Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК ХОМ.docx
Скачиваний:
183
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
367.18 Кб
Скачать

Химияны оқытудың мақсаттары мен міндеттері Жоспар:

  1. Орта мектептерде химияны оқытудың мақсаттары мен міндеттері.

  2. Химияны оқыту әдістемесінің міндеттері.

  3. Оқушыларда ғылыми көзқарас қалыптастыру.

  4. Химияны оқыту барысында оқушылардың ақыл-ойын дамыту.

Орта мектептерде химияны оқытудың мақсаттары. Жеке оқу пәндерінің мақсаты қоғамның мектеп алдына қойған әлеуметтік талабы бойынша анықталады. Ол мақсат-әр жақты жетілген, өз ісіне сенімі күшті, қоғамдағы түбірлі өзгерістерді жүзеге асыруға қабілетті кісіні тәрбиелеу. Бұл мақсатқа жету үшін мектеп жас өспірімдері табиғат, қоғам және адам және оның еңбегі туралы білім жүйесімен қаруландырады, ақыл-ой адамгершілік, эстетикалық, дене тәрбиесін береді, ғылыми және ізгілік көзқарастарының, қабілеттерінің барынша дамуына қажетті жағдайлар жасайды. Мектеп жасөспірімінің бойына азаматтық борыш, елі мен жері үшін жауапкершілік қасиеттерді сіңіреді, шығармашылық пен еңбек етуге, өзін-өзі басқаруға әзірлейді.

Осы жалпы мақсатқа сәйкес әр пәннің алдына ғылым негіздерінен білім беру, тәрбиелеудегі жинақты тәсілді жүзеге асыру, оқушыларды әр жақты дамыту мақсаттарыда қойылады. Химия пәні де оқушыларға табиғат туралы және технологиялық білім беру, олардың бақылау, қабылдау, түсіну және ойлау қабілетін дамыту мақсаттарын көздейді.

Бұл мақсаттар химияны оқыту барысында одан әрі салаланып жүзеге асады, олар;

1. Химия ғылымының негізін оқушыларға игерту арқылы үздіксіз білім алуға, сарамандық істерге араласуға әзірлеу, политехникалық дайындық беру;

2. Химия зертханасында, өндірісте, табиғатта және күнделікті өмірде байқалатын сапалық өзгерістерді бақылауға және түсіндіре білуге үйрету;

3. Химиядан алған білімді басқа пәндерден алған біліммен байланыстырып табиғат туралы ғылыми материалистік көзқарас қалыптастыру;

4. Заттармен, құралдармен, көрнекі құралдармен жұмыс істей білудің біліктері мен дағдыларын игерту;

5. Білім, білік және дағдыны оқу барысында, өмірде қоғамға пайдалы еңбекте қолдана білуге үйрету;

6. Оқушыларды білім мен білік алу инициативасына, дербестікке және табандылыққа тәрбиелеу;

7. Оқушылардың химияға құштарлығын және қабілеттілігін дамыту, кәсіптік бағдар беру.

Химия пәнінің мақсаттары әр сыныптың химия курсында, олардың жеке тақырыптарында, тақырыптар бойынша өткізілетін сабақтарда нақтыланады.

Химияны оқытудың әдістемесінің міндеттері. Оқытудың мақсаты дегеніміз–жорамал нәтижесі, ол оқытудың міндеттері арқылы жүзеге асады. Орта мектепте химиядан берілетін білімнің мазмұны химия ғылымының даму дәрежесін ескеріп, дидактикалық талаптарға сай таңдап алынады және химия ғылымының негізі деп аталады. Химияның негізі үш салалы білімнен тұрады. Олар: заттар туралы ілім; химиялық теориялар мен заңдар жөніндегі білі; химиялық өндіріс туралы білім.

Химиядан орта білім берудің бірінші міндеті–химияның жаратылыстану ғылымдарының арасындағы алатын орнын көрсету (2-сызбанұсқаны қараңыз).

2 – сызбанұсқа. Заттар және олардың кездесу түрлері

Әр түрлі күрделілену сатысындағы заттарды, олардан түзілетін табиғи және жасанды денелерді жаратылыстану ғылымы зерттейді. Химия солардың бірі ретінде заттардың бір-біріне айналу өзгерістерін атом-молекулалық деңгейде қарастырады, өзінің зерттеу зерзаты жағынан физика мен биологияның арасында орналасады. Бұлармен физикалық химия, ядролық химия, геохимия, биохимия, т.б. ғылымының жүйесін түзеді.

Химиядан орта білім берудің екінші міндеті – пәнаралық байланысты жүзеге асыру. Химия заттардың химиялық қасиеттерін зерттеу және түсіну саласында физиканың әдістері мен теориялық көзқарастарын пайдаланады. Жер туралы ғылымдар (геология, минерология және т.б.) минералдар мен тау жыныстарының өзгерістерін олардың құрамына кіретін заттар деңгейінде қарастырып, түсіндіруге тырысады. Организмдердегі тіршілік әрекеттерінің мәнін физика мен химияның заңдылықтарына сүйене отырып молекулалық биология зерттейді. Бұл ғылымдар арасындағы байланыстар алуан түрлі, яғни аитылғандармен ғана шектелмейді. Химияны оқыту барысында келтірілген сызбанұсқаға сәйкес осы ғылымдар арасындағы өзара байланыстың мәнін ашып көрсету керек.

Химиялық орта білім берудің үшінші міндеті – табиғаттың тұтастығы, онда жүзеге асасатын құбылыстардың бір-бірімен байланыстылығы, шарттылығы жөніндегі ғылыми көзқарас қалыптастыру. Өлі табиғатты құрайтын минералдар мен тау жыныстары, тірі табиғатты құрайтын организмдердің денесі заттардан тұрады. Заттардың өзі жүзге жуық химиялық элементтердің атомдарынан, ал атомдар санаулы ғана қарапайым бөлшектерден тұрады.

Химиядан орта білім берудің төртінші міндеті – орта мектептегі химияның негізіне кіретін заттар туралы оқу материялын іріктеу. Қазір үш милоннан астам заттар белгілі, олардың саны үздіксіз артуда. Осы миллондаған заттардың ішінен қайсысын және қандай дәрежеде өту қажеттігін шешу – аса жауапты міндеттердің бірі. Заттар туралы білім ұғымдардан тұрады, олардың негізгілері – химиялық элемент, химиялық реакция, химиялық өндіріс.

Химиядан орта білім берудің бесінші міндеті-химия курсын құрайтын ұғымдар жүйесін, әр жүйеге кіретін жеке ұғымдарды анықтау, олардың оқылу ретін белгілеу.

Заттар мен ұғымдар теориялық көзқарастар тұрғысынан іріктеп алынады. Олардың бірі теорияны өтуге әзірлеу үшін, екіншісі – бекіту үшін, үшіншісі теорияның негізінде оқып үйрену үшін қажет. Мәселен, заттардың қасиеттерін, оның атом–молекулалық құрылысын, сондай-ақ элементтердің қасиеттерін түсіну үшін атом құрылысын, периодтық заң мен периодтық жүйені білуі керек.

Химиядан орта білім берудің алтыншы міндеті – орта мектепте оқылатын теориялардың мазмұнын, деңгейін және орнын негіздеу. Теориялық білім деректі материялдарды сұрыптау, түсіндіру және болжау, ұғымдарды анықтау міндеттерін атқарады.

