Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД - тексты 11-12.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
04.05.2019
Размер:
448 Кб
Скачать

4. Мәтінмен танысып, өзіңіз оқитын білім ордасында қандай үйірмелер бар екені туралы сұхбат құрыңыз.

Білімнің алтын ордасы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіндегі студенттерге шынайы өнер арқылы әсер ететін тәрбие ошақтарының бірі – студенттер клубы. Студенттер клубы түрлі мәдени қажеттіліктерді қарастыру, студенттердің, магистранттардың, аспиранттардың, дайындық бөлімі тыңдаушыларының өзіндік шығармашылық қабілетін дамыту үшін құрылған.

Студенттер клубының мақсаты – жігер оты жалындап жанған студент жастардың жас дәуренін текке өткізбеу, жаман әдеттерден аулақ ету, олардың бос уақытын әсерлі ән, әсем күй, мың бұралған би әлемімен қауыштыру. Клуб университет өмірінде барлық мәдени шараларды өткізу жұмыстарын жүргізеді. Студенттер клубы барлық қалалық және республикалық байқауларға белсенді түрде қатысады.(М. Арыстанбаев. “Студенттер клубы туралы”. “Қазақ университеті” газеті, №5, 27-қыркүйек, 2005 жыл).

5. Мәтіндегі Мына сөз тіркестерімен сөйлем құраңыз.

Арманға бай жастар, ерік-жігері бар адамдар, өркенді Қазақстан, жас дәуренді текке өткізбеу, өзіндік шығармашылық,

6. Сөйлемдерді сәйкестендіріңіз.

1. Қазіргі жастар арасында кітап оқымайтын, жан дүниесін байытуды

1. сана-сезімді қатар сыйлаған.

2. Оларға тәрбие беретін, өмірлік өнеге беретін білім құралынан гөрі

2. еліміздің кадрларды жаңалауға барынша мұқтаждығын ашып көрсетті.

3. Жаратқан ие адамзат баласына жан мен тәнді беріп,

3. жат нәрсе деп түсінетін қыз-жігіттер аз емес.

Адам және қоғам

Адам қоғамының заңсыз өмір сүре алмайтыны белгілі. Ал қоғамды заңмен басқару үшін нормативті актілердің саны қанша болуы керектігін ешкім де дәл тауып айта алмас еді. Дамыған демократиялы елдерде әрекет ететін заңдар мыңдап саналады. Сол заңдардың бәрінің бастау алар негізі – Конституция болып табылады.

Өркениетті қоғам конституциялық заңдылыққа бағына отырып дамиды. Конституцияда мемлекеттік құрылым түрлері, мемлекеттік басқарудың формалары анықталады. Азаматтардың негізгі құқықтары, бостандықтары мен міндеттері көрсетіледі. Сонымен Мемлекет пен қоғамның Негізгі заңы ретінде Конституция бүкіл заң шығару ісінің қайнар көзі болып табылады.

1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесі «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заң қабылдап, Қазақстанның халықаралық құқықтық субъект ретінде жария етілуі елдің тәуелсіздік мәртебесіне сай заңын – Конституциясын қабылдау қажеттігін туғызды. 1993 жылы 28 қаңтарда тәуелсіз Қазақстан Республикасының Негізгі заңы – Конституциясы қабылданды. Бұл заң өтпелі кезеңнің негізгі заңы ретінде екі жыл өз миссиясын атқарып, ел тарихында қалды.

1995 жылдың 30 тамызында бүкілхалықтық референдум Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдады. Онда мемлекеттік және қоғамдық құрылыстың ұйымдастырылуы және болашаққа бағдар ұстай отырып қызмет ету ұстанымдары белгіленген. Адамның және азаматтың конституциялық мәртебесі, мемлекеттік билік пен мемлекеттің әлеуметтік базасының қайнар көзі ретіндегі адам мен азаматтың құқықтары, бостандықтары және міндеттері баян етілген.

Қазақстан Республикасының Конституциясында халық ұғымы барлық ұлттық топтарды түгел қамтитын, тұтас әлеуметтік-саяси құбылыс ретінде түсіндіріледі. Халық әлеуметтік таптарға, топтарға бөлінбейді, сонысымен қоғамда бейбітшілікті сақтауда маңызды рөл атқара алады. Конституция адамдарды мүліктік жағдайына қарай алаламайды, түрлі әлеуметтік топтардың ешқайсысын жақтап шықпайды. Конституция мемлекетті әлеуметтік деп, яғни бүкілхалықтық деп таниды. Мұның мәні: мемлекет халықтың бір тобының есесінен оның екінші бір тобына артықшылық бермейді.

Көп ұлтты Қазақстан қоғамының жағдайында «халық» деген ұғымға қазақ ұлтымен қатар барлық ұлттық диаспоралар мен этностар өкілдері де кіреді. Қазақ ұлты мемлекеттің, яғни бүкіл халықтың әлеуметтік базасының ұйытқысы болғанымен, оған айрықша құқықтық, саяси, әлеуметтік, экономикалық немесе мәдени артықшылықтар берілмейді.

Қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін артықшылық деп санауға болмайды. Өйткені, ол қазақ тілінің табиғи құқығы. Егер Қазақстанның байырғы тұрғындары қазақтар бола тұра, ол халықтың тілінің мемлекеттік мәртебесі болмаса, онда ол тілді қолданушылардың құқығы табанға тапталған болып шығар еді.