Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК ХОМ.docx
Скачиваний:
183
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
367.18 Кб
Скачать

Химияны оқыту әдістемесі

Пәні бойынша оқу-әдістемелік кешені

5 Глоссарий

Оқытудың сөздік- көрнекі және сөздік –көрнекі- сарамандық әдістерінің бірі химиялық тәжірибе болып табылады.

Демонстрациялық тәжірибе- оқытудың сөздік-көрнекі әдістеріне жатады.

Химия бөлмесі арнайы зертхана мен зертханашы бөлмесінен тұруы тиіс.

Қауіпсіздік жөніндегі нұсқау беру химия зертханасының ресми құжаты болып табылады.

Тамызғыш- көлемі шағын ерітінділерді өлшеп, екінші бір ыдысқа құю үшін қолданылады.

Бюреткалар-0,1 мл-ге дейінгі дәлдікте бөлінген шыны түтік.

Медициналық шприц- ерітінділерді аса дәлдікпен сорып алу үшін қолданылады.

Термометр мектеп тәжірибесінде негізінен сұйықтық термометрді қолданылады.

Ареометрлер әр түрлі сұйықтықтардың тығыздығын өлшеу үшін (қышқыл, сілті, тұздар ерітінділері, спирттер, сұйық көмірсутектер) қолданылады.

Моль- зат мөлшерінің бірлігі.

Сутек- химиялық элемент және жай зат.

Металдар коррозиясы-сыртқы ортаны ластаушы фактор және одан сақтану шаралары.

Тақырыптың аты

Дәріс

1

2

I. Орта мектепте химияны оқыту әдістемесінің жалпы мәселелері

1. Ғылым ретінде химия оқыту әдістемесі, мақсаттары мен міндеттері.

2. Орта мектептегі химия курсының мазмұны мен құрылысы.

3. Химияны оқыту әдістері.

4. Эксперимент есептерін шығару әдістері. Сан есептері.

5. Химия тілі - химияны оқытуда таным құралы.

6. Оқушылардың білімін және білігін тексеру.

7. Орта мектепте химияны оқытуда оқу жұмысын ұйымдастыру формалары.

8. Химияның сыныптан тыс жұмыстары.

II. Мектеп курсындағы жеке тарауларды оқыту әдістемесі

9. Химиялық алғашқы ұғымдарды қалыптастыру.

10. Бейорганикалық қосылыстардың маңызды кластары туралы ұғымдардың қалыптасуы.

11. Д.И.Менделеев периодтық заңның периодтық жүйесін және атом құрылысын оқып – үйрену методикасы.

12. Зат құрылымы, валенттілік және тотығу дәрежесі туралы ұғымдардың қалыптасуы.

13. Химиялық реакция туралы ұғымның дамуы.

14. Ерітінділерді және электролиттік диссоциациялану теориясының негіздерін оқыту.

15. Органикалық заттарды оқып, үйретудегі әдістемелік методикасы.

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1


Дәріс №1

I-бөлім. Химияны оқыту әдістемесінің жалпы мәселелері

Ғылым ретінде химия оқыту әдістемесі және оқу пәні Жоспар:

  1. Химияны оқыту әдістемесінің зерттейтін мәселелері

  2. Химияны оқытуды әдістемесінің зерттеу әдістемесі және басқа ғылымдармен байланысы.

  3. Химия оқыту әдістмесінің қалыптасуы және дамуы.

  4. Қазақстанда химияны оқыту әдістемесі ғылымының дамуы.

Химияны оқыту әдістемесінің зерттейтін мәселелері. Қазіргі дейін химияны оқыту әдістемесі – ғылым ретінде танылып келеді. Сондықтан да химия пәні мұғалімдерін дайындайтын жоғары оқу орындарының оқу жоспарына химияны оқыту әдістемесінің курсы енгізіледі.

