Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД - тексты 11-12.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
04.05.2019
Размер:
448 Кб
Скачать

5. Тапсырмалар:

  1. Мәтіндегі сөздікпен жұмыс істеңіз.

  2. Мәтін бойынша бірнеше сұрақтар әзірлеңіз.

3. Мәтінді бөліктерге бөліп, әрбір бөлікке ат қойыңыз.

6. Болон декларациясының артықшылығын мына сызба арқылы айтып беріңіз. Білім беру жүйесіндегі тың серпіліс

Сұрақтарға жауап беріңіз:

  1. Қазақстанда білім беру жүйесіндегі реформалар қандай?

  2. Оқу жүйесіндегі жаңа реформалар ұнай ма?

Білім – әлеуметтік қызмет жөнінен белгілі дәрежеде дербестігі бар жүйе. Ол қоғамның дамуына және өмір сүруге әсер етеді. Білім жүйесінің дамуы және қызметі қоғамның өндірістік тәсіліне, экономикалық қатынасына, солар арқылы пайда болған құқықтық қатынастарға байланысты.

«Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы» жұртшылықтың талқысына ұсынылды.

Тұжырымдаманың негізгі мақсаты – білім беру жүйесінің барлық деңгейінде қоғамның жаңа талаптарына сәйкес келетін білімді, біліктілігі жоғары жастарды тәрбиелеуге қол жеткізетін сапалы, қабілетті білім ордаларын қалыптастыру.

Отанымыздың жоғары білім беру жүйесіндегі ізденістері мен бастамалары әлемдік білім кеңістігіндегі ықпалдастықты арттыру мен сапаны көтеруге бағытталған. Қазақстан жоғары білімінің стратегиялық міндеттері ұлттық білім беру жүйесіндегі жетістіктерді сақтай отырып, оны әлемдік білім беру үрдісінің ең озық үлгілеріне сәйкестендіруге негізделеді.

Бүгінгі күнде көптеген елдерде кредиттік оқыту жүйесі қолданылады. Осы кредиттік оқытудың ережелері Қазақстанда да жетілдіріліп келеді. Кредиттік технологияға көшу студенттің дәстүрлі бағасы мен аудиториялық және аудиториядан тыс жұмыстарының орнына сынақ бірліктері жүйесін енгізуді көздейді. Бұл жүйе жоғары оқу орындары шеңберінде шет ел университеттерімен қарым-қатынастар жасау, үзіліссіз білім жүйесі арқылы академиялық ұтқырлық мәселелерін шешу және білім нәтижелерін мақұлдау сынды оқу процесін ұйымдастырудың желілік емес түрін енгізу құралы ретінде пайдаланылады.

Кредиттік оқу жүйесі – білім беру процесінің жүйелілігін студенттердің дара жоспарлауына беріліп отырған мүмкіндік. Біріншіден, оқу пәніне кететін еңбек мөлшерін есепке алуда сынақтық бірлік пайдаланылса, екіншіден, сынақ бірлігі жүйесі аралық және қорытынды аттестаттау нәтижелерін және жалпы оқу процесінің айқындығын барынша жоғары деңгейде көрсетуге мүмкіндік береді. Тағы да бұл жүйе студенттерге өзіндік жеке білім алу траекториясын таңдау еркіндігін береді.

Қазақстанның білім саясатындағы ұстанған бағыты елдің беделін көтеруге, өркениетті асыруға жұмылғанын атап өту керек. Осындай игі ізденіс пен талап мемлекетімізді әлемдік білім кеңістігіне лайықты шығара алады деп сеніммен айта аламыз. Интернет материалы.)

3. Республиканың білім беру саласындағы тұжырымдамасы қай

жылға дейін жасалған?

4. Тұжырымдаманың негізгі мақсаты қандай?

5. Оқу қандай жүйемен жүргізіледі?

6. Бұл жүйе қандай құрал ретінде пайдаланылады?