Химиядан орта білім берудің жетінші міндеті – орта мектептегі химия ғылымының негізіне кіретін өндірістік материялдарды анықтау арқылы оқушылардың политехникалық әзірлігін арттыру. Бұл негізді жүзеге асыру үшін химия өндірістерімен және олардың ғылыми негіздерімен таныстыру, технологиялық негізгі ұғымдарды қалыптастыру, қалаулы қасиеттері бар өнімдерді, бағалы синтетикалық материялдарды өндірудегі, қалдықсыз технология жасаудағы химияның мәнін көрсету, химиямен байланысты мамандықтарға кәсіптік бағдар жасап, еңбек тәрбиесін жүзеге асыру керек.

Химиядан орта білім берудің сегізінші міндеті – табиғатты аялай білуге баулу; химияны және химия өнеркәсібін өркендетуге байланысты ауаның, судың және топырақтың ластануын болдырмау; минералды тыңайтқыштарды, өсімдіктерді қорғайтын заттарды пайдаланудың тиімді және тиімсіз жақтарын білу; соңғы кезге дейін химияны тек қана мадақтайтын сыңаржақтылықты қойып, оның табиғатқа, организмдерге және адам денсаулығына тигізетін қолайсыз әсері жөнінде екі жақты ақиқат пікір тудыру.

Химиядан орта білім берудің тоғызыншы міндеті – оқушылардың таным әрекетін жандандыру, білім мен білік алудағы белсенділігін арттыру.

Химиядан орта білім берудің оныншы міндеттері – оқушыларға химияның ғылыми тілін жетік меңгерту; химиялық әдебиеттермен жұмыс істей білудің біліктері мен дағдыларын қалыптастыру; сөйлей білуге, өз ойын анық, дәл, жүйелі және дәлелді жеткізе білуге үйрету; химияның өзіне ғана тән тілдік құралдарын, химиялық символиканы, наменклатурасын және терминалогиясын жетік білдіру; олардың мағынасы мен құрылысын нақтылы түсініп, қолдана білуге үйрету.

Оқушыларда ғылыми көзқарас қалыптастыру. Химияның жаратылыстану пәндерінің бірі ретіндегі міндеті оқушыларда қоғам, табиғат және олардағы адамның орны туралы ғылыми көзқарас қалыптастыру екені айтылды. Жеке адамның ғылыми көзқарасының құрам бөліктеріне жататындар: жалпы түрдегі білім мен біліктер жүйесі, оны обчективті дүниені түсіне білуге пайдалануы, ғылыми білімнің ақиқаттығына және қолдау тиімділігіне шүбәсіз сенуі, асқақ мұраты мен негіздерінің болуы және іс жүзіне асыра білуі.

Ғылыми көзқарас жеке пәндерден алған білімнің қорытылуынан туады. Дүниеге көзқарас тудыратын білімді қорытындылаудың үш деңгейі бар Олар философиялық деңгей, жаратылыстану ғылымының деңгейі және жеке ғылымдық деңгей. Осы деңгейлерге сәйкес дүниенің философиялық, жалпы ғылымдық және жеке ғылымдық бейнелері қалыптасады.

Химия материяның нақтылы бір түрі–заттарды және материя қозғалысының химиялық формасы–заттардың сапалық өзгерісін зерттейтін ғылым. Химияны үйренгенде заттар мен құбылыстар туралы білімді жалпылап қорыту арқылы оқушыларда табиғаттың химиялық белгісі қалыптасады.Химиядан алған нақтылы білімді басқа жаратылыстану ғылымдарынан берілген біліммен ұштастыру нәтижесінде табиғаттың жалпы ғылыми бейнесі пайда болады. Дәлірек айтқанда табиғаттың химиялық бейнесі дегеніміз – химиялық жалпы білімнің қоғамдық пәндерден алған біліммен бірігуі, біртұтас ой-пікірге, сенімге айналуы.

Ғылыми білімді сатылап қорытындылаудың нәтижесінде оқушыларда. Ғылыми көзқарас йдеяларының мынадай жүйесі қалыптасуы тиіс; дүниенің материялығы және бірлігі, материяның шексіздігі және мәңгілігі, құбылыстардың өзара шарттастығы, қозғалыс материяның тіршілік тәсілі екені, материя қозғалыстары түрлерінің байланыстылығы; таным – объективті дүниенің адам санасында бейнеленуі екені; дүниені танып білуге болатыны; танымның шексіздігі.