Химияны оқыту әдістемесі педагогикалық ғылым әрі оқу пәні. Химия –заттардың бір-біріне өзгеруін зерттейтін ғылым. Демек, химияны оқыту әдістемесі мектептің химия курсындағы осындай заңдылықтарды оқушыларға үйрету жолдарын, түсіндіру тәсілдерін зерттейтін педагогикалық ғылым деп түсінуіміз керек.

Химияны оқыту әдістемесі мұғалімнің оқу материалдарын оқытуы мен оқушылардың химиялдық білімді саналы меңгеруін, алған бюілімдерін іс жүзінде қолдану ерекшеліктерін және дағдыларын дамыту әдістері мен құралдарын айқындап береді.

Химияны оқыту әдістемесі әрі ғылым, әрі оқу пәні ретінде оқытудың мазмұнын, оқыту әдістерін тәрбие жұмыстарымен тығыз бірлікте, өзара байланыста зерттейді.Оқытудың заңдылықтарын ашу мен қатар, оқытудың мазмұн-мақсатын, әдістерін, оқыту формалары мен құралдарын, оқытушының іс-әрекетін бір-біріне ажыратпай біртұтас қарастырады.

Химияны оқыту әдістемесінің зерттейтін обьектісі – сол пәнді оқыту әрекеті. Оқыту, педагогика, дидактика және әдістеме ғылымы тұрғысынан түсінуге болатын күрделі әрекет болып табылады.

Педагогикалық тұрғыдан қарастырғанда оқыту дегеніміз-жасөспірімнің бойына ұжымдық тәжірибиені сіңіруі.

Дидактикалық жағынан алғанда, оқыту - білім берудің мазмұнын жасөспірімге жеткізу ісінде сабақ беру мен оқудың бірлігі.

Ал, әдістемелік тұрғыдан алғанда – нақтылы оқу пәнінің материалын жасөспірімге жеткізу ісіндегі сабақ беру мен оқудың бірлігі.

Жалпы педагогикалық және дидактикалық заңдылықтарға сүйеніп, химияны оқыту әдістемесі орта мектептегі химия пәнінің мақсаттары мен міндеттерін анықтайды.Соларға сәйкес мектептегі химия курсының мазмұны иаңдап алынады. Ол мазмұн бағдарламада, оқулықтармен оқу құралдарында баяндалады.

Әдістеменің зерттейтін тағы бір мәселесі – оқытудың ұйымдастыру формаларын, құралдарын және әдістерін жетілдіру, мектеп алдына қойылған жаңа талаптарға сәйкестендіру. Бұлар мұғалім мен оқушы арасындағы қатынасты, оқушының еріктілігін және белсенділігін арттыру жағына қарай бағыттап отыр.

Әдістеме химияны оқытудвң нәтижиесін, оқушылардың білім сапасына, тәрбиесі мен адами тұлғасына тигізген әсерін зерттейді. Оқушылардыә химиялық білімді игерудкгі таным әрекетінің ерекшеліктарін және оны іске жұмылдыру жолдарын іздестіреді.

Әдістеме химияны оқытудың нәтижиесін, оқушылардың білім сапасына, тәрбиесі мен адами тұлғасына тигізген әсерін зерттейді. Оқушылардың химиялық білімді игерудегі таным әрекетінің ерекшеліктерін және оны іске жұмылдыру жолдарын іздестіреді.

Тәрбие беру және оқушыларды дамыту - орта мектепте оқылатын барлық пәннің міндеті. Бұл салада мектепте өтілетін жиырмадан астам пәннің бірі ретінде ғана химия өз үлесін қосады. Оның үстіне химия өзінің бұл міндетін оқу пәні мазмұнының негізінде жүзеге асырады.

Жоғарда айтылғандарды ескере келіп, «Химияны оқытудың әдістесесі – химиядан білім берудің мазмұнын және химияны оқыту барысының заңдылықтарын зерттейтін педагогика ғылымының дербес бір саласы» деген анықтама беруге болады. Мұның алғашқы бөлігі оқытудың мазмұны, соңғы бөлігі әрекет етуге қамтиды. Мазмұны бөліп қараудың себебі де бар.

