Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК ХОМ.docx
Скачиваний:
183
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
367.18 Кб
Скачать

Орта мектепте химияны оқытуда оқу жұмысын ұйымдастыру формалары Жоспар:

  1. Оқу жұмысын ұйымдастыру формаларының негізгісі – сабақ.

  2. Химия сабақтарының жіктелуі.

  3. Химия сабақтарының құрылымы.

Оқу жұмысын ұйымдастыру формаларының негізгісі – сабақ. Мектептегі оқу жұмысын ұйымдастыру формаларына сабақ, факультативтік сабақтар, топсеруендер, сыныптан тыс жұмыстар, өндірістік оқу сарамандығы және т.б. жатады.Осылардың ішіндегі ең негізгісі-сабақ.Химияны оқытудың білім мен тәрбие беру, оқушыларды дамыту міндеттері, ең алдымен, сабақта шешіледі, содан соң басқа формаларында жетілдіріледі және тереңдетіледі.

Оқу барысы тұрғысынан қарағанда сабақ үшінші басқышта тұрғанымен өзі күрделі дидактикалық жүйе құрайды.Сондықтан қазіргі дидактикада сабақ оқыту барысының барлық ерекшеліктері айқын білінетін бір бөлігі деп есептейді.

Шынында да, сабақта оқыту барысының нақтылы мақсаттары мен міндеттері, мазмұны жүзеге асатыны, оларды жүзеге асыру үшін оқытудың алуан түрлі құралдары мен әдістері пайдаланылатыны талас тудырмайды.

Сабақ ұғымының негізгі белгілері:оқушылардың тұрақты құрамымен, оқу жоспарына сәйкес жасалған сабақ кестесімен өткізіледі; уақыты келісімді 45 минут; оқу бағдарламасына сәйкес дидактикалық міндеттерді шешеді. Өткізу әдістері алуан түрлі.

Бір сыныпта оқитын оқушылардың жасы,физиологиялық және психикалық жетілуі шамалас, оқу жоспарында белгіленген мерзімде химияның бағдарланған курсын толық меңгеру мүмкіндіктері бар.Химия курсы жеке сабақтарға жүктеліп оқытылады, олардың жалпы саны - 303,VIII сыныпта - 105 сабақ, IX сыныпта - 85 сабақ, X сыныпта - 68, XI сыныпта - 68 сабақ өткізіледі. Бұл біртұтас сабақтар жүйесін құрайды, бұл жүйеде әр сабақтың орны, өзіндік атқаратын қызметі бар.

Кез-келген сабақ мақсаты, мазмұны, типі, құрылымы, құралдары және әдістері арқылы ерекшеленеді.Сабақ білім мен тәрбие беру және дамыту міндеттерін шешетіндіктен оның алдына жалпы педогогикалық, дидактикалық және әдістемелік мақсаттар қойылады. Сабақтың жалпы педогогикалық мақсаты қоғамның жалпы орта білім беретін мектептерге жүктеген әлеуметтік сұранысы бойынша анықталады. Қазіргі кезде халыққа білім беру саласын қайта құру оқушылардың дербестігін арттыруды, алған білімін өздігінен және творчествалық тұрғыда қолдана білуді үйретуді қажет етіп отыр.Сабақтың дидактикалық мақсаты оқыту барысының буындарына сәйкес анықталады,оларға жататындар: а) оқушыларды жаңа білімді қабылдауға дайындау; ә) жаңа білімді қабылдау; б) алынған білімді қорытындылау; в) білімді бекіту және жетілдіру; г) білімді қолдану; д) білімді тексеру және бағалау.

Сабақтың әдістемелік мақсаты қарастырылатын деректерді,ұғымдарды, заңдарды және теорияларды нақтылайды.

Химия сабақтарының жіктелуі. Химияның оқыту әдістемесінің оқулықтары мен оқу құралдарына химия сабақтары типтерге, түрлерге және нұсқаларға жіктеледі. Жіктеудің негізі ретінде оқыту барысының дидактикалық міндеттері, оқыту әдістері, материалдық мазмұны, оқушының таным әрекетінің тәсілдері алынады.

