Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД - тексты 11-12.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
04.05.2019
Размер:
448 Кб
Скачать

Тәуелсіз қазақстан

Арғы тегі ғұндар, сақтар, скифтер деп аталатын қазақ халқы үш мың жыл бойында туған жерін қорғау үшін күресіп келді. Халқымыз Алтай мен Еділ, Тянь-шань мен Сібір аралығын алып жатқан орасан зор аймақты сақтап қалды.

Қазір Қазақстан – тәуелсіз мемлекет. Ел тәуелсіздігі 1991 жылдың 16 желтоқстан күні жарияланды. Оның Конституциясы, Әнұраны, Елтаңбасы, Туы, Мемлекеттік Тілі бар.

Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше ел. Оның тәуелсіздігін дүние жүзі таныды. Ол – бейбітшілікті сүйетін ел. Қазақстан қазір – дүние жүзі мемлекеттерімен экономикалық, мәдени байланыстар жасап жатыр. Қазақстанның парламенті – кәсіпқой парламент. Қазақстан – демократиялық, құқықтық мемлекет. Ол басқа елдермен өз ақшасы арқылы сауда жүргізеді.

Қазақстанның негізгі халқы – қазақ халқы. Онда жүзден аса басқа ұлттар мен ұлыстардың өкілдері өзара түсіністікте өмір сүреді. Олар Қазақстанды туған жеріміз, Отанымыз деп есептейді. Қазақ халқы осы достықтың ұйтқысы болып табылады.

Біздің елімізде мемлекеттік тіл – қазақ тілі. Қазақстанның әрбір азаматы өзінің ана тілінде сөйлейді, өз халқының мәдениетін дамытады. Өзінің Отанын, туған жерін гүлдендіру үшін еңбек етеді. Қазақстан азаматы Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін, мемлекеттік рәміздерін, Ата Заңын, мемлекеттік тілін және тарихы мен мәдениетін құрметтейді. (Интернет материалдары.)

Сұрақтар:

  1. Қазақстан қандай ел?

2. Ел тәуелсіздігі қай жылы жарияланды?

3. Тәуелсіздікті білдіретін қандай белгілері бар?

4. Қазақстан қандай ұйымға мүше?

5. Қазақстанда қанша халықтың өкілдері тұрады?

6. Олар қалай өмір сүріп жатыр?

7. Қазақстанда мемлекеттік тіл қай тіл?

8. Қазақстанның негізгі халқы кімдер?

9. Қазақстан азаматы нені құрметтейді?

Тапсырмалар:

1. Мәтіндегі сөздердің орын тәртібін анықтаңыз.

2. Мәтіннен түсінгеніңізді әңгімелеп беріңіз.

3. Мәтінге сүйене отырып, төмендегі сөйлемдерді

толықтырыңыз.

1. Қазақстан – ... мемлекет.

2. Ел тәуелсіздігі ... жарияланды.

3. Қазақстан – ... мүше ел.

4. Оның ... бар.

5. Оның тәуелсіздігін ... таныды.

6. Ол – ... сүйетін ел.

7. Қазақстан қазір – дүние жүзі мемлекеттерімен ... жасап жатыр.

8. Қазақстанның парламенті – ... парламент.

9. Қазақстан – ... мемлекет.

10. Ол басқа мемлекеттермен ... арқылы сауда жүргізеді.

11. Қазақстанда отыз шақты мемлекеттің ... бар.

12. Қазақстанның негізгі халқы – ... халқы.

Қазақтың Өнері мен мӘдениеті

1. Ой шақыру сұрақтары

1. Қандай музыканы ұнатасыз?

2. Қазақтың қазіргі белгілі сазгерлерінен кімдерді білесіз?

3. Опера және балет театрында болдыңыз ба?

4. Опера дегеніміз не?

2. Берілген екі қатардан синоним сөзді табыңыз

Жұтаң

беттеу

тіреу

орта қолды

өзгеше

қалжың

әзіл

бағыт алу

басқаша

тақау

орташа