Мұғалімдер дайындайтын жоғары оқу орындарында химияны оқыту әдістемесінің оқу пәні теориялық жіне сарамандық курстардан тұрады. Теориялық курстың мазмұны студенттерге арналып орыс тілінде басылып шыққан И.Н.Борисовтың (1956 жыл), Д.М.Кирюшкин Г.М.Чернобельскаяның (1987 жыл) әдістемелік оқу құралдарында баяндалған. Бұларда химияны оқыту әдістемесі жалпы және жеке бөлімнен тұрады.

Жалпы бөлімде орта мектепте химия курсының мақсаттары мен міндеттері, мазмұны мен құрылысы, оқулықтары және химияны оқыьудың мәселелерін қарастыратын оқып-үйрену, химиялық элемент және реакция, зат туралы негізгі ұғымдарыды қалыптастыру және дамыту әдістемесі баяндалады. Д.М.Кирюшкин мен В.С.Полосиннің әдістемесі қазақ тіліне 1984 жылдары аударылды. Бұл оқу құралында бұрыңғы бағдарламаға сәйкес жеке тақырыптарды оқытудың әдістемелік ұсыныстары берілген. Бағдарлама өзгерген соң бұл ұсыныстарды пайдалану мүмкіндігі азайды және студенттерге арналған әдістеме оқулығын жеке тақырыптар бойынша құрудың тиімсіздігі байқалды. Сарамандық курста химиялық эксперименттің түрлері, техникасы мен әдістемесі және оларды жүргізуге қажетті икемділіктер мен дағдылар қалыптастырылады. Мөлшерлік және эксперименттік есептерді шығарту әдістемесіне, химияның бағдарламасына және оқу-әдістемелік құралдарына талдаулар жасалады. Химияны оын жоспарлауға сабақтың күнделікті жоспары жасалып, қысқаша жазбалар жазуға байланысты жаттығулар орындалады. Мұның бәрі химиядан сабақ беретін болашақ мұғалімнің әдістемелік дайындығын жақсартуға, үздіксіз білім алу әзірлігін қамтамасыз етуге жәрдемдеседі.

Химияны оқыту әдістемесінің зерттеу әдістері және оның басқа ғылымдармен байланысы. Осының алдында ғана баяндалған химияны оқыту әдістемесін зерттеуді төрт мәселеге топтастыруға болады.

  1. Химия не үшін оқытылады? 2. Химия нені оқытады? 3. Химияны қалай оқытады? Химияны оқытудың нәтижиесі қандай?

Бірінші сұрақтың жауабы мектеп курсындағы материалдарды іріктеп алу арқылы анықталады. Ол үшін химия ғылымының даму логикасы мен тарихы, теориялық және нақты материалдардың өзара арақатынасы ескеріледі.

Екінші сұраққа былай жауап беруге болады: химияны оқыту әдістемесі оқушының жас ерекшеліктеріне қарай оқу материалдарының мазмұнына сай қарастыруға нұсқау береді; оқу құралдарын қалай қолдану жөнінде ұсыныс жасайды; оқушылардың өздігінен орындайтын жұмыстар мен жаттығуларына бағыт сілтейді. Оқыту үрдісінде ұғымдарды, заңдарды, теорияларды іріктеп алудың жолдарын қарастырады.

Үшінші сұрақтың жауабы оқытуға байланысты қарастырылғаны жөн. Оқыту- мұғалімнің қызметі. Мұғалім оқушыларға химиялық білімді меңгертеді, оны ақпараттар берумен байланысты орындатады. Сонымен бірге, химияны оқыту әдістемесі- орта мектептерде химиядан сабақ беретін мұғалімдерді жоғарғы оқу орындарында кәсіптік мамандыққа даярлайтын оқу пәні.

Химияны оқыту әдістемесі педагогикалық ғылым және оқу пәні болғандықтан, қоғам талаптарына сай педагогика ғылымы анықтап берген жалпы орта білім беру және тәрбиелеудің мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес химия пәнәнің өзіндік ерекшеліктеріне негізделіп құрылады.

