Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД - тексты 11-12.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
04.05.2019
Размер:
448 Кб
Скачать

ОТБАСЫ ШАҒЫН МЕМЛЕКЕТ

1. Мәтінді оқыңыз, толықтырыңыз.

Отбасы – шағын мемлекет. Себебі әр мемлекеттің өзіне тән сыртқы, ішкі саясаты, кірісі мен шығысы болатыны сияқты әр отбасының да дәл сондай болмыс-тіршілігі бар. Ол да өзінше басқаруды талап етеді. Сондықтан да қай уақытта болмасын отбасының құрылымына зор мән беріліп, оның іргетасының берік болуына атсалысу – әр отбасы мүшесінің міндеті. Отан шын мәнінде отбасынан басталады. Отбасында адамдардың өмірге көзқарастары қалыптасып, олардың болашаққа деген арман, үміттері оянады, жан дүниесі халқымыздың рухани мұрасынан сусындайды. Әрбір отбасы - шағын мемлекет. Онда ертеңгі елдің тұтқасын ұстайтын азамат тәрбиеленеді. Осыны ұмытпау керек. Бала ата-әженің, әке мен шешенің тәлімін көріп бой түзейді. Жақсылықты да, жамандықты да отбасынан алады. Олар барлығын көзбен ұғады. Сондықтан ата-аналардың ісі мен сөзінде сәйкестік болуы шарт. Отбасы үйлесімділігі тағылымды тәрбиеде деп түсінемін.

2. Сұрақтарға жауап беріп көріңіз:

1. Отбасын неге шағын мемлекетке теңейді?

2. Отбасында кім басты адам?

3. Отбасының бюджетін кім басқарған жөн?

4. Сіздің отбасыңызда қазақтың қандай әдетсаттары сақталған?

Ұлттық Мінез

1. Сұрақтарға жауап беріңіз

1) Мінез деген не?

2) Келбет деген не?

3) “Мінезі ашық адам” дегенді қалай түсіндіресіздер?

4) “Жылқы мінезді, ит мінезді” деп қандай адамдарды айтады?

2. Қатал-жұмсақ, көңілді-көңілсіз, ашық-тұйық, сабырлы-салмақты, сабырсыз, ұшқалақ,жеңілтек, ақылды-ақымақ т.б. сөздерді мінезді суреттеу үшін қолданып, портрет жасап көріңіз.

3. Мәтінді оқыңыз.

Адам бойындағы жағымсыз қасиеттер

Кейбір адамдардың мінез-құлықтарында жағымсыз қасиеттер болады. Мысалы, біреуді-біреу көре алмаушылық, іштарлық, екіжүзділік, тәкаппарлық, жағымпаздық, пайдакүнемдік, қызғанушылық, өзімшілдік, жемқорлық, жалақорлық, бұзақылық және т.б.

Атаққұмарлық пен мансапқорлық жайлы Р. Шеридан: «Ең құдіретті құштарлық – атаққұмарлық. Міне осы құштарлықтан құтқарар болса, қалғандарынан мен өзім-ақ құтылар едім» – депті. Атаққұмарлар пен мансапқорлар атақ пен даңққа және мансапқа қызыққыш, айлакер, өркөкіректеу және өзімшіл болып келеді. Ондай адамдардың алдарына қойған басты мақсаты – шен-шекпенге, сый-құрметке бөлену, оңай даңққа, жеңіл атаққа және мол табысқа қол жеткізу, сондай-ақ лауазымды қызметке көтерілу. Олар өз бойындағы іскерлік пен білімділік, парасаттылық қабілеттерінің бар-жоғына қарамай атақ пен мансапқа қарай ұмтылады, ал қоғамдық жұмыстарға немқұрайды, атүсті қарайды және халықтың мұң-мұқтажымен санаспайды.

Қоғамдық жұмыстарға қабілеті аз, білімі мен талабы жоқ, бірақ қалталылар мен сүйеніші мықтылар көздеген мақсаттарына, аңсаған армандарына жетіп жатыр. Мұндай атаққұмарлық мен мансапқорлық адамдар арасындағы адамгершілік қарым-қатынастың қалыптасуына кері әсер етіп және қоғамның ілгері басуына кедергі келтіреді.

Көлгірлік (екіжүзділік) адам бойындағы ең жаман жағымсыз қасиет. В.А.Сухомлинский былай деген екен: «Жамандықтың зоры – екіжүзділік, жағымпаздық ырқына жүру. Осынау сан құбылып тұратын жамандықты тани біл, оған төзбейтін, ымырасыз адам бол». Екіжүзді адамдар өзгелермен қарым-қатынас жасағанда өз бас пайдасын ойлап қулық, айлакерлік, зымияндық сияқты жаман қасиеттерге барады. Мысалы, қызметі жоғары кісіге бас пайдасын ойлап жағымпаздану, оған бағынышты болу. Ондай адамдарға бастық қалағанын тауып беріп, жұмысын оң шешіп берсе, жағымпаздығын жалғастыра береді. Ал көңілін таппаса, бетін ары бұрып, теріс айналып кетеді де, неше түрлі құйтұрқы әрекеттерге барады. Көлгірсіген жандар өз бойындағы жаман қасиеттерді бүркемелеп, өзін өнегелі, көргенді етіп көрсеткісі келеді. Олар өз пайдасын ғана ойлап, біреуге жалған айтып жағынып, өтірік айтып көлгірсіп, өсек тасып жамандап, біреуді шағыстырып, ұрыстырып жүреді. Ал өз шаруасын тындырып алғаннан кейін, бұрынғы таныстары, қызметтестерін танымай кетеді. Міне, осындай адамдардың бет-пердесін тану, ондай жандардан аулақ жүру кімге де үлкен олжа екенін ескере жүру қажет. (Қ. Өрісбаев. «Адам бойындағы жағымсыз қасиеттер», «Қазақстан-Заман» газеті, 27 желтоқсан, 2007ж.)