады? Электрондық баланс теңдеуін жазып, түсінік беріңіздер.

2. Мына өзгерістерді жүзеге асыратын реакцияның теңдеуін жазыңыздар.

HCl → Cl2 → CuCl2 → AgCl

Әр реакцияның типін көрсетіңіздер.

3.Калий бромидінен 16г бром алу үшін жұмсалатын хлордың көлемін (қ.ж.) есептеңіздер.

II нұсқа

1. Хлордың құрғақ матаға әсер етпей, дымқыл матаны ғана ағартатын себебі неліктен? Электрондық баланс теңдеуін жазып, түсінік беріңіздер.

2. Мына өзгерістердіжүзеге асыратын реакция теңдеулерін жазыңыздар.

Cl2 → HCl → ZnCl2 → AgCl

Әр реакцияның типін көрсетіңіздер.

3. Калий иодидінен 25,4г иод алу үшін қажетті хлордың көлемін (қ.ж.) есептеңдер.

Сұрақтардың саны үщтен көп болуы мүмкін, оны орташа оқитын оқушы тез орындай алмауы ықтимал. Тез орындаған үздік оқушыларға қосымша тапсырма беру керек.

Әр сұраққа оқушылардан күтілетін жауапты алдын ала әзірлеп, бақылау жұмысын соған сәйкес тексерген тиімді. Оқушылардың жауаптарына сапалық және сандық талдаулар жасау арқылы қай материалды жетік, қайсысын көмескі білетіні анықталады. Бақылау жұмысының нәтижесін кешіктірмей, келесі сабаққа дейін тексеріп қойғандұрыс, ол талдау, орындау сипатына қарай жүзеге асырылады. “Кейбір қателерді түзету” жұмысы оқушылардың өздеріне тапсырылады, оқушылардың басым көпшілігі орындамаған тапсырманы мұғалім өзі талдап көрсетеді. Берілген бақылау есептерін шешуге оқушылардың жүйелі түрде тарту қажет екенін әрдайым естен шығармаған дұрыс.

Химиялық диктаныт, көбінесе, химиялық символика негізделеді.Оқушылардың бір ұғымды, мәселен валенттілікті, тотығу дәрежесін, химиялық наменклатураны, химиялық символдарды, формулаларды, теңдеулерді, т.б. қандай дәрежеде меңгергенін анықтау үшін жаздырылады, мысалы: 1) мына оксидтердің формулаларын жазыңыздар: калий оксиді, темір (III) оксиді; күкірт(VI) оксиді; көміртегі (IV) оксиді; калций оксиді; 2) мына заттардың аттарын жазыңыздар:

Fe3O4, HCl, CuO NaOH, SO2, H3PO4

(VIII сынып): 1) мына электролиттегі атомдар мен иондардың заряд шамасы мен таңбасын анықтаңыздар:

H3PO4, AlCl3, Ca(OH)2, NaHCO3

2) суда ерігенде мына иондарды беретін заттардың формулаларын жазыңыздар: Fe3+ және Cl¯, Ba2+ және OH¯, H+ және HSO3¯, H+ және NO3¯

Химиялық диктантты жинап алып, жазғандарын немесе ауызша тексереді. Соңғы кезде білім тексерудің тестілік әдістемесі енгізілді. Бұл әдіс оқушылардың ойлау жүйесін күшейткенімен, сөйлеу логикасын тежейді.