Химияны оқыту әдістемесі алдымен химия ғылымымен тығыз байланысты қарастырылады. Себебі, химияны оқыту әдістемесі мектеп химиясының мазмұнын анықтауға шешуші роль атқарады. Мектеп химиясы оқушыларға химия ғылымы ашқан теориялар мен заңдылықтарды, деревтерді, ұғымдар мен түсініктердің негізін үйретеді. Химияны оқыту әдістемесі осы ғылым негіздерінің неғұрлым маңызды элементтерін, оқып-үйрену нысандарын дұрыс таңдауға, оқу материалдарын неғұрлым түсінікті және еске сақтауға жеңіл де, ұғымды түсінуге бағыттайды. Химияны оқыту әдістемесіне өзара жақын химия ғылымының бір саласы-химия тарихы. Ол химия ғылымының жеке тарауларын оқытқанда- оның даму жолдары мен заңдылықтарын ашуда, ғалымдардың өмірі мен ғылыми еңбектерін түсіндіруде, элементтердің ашылу тарихын оқытқанда-нақты деректермен көрсетуге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ химияны оқыту әдістемесі ғылымы дидактиканың заңдары мен ұстанымдарына сәйкес дамиды. Химияны оқыту әдістемесінің жүйесі мен оған қойылатын талаптар оқыту әдістерінің дидактикалық сипатталуымен тығыз байланысты. Ол психология мен физиология ғылымдпрымен де байлансты, өйткені, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес, нақты материялдарға байлансты білім дамытылып отырады.

Бұл мәселелерді шешу үшін химияны оқыту әдісі педагогикалық зерттеулерде кеңінен қолданылатын мына әдістерді пайданылады: бақылау, жорамал жасау, педагогикалық эксперимент, оқу-тәрбие құжаттарын,оқушылардың жазбаша, графикалық, техникалық және т.б. жұмыстарын талдау, мұғаліммен және оқушымен әңгімелесу, анкета алу т.б.

Химияны оқыту барысында сан алуан өзгерістер болып тұрады. Зерттеуші өзі ықпал жасамай, табиғи құбылыстарды қаз қалпында, әр құбылыстың жеке бөліктері арасындағы байланыстарды, олардың өзге құбылыстармен байланысын, өзара қатынасын ашып береді.

Бақылаудан алынған мәліметтерге сүйеніп, ғылыми жорамалдар жасалады. Оның дұрыстығын тексеру үшін қосымша бақылаулар жүргізіледі немесе педагогикалық эксперимент қойылады. Эксперимент кезінде құбылыс бақылаудағыдай емес, зерттеушінің жорамалына сәйкес алдын ала жоспарланып, өзгертілген жағдайда жүзеге асады. Зерттеудің мәселесі мен мақсаттарына қарай енгізілетін өзгерістер де алуан түрлі болуы мүмкін.

Оқушылардың жұмыстарын талдау, әңгімелесу және анкета алу арқылы білім,білік және дағыдыны қалыптастыру жайын, мұғалім мен оқушының зерттеліп отырған мәселеге көзқарасын анықтайды.

Химияны оқыту материялын іріктегенде, көрнекі көрсетілетін және зертханалық тәжірибелерді жетілдіруде, көрнекі құралдардың жаңа түрлерін жасауда, оқытудың формалары мен әдістерін жетілдіруде химияны оқыту әдістемесінің өзіне ғана тән арнайы зерттеу әдістері қолданылады. Оларға жататындар: оқу материалын іріктеу, химия ғылымының мазмұнын әдістемелік талдау, бұрыннан қолданылып келе жатқан көрнекі көрсетулерді, зертханалық тәжірибелерді, көрнекі құралдарды жетілдіру және жаңадан ұсыну, оқушылардың өздігіенен істейтін жұмыстарының тапсырмаларын жасау, т.б.

