Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД - тексты 11-12.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
04.05.2019
Размер:
448 Кб
Скачать

Қазақстан өнері

Қазақ жеріндегі ең көне өнер шығармашылығы деп – Қаратау тау шатқалдарында салынған жануарлар суретін айтуға болады.

1970 (бір мың тоғыз жүз жетпісінші жылы) Есік қаласына таяу жерден біздің дәуірімізге дейінгі У ғасырда жерленген сақтың жас әскери адамы табылған («Алтын адам»).

Есік қорғанынан алтыннан жасалған 4 мыңнан астам өнер шығармалары табылған. Бұл дүние жүзілік мәдениетке қосылған баға жетпес олжа.

Қарғалы қоймасынан «аң стилінде» жасалған (біздің дәуірімізге дейінгі ІІ ғасыр) қозғалыс күйіндегі бұғы, құс, қанатты пырақтар және айдаһар кескіндерінен тұратын үйсін диадемасы табылған.

Декоративтік қол өнер туындыларына Отырардың өте әдемі ою-өрнектеліп балшықтан жасалған ыдыстары жатады.

Бұл дәстүр, яғни, киіз үйлер мен тұрмысқа керекті заттардың әшекейлі оюлармен өрнектелуі бүгінгі күнге дейін сақталып келеді.

Киіз үйдің негізгі сәні ою-өрнекпен тамаша өрнектелген текеметтер болған.

Қазақстан кескіндемесінің тарихы Қазақстанға орыс суретшілері (олардың ішінде В.Штенберг (1818 – 1845), А.Горонович (1818 – 1889), В.Верещагин (1842 – 1904) және басқалар) келген кезеңде, ХІХ ғасырда аяқ ала бастады. Олар қазақтардың тұрмыс тіршілігін сипаттайтын суреттер салған.

Орыс суретшісі Николай Хлудов (1850 – 1935) Одессаның көркемсурет мектебін бітірген соң 50 жыл Қазақстанда тұрып, өзінің бар өнерін оның жері мен адамдарына арнаған. Оның жұмыстарының ішінде атақты «Киіз үйде», «Көш» шығармалары бар.

Қазақтың тұңғыш кәсіпқой суретшісі Әбілхан Қастеев (1904 – 1973) болды. Оның шығармашылығы сан қырлылығымен ерекшеленеді. Ол тарихи тақырыпта да, кескіндеменің әр түрлі жанрында да портреттер мен пейзаждар жасады.

ХХ ғасырдың 20 – 30 жылдары ағайынды Құлахмет, Қожахмет Қожықовтардың шығармашылық өрлеуі басталды. Бұл кезеңде олар бірнеше белгілі графикалық жұмыстарын жазды.

Қазақстанның басқа да атақты суретшілері мен графиктерінің ішінен Қ.Қисаметдиновты, И. Исабаевты, А. Гурьевті, А.Рахмановты және т.б. атап айтуға болады. (А.Исанова. «Мәтіндер жинағы». Алматы, 2002 ж.)

Сұрақтар:

1. Қазақ жеріндегі ең көне өнер шығармашылығы деп нені айтамыз?

2. «Алтын Адам» қай жерден, қай жылы табылды?

3. Есік қорғанынан тағы да басқа не табылған?

4. Қарғалы қоймасынан нелер табылды?

5. Қол өнер туындыларына нелер жатады?

6. Орыс суретшілері В.Штенберг, В.Верещагиндер қандай суреттер

салған?

7. Н.Хлудовтың қандай шығармалары бар?

8. Қазақстанның тұңғыш кәсіпқой суретшісі кім?

9. Графика саласында кімдер жұмыс жасады?

Тапсырмалар:

1. Мәтіннен түсінгеніңізді әңгімелеп беріңіз.

2. Көк нүктенің орнына керекті сөздерді қойып жазыңыз.

1. Қазақ жеріндегі ең көне өнер шығармашылығы деп – Қаратау тау шатқалында салынған ... айтуға болады.

2. 1970 (бір мың тоғыз жүз жетпісінші жылы) Есік даласына таяу жерден біздің дәуірімізге дейінгі Ү ғасырда жерленген сақтың ... табылған.

3. Есік қорғанынан алтыннан жасалған ... өнер шығармалары табылған.

4. Қарғалы қоймасынан «аң стилінде» жасалған (біздің дәуірімізге дейінгі ІІ ғасыр) қозғалыс күйіндегі бұғы, құс, қанатты пырақтар және айдаһар кескіндерінен тұратын ... табылған.

5. Қазақтың тұңғыш кәсіпқой суретшісі ... (1904 – 1973) болды.

КҮЙ АТАСЫ - ҚҰРМАНҒАЗЫ

1. Ой шақыру сұрақтарына жауап беріңіздер.

1) “Күй” дегенде көз алдарыңызға нені елестетесіз?

2) Сіз күй тыңдайсыз ба?

3) Қандай күйлерді білесіз?

4) Күйді қандай музыкалық аспаптарда орындайды?