Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД - тексты 11-12.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
04.05.2019
Размер:
448 Кб
Скачать

4. Адам бойындағы жақсы қасиеттерді санамалап көріңіз және айтқаныңызды мысалдар арқылы дәлелдеңіз.

5. Өз бойыңыздағы жаман қасиеттерді қалай мойындайсыз?

6. Мәтіндегі мына жолдарға өз көзқарасыңызды білдіріңіз.

«Қоғамдық жұмыстарға қабілеті аз, білімі мен талабы жоқ, бірақ қалталылар мен сүйеніші мықтылар көздеген мақсаттарына, аңсаған армандарына жетіп жатыр. Мұндай атаққұмарлық мен мансапқорлық адамдар арасындағы адамгершілік қарым-қатынастың қалыптасуына кері әсер етіп және қоғамның ілгері басуына кедергі келтіреді».

7. Адам бойындағы жағымды қасиеттерді оң бағанға, жағымсыз қасиеттерді сол бағанға жазып шығыңыз.

Жағымсыз қасиеттер

Жағымды қасиеттер

1.

1.

2.

2.

3.

3.

4.

4.

5.

5.

6.

6.

7.

7.

8.

8.

9.

9.

8. Тапсырмалар

1) Ғ.Мүсіреповтің “Ұлпан” повесінен алынған бұл үзіндіден қазақ қызының қандай мінезін көре алдыңыздар, әңгімелеңіз.

2) Мәтіннен қандай этнографиялық жайларды түсіндіңіз?

3) “Өрелі”, “Сөрелі” деген сөздерді қалай түсінесіздер?

4) Есеней нені жұмбақтады? Әңгімені жалғастырыңыз.

9.. Жаттығулар

1) Мінезді сипаттайтын сөздерді теріп жазыңыз.

2) Сөз тіркестерін пайдаланып сөйлем құрастырыңыз.

Еркек шора, еркек балаша, еркіндеу мінез, өр мінез, дүние малы, отау үй.

3) Қатыстық сын есімді пайдаланып, өз мінездеріңізді сипаттаңыз.

4) Сангвиник, холерик, меланхолик, флегматик темпераменттерін қазақ тілінде суреттеңіз.

ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ДҮНИЕТАНЫМЫ

Қазақ халқының тарихы мыңдаған жылдарды қамтиды. Оған дәлел-қазақ халқының тілі, әдет-ғұрыптары, салт-санасы, өмір сүруі, шаруашылығы. Мәселен, қазақ халқының киіз үйі өте ертеден қалыптасқан, соңғы мыңжылдықта ешбір өзгеріске ұшырамаған.

Қазақ халқы мақал-мәтелдерге өте бай. Әрбір мақал-мәтелден өмір тұжырымдарын, философиялық ойларды көруге болады. Мақал-мәтелдерден қауымдасып өмір сүрудің тиімді екенін, қоғам дамуы үшін әртүрлі әлеуметтік топтар мен шаруашылық түрлерінің қажет екенін халықтың ерте түсінгендігін байқаймыз. Сонымен қатар мақал-мәтелдердің дидактикалық, тәрбиелік мәні зор. Тек мақал-мәтел ғана емес шешендік сөздер мен айтыстардан да қазақ тілінің байлығын көруге болады. Тіл байлығы ой байлығын көрсетеді. Тіл арқылы адам ой тереңдігін, рухани мәдениетінің деңгейін көрсетеді.

Біздің заманымыздан бұрынғы ІІ-І ғасырлар арасында көшпелі скифтер аралынан грек еліне келіп, олармен араласып, көп жылдар бойы олардың арасында тұрған Токсарис (Тоқсары), Иданфирис (Ыдарбарыс), Анахарсис (Анарыс) өздерінің ой толғамдары, пайымдары арқылы гректерді көшпелі елдің дүниетанымдарымен, әдет-ғұрыптарымен таныстырған. Платон, Аристотель, Геродот, Лукиан, Страбон шығармаларында олар жоғары бағаланып, есімдері құрметпен аталған.

5. Мәтін бойынша бірнеше сұрақ құрастырыңыз.

6. Төмендегі мақал-мәтелдерде қандай философиялық мән бар?

Мақал-мәтелдерді жаттап алыңыздар.

Атаңның баласы болма,

Адамның баласы бол.

Отан оттан да ыстық.

7. Төмендегі сөздердің мәнін қалай түсінесіз? Мысал келтіріңіз.

айтыс, шешендік сөз, жыр, аңыз, рухани мәдениет, мақал-мәтел.