Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД - тексты 11-12.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
04.05.2019
Размер:
448 Кб
Скачать

1.Берілген сөздердің мағынасын түсіндіріп, сөйлем құраңыз.

шипалы су, кісі, емдік балшық, ғажап, емдеу-сауықтыру,

ем қабылдау,

күш-қуатты,бұлақ көздері, көрікті, емдік қасиеті бар.

2.Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып жазыңыз.

Осы ауылда Жабағы дейтін, ұзын бойлы, өңді, шикіл сары … болатын.

Күйіп-жанған денеге жібек желдің жұмсақ лебі … тәрізді тиеді. Соның … таба алмай, Ой алысқа үзілген (Жамбыл). … тау төсінен, шың түбінен, Шымырлап, шапшып ойнап ағып жатыр (Әбілев). … , мәдениетті көрікті елім, Байлығы, ырысы мол … көлім (Әзірбаев).

Керекті сөздер: Қайнарлар, кісі, қуатты, шипа, емін, шалқар

3. Оқыңыз.

Қазақстанда шипалы су шығатын әрі емдік балшығы бар табиғаты ғажап әдемі жерлер көп. Мұндай шипалы су, емдік балшығы бар, табиғаты көрікті жерлерде емдеу-сауықтыру, демалыс үйлері салынған.

Демалыс үйлері, туристік базалар, санаторийлер орналасқан жерлерді география тілінде рекреациялық аудандар деп атайды. Рекреация - күш жинау, яғни еңбек етіп шаршаған немесе денсаулығы нашарлаған кісілердің тынығып, ем қабылдап, күш-қуатын қалпына келтіру деген сөз.

Қазақ жерінде табиғи емдік қасиеті бар жерлер туралы алғашқы мәліметтер ХІХ ғасырдың орта кезінде мәлім бола бастайды. 1834-1880 жылдар аралығында Шығыс Қазақстандағы Рахман бұлағы, Қапал Арасан, Бурабай, көлінің, Барлық-Арасан бұлағының шипалы қасиеттері туралы белгілі болды. 1920-1925 жылдар аралығында Бурабай, Мойылды, Ауыл, Сер, Рахман бұлақтары, Шымған, Жаңақорған курорттары ашылды.

Қазақстанның химиялық құрамы әр алуан минералды бұлақ көздері, шипалы балшығы бар көлдері, тынығуға әдемі көрікті жерлері курорт-санаторий жүйелерін дамытуға өте қолайлы. Қазір Республикамызда 120-дан астам курорт, санаторий, демалыс үйлері бар. Санаторийлер емдеу түріне қарай минералды сумен (Жаңақорған т.б.), климатпен емдейтін болып үшке бөлінеді.

Минералды сумен емдейтін санаторийлерге Түркісіб, Сарыағаш, Алма-Арасан, Барлық-Арасанды жатқызуға болады. Шипалы балшықпен емдейтін санаторийлерге Шортанды, Мойылды, Атырау, Жаңақорған санаторийлері жатады. Қазақстанның санаторий-курорттарында климатпен емдеудің бірнеше түрлері: гелиотерапия - күн сәулесімен емдеу, аэротерапия - ауамен емдеу, мезгіл-мезгіл таза ауада болу (терренкур), жаяу туризмге шығу т.б. емдеу әдістері қолданылады.

Таңбалы

Көлсай Шарын шатқалы

Тапсырма: Сұрақтарға жауап беріңіз

  1. Қазақстанның қандай санаторий-курорттарын білесіңдер?

  2. Алматыда жаңадан ашылған қандай емдеу-сауықтыру орталықтары бар?

  3. Өздерің тұрған жерде емдеу-сауықтыру, демалыс орындары бар ма?

4.Сөйлемді жалғастырыңыз.

1) Шипалы су, емдік балшығы бар, табиғаты көрікті жерлерде … .

2) Қазақ жерінде табиғи емдік қасиеті бар жерлер туралы… .

3) 1920-1925 жылдар аралығында… .

4) Қазір Республикамызда 120-дан астам… .

5) Минералды сумен емдейтін санаторийлерге… .