Химияны оқыту әдістемесі объектісі және әдістері жөнінен, ең алдымен, дидактикамен байлансты. Өзінің ең негізгі міндеті- химия пәнінен білім берудің мазмұнын анықтағанда химия ғылымының қол жеткен жетістіктеріне дидактикалық талдау және іріктеу жасайды. Химияның ғасырлар бойы жинаған білім қазынасынан оқушылардың жасына және өткендегі дайындығына сай келетін материалдарды таңдап алады.

Химияны оқыту әдістемесі жасөспірімдерге жан-жақты тәрбие беру үшін тәрбие теориясының қағидаларына сүйенеді.

Өзінің үшінші міндетін- оқушыларды дамытуды жүзеге асыр үшін психология ғылымының табыстары пайдаланады. Әлеуметтік тәжірибенің алуан түрлерін, солардың ішінде ғылыми білімнің негіздерін игеру барысында оқушылардың жеке басының даму мүмкіндіктерін педагогикалық психология зерттейді. Осының нәтижесінде алынған білім педагогика мен жеке пәндер әдістемесінің психологиялық негізін құрайды.

Оқушыларға білім, тәрбие беру және дамыту кезінде оқушылардың жас өзгешеліктері ескеріледі. Бұл жағынан алғанда химияны оқыту әдістемесі жасөспірімдер физиологиясымен тығыз байланысты екендігі көрініп тұр.

Химияны оқыту әдістемесінің қалыптасуы және дамуы. Жастарға химиялық білім беру туралы көзқарас химия ғылымының даму кезеңдеріне сәйкес қалыптасты. Орыстың атақты ғалымдары химия ғылымының дамуына зор үлес қосумен бірге, жасөспірімдерге тікелей химиялық білім беру ісімен айналысты, көптеген құнды әдістемелік пікірлер айтты.

М.В.Ломонсов (1711-1765 ж.ж.) химияның қоғамдағы маңызын және пайдасын насихаттады, жастарға химиялық білім беруді ұйымдастьру мәселелерін шешуге белсене араласты. Ол тұңғыш химия зертханасын ұйымдастырып, химияны үйренудегі эксперименттің мәнін жоғары бағалады, физикалық химияның орыс тіліндегі тұңғыш оқулығын жазды.

Д.И.Менделеев (1834-1907 ж.ж.) жастарға химиялық білім берудің қажеттігін, мақсаттарын, мазмұнын, сипатын талдаған еңбектер мен оқулықтар жазды, химияның өнеркәсіпте және ауыл шаруашылығында қолданылуын көрсету арқылы оқушыларды еңбекке, практикалық іске әзірлеу, химияның эксперименті кеңінен пайдалану туралы пікірлер айтты. Ол ой-өрісі кең, ғылымды жетік білетін және жақсы көретін ұстаз ғана шәкірттердің жүрегіне жол табады деп мұғалімнің ролін жоғары бағалады.

А.М.Бутлеров (1828-1886 ж.ж.) ғылымдағы және оқыту әрекетіндегі теориялық білімнің алатын орнын негіздеп түсіндірді, өте жақсы химия оқулықтарын жазады.

М.В.Ломоносов негізін қалаған атом-молекулалық ілім мен массаның сақталу заңы, Д.И.Менделеев ашқан периодтық заң және периодтық жүйе, А.М.Бутлеровтың органикалық заттардың құрылыс теориясы орта мектептегі химия курсының теориялық негізін құрайды.

Химияны оқыту әдістемесі ол орта мектепте тұрақты оқу пәні болып енгеннен кейін ғана ғылым ретінде қалыптасты. Патшалық Россияның жалпы білім беретін гимназиялары мен училищелерінде химия жеке пән ретінде ұдайы оқытылмады.Сондықтан Қазан революциясының алдындағы кезекте химиктер С.И.Сазонов, Г.М.Григорьев, А.Н.Реформатский жалпы білім беретін орта мектептің оқу жоспарында химияның оқу пәні тұрақтандыру үшін күресті.