Оқушылардың жас ерекшеліктеріне, өтілетін материялдың мазмұны мен теориялық деңгейіне, пән аралық байланыстың күрделенуіне қарай дүниетанымның қалыптасуы бірнеше кезеңде жүзеге асады.

Бірінші кезеңде, бейорганикалық химия курсын өткенде, заттар мен химиялық реакциялар мен байланысты жеке көзқарастар химиялық ұғымдар деңгейінде, химиялық терминдер арқылы қалыптасады. Заттардың қасиеттері сезім мүшелері арқылы қалыптасады. Заттардың қасиеттері сезім мүшелері арқылы бөлінеді және құрамы мен құрылысына тәуелді болады. Заттар үздіксіз өзгеріске ұшырайды, біркақ ізсіз жойылмайды, бір зат екінші затқа айналады. Бұл айналулар кезінде затты құрайтын бөлшектер–молекулалар бұзылады, ал атомдар сақталады. Физикадан алған біліміне сүйеніп, атомдардың күрделі бөлшек екні, құрылысындағы қайшылықтар туралы пікір туындайды. Заттармен химиялық реакциялардың жіктелуін, олардың арасындағы генетикалық және себеп-салдар байланыстарын өткенде қарамақарсылық жеке мен жалпының шарттастығы, санның сапаға ауысуы туралы көзқарас орнығады.

Д.И.Менделеев ашқан периодтық заң мен периодық жүйені қарастырғанда химиялық элементтердің барлық көрсеткіштерінің жүйедегі орнымен сипатталатыны, бір–біріне айналатыны және жойылмайтыны туралы түсінік қалыптасады. Периодтылық табиғаттың ақиқат заңдарының бірі екеніне, оның ашылмаған элементтерді болжауға мүмкіндік бергеніне және олардың расталғанына оқушылардың көзі жетеді. Бұдан соң химиялық элементтердің топтарын, топшаларын, жеке элементтерді және олардың қосылыстарын өткенде өтілген заттар мен теорияларды басшылыққа алып, заттардың қасиеттерін, реакция нәтижелерін болжай білуге үйренеді.

Екінші кезең – органикалық химияны өтуге байланысты. Бұл кезеңде оқушылар заттардың сан алуандылығы, олардың электрондық және кеңістіктегі құрылысына тәуелді екені, органикалық заттардың түзілуі, реакциялары, қасиеттерінің жалпы заңдылықтарға бағынатыны, ешқандай «тіршілік күшінің» витализм жоқ екені жөнінде түсінік алады. Өлі табиғат пен тірі табиғаттың бірлігіне көз жеткізеді, химия мен биологияның пән аралық байланыс нығаяды.

Үшінші кезең орта мектеп үшін қорытынды курс – жалпы химияны өткенде жүзеге асады. Жалпы химия курсында заттардың құрылысы, химиялық реакциялар, металлдар мен бейметаллдар туралы оқушылардың білімі тереңдететіліп, бір жүйеге түсіріледі, қорытылып жалпыланады. Жаратылыстану пәндерінен және қоғамтанудан алған философиялық біліммен ұштастырылады. Химиялық ұғымдар қалыптасқан дүниетаным философиялық ұғымдар дәрежесіне дейін көтеріледі.

