Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК ХОМ.docx
Скачиваний:
183
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
367.18 Кб
Скачать

Химиялық элемент, атом және зат ұйымдарының байланысы

Ar(S)=32 м(S)=32м.а.б

Ar(Fe)=56 м(Fe)=56м.а.б

Химиялық Атом Атомның Мольдік массасы

элемент S, Fe S, Fe бір мольS Fe М(S)=32г/ моль

Барлық атом атомы 6.02•10 М(Fe)=56г/моль дар.

Жәй заттар V (S) М(S)=32г/моль

↓ М(S)=32 V (Fe) М(Fe)=56г/моль

М(Fe)=56 жай заттың

молі

Күрделі зат

Мr(FeS)=88 → V(FeS)М(FeS)=88г/моль

Сызбанұсқадан барлық басқа ұғымдардың атом ұғымына байланысты, мысалға алынған атомдардың, элементтердің және олардың жай заттарының таңбалары, аталуы кейбір сандық көрсеткіштерінің бірдей екені көрініп тұр. Мектеп сарамандығында оқушылардың химиялық элемент және жай зат ұғымдарыншатастыратыныәдістемелік әдебиеттерде жие айтылады. Мұны болдырмау үшін мұғалім әр жағдайдағы химиялық таңбаның мағынасын жете түсініп, оқушыларға жеткізе білу керек. Химиялық символдың мағынасындағы сапалық және сандық сипаттамаларын келтірген кестеден айқын көре аламыз.

11- кесте Химиялық таңбаның сандық мәндері

Шындық деңгейі

Ұғымдар деңгейі

Белгісі

1. Бір түрдің барлық атомы

Химиялық элемент

Мысалы: күкірт,темі

S, Fe

2. 6.02‧10 атом

Атомның молі

Күкірт Темір

S

Fe

3. Бір атом

Күкірт Темір

S

Fe

“Химиялық элемент” деңгейінде символ жалпы ұғымды белгілейді, оның мағынасы бір түрге жататын барлық атомдарды қамтиды.”Атомдардың мольі” деңгейінде ұғымның көлемі кішірейіп, Авагадро санына 6,02*1023тең атомдарды таңбалайды.Жеке атом деңгейінде нақтылы ұғымды белгілеп жалқы есімге айналады. Үш жағдайда да химиялық символ шынайы кездесетін атомдарды белгілейді.

Маңызды ұғымдары анықталған соң атом молекуласының ілімінің негізгі қағидалары түсіндіріледі. Олар Ю.В. Ходаков және т.б. оқулығында бес, Г.Е.Рудзитис, Ф.Г. Фельдман оқулығында тоғыз пунктен тұрады.

Дәріс №12

Бейорганикалық қосылыстардың маңызды кластары туралы ұғымдардың қалыптасуы Жоспар:

1. Оқу - тәрбиелік маңызы және орны.

2. Оқу материалының орналасуы және берілетін білімнің көлемі.

3. Бейорганикалық қосылыстардың маңызды кластары жөніндегі білімді қорытындылау.

4. Бейорганикалық қосылыстар арасындағы генетикалық байланыс.

5. Бейорганикалық қосылыстардың маңызды кластары туралы ұғымның дамуы.

Оқу-тәрбиелік маңызы және орны. Миллиондаған қосылыстарды ортақ белгілері бойынша санаулы кластарға біріктіру арқылы оқып-үйренеді. Бейорганикалық қосылыстар құрамына қарай төрт класқа жіктеледі: оксидтер, қышқылдар, негіздер және тұздар. Бұлар туралы оқу материалы зат және химиялық реакция жөніндегі алғашқы ұғымдары тереңдетіп, одан әрі дамытады.

Оқушылар заттардың құрамы, жіктелуі, табиғатта таралуы, алынуы және қолданылуы жайында нақтылы ұғымдар алады. Әр класқа жататын заттардың жалпы және жеке қасиеттерімен тәжірибе жүзінде танысады. Денеге, киімге бүлдіре әсерін тигізетін қышқылдармен, сілтілермен және басқа заттармен жұмыс істеуге үйренеді. Эксперимент жасаудың білімі мен дағдысына машықтанады.

Химиялық реакциялардың жүру жағдайлары, белгілері, механизмі және типтері туралы алған білімдерін жетілдіреді, реакцияның жаңа типтерімен танысады.

Атом- молекулалық ілімнің негізгі қағидалары жөніндегі білімді заттардың қасиеттерін болжау, түзілетін заттардың құрамын бағдарлау, химиялық реакциялардың бағытын және қалай жүретінін түсіну үшін пайдаланады.

Химиялық элемент, жай зат және күрделі зат ұғымдары жаңа сатыға көтеріледі. Бейорганикалық қосылыстар кластарының арасындағы генетикалық байланыстарды ашу арқылы периодтық заң мен жүйені саналы игеруге әзірленеді.

Оқушылардың химиялық тіл туралы білімі тереңдейді. Заттардың құрамы мен қасиеттері тұрғысынан терминдерді, оксидтер, қышқылдар, негіздер және тұздар номенклатурасының негіздерін үйренеді. Валенттілік, химиялық формулалар және теңдеулер құрастыру жөніндегі білімі мен біліктері нығаяды.

Заттар мен құбылыстарды салыстыру, ұқсастығы мен айырмашылығын табу, себеп-салдар байланысын ашу, жеке деректерден қорытынды жасау, жалпы заңдылықты нақтылы жағдайда қолдана білудің қисынды тәсілдерін меңгереді. