Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК ХОМ.docx
Скачиваний:
183
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
367.18 Кб
Скачать

Химияны оқыту әдістері Жоспар:

  1. Оқыту әдістері туралы түсінік.

  2. Оқыту әдістерінің жіктелуі.

а) Түсіндірме-сурет бойынша түсіндіру әдіс.

б) Сөз көрнекі әдістер тобы.

в) Сөз-көрнекі-сарамандық әдіс.

3. Іздестіру және зерттеудің жалпы әдістері

4. Жаңа технология әдістері

Оқыту әдістері туралы түсінік. Әдіс-іс-әрекетті жүзеге асырудың бір жолы. Әдіс терминінің мағынасы өте кең. Ол кез-келген адамның сарамандық және теориялық іс-әректінде белгілі бір мақсатқа жетудің қажетті мүмкіндіктерін игерудің тәсілі. Оқыту әдісін тек оқытушының ғана қызметі деп қана түсінуге болмайды. Ол оқушымен мұғалімнің бірігіп, мақсатқа жету жолындағы ізденіс, іс-әрекеті болып табылады.

Әдістің мәнін ашу үшін ең алдымен оқытудың мақсатын және мұғалім мен оқушының іс-әректін ескереді. Оқытудың әдістері дегеніміз – белгіленген оқу мақсатына жету үшін мұғалімнің іс-әрекеті мен оқөушы іс-әрекетінің үйлесу түрлері, тәсілі.

Оқытудың мақсаттары мен құралдары тұрғысынан алғанда оқыту әдістері мұғаліимі оқушыларын білім және білікпен қаруландыратын, адамгершілік көз-қарас қалыптастыратын құралдары мен тәсілдерінің жиынтығы. Оқытудың мақсаты мазмұнын игеру арқылы жүзеге асады. Оның әдістері, құралдары, іс-әрекеті осы мазмұнды меңгеруге бағытталған. Бұл тұрғыдан қарағанда химияны оқыту әдістері химия ғылымының мазмұнымен анықталады, өйткені әдіс дегеніміз-мазмұнның ішкі қозғалысы.

Келтірген анықтамалардың біреулері дұрыс, екіншілері бұрыс деп айта алмаймыз, өйткені әдістің мәнін ашу үшін оқыту әрекетінің жеке жақтары пайдаланылған. Солардың бәрінің басын қосып, оқыту әдістері дегеніміз-белгіленген мақсатқа сәйкес анықталған мазмұнды игеру үшін мұғалім мен оқушы іс-әрекетінің үйлесу формалалары (тәсілдері) деген анықтамаға келеміз.

Химияны оқыту әдістері ғылыми зерттеу әдістерімен ұштасып жатады, оқытушылардың химия объектілерін танып, білу әрекетінің ерекшеліктерімен де сипатталдады.

Оқыту әдістерінің жіктеліуі. Оқыту әрекетінің бір бөлігі болғанымен, оқыту әдістерінің өздері күрделі жүйе құрайды. Олар жалпы әдістер тобы жәнек жеке әдістер болып жіктеледі. Жалпы әдіс одан әрі оқушының таным әрекетінің сипаты бойынша түсіндірме-иллюстративті, іздестіру (эвристикалық) және зерттеу әдістеріне тарамдалады. Бұлардың әрқайсысы білімнің бастауларына, басқаша айтқанда оқыту құралдарына қарай сөз әдістерінің тобы, сөз-көрнекі сарамандық әдістер тобына бөлінеді. Әдістер тобы одан әрі жеке әдістерге жіктеледі.

1. Түсіндірме – сурет бойынша түсіндіру жалпы әдістің сөз әдістері тобына мына жеке әдістер жатады: а) баяндау (дәріс әңгіме); ә) әңгімелесу; текспен өздігінен жұмыс.

Түсіндірме – сурет бойынша түсіндіру әдісі – мұғалімнің екі негізгі іс-әрекетін жаңа білімді баяндап түсіндіруін көрсетеді. Мұғалімнің оқу материалын баяндауының үштүрі белгілі: монологтық, диалогтық және көрсетілімді пайымдау тәсілі. Бұл әдіс негізінен үш топқа бөлінеді.

2. Сөз-көрнекі әдістер тобына жататын жеке әдістер: а) көрнекі құралдарды көрнекі көрсете отырып баяндау; ә) көрнекі құралдарды көрнекі көрсете отырып әңгімелесу; б) текс және көрнекі құралдармен өздігінен жұмыс.

3. Сөз-көрнекі-сарамндық әдістер тобына:

а) оқушылардың үйлестіріп берілген материалдарымен жұмысы;

ә) химиялық тәжірибиелерді орындау;

б) құралдар құрастыру, модельдер жасау;

в) жазбаша және графикалық жұмыстар орындау жатады.

Іздестіру (эвристикалық) жалпы әдісінің мынадай әдістері бар.

1. Сөз әдістер тобы: а) әңгімелесу (дискуссия, семинар), ә) текспен өздігінен жұмыс. 2. Сөз-көрнекі әдістер тобы: а) көрнекі құралдарды пайдаланып, эвристикалық әңгімелесу; ә) көрнекі құралдар және текспен өздігінен жұмыс. 3. Сөз-көрнекі-сарамандық әдістер тобы жеке әдістерінің тізбесі осының алдындағыға ұқсас, одан айырмасы оқушылардың таным әрекеті эвристикалық сипатта болады.

Зерттеу жалпы әдісінің сөз әдісі: оқу және ғылыми-көпшілік әдебиеттермен оқушылардың өздігінен істейтін жұмысы; сөз көрнекі әдісі: әдебиеттермен және көрнекі құралдармен өздігінен жұмыс; сөз көрнекі-сарамандық әдістер тізбесі сөз әдістеріндегідей, бірақ оқушылардың іс-әрекеті зерттеуге, субъективті жаңалық ашуға бағытталған.

Оқыту әдістерінің жалпы логикалық жағынан алғанда индукция және дедукция, анология деп жіктейді.

Химия ғылымының зерттеу әдістерін химияны оқытуға қолданғанда оқыту әдістерін бақылау, химиялық эксперимент, модельдеу, суреттеу, теориялық түсіндіру, теориялық болжаулар әдістері деп жіктейді.

Түсіндірме - сурет бойынша түсіндіру әдіс. Бұл-ертеден қолданылып келе жатқан, кең таралған әдіс. Мұның мәнісі: мұғалім білімді дайын күйінде береді, оқушылар оны қабылдап, қайта жаңғыртып, ұқсас жағдайда қолданылады. Бұл әдіс деректі және теориялық материалды баяндау үшін, құралдарды және өндірістік қондырғыларды сипаттау, құбылыстардың мәнін түсіндіру үшін барлық сыныптарда қолданылады. Өзінің атына сәйкес бұл әдісті пайдаланғанда түсіндіру әр түрлі көрнекі құралдармен, үйлестіріп берілген материалдармен, техникалық құралдармен, зертханалық жұмыстармен ұштастырылады.

Түсіндірме-иллюстративті жалпы әдістің сөз әдістері тобын толығырақ қарастырайық.

Ауызша баяндау. Әдістемелік әдебиеттерде ауызша баяндауды шартты түрде монологтық (әңгіме, дәріс), диалогтық (әңгімелесу), аралас (әңгімелесу, элементі бар әңгіме не дәріс) деп үшке жіктейді.

Баяндау әдістерінің бәріне тіл, дидкатикалық және әдістемелік жағынан қойылатын талаптар:

1. Мұғалім химияның ғылыми тілі мен сөйлеу мәдениетін жетік меңгеруі тиіс. Оның тілі анық та, таза, бай, дәл, жүйелі, мәнерлі, әсерлі, ұтымды болуы керек;

2. Сөзге, сөйлемге дыбыстық және логикалық екпін дұрыс қойылып, дауысы, аса қатты немесе баяу шықпай, оқушылардың тыңдауына жағымды, ырғақты болуы қажет;

3. Жаңа терминдер, номендер және символдардың анықтамалары мен түсіндірмелі нақтылы беріліп, қажет болған жағдайда тақтаға, оқушылардың дәптеріне жазылуы тиіс;

4. Көрнекі құралдар, үйлестірілген материалдар, зертханалық тәжірибиелер днр кезінде, тиімді пайдалану керек.;

5. Оқушылардың тыңдау, түсіну, ойлау, түсінгенін жаза білу біліктері мен дағдыларын қалыптастыру және дамыту.

Енді жеке сөз әдістерін қысқаша сипаттаймыз.

Әңгіме. 10-25 минутқа созылатын қысқа мерзімді баяндау. Оқу материалының мазмұнына қарай суреттеу, түсіндіру немесе мәселе тұрғысынан сипатты болуы мүмкін. Оның құрылымы үш бөліктен тұрады: кіріспе, баяндау және қорытынды.

Кіріспе бөлімге кіретіндер: мәселе қою, баяндаудың мақсатын және маңызын түсіндіру арқылы оқушылардың ынтасын және ықыласын ояту. Мәселенің жеке бөлікткрін және баяндау жоспарын хабарлау.

Баяндау бөлімі: жоспарға сәйкес ретімен баяндау. Мұғалім алдымен әр мәселені сұрақ түрінде қойып, оқушылардың назарын аударады, содан соң баяндайды, оқушылардың қалай қабылдағанын, түсінгенін бақылай және бекітеді.

Қорытынды бөлімінде баяндалған материал қорытылады және жүйеге келтіреді.

Суреттеу, түсіндіру және мәселеге негізделген әңгіме кезінде оқушылардың таным әрекеті жүзеге әр түрлі асады. Мәселеге негізделген әңгіме іздестіру әдістеріне жақындайды, оқушылар білім алу тәсілімен мына сызбанұсқа бойынша танысады: қайшылық жағдай-туатын мәселе-шешу жолдарын қарастыру, гипотеза-оны дәлелдеу жолы-шешу-қорытынды. Мәселен, метанның электрондық құрылысымен таныстыратын мәселе негізіндегі әңгіме екі қайшылықты шешу арқылы жүзеге асырылады. Бірінші қайшылық көміртегі атомының құрылысы туралы оқушылардың білетіні мен метан молекуласының сандық құрылымы арасында туады. Көміртегі атомының электрондық құрылысына қарағанда сутегі мен қарапайым қосылысының формуласы СН2 болуы керек, бірақ ол - СН4 демек, көміртегі атомының сыртқы қабатындағы жұптасқан электрондар ковалетті байланыстар түзуге қалайша қатысады? Бұл мәселені шешу үшін көмітегі атомының қалыпты және қозған күйі деген ұғымдар енгізіледі, олардың әрқайсысы символикалық сызбанұсқалар, электрон- толқындық модельдер арқылы көрсетіледі.

Екінші қайшылық көміртегі атомындағы s-және p-электрон бұлттарының кеңістікте орналасу бағыттарымен метанның кеңістіктегі пішінін салыстырудан туады. Тэтраэдр пішінді молекула қалай түзілген? Бұл мәселені шешуге оқушылардың білімі жетпейтіндіктен мұғалім гибридтеу теориясы туралы қысқаша түсіндіреді, сондай-ақ сызбанұсқалары мен модельдерді пайдаланады. Баяндауға оқушыларды белсенді қатыстыру үшін көміртегі атомының электрондық құрылысын, s және p – бұлттарының бағытталу сызбанұсқаларын оқушылардың өздеріне сыздырады.

Дәріс. Әңгімеден айырмасы – ұзақ мерзімді (30 - 40 минут) баяндауға жатады, жоғарғы сыныптарда жие қолданылады. Орта мектеп реформасында, жаңашыл мұғалімдер іс-тәжірибиесінде, кейінгі методикалық әдебиеттерде дәріске көп көңіл бөлінеді, оның тиімділігі нақты дәлелденген. Мәселен, электролиттік диссоциалану тәрізді теориялық тақырыптан алдымен дәріс, содан соң оқушылардың сұрақтарына жауап қайтару, содан кейін семинар және диспут өткізген тиімді.

Дәріс мұғалімнің жан-жақты дайындалуын қажет етеді және оған қойылатын талаптар:

1. Дәрістің жалпы педагогикалық, дидактикалық және әдістемелік мақсаттарын анықтау;

2. Оқу материалын іріктеу: а) оқушылардағы жаңа білімді игеруге қажетті білім қорын анықтау; ә) жаңа білімнің мазмұнын және көлемін нақтылы белгілеу;

3. Дәріске қажетті оқыту құралдарын іріктеу, әдістемелік жағынан негіздеу;

4. Дәріс жоспарына кіретін негізгі мәселелерді, олардың баяндалу ретін, оқушыларды белсенді қатыстыру тәсілдерін ойластыру;

5. Дәрістің қорытынды бөлімінде оқушылардың материалды қандай дәрежеде түснгенін тексеретін бақылау сұрақтарын, қорытындылау және жүйелеу жолдарын белгілеу.

Әңгімелесу. Диалогтық (екі жақты) баяндауға жатады. Әдістің мәні – мұғалім сұрақтар қояды да, оқушылар жауап қайырады, сондықтан кейде сұрақ-жауап әдісі деп те аталады. Баяндағалы отырған материалдың кейбір мәселелері оқушыларға бұрынғы сыныптардан, басқа пәндерден, өмірден және т.б тыныс болғанда қолданылады. Мұғалім мен оқушы іс-әрекетінің сипаты мен мақсатына қарай бұл әдіс хабарлама, эвристикалық және бақылау, қорытынды әңгімелесу әдістері деп жіктеледі. Әңгімелесу мұғалімнің шеберлігін және сезімталдығын қажет ететін күрделі әдіс, оған қойылатын талаптар:

1. Оқушыларға әңгімелесудің мақсатын, негізгі міндетін жеткізу, оларды сабаққа белсенді қатысуға ынталандыру;

2. Әңгімелесудің мазмұнын анықтайтын сұрақтарды белгілеу жәнежіктеу, қойылу ретінде және тұжырымдалуын ойластыру;

3. Негізгі және қосымша сұрақтардың арақатынасын анықтау;

4. Жоспарланған сұрақтар бойынша әңгімелесу, кластағы оқушыларды жаңа білім алуға ұмтылдыру, бүкіл сыныппен әңгімелесу;

5. Әңгімелесудің мақсатынан ауытқымау, уақытты үнемдеу;

6. Әңгімелесудің нәтижесін жинақтап, қорытынды жасау.

Оқулықпен және басқа кітаптармен жұмыс. Қазіргі педагогиканың және мектеп реформасының негізгі талабы – оқушыларды оқи білуге үйрету, оларда оқу еңбегінің жалпы және әр пән үшін арнайы біліктері мен дағдыларын қалыптастыру. Осындай оқу біліктерінің ішіндегі ең маңыздысы – кітаппен жұмыс істей білу. Оқулықпен жұмыс істеу әдісі жаңа материалды игеру, алынған білімді бекіту үшін пайдаланылады. Оқулықпен өздігінен істелетін жұмыстардың түрлері:

1. Қарапайым тексті (мәтінді) жеке бөліктерге бөлу, әр бөлігіне ат қою;

2. Мәтіндегі материалдың баяндау жоспарын жасау, автордың негізгі ойын табу;

3. Өзбетінше оқыған жалпы сипатты жопарларды пайдалана білу;

4. Күрделі мәтін мен жұмыс істей білу. Мәтін мен ғылыми білім жүйесінің құрылым элементтерін (ғылыми деректер ұғымдар, заңдар, теориялар, зерттеу әдістері), қолданбалы білімді (құрал және қандырғының түсініктемелері) табу оны сызбанұсқа түрінде өрнектей білу;

5. Суреттерді түсіну;

6. Графиктерді және кестелерді пайдалана білу;

7. Мұғалім дайындаған немесе текстің соңында берілген сұрақтарға жауап қайтару.

Әдістемелік әдебиеттерде элементтердің және олардың қосылыстарының табиғатта таралуымен қолданылуы тәрізді деректі материалды ғана оқулықпен жұмыс істеу арқылы үйренуге болатынын туралы пікір басымырақ болып келеді. Ұстаздың сарамандық кезіндегі байқаулары кейбір теориялық тақырыптарды да кітаппен жұмыс істеп өткізуге болатынын көрсетті. Мәселен, VIII сыныпта “Массаның сақталу заңын” оқушылар мынадай тапсырмалар бойынша кітаппен оқып үйренді, оқушылардың жауаптарына сәйкес тәжірибені мұғалім өзі көрнекі көрсетеді:

1. Химиялық реакциалар кезінде зат массасының сақталатыны немесе сақталмайтыны жөнінде жорамал жасаңдар;

2. Жасалған жорамалдың дұрыстығын қалай тексеруге болады? Тәжірибені көрнекі көрсету;

3. Зат массасының сақталу заңына қайшы келетін құбылыстар бар ма? Олардың мәнін қалай түсіндіресіңдер?

4. Көрсетілген және оқулықта жазылған тәжірибелерге сүйеніп, зат массасының сақталу заңын тұжырымдау;

5. Үстірт қарағанда зат массасының сақталу заңын қайшы келетін құбылыстар бар ма? Олардың мәнін қалай түсіндіресіңдер?

6. Мәтінде келтірілген зат массасынң сақталу заңын дәлелдейтін мөлшерлік мәліметтерге мысал келтіру немесе сол мысалдың өзін түсіндіру;

7 Зат массасының жалпы қорытынды.

Сабақта барлық оқушы тапсырмаға сәйкес белсенді жұмыс істейтін. Қорытынды кезінде оқушылар жаңа материалды толық меңгере алады.

Сөз көрнекі әдістер тобы. Көрнекі құралдарды көрнекі көрсету арқылы баяндау. Химияны оқыту барысында алуан түрлі көрнекі құралдар пайдаланылады, олар 5 топқа жіктеледі: 1) заттар мен әректтер (заттар, құралдар, құбылыстар); 2) көлемді көрнекі құралдар (маркеттер, нақ-пішіндер); 3) бейнелеу көрнекі құралдары (суреттер, картинкалар, плакаттар, диапозитивтер, фильмдер); 4) графикалық көрнекі құралдар (сызбанұсқалар, диаграммалар); 5) символикалық көрнекі құралдар.

Білімнің көзі осы көрнекі құралдар болып табылатын әдістер - көрнекі әдістер, ал сөзбен түсіндірілетіндері – сөз әдістері деп аталады. Сөз – көрнекі әдістер ішінде жие қолданылатыны – тәжірибелерді көрнекі көрсету. Ол: 1) оқушылардың тәжірибелік білігі мен дғдысы жеткіліксіз; 2) эксперимент күрделі; 3) эксперимент “қауіпті” болғанда; 4) аз мөлшерлі реактивтер нәтиже бермегенде; 5) уақытты үнемдеу және құрал-жабдық жеткіліксіз болғанда қолданылады.

Оқу-тәрбиелік міндеттерді орындау үшін көрнекі көрсетілетін экспериментке мынадай тлаптар қойылады;

1. Көрнекілік – көрнекі көрсету зерзаты оқушылардың бәріне көрінуі үшін арнаулы көрнекі көрсететін үстелде және үстелшеде, ірі ыдыстарда жасалады. Жасанды жырық, экран кадаскоп қолданылады;

2. Қарапайымдылық тәжірибе жасалатын құрал құрылысының күрделі бомағаны жөн, егер құрал күрделі болса, оқушылардың назары бөлінеді, құбылысты жасауға кедергі жасйды;

3. Көрнекілік – көрнекі көрсетілетін тәжірибелер оқушылар үшін қауіпсіз болуы керек. Улы заттар түзілетін, қопарылыс қауіпі бар тәжірибелерді алдын-ала дайындауға, сақтық шараларын ескеруге жете көңіл бөлінуі керек;

4. Сенімділік- тәжірибе міндетті түрде шығыу тиіс. Күменді болған жағдайда мұғалімнің алдын-ала ескертуі керек;

5. Түсіндіру. Көрнекі көрсетуді түсіндіру. Көрннекілікті сөзбен ұштастыру әдістері тұрғысынан әдістері шешіледі, оның көрнекі түсіндіру немесе зерттеу сипаты болуы мүмкін.

Осы талаптарға сәйкес тәжірибелерді көрнекі көрсетудің әдістемесі:

1. Тәжірибенің мақсатын хабарлау ( немесе мәселе қою). Оқушылар тәжірибенің не үшін жасалатынын, нәтижесінде енге көзі жететінін анық түсінуі керек.

2. Құралды сипаттпау, тәжірибелердің жағдайлары, заттардың сипаттамалары.

3. Оқушылардың бақылауын ұйымдастыру. Мұғалім нені қалай бақылау керегін түсіндіреді, реакцианың белгілеріне көңіл аударады.

4. Қорытынды және теориялық негіздеу. Көрнекі көрсету, тәжірибенің білім, тәрбие беру және дамыту қызметінің сөзбен ұштастырылу тәсіліне тікелей байланысты, 4 түрлі болуы мүмкін.

1. Білімнің көзі тәжірибе, мұғалімнің сөзі оқушылардың өздігінен бақылауын бағыттайды;

2. Екінші жағдайда да білім тәжірибеден алынады, мұғалім құбылыстың тікелей бақыланбайтын жақтарын түсіндіреді, ол үшін оқушылардың бұрыннан бар білімін ескереді;

3. Сурет бойынша түсіндіру әдісі. Мұғалім алдымен сөзбен түсіндіріп растау үшін тәжірибе көрсетеді;

4. Сурет бойынша түсіндіру әдісінің екінші жағдайында мұғалім көрнекі көрсету арқылы түсіндіріп, құбылысты оқушыларға белгілі теория құбылысынан сипаттайды.

Сөз көрнекі - сарамндық әдісі. Бұл әдістің мәні – оқушылардың сарамандық іс-әрекетін тиімді ұйымдастыру. Бұған жататындар: оқушылардың эксперименттік (зертханалық жұмыстар, сарамандық тәжірибелер) жаттығулар жасау химиялық есептер шығару, кітаппен жұмыс, графикалық жұмыстарды орындау. Мұның бәрі оқушылардың өздігінен істейтін жұмыстары, оны жаппай, топпен және жеке түрде ұйымдастыруға болады.

Оқушылардың эксперименті – заттармен химиялық реакциаларды танып, білудің негізгі құралы. Ол арқылы оқушылар заттардың құбылысы мен қасиеттерінің арасындпағы тәуелділікті, заттардың генетикалық байланысын, химиялық құбылыстардың мәнісін түсінеді, сарамандық біліктер мен дағдылар алады.

Зертханалық жұмыстардың мақсваты – жаңа білім алу, өтілетін оқу материалын саналы түрде игеру, сондықтан олар жаңа материалды оқып – үйрену сабақтарында жасалады.

Оқушылар сарамандық жұмыстарды тақырып өтілген соң орындайды, олардың мақсаты алынған білімді және білікті бекіту, нығайту, нақтылау, жетілдіру және тексеру.

Оқушылардың таным іс-әрекеті, яғни оқу барысы тұрғысынан алғанда оқушылардың эксперименті мынадай кезеңдерде жүзеге асады: 1. Тәжірибенің мақсатын түсіну; 2. Заттарды зерттеу; 3. Құрал құрастыру немесе дайын күйінде берілген құралды пайдалану; 4. Тәжірибені орындау; 5. Тәжірибені бақылау, нәтижесін талдау және қорытынды жасау; 6. Алынған нәтижені түсіндіру және реакция теңдеулерін жазу; 7. Жазбаша есеп беру.

Мұғалім оқушылардың зертханалық жұмыстарды қалай жасағанын қадағалап, бақылайды, олардың әр тобынан өзіне көмекшілер тағайындап алады. Оқушылар жіберілген қателер қолма - қол түзетіледі. Зерттханалық жұмыстардың техникасы және жабдықтары онша күрделі болмайды, олардың уақыты кесімді және оқушылар бір мезгілде орындайды.

Сарамандық тәжірибелер екі түрлі болады: нұсқаулар бойынша орындалатын тәжірибелер және эксперимент есептері. Нұсқаулар – оқулықта беріледі, тәжіжибе жасаулардың барлық кезеңдері сипатталады, бақылау тәсілдері көрсетіледі, сақтық шаралары ескертіледі. Дегенмен, сарамандық жұмыстарды нұсқаулар арқылы ғана өткізу жеткіліксіз.

Сарамандық жұмыс басталар алдында мұғалім үй тапсырмасын тексеріп, әңгімелеседі.

Мұғалім сақтық шараларын еске түсіріп, әзірліктің толық екеніне көзі жеткен соң өз бетінше тәжірибелер жасауға рұқсат береді. Жұмыс кезінде оқушылардың алдын ала белгіленген сарамандық біліктері мен дағдыларын қадағалап, әр білікке “+” дұрыс, “-“ дұрыс емес, “0” – білмейді деген белгі қояды.

Оқушылар сарамандық жұмыстың есебін арнайы дәптерге жазып, кабинетте қалдырады, оны мынадай үлгіде жасауға болады:

Жұмыстың тақырыбы

Тәрбиенің аты

Тәжірибенің

орындалу реті

Құралдың суреті,

бақылау

Қорытынды және

Реакция теңдеулері

Мұғалім оқушылардың жұмыстарын келесі сабаққа дейін тексеріп бағалайды, жалпы қорытынды жасайды.

Іздестіру және зерттеудің жалпы әдістері. Іздестіру әдістері мәселе қою, жорамал ұсыну оны тексеру және қорытынды жасаудағы оқушылар белсенділігінің артуымен сипатталады. Оған мәселені баяндау, эвристикалық әңгімелесу, көрнекі құралдарды өздігінен істейтін тәжірибе жұмыстары, кітаппен жұмыс, т.б жатады.

Бұларға сөз әдістерін қарастырғанда мысалдар келтіреді, бірақ оларға қарағанда іздестіру әдістері кезіндегі оқушылардың белсенділігі, қойылған мәселені шешудегі ақыл, ой және қимыл дербестігі артық болады.

Іздестіру әдісінде оқушыларды тапқырлыққа және логикалық тәсілдерді проблемалық бірлікте шешуге үйрету, оқу материалын мұғалімнің проблемалық баяндау идеясы байқалады.

Тәжірибемен ұштастырылған эвристикалық әңгімелесудің нақтылы мысалы ретінде мына тәжірибелерді талқыла әдісін келтіруге болады: 1. Калий иодидінің ерітіндісіне крахмал желімтіктерін құю, өзгеріс байқалмайды; 2. Хлор суына крахмал желімтіктерін құю, ештеңе байқалмайды; 3. Калий иодидінің ерітіндісіне алдымен хлор суын, содан соң крахмал желімтіктерін құю, көк түс пайда болады.

Зерттеу әдісінде қойылған мәселені шешкенде оқушылардың дәйектілігі арта түседі. Үлестірлік берілетін материалдармен жұмысты, химиялық тәжірибелерді өздігінен орындайды, құралдар құрастырады, модельдер жасайды; графикалық жұмыстар және т.б. орындайды. Оқушылар әр зерттеудің жоспарын жасап, соған сәйкес іс әрекеттерді жүзеге асырады. Ол үшін ғылыми, оқу және анықтама әдебиеттермен байсалды жұмыс істейді.

Жалпы айтқанда бұл әдісте мұғалімнің көмегінсіз шешілетін проблемалық міндеттер мен тапсырмалар басым болады. Сондай-ақ оқушылардың әртүрлі дәрежедегі оқу-танымдық қызметін қалыптастыратын бағдарламаланған тапсырмаларды орындау тапсырылды.

Жаңа технология әдістері. Қзіргі таңда жалпы мұғалімдердің алдында тұрған негізгі міндет – ұлттық минталитеті жоғары, сана-сезімі дамыған, өзіндік көзқарасы бар жеке тұлғаны қалыптастыру. Осы бағытта жоғары мектепте берілетін ғылымның теориялық және әдістемелік негіздерінің, яғни сабақ түрлері мен оның сапасын арттыру жөнінде түрлі жұмыстар жүргізілуде. Соның негізінде жалпы жаратылыстану пәндерінің ішінде химия ғылымы жоғары мектептегі оқылатын негізгі пән болып табылады.

Технология – грекше “шеберлік” деген ұғымды білдіреді. Осыған сәйкес педагогикалық технологияға әдіскер ғылымдар мынадай анықтамалар берген: “Педагогикалық технология – оқытудың арнайы формаларын, әдістері мен тәсілдерін айқындайтын педагогика-психологикалық нұсқаулардың жиынтығы, педагогикалық процесті ұйымдастырудың әдістемелік аспабы”.

Жоғарыдағы анықтамаларға сүйенсек, жаңа технология дегеніміз педагогикалық шеберлікті жетілдірудің жолдары деген түйінге тоқтауымызға болады. Жалпы оқыту технологиясы білім берудің тиімді жолдарын зерттейтін ғылым ретінде танылады.

Сабақ түсіндіру процесінде белгілі бір технологияны қолдану арқылы мұғалім жоғары нәтижеге жетуді көздейді.

Жаңа технологияның басты қағидаларының бірі дидактикалық ұстаным ретінде қарастырылатын жүйелілік болып саналады. Кез-келген ғылымның өзі, ең алдымен білімдер жүйесін құрайтындықтан, ғылымды тек жүйелі оқу нәтижесінде ғана меңгеруге болады. Сондықтан, қазіргі білім беру саласы бойынша сабақ берудің жаңа технологияларын қлданбайынша, жан-жақты шығармашылық жоғары деңгейдегі студент, болашақ мұғалім маманына қиынға соғады.

Жаңа технология мыныдай негізгі үш бағытта тұрады:

  • жеке тұлғаның ерекшеліктерін ескерту;

  • онын адамзат және өркениет мәдениетіне деген қызығушылықтарын ескерту;

  • оны тәрбие процесінің басты объектіс ретінде алып қарау.

Осындай жаңа технология бағыттарын қолдану, оқып үйрену, меңгеру және өмірге енгізу сабақты дамыту кезеңдері арқылы жүзеге асады. Сондай-ақ, жаңа технологияны меңгеру негізінде студенттің кәсіби және рухани-адамгершілік қабілеті, өз бетімен білім алудағы белсенділігі артады. Осыған сәйкес, қазіргі уақытта оқыту өрдісін ұйымдастыру және білімді бағалау мен бақылаудың жаңа түрлері қарастырылған.

Жаңа оқыту жүйесін пайдалана отырып, химия пәнін оқытуды тағы да мынадай бағыттарда жүргізуге болады:

- химия біріктірілген жүйе бойынша, яғни белгілік-таңбалық көрнекіліктер түрлері;

  • ұжымды оқыту жүйесі;

  • модулды оқыту жүйесі (блоктап оқытудың жетілдірген түрі);

  • шоғырланып, қарқынды оқыту жүйесі;

  • сабаққа жергілікті жер материалдарын пайдаланып оқыту;

  • сабақты компьютерлеу және ақпараттандыру ;

  • химия сабағын экологияландыру;

  • химия сабағының эксперименттік бөлігін көбейту;

  • педагогикалық эксперимент жүргізуге баулу.

Жаңа технология бойынша оқытудың жоғарыдағыдай жүйесі бойынша оқытудың жоғарыдағыдай бағыттары тұрғысынан химия пәнін әдістемелеудің, яғни оның сапасын жақсартудың жаңа міндеттері қолға алынуда. Мұндай міндеттерді химия курсының мазмұнын, оқыту әдістері мен құралдарын қайта қарап, жаңарту арқылы шешуге болады.

Біздің байқауымызша, химия пәнін оқытудың тәжірибесін оқу материалын ұсақ тақырыптарға бөлмей, біріктірілген жүйе бойынша оқыту және онда белгілік-таңбалық көрнекіліктердің түрлері “тірек сигналдары”, “тірек конспектілері”, “тірек белгілнрі” және “тірек таңбалары” деп жіктелетін оқу құралдарын қолдануымызға болады.

Заман талабына сай жеке тұлғаны қалыптастыруда, ғылыми білім, іскерлік, дағды жүйесі болып оқу мазмұнын, студенттің ойлау қабілетін, шығармашылығын дамыта аламыз. Суденттердің мектептен алған білімін еске түсіру арқылы игерілген матермалға диаграмма, ассоциация сызба нұсқасын құрастырып, жаңа сабақты өз бетінше игеруге ықпал жасадық. Бұл сабақты топтастыру әдісін қолдана отырып, жоспарды студенттердің өз бетінше құруына мүмкіндік берілді. Студенттердің танымдық іздемпаздылығын және пәнге деген қызығушылығын қауіпсіздікті ескере отырып, көрнекі көрсетілетін тәжірибелерді өздері жасауға басшылық жасадық. Жалпы бұл сабақтың ерешелігі тақырыптың мазмұны, ондағы белгілер түгелімен сызба арқылы өрнектеліп беріледі. Ең алдымен тақтаға ТС (тірек сызба) кестесі ілінеді, ондағы әрбір белгілер логикалық түсіндірме түрінде, яғни оны студенттер дәптерге көшіргенде екінші қайта түсіндірме беріледі. Одан әрі жаттығу сабағында студенттер тірек -сызба бойынша химиялық тілмен сөйлеуге, әңгіме құрастыруға тырысады.

Сабақтың тақырыбы: “Хлор және оның қосылыстары”.

Сабақтың білімділік мақсаты: хлорды және тұз қышқылын зерттханалық жолмен алу және оның физикалық, химиялық қасиеттері, тұздары, қолданылуы туралы жаңа білім беру.

Тәрбиелік: студенттерді ұқыптылыққа, ізденімпаздыққа, қоршаған ортаны қорғауға, қышқылдар мен тұздарды тиімді, исарапсыз пайдалануға тәрбиелеу.

Дамытушылық: студенттерге жаңа тақырыпқа сәйкес игерілетін материалды ойлауға мүмкіндік ж отырып, ой-өрісін, ғылыми түсініктерін қалыптастыру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ (зертханалық және семинар).

Құрал-жабдықтар: хлорды алуға жиналған құрал, 200, 500 милилиртлік химиялық стакан, аккумулятор, бөлгіш воронка, тазартқыш ыдыстар, сынауықтар, бес банка, темір қысқашы, кристаллизатор, Вюрц колбасы, калий перманганаты, марганец (ІV) оксиді, концентрлі НСІ және Н24, мыс сымы, темір (ұнтағы), сурьма (ұнтағы), қызыл фосфор, скипидар (С10Н16), мырыш (түйірі), кальций оксиді, кальций карбонаты, ерітінділер; NаОН, КОН, АgNО3, индиго, фуңксин, сия, күкүрт сутегі, хромсульфаты, лакмус. Сонымен бірге, диаграмма, қолдан жасалынған тірек -сызбалар, кесте сигналды белгілер, әр түрлі үлестірме және перфокарталар қолданылады.

Әдісі: сұрақ-жауап топпен жұмыс.

Сабақ барысы: оқушылардың ойлау қабілетін дамыту үшін жаңа материал тақырыбы тақтаға жазылып, төменгі кестені толтыру тапсырылды.

1-кесте Жаңа сабақты түсіндіруге арналған технологиялық карта

Нені білу керек?

Не білдіңдер?

Стратегия

1

Хлор элементіне, жай затына тұз қышқылы мен хлорсутекке бөлек-бөлек сипаттама беру. Онымен жұмыс істеудегі сақтық шаралары.

1.Физикалық қасиеті

2.Химиялық қасиеті

3.Тұз қышқылы мен

4.Хлорсутектің айырмашылығы

5.Ұқсастығы

6.Ортақ қасиеті

Ой-қозғау диаграмма. Химиялық тәжірибелерді орындауы. Аспаптар құрастыру.

2

Хлорсутекті алу, суда еріту және тұз қышқылының тұздарын басқа тұздардан ажыата білу.

1.Алынуы

2.Физикалық қысиеті

3.Тұз қышқылының тұздары

4.Химиялық қасиеті

5.Қолдануы

Ассоциаци сызбасы Топтастыру

3

Кен орындары. Тұз түзілу процесі, экологиялық ахауы, мақал-мәтелдер.

Қазақстандағы үлкен кен орындары: Аралсульфат, Батыс Қазақстанда Индер ауданы, Павлодарда Жамантұз, Көкшетауда т.б. Халықтық педагогика элемент

Пән аралық және пән ішіндік байланыс

4

Жаңа сабақты бекіту.

“Қайыс дұрыс жауап” тесті бойынша жұмыс.

Пәнге қызықтыру

5

Дидактикалық тапсырмаларды орындау; шағын тест, түрлі перфокарталар үлестірме жұмыс.

1.Қышқылдар

2.Оксидтер

3.Тұздар

4.Сан және сапалық есептер

Ой-қозғау

6

Үйге тапсырма

Хлор және оның қосылыстары. Өздігінен орындайтын тапсырмалар.

Үлестірме материалдарымен жұмыс

7

Қорытынды

Бүгінгі сабақтағы көңіл бөлетін түйінді мәселелер

8

Бағалау кезеңі

Баға өте күшті ынталандыратын құрал

Бес балдық жүйе бойынша бағалау

Жаңа сабақты түсіндіру барысында тірек-сызба конспекті 3 блоктан тұрады.

№1 блок. Хлор элементі және оған сипаттама.

Ar=?

M=?

Табиғатта таралуы. NaCl түрінде хлор мұхит, теңіз, көл суларында таралған. Бос күйінде кездеспейді, себебі өте активті элемент

NA=?

V=? Атом Э

a=?

ЭТ=3

Кездесетін қосылыстар (NaCl, KCl, CaCl2, MgCl2, KClO3, HCl)

J=12,97 ЭВ

I=,099 Н

Т-С-М

№1 блокта, хлор таңбасының мәні мен мағынасы атом молекулалық ілім тұрғысынан түсіндіріледі. Мұнда химиялық элемент хлор екенін біледі және осы символмен оның атомын да белгілеп, салыстырмалы атомдық массасы, абсолюттік атомдық массалары есептеледі. Ары қарай атомының 1 молі М = 35,5 м/моль екені түсіндіріліп, мольдік массасы көрсетіледі. «Бос» деген сөзді сызып қою арқылы бос күйінде таралмайтындығын көрсетеміз. « Қосылыстары » деген жерге құрамында хлор атомы болатын көп кездесетін қосылыстары жазылады.

№2 блок. Периодтық жүйедегі орны.

VII топ, III период

Cl + 17 )2 )8 )7

1S2 2S2 2P6 3S2 3P5

1S2 2S2 2P6 3S2 3P5

↑↓ ↑↓ ↑↓ ↓↑ ↑↓ ↑↓ ↑↓ ↑↓ ↑

17 Р1, 18n0, 17 е-

ядро

СІ

СІ0, СІ+1, СІ+3, СІ+5, СІ+7

СІ2, НСІО, НСІО2,КСІО3, СІ2О7,

НСІ әрі тотықтырғыш , НСІО4 NаСІ тотықсыздандырғыш әрі тотықтырғыш, КСІО4 тотықтырғыш

3 блок. Хлор молекуласы, оған сипаттама

Молекула

Mr = 71

M = 71г/моль

Vm = 22.4 л/моль

V = 1моль

NA= 6.02*1023

молекула

Жай зат физ. қасиеті

Г

А И

З

СІ2

Хим. бай. типі

СІ СІ СІ

Мет + СІ2 Ме СІn-1

Беймет + беймет СІn+1

Күрделі зат + НСІО + НСІ

№2 блок студенттер хлордың периодтық жүйедегі орны бойынша атом құрылысын, оның мүмкін болатын тотығу жәрежелерін, сәйкес қосылыстарын тауып жазады. Сол сияқы, хлор атомының VI топта, III периодта орналасқаны көрсетіледі. Атомының құрылысы бойынша: ядро заряды +17-ге тең екендігі көрсетіліп, оның хлор атомының периодтық жүйедегі орнының реттік нөміріне тең екені айтылады, ІІІ периодта орналасқандықтан оның 3 электрон қабаты бар, сонымен қатар хлор атомының графикалық формуласы, электрондарының ұяшықтарға орналасуы жазылады.

Тотығу дәрежелері деген жерге хлордың барлық тотығу дәрежелері, сәйкес қосылыстары салыстыра жазылып, тотықтырғыш, тотықсыздандырғыш екені көрсерілу керек.

№3 блокта хлорды жай зат түрінде сипаттайды. Хлор молекулалардан тұрады; салыстырмалы молекулалық массасы (Mr), мольдік массасы (М), мольдік көлемі (V), химиялық байланысының түзілуін және типін анықтайды. Содан соң, жай зат ретінде қасиеті жазылады, бұдан тірек хабарлары пайдаланып, «Г» деген жазу хлор молекуласының газ түрінде, «Т» - түсі, «И» -иісі, «Д» -дәмі жайында мәліметтер береін ескереді.

Осылайша, сабақтың екінші бөлімінде хлордың улы екені ескеріліп, онымен жасалатын барлық тәжірибелерді тартпа шкафта жасайды.

  1. Хлордың алынуы.

  2. хлордың бейметалдармен әрекеттесуі.

  3. хлордың металдармен әрекеттесуі

  4. хлордың сумен әрекеттесуі

  5. хлор сутегіні алу және оның қасиеттері.

Зертханалық жұмыс барысын студенттер жұмыс дәптерлеріне түсіріп, жазады.

Р/С

Жұмыстың барысы

Жұмыстың орындалуы, реакция теңдеуі

Не байқалады?

Қорытынды

а) тұз қышқылы мен хлорсутек қасиеттерін салыстырып, семинар дәптеріне мынадай үлгіде диаграмма құрастырады:

НСІ

Н - СІ

Н : СІ

М.Ф. Қ.Ф. Э.Ф.

Хлорсутек , газ көптеген заттармен әрекеттеседі. Өткір иісті, түссіз газ 840 С –та қатады. Суда жақсы ериді – 1 : 450 (көлем)

НСІ сутек пен хлор атомынан тұрады

НСІ қышқыл

активті сұйық, иіссіз зат

б) тұз қышқылы туралы қандай мәселелерге көңіл бөлу керек?!

Алынуы:

  1. Н2 + СІ2 → 2НСІ+ 44 КДж/моль.

  2. NaCI + H2SO4 = NaHSO4 + HCI↑

  3. RH + CI2 = RCI + HCI

Қолданылуы:

Хлоридтер, хлораттар алуға мата өндірісінде ағартқыш ретінде, пиротехникада, медицинада т.б, халық шаруашылығында, гидрометаллургияда, химия өнеркәсібінде т.б.

Физикалық қасиеті: иісі жоқ сарғыш түсті сұйық зат.

НСІ

Химиялық қасиеті: металдар.

Металдар МеО.

Негіздер.

Тұздар.

Сабақ соңында 1-2 минут қалғанда студенттерге «қайсы дұрыс» тесті бойынша бес сұрақ оқылып, бірден жауабы тексеріледі.

1. СІ2 молекуласының салыстырмалы молекулалық массасы:

а) 71; ә) 74; б) 73; в) 75.

2. Ауада түтіндеп, газ бөлінетін қышқыл:

а) H2SO4 ; ә) Н2СО3 ; б) Н3РО4 ; в) НСІ (конц).

3. 1 моль газдың (қ.ж) алатын көлемі (л/моль);

4. Тұз қышқылында хлордың тотығу дәрежесі қандай:

а) -1; ә) -2; б) -3; в) о?

5. Қандай плазмасындағы тұз мөлшері (℅):

а) 0,1℅ ; ә) 0,2℅ ; б) 0,9 ℅ ; в) 0,75℅

Осындай тірек сызба арқылы тұз қышқылының физикалық, химиялық қасиеттері және алынуы мен қолданылуы туралы жаңа білім берілгеннен кейін тұз қышқылының тұздарына тоқталамыз.

Олар: NaCl, KCl, MgCl, CaCl2 т.б. Осылардың ішінде күнделікті тұрмыста пайдаланылып жүрген – ас тұзы.

Кен орындары – Батыс Қазақстанда – Индер ауданы, Павлодарда – Жамантұз, Арал маңында – Жақсы қылыш, Көкшетауда – Жақсытұз – 73 км2 .

Арал өңіріндегі тұз қоры – 39 млн.т. Бұл Қазақстандағы тұз өндірісінің 70 пайызын құрайды. Оны ең алғаш зерттеген орыс көпесі И.Асхатов болды. 1913 жылы «Сольтрес», 1933 жылы «Аралсульфат» кәсіпорындары құрылды. Адам тәулігіне 15 г тұз қабылдауы қажет. Тұз ағзада зат алмасу үрдісіне қатысып, физиологиялық ерітіндіге айналады. Қан плазмасында – 0,9 ℅ ас тұзы болады. Қарын сөлінің қышқылдылығы азайған жағдайда тұз қышқылының ерітіндісі қолданылады.

Адам бір апта тұзсыз тағам пайдаланса, ісіп-кеуіп, ауруға ұшырайды. Егер тұз қышқылы сөл құрамында артып кетсе, адам асқазаны ауруға шалдығады. Тұздың йодталуы қалқанша безінің жұмыс істеуін жақсартады. Егер йодталмаған тұз пайдаланса, йод жетіспеуінен микседема, бақшаңкөз ауруына ұшырайды. Ас тұзы Na+ +CI иодтарына ыдырап, жасуша аралық осмостық қысымды реттейді. Еру үрдісіне қатысады. Тұз қышқылы және оның тұздары туралы осындай бірнеше қосымша мәлімет келтіреді. Әрі қарай жаңа сабақты бекіту дидактикалық тапсырмалар, үлестірмелер, тест арқылы жүргізілді. Мұндағы мақсатымыз – оқытудың мотивациясын арттыру (күрделігіне сәйкес оқу материалын реттеу мүмкіндігі; болжау, талдау, жұмыс нәтижесіне жету, шығармашылыққа ұмтылу, ізденуді қажетсіну т.б).

Мына таңбалар нені білдіреді?

СІ

Студент саны

СІ2

Студент саны

НСІ

Студент саны

NaCl

Студент саны

HClO

Студент саны

KClO3

Студент саны

1.Элемент

2.Хлор атомы

3.Моль

4.Аталуы

14

15

12

10

1.Хлор молек.

2.Жай зат

3.Хим. байланыс

4.Тотығу дәрежесі

5.Салыс. молек.масс

6.Хим. қасиеті

а) металл

б)металл емес

в)күрделі зат

7.Аталуы

15

12

15

14

15

13

14

9

3

15

1.Тотықсы-н атом

2.Хим. байланыс

3.Тотығу дәрежесі

4.Хим. қасиеті

а) алмасу

б)тотығу-тотықсыздану реакциясы

5.Аталуы

6.Күрделі зат

0

13

11

9

12

10

11

14

12

10

1.Тотық-

сыз атом

2.Химия-

лық байланыс

3.Тотығу дәрежесі

4.Аталуы

5.Хим. қасиеті

6.Күрделі зат

0

13

14

15

11

4

1.Тотығу дәрежесі

2.Күрделі зат

3.Аталуы

4.Хим. қасиеті

5.Тоты-ш

12

3

11

4

8

1.Тотығу дәрежесі.

2.Күрделі зат.

3.Аталуы

4.Хим. қасие

ті

5.Тот-ш

11

3

14

0

10

11

Бұл кестеден студенттер хлор таңбаларының мәні мен мағынасын, олардың әрқайсысы түсетін реакциларға мысал келтіріп, оны электрондық теория тұрғысынан жазған. Бұдан біз топтағы студенттердің барлығының білім дәрежесін бір мезгілде анықтай алдық

Студенттер өздері лекция материалдары мен қосымша әдебиеттердегі мәтінді оқып отырып, тірек-белгілерді пайдаланып, тірек-схема конспектілерді құрастырады. Олар тірек-схема конспектіде барлық химиялық түсініктердің арасындағы логикалық байланысты көреді. Мысалы, хлор атомының сыртқы қабатында (7е) жеті электрон болатындықтан, ол тотықтырғыш, ал СІ ионының сыртқы қабатында (8е) сегіз электрон, сондықтан ол тотықсыздандырғыш қасиет көрсететінін біледі. Сондай-ақ, элементтің периодтық жүйедегі орны мен оның құрылысының арасындағы сәйкестікті көріп, білімдерін толықтырып, бекітеді.

Химия сабақтарында жоғары мектепте негізінен теориялық материалдарды меңгертуге, оның химиялық мазмұнын бекітуге арналған жаттығулар мен есептер шығарады. Ал, оқушылардың химиялық тілін дамытуға символдар арқылы бейнелейтін заттарды таныстырып, олардың айналымдарын жүзеге асыруға жаттығулар аз орындалады.

Дамыта оқытудың талабы бойынша студенттер теориялық ұғымға берілген міндетті есептеп басқа, қиындатылған, стандарттан тыс, есептерді де шығара білу керек. Ол үшін деңгейлеп оқыту әдістемесін қолданған тиімді. Оның мәні – жан-жақты дамыған, белсенділік, ойлау әрекеттері қалыптасқан, шығармашылықпен жұмыс істецй алатын студентті қалыптастыру.

Қорыта келе студенттердің кітаппен жұмыс жасауы, сол арқылы тірек-белгі схемасын құрастыру, сабақты бір сарында өткізбеу, түрлендіру, олардың ойлау қабілетін дамыту, пәнге деген ынтасын жоғарлату арқылы өткізілген тиімді. Осындай тірек-схема конспект құру арқылы, студенттер білімін толықтыруға, жетілдіруге болады.

Дәріс №5