Төртінші кезеңде бейорганикалық химиядан, органикалық химиядан және жалпы химиядан алған білімді қорытындылағанда әрбір химиялық ұғым диалектикалық ұғым ретінде қарастырылады. Диалектика табиғат пен қоғам дамуының жалпы заңдарын қарастыратындықтан, химия саласындағы өзгерістер мен даму осы заңдылықтарға бағынатыны нақтылы мысалдармен түсіндіріледі. Затқа материяның нақтылы бір түрі, реакцияға қозғалыстың химиялық формасы деген анықтама беріледі. Зат үздіксіз өзгерістің бір буыны ретінде қарастырылып, оның өткені, қазіргісі және болашағы жөнінде қорытынды жасалады. Заттардың химиялық қасиеттері жүйелілік негізгі тұрғысынан ішкі қайшылықтар және сыртқы жағдайдың әсері борйынша түсіндіріледі. Мәселен, бір элементтің S-2,S0,S+4,S+6 тотығу дәрежелеріндегі атомдардың алғашқысы – тотықсыздандырғыш, соңғысы оған қарама-қарсы тотықтырғыш, ортасындағылары реакция жағдайына қарай әрі тотықтырғыш, әрі тотықсыздандырғыш қасиет көрсетеді. Бұл заңдылық басқа химиялық элементтерде қайталанады.

Ғылым айналамыздағы ақиқат дүниені түсіндіріп қана қоймайды, оны адамның игілігіне сай өзгертіп, өндіруші күшке айналдыруда. Химияның ғылым ретіндегі негізгі міндеті – адамға аса қажетті қасиеттері бар заттар өндіру. Сондықтан химия ауыр индустрияның ең маңызды саласына айналды, оның жетістіктері де аз емес.

Біздің елімізде химия өнеркәсібін жедел өркендетуге әрдайым жете көңіл бөлінуде, бұл саладағы жетістіктер әрқашан оқушыларды мақтаныш сезімге бөлейді. Осыған орай тәрбие беру мақсатында мынадай мәселелерге баса назар аударған жөн: табиғи шикізаттарды іздеу және тиімді пайдалану тәсілдерінің дамуы; химия өнімдерін өндіру қарқынының өсуі; саны мен сапасының артуы; халық шаруашылығының түрлі салаларында қолдану үлесінің молаюы; химияның өзге өндіріс салалларымен ұштастырылуына және табиғаттың табыс көздерін тиімді пайдаланудағы мәні; Қазақстан химия өнеркәсібі мекемелерінің (Ақтөбе хром қосылыстары, Жамбыл күкірт қышқылы және фосфор тыңайтқыштары, Шымкент дәрі-дәрмек жасау, Қостанай жасанды жібек, Қарағанды кокс-химия зауыттары т.б.) салынуы және өркендеуі, негізіне химиялық әрекеттер жататын металлургияның дамуы; бұл өндіріс орындарындағы негізгі мамндықтарды, адамдардың қажырлы еңбегімен қоса, химия өнеркәсібін мысалға алып, ғылыми техникалық прогрестің жаңа табиғаттарымен таныстыру, табиғатты қорғау және экологиялық тәрбие беру шараларын жүзеге асыру, химия ғылымы мен өнеркәсібінің дамуына қомақты үлес қосқан ғалымдардың еңбектерін баяндау арқылы интернациональдық және патриоттық тәрбие беру.

Химияны оқу барысында оқушылардың ақыл-ойын дамыту. Білім және тәрбие берумен бірге химияны оқытудың тағы бір аса маңызды міндеті оқушылардың ақыл-ойын дамыту.

Педогогикалық теориялардың тұрғысынан қарағанда дамыту оқыту деңгейінің және қарқынының көтеріңкі болуына, соларға сәйкес оқушылардың таным әрекетінің белсенділігіне тәуелді болады. Мұның мәнісі – оқушылардың білім алудағы «ең таяу биігі» көрініп тұруы, оған жету жолында бойына біткен қабілеті мен күш жігерін аямай, еңбек істеуі тиіс деген сөз.

Психологиялық жағынан алғанда дамыту білімді игеру мен жаңғырту, таныс және жаңа жағдайда қолдана білу, логикалық ойлануды қалыптастыру болып табылады.