Химия Қазан реиолюциясынан кейін ғана орта мектептердің оқу жоспарынан химия өзіне лайықты орын алады.Кеңес мектебіндегі оқыту сипатының сол кезеңдегі жалпы бағыттарына сәйкес химия курсының мазмұнын анықтау ісі қолға алынды.

В.Н.Верховский, Л.М.Сморгонский, Я.Л.Гольдфарб химияның жүйелі курсының бағдарламасын жасады, тұрақты оқулықтарын және тұңғыш әдістемесін жазды (1933-34 ж.ж.). Бұдан кейін кезеңде орта мектептегі химия курсының мазмұны мен құрылымын ғылыми жағынан негіздеуде Л.А.Цветков, Ю.В.Ходаков және С.Г.Шаповаленко, т.б. көп еңбек сіңірді.

Химияны оқытудың әдістемесі жалпы білім беретін орта мектептегі химия пәнін оқыту мәселелерін жан-жақты зерттейтін көп салалы ғылымға айналды. Атап айтқанда, химияны оқытудың ұйымдастыру формалары әдістерін жетілдіруді Д.И.Кирюшкин, химияның негізгі ұғымдарын қалыптастыру, химияны оқыту құралдарын жасау және тиімді пайдалану әдістесін С.Г.Шаповаленко, Н.Е.Кузнецова, химияны оқытудың өндіріспен байланысы және химиядан тереңдетіп білім беру мәселелерін Д.А.Эпштейн, химиялық эксперименттің теориясы мен сарамандығын В.С.Полосин, К.Я.Парменов, органикалық химияны оқыту мәселелерін Л.А.Цветков, химияның теориялық негіздерін оқыту әдістемесін Г.И.Шелинский, В.П.Гаркунов, химияны оқытудың басқа пәндермен байланысын Е.Е.Ммнченков, Д.П.Ерыгин зерттеді. Бұлардың әрқайсысы көптеген ғалым шәкірттер тәрбиелеп шығарды, оқу-әдістемелік еңбектер жариялады.

Қазақстанда химияны оқыту әдістемесі ғылымының дамуы. 1940 жылдардан бастап Қазақстанда химияны оқыту әдістемесін жасау және жетілдіру ісі қолға алынды. Бастапқыта озат мұғалімдердің іс-тәжірибесін кеңінен тарату және мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсету мақсатымен біраз еңбектер жазылды. Солардың ішінен О.А.Суворованың “Химияны оқытудың социалистік құрылыс практикасымен байланысы” деп аталатын еңбегін атап өтуге болады.

Қазақстанда химияны оқыту әдістемесі бойынша жүргізілген зерттеу жұмыстарының негізгі бағыты-орта мектап химиясының өзге пәндермен және өндріспен байланысын ғылыми жағынан негіздеу. Д.Қоянбаев Қазақстанның оңтүстік аймағындағы оқушылардың ауыл шаруашылығы тәжірибелік жұмыстарындағы химия, С.Мұсабеков химияны оқытудың биология және ауыл шаруашылығы өндірісімен байланысы, А.Г.Гатаулин ауыл мектептерінде химияны оқытудың топырақтану негіздерімен байланысы, Л.П.Калашникова химияны оқытудың жер туралы ғылымдармен байланысы, Л.З.Дюсюпова органикалық химияны оқытудың физикамен байланысы, К.А.Сарманова химияны оқытуда оқушылардың IV-VI сыныптарда жаратылыстану-математикадан алған білімдерін пайдалану мәселелерін зерттеді. Қазақстандағы органикалық химияның дамуы белгілі ғалымдар Д.В.Сокольский, Т.К.Чумбалов, И.Н.Әзербаев, А.Ф.Сейтжанов есімдерімен тікелей байланысты. Бұл ғалымдар өздерімен бірге органикалық химия саласында іргелі және қолданбалы зерттеулердің дамуына маңызды үлес қосқанда дарынды шәкірттер тәрбиеледі.

Дәріс №2