Химиядан сабақ беру әдістемесінде дидактикалық міндеті бойынша химия сабақтарын 5 типке бөледі:

  1. жаңа білім мен білікті игеру;

  2. теориялық білім мен білікті жетілдіру және қолдану;

  3. білім қорыту және жүйеге түсіру;

  4. бақылау-есепке алу;

  5. аралас сабақтар

Өзге әдістемелерді сабақтың типі үшке дейін ықшамдалған.

1-тип. Жаңа материалды оқып үйрену сабақтары. Негізгі дидактикалық буыны-оқушылардың жаңа білімді қабылдауы, қалғандары соған сәйкес жүзеге асырылады.

2-тип. Оқушылардың білімі мен білігін жетілдіру сабақтары. Бұған оқушылардың алған білімін қайталау және бекіту, қортындылау және жүйеге түсіру сабақтары кіреді.

3-тип. Оқушылардың білімі мен білігін тексеру, есепке алу және бағалау сабақтары. Мұнда жоғарыда келтірілген оқу барысының соңғы буындары жүзеге асады.

Сабақтың типі оқыту әдістері бойынша түрге және нұсқаға жіктеледі. Жаңа материалды оқып үйрену сабақтары дәріс сабағы, әңгіме сабағы кітаппен жұмыс істеу сабағы,үйлестіріліп берілетін материалдармен жұмыс істеу сабағы болып бөлінеді. Одан әрі дәріс сабағының нұсқаларын-хабарлама баяндау және мәселелерді баяндау, кітаппен жұмыс істеуге, оқу және түсіну сабақтарына жауаптар іздеу, жоспар және қысқаша мазмұн құру, сызба-нұсқа және кестелер жасау т.б. жатады.

Сабақтың екінші типіне оқушылардың алған білімін жетілдіру сабақтарын қайталау, қорытындылау, жүйеге түсіру және сарамандық сабақтар жатады.

Химия сабақтарының құрылымы. Әр типке жататын сабақтың өзіндік құрылымы болады, ол оқу барысы буындарының өзара байланысы бойынша анықталады. С.Г.Шаповаленко жаңа білім, білік және дағды қалыптастыру сабақтары 4-5 бөліктен тұрады деп есептейді. Олар:

1) оқушыларды түгендеу;

2) сабақтың мақсатын айту, көрнекті көрсету жасау, зертханалық жұмыстар жүргізу немесе сөз әдістері арқылы жаңа материалды түсіндіру;

3) үйге тапсырма;

4) баяндалған білімді қорыту, оқушылардың қалай түсінгенін тексеру және бекіту (сұрау, есеп шығару). Жаңа сабақты түсіндіру оқушылардың кітаппен өздігімен істейтін жұмыстармен ұштастырылғанда бес бөліктен тұрады.

Оқушылардың алған білімін қорытындылауға арналған әңгімелесу конференция, шолу дәрістерінің сабақтары алты бөліктен тұрады. Мысалы, дәріс сабағының бөліктері:1) оқушыларды түгендеу; 2) үй тапсырмасын тексеру; 3) мұғалімнің дәрісі; 4) үйге тапсырма; 5) оқушылардың сұрақтарына жауап беру; 6) мұғалімнің сұрауы.

Жазбаша бақылау жұмысы алынатын сабақтардың бес, бақылау сарамандық сабақтарының алты бөлігі бар: 1) оқушыларды түгендеу; 2) өздігінен істейтін жұмыстарға мұғалімнің түсінік беруі; 3) оқушылардың тәжірибелер жүргізу жоспарын, қажетті реактивтер мен жабдықтардың тізімін жасау; 4) жұмыс орнын әзірлеу; 5) тәжірибелерді жасау және есеп жазу; 6) жұмыс орнын тәртіпке келтіру және өткізу.

Сабақтың мүшелері деп аталатын жеке бөліктерін таптаурынға айналдыру тиімсіз екенін іс жүзінде де, теория жағынан да дәлелдейді. Сабақтың оқу жұмысының жігі айқын көрініп тұрмайтын күрделі және біртұтас жүйе. Сабақ құрылымның үш құрамдас бөлігі-мақсаттары, мазмұны және әдістері бойынша айқындалуы мүмкін.

Сабақтың жалпы педагогикалық, дидактикалық және әдістемелік мақсаттары оқу барысының жеке буындарында жүзеге асады. Әрбір буын өзінің басқалармен оқу барысының қисыны арқылы қабысып, сабақтың құрылымын түзеді, ең бастысы дидактикалық мақсаттың төңірегіне топтасады.

Сабақтың тағы бір құрылымын анықтайтын мазмұны жеке деректерден, ұғымдардан,заңдылықтардан, біліктер мен дағдылар жиынтығынан тұрады. Олардың әрқайсысы өзара оқу пәнінің қисыны бойынша байланысады, игеру үшін оқушылардан әртүрлі психологиялық тәсілдерді қажет етеді.

Мазмұндық құрылымның әр бөлігіне сәйкес қолданылатын әдістердің өзара байланысуы байланысу реті әдістер құрылымын түзеді. Сабақтың мақсаттары, мазмұны және әдістерін түзілетін үш құрылымы бір-бірімен ұласып, байланысып жатады.

Әдістемелік әдебиеттерде сабақтың оңайлатылғанқұрылымы кездеседі. Бұл көзқарас бойынша кез келген сабақ үш бөліктен тұрады: кіріспе бөлім, негізгі бөлім және қорытынды бөлім. Кіріспе бөлім оқушыларды негізгі бөлімде өтуге дайындайды, мазмұны сабақтың типіне ең басты дидактикалық мақсатына сай анықталады. Сабақтардың негізгі бөлімінде жаңа материал өтіледі, алған білім жетілдіріледі немесе тексеріледі. Қорытынды бөлімде осы үшеуінің нәтижесі шығарылады.

Қазіргі әдістемеде әр түрлі типі және құрылымы бар сабақтарға қойылатын жалпы талаптар белгіленеді.

1. Сабақтың жалпы педагогикалық және әдістемелік мақсаттарын нақтылы айқындау;

2. Сабақтың мазмұнын дидактикалық негізге сай,бағдарлама және оқушыларға сәйкес таңдап, химия ғылымының соңғы жаңалықтарымен толықтыру;

3. Сабақта өтілетін оқу материалын өмірмен, өндіріспен, қоғамдық құрылыстың сарамандығымен тығыз ұштастыру және кәсіптік бағдар беретін деректерді енгізу;

4. Сабақтың тәрбиелік әсерін арттыру. Оқушыларда ғылыми көзқарас қалыптасуына,қоғамдағы өз орнын табуына, табиғатты аялау, ізеттілік, басқа да адамгершілік қасиеттердің орнығуына жәрдемдеседі;

5. Сабақ үстіндегі оқушылардың белсенділігін арттыру, ақыл ойын дамыту;

6. Пәнаралық байланысты жүзеге асыру;

7. Сабақтың әр бөлігін тиімді өткізетін әдістерді таңдап алу,олардың дидактикалық,мақсаттарға және оқу материалының мазмұнына сай келуін қамтамасыз ету;

8. Оқушылардың өздігінен істейтін жұмыстарының үлесін арттыру. Оқушылардың жаппай,топтық және жеке істейтін жұмыстарының ара-қатынасын дәл анықтап,тиімді ұйымдастыру;

9. Сабақтың құрылымын дұрыс таңдап,әр бөліктерінің арасындағы байланысты негізгі дидактикалық мақсатқа сай жүзеге асыру,уақытты ұтымды пайдалану;

10. Оқушылардың жаңа материалды игеруін,негізінен,сабақты жүзеге асыру,тапсырмасын барынша ыңғайлату,жұмыс бастылықты болдырмау;

11. Сабақта оқушылардың байыпты,ынталы жұмыс істеуін қамтамасыз ету.

Дәріс №10