Әдістемелік әдебиеттерде оқушылардың дамуы химиялық білімнің мазмұнына байланысты химиялық эксперимент жасағанда, сан және сапа есептерін шығарғанда және мәселелерді оқу кезінде жүзеге асатыны баяндалған.

Оқушылардың ойлау қабілетін қамтамасыз етуде теориялар мен заңдардың маңызы зор. Ю.В.Ходоковтың еңбегінде (заттардың құрылысы және химиялық құбылыстар туралы негізгі ұғымдарды қалыптастыру барысында) оқушылардың логикалық ойлауын дамытудың мазмұнына мыналар жатқызылады; бақылаған нәрселерін салыстыру арқылы ұқсастығы мен айырмашылығын анықтай білу; нәрсені ой жүзінде жеке бөліктерге жіктеу (анализ), оларды қайтадан біріктіру арқылы (синтез) нәрсенің тұтас күйін және жеке бөліктерінің арасындағы байланысты танып білу, нәрселердің елеулі қасиеттерін елеусіздерінен ажыратып, бөле білу; бақылаулардан және жеке деректерден тиісті қорытынды жасап, дұрыстығын тексере білу; өз ойын анық және жүйелі баяндауға үйрену.

М.В.Зуева бұл ойлау тәсілдерін әдістемелік жағынан жүзеге асырудың мәселелерін нақты мысалдармен талдады.

Оқушылардың ақыл-ой білім мен білікті игеру барысында дамиды. Жеке сыныптар бойынша теориялық және деректі материялдардан, химиялық тілден, химиялық эксперимент жасаудан, сан есептерін шығарудан қалыптасатын білім мен біліктердің тізбегі мемлекеттік бағдарламада көрсетілген.

Оқушылардың ой-өрісі алған білімнің мазмұны мен ауқымынан, іске жарата білуінен айқын көрінеді. Мұның үш деңгейі бар. Бірінші деңгейі – алған білімді еске түсіріп, қайта жаңғырту. Бұл білімді мұқият қабылдап, жадында ұстай білуінен аңғарылады. Екінші деңгейі – алған білімді оның қалыптасуына ұқсас жағдайда қолдана білу. Мұнда білімді қайта жаңғырта отырып, тасымалдау және іске жарату жүзеге асырылады. Үшінші деңгей – алған білімді бұрын кездеспенген жаңа жағдайда қолдана білу. Бұл жаңа жағдайды бұрынғымен жақындастыратын, байланыстарды ашатын ойлау тәсілдерін жүзеге асыруды қажет етеді.

Білім алу мен оны қолдану үрдісінде жүзеге асатын ойлау тәсілдері; салыстыру, анализ, синтез, жіктеу, жүйеге түсіру, себеп-салдар байланысын ашу, қорыту және жалпылау. Бұл бір-бірімен ұштасып жүзеге асырылғанда ақыл-ой әрекетінің негізгі тәсілдері деп аталады. Мәселен, нәрселер мен құбылыстарды салыстырудан қорытынды жасалады. Жалпылау кезінде елеулі белгілері таңдалып, жүйеге түсіріледі, қорытынды жасалып, мысалдармен нақтыланады. Қорытындылауда себеп-салдар байланысы, жіктелуі, жеке бөліктерінің арасыындағы өзара байланысы ашылады.

Оқушылардың ақыл-ой әрекетін қалыптастыру химияның алғашқы сабақтарынан басталып, біртіндеп дамытылады. Ол үшін әр тақырыпқа лайық сұрақтар, жаттығулар мен тапсырмалар әзірленеді. Осы орайда білімді бір жүйеге келтіру және қорытындылау сабақтарының маңызы зор. Бұл сабақтарда ақыл-ой әрекетінің айтылған тәсілдерін қолдану арқылы оқушылар материялды жаңа қырынан көруге үйренеді, жеке бөліктерінің арасындағы өзара байланысын тауып, алған білімді қолдана білуге дағдыланады.

Дәріс №3