Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД - тексты 11-12.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
04.05.2019
Размер:
448 Кб
Скачать
  1. Мәтін бойынша сөйлемдерді қостамаңыз немесе растаңыз

а) Құрманғазы бай отбасында дүниеге келген

б) Ол сарай күйшісі болған

е) Кішкентай күйі өзінің ұстазы Ұзақ күйшіге арналған.

г) “Кісен ашқан”, “Көбік шашқан” Құрманғазының күйлері.

д) Бородин қазақ тілін жақсы білген және домбырада жақсы ойнаған.

6. Мәтінді пайдаланып, сөздердің өз орнын табыңыз

  1. Ұзақ тәлім алған Құрманғазы күйшіден.

  2. Тарайды есімі ретінде күйші даласына қазақ бүкіл.

  3. Күреспен өмірі әділетсіздікке өтеді қарсы

Ұнамай кедейді түрмеге де жоқтағаны қамалады би-болыстарға әлсізді оның

7. Еске түсірейік

Шартты рай

Егер … етістік+ са, се + жіктік жалғауы

Болымсыз түрі

Егер … етістік+ма, ме, ба, бе, па, пе, +са,се,+ жіктік жалғауы

Мен барсам біз барсақ

Сен барсаң сендер барсаңдар

Сіз барсаңыз сіздер барсаңыздар

Ол барса олар барса

8. Төмендегі етістіктермен шартты райда сөйлем құраңыз.

Қызығу, серуендеу, келісу, сатып алу, аяқтау, танысу.

Мақалдар:

  1. Құтты қонақ келсе, қой егіз табады.

  2. Уақытыңнан айрылсаң,

Бақытыңнан айрылдың.

  1. Алтын көрсе періште жолдан таяды.

  2. Қыз өссе – елдің көркі

Гүл өссе – жердің көркі.

Сөз тапқанға қолқа жоқ

Қожанасыр екі күн молланың сабағына бармай қалыпты. Үшінші күні барғанда молла:

“Қожа, екі күн қайда бардың” десе: “Бірінші күні шешем тері шалбарымды жуып қойған екен, кеппей қалды да, содан келе алмадым. Келесі күні келе жатсам, сіздің де шалбарыңыз жаюлы тұр екен, құрттай менің шалбарым бір күн кеппегенде, далақтай сіздің шалбарыңыз кебе қояр ма екен деп орта жолдан қайтып кетіп ем”, – депті.

Тыңдайық!

9.Әңгімені тыңдап,билердің сөз өнерін қолдана білу шеберлігі туралы айтыңыз. Кино өнері

Кино өнері – өнердің бір түрі, әдебиет пен театрдың, бейнелеу өнері мен музыканың көркемдік қасиеттерін өзінің ерекшелігіне орай пайдаланатын синтезді өнер. Фильмді жасауға әр алуан мамандықтағы творчество қызметкерлері: кинодраматург, режиссер, актер, оператор, суретші, композитор қатысады. Сондай-ақ кино жасау ісіне техника саласындағы мамандар, лаборанттар мен жұмысшылар да үлес қосады, алуан түрлі күрделі аппаратуралар мен аспаптар қолданылады.

Кино өнері – өзіне тән мәнерлеу амалдары, көркемдеу тәсілдері, эстетикалық заңдары мен шығармашылық дәстүрлері бар дара өнер. Көріністі әр тұстан қамти бейнелеу, адам өмірі мен табиғат құбылыстарын нанымды көрсете алу, сондай-ақ кадрларды үйлестіре құрау тәсілінің тиімділігі кино өнерінің ақпараттық мүмкіндігін кеңейте түсуде. Фильмді бірден миллиондаған адамдар көреді. Көрермендер білімін толықтырып, эстетикалық ләззат алады, тәлім-тәрбие – жақсыдан өнеге, жаманнан сабақ алады.

Қазақ жеріне алғашқы хроникалық фильмдер 1928 жылдан түсіріле бастады. Сол жылы РСФСР Халық Комиссарлары Советі жанынан “Востокфильм” киноқоғамы құрылды. 1929 жылы Алматыда қоғамның өндірістік бөлімі ашылды да, ол Қазақстанның өмір-тұрмысы туралы “Соңғы хабар” атты киножурнал шығарып тұрды. Режиссер В.А.Турин Түркістан-Сібір Теміржол магистралі жайлы “Турксиб” атты деректі фильм қойды. 1930-32 жылдары қазақ өмірінен “Дала әндері”, “Жұт”, “Қаратау қазынасы” фильмдері қойылды.

1941 жылы Алматыда көркем фильмдер шығаратын киностудия ұйымдастырылды. Ол техникалық-өндірістік базасы жағынан ұлғайып, 1944 жылы 1944 жылы Алматының көркем және деректі-хроникалық фильмдер студиясы (1960 жылдан “Қазақфильм”) деп аталды. Қазақ киностудиясы алғашқы ұйымдасқан кезінен бастап, 1975 жылдарға дейін 100-ден астам көркем фильм және 500-ге жуық деректі фильм шығарды. Бұл фильмдер тақырыбы мен жанры жағынан әр алуан.