7. Кредиттік оқу жүйесі студенттерге берілген қандай мүмкіндік?

8. Қазақстанның білім саясатындағы ұстанған бағыты қандай?

9. Сізді осы білім беру жүйесі қанағаттандыра ма?

Тапсырмалар:

1. Мәтіннен жай сөйлемді табыңыз.

3. Сөздікпен жұмыс жасап, төмендегі сөздер мен сөз тіркестерінің

мағынасын түсініп алыңыз.

Әлеуметтік қызмет, белгілі дәреже, дербестік, жүйе, даму, білім

жүйесі, өндірістік тәсіл, экономикалық қатынас, құқықтық

қатынас, білім беру, дамыту, тұжырымдама, талқы, білім сапасы,

негізгі мақсат, деңгей, жаңа талаптар, қол жеткізу, қабілетті

білім, орда, алыптастыру, ізденістер, бастамалар, әлемдік білім

кеңістігі, ықпалдастық, сапаны көтеру, стратегиялық міндеттер,

ұлттық білім беру, жетістіктер, сәйкестендіру, кредиттік оқыту

жүйесі, оқытудың ережелері, жетілдіру, дәстүрлі баға, сынақ

бірліктері, үзіліссіз білім, ұтқырлық, дара жоспарлау, аралық және

қорытынды аттестаттау нәтижелері, жоғары деңгей, мүмкіндік.

4. Мәтіннен түсінгеніңізді әңгімелеп беріңіз.

5. Көп нүктенің орнына керекті сөздерді қойып жазыңыз.

1. Білім – әлеуметтік қызмет жөнінен белгілі дәрежеде ... бар

жүйе.

а) дербестігі

ә) жекелігі

б) ерекшелігі

2. Ол ... дамуына және өмір сүруге әсер етеді.

а) өмірдің

ә) қоғамның

б) ортаның

3. Бүгінгі күнде көптеген елдерде ... жүйесі қолданылады.

а) кредиттік оқыту

ә) ерекше оқыту

б) бетпе-бет оқыту

4. Кредиттік оқыту жүйесі – білім беру процесінің ...

студенттердің дара жоспарлауына беріліп отырған мүмкіндік.

а) жүйелілігін

ә) жүйесіздігін

б) маңыздылығын

5. Қазақстанның білім саясатындағы ... елдің беделін көтеруге,

өркениетті асыруға жұмылғанын атап өту керек.

а) белгілеген бағыты

ә) ерекшеленген бағыты

б) ұстанған бағыты

УНИВЕРСИТЕТ – БІЛІМ ОРДАСЫ

Сұрақтар:

1. Сіз қандай мамандықты таңдадыңыз?

2. Таңдаған мамандығыңыз сізге ұнай ма?

3. Неліктен ұнайды?

Қазақ ұлттық университеті – Қазақстан Республикасының жетекші жоғары оқу орны. Университет 1934 жылы құрылды. ҚазҰУ 1991 жылдан бастап, Шығыстың ұлы ойшылы Әбу Насыр әл-Фараби есімімен аталады.

Республика Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 1993 жылғы Жарлығымен университетке өзін-өзі басқару мәртебесі берілді. Содан бастап Ұлттық Университет деп аталады.

Қазір университеттің 14 факультетінде 20-дан астам мамандық бойынша 16 мыңнан аса студенттер оқиды. Студенттер үшін ірі ғылыми кітапхана, асханалар, спорт кешені жұмыс істейді. Әлемдік интернет жүйесімен байланысуға, электронды почта, кітапхана каталогын пайдалануға болады. Бірнеше оқу ғимараттары бар. Негізгі оқу ғимараттары тұрған жерді «Университет қалашығы» деп атайды. Сондай-ақ, академик Ө.А.Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайы бар.

ҚазҰУ – еліміздің ең ірі ғылыми орталығы. Бұл күндері оқу орнында ҚР Ұлттық Ғылым академиясының 30-ға жуық академигі, 300-ге жуық ғылым докторлары мен профессорлар, 700-ге жуық ғылым кандидаттары мен доценттер еңбек етеді.

ҚазҰУ – халықаралық университеттер ассоциациясына мүше және Американың, Еуропаның, Азияның, Африканың 175 университетімен байланыс жасайды. Жыл сайын 70-тен аса студент шет елдің жоғары оқу орындарында білім алады.

Университетте оқу жүйесі екі сатылы – бакалавриат және магистратура түрінде жүргізіледі.

2007 жылы Елбасының Жарлығымен университетке Сапа саласындағы жетістіктері үшін «Алтын Сапа» белгісі берілді. (А.Исанова.)

4. Университет қай жылы құрылды?

5. Университетке әл-Фараби есімі қай жылы берілді?

6. Университетке өзін өзін-өзі басқару мәртебесі қай жылы

берілді?

7. Онда қанша студент оқиды?

8. Оқу ғимараттары тұрған жерді қалай атайды?

9. Студенттер сарайы кімнің есімімен аталады?

10. Қалашықта тағы нелер бар?

11. ҚазҰУ қандай ассоциацияға мүше?

12. Дүние жүзінің неше университетімен байланыс жасайды?

13. Жыл сайын қанша студент шет елде білім алады.

14. Университетте оқу неше сатылы?

15. 2007 жылы университетке қандай марапат берілді?

16. Ол не үшін берілді?

Тапсырмалар:

1. Мәтіннен есептік сан есімдерді табыңыз.

2. Мәтін бойынша түсінгеніңізді айтыңыз.

3. Мәтіндегі негізгі сөйлемдерді сұраулы сөйлемдерге

айналдырыңыз.

Үлгі: ҚазҰУ – Қазақстан Республикасының жетекші жоғары оқу

орны ма?

4. Сөздікпен жұмыс жасаңыз.

Университет – жетекші жоғары оқу орны, Қазақстан Республикасының оқу орны, университет 1934 жылы құрылған, университет әл-Фараби есімімен аталады, әл-Фараби шығыстың ұлы ойшылы, Президент жарлығымен берілді, 1993 жылы өзін-өзі басқару мәртебесі берілді, бұл күндері, еңбек етеді, ірі ғылыми орталығы, оқу ғимараттары, студенттер қалашығы, оқу жүйесі, ұлттық оқу орны, «Алтын сапа» белгісі, марапат.

5. Көп нүктенің орнына тиісті жауабын жазыңыз.

1. Қазақ ұлттық университеті – Қазақстан Республикасының ...

жоғары оқу орны.

а) белгілі

ә) жетекші

б) алдыңғы

2. Университет ... құрылды.

а) 1932 жылы

ә) 1934 жылы

б) 1937 жылы

3. ҚазҰУ ... бастап, Шығыстың ұлы ойшылы Әбу Насыр әл-

Фараби есімімен аталады.

а) 1981 жылдан

ә) 1991 жылдан

б) 2001 жылдан

4. Республика Президенті Н.Ә.Назарбаевтың ... Жарлығымен

университетке өзін-өзі басқару мәртебесі берілді.

а) 1991 жылғы

ә) 1993 жылғы

б) 1994 жылғы

5. Қазір университеттің ... факультетінде ... мыңнан аса

студенттер оқиды.

а) 10

ә) 12

б) 14

6. Университетте оқу жүйесі екі сатылы – ... түрінде

а) екі сатылы

ә) үш сатылы

б) төрт сатылы

7. 2007 жылы Елбасының Жарлығымен университетке Сапа

саласындағы жетістіктері үшін ... белгісі берілді.

а) «Алтын Сұңқар»

ә) «Алтын Құс»

б) «Алтын Сапа»

«Отбасы - шағын мемлекет» деген тақырыпта эссе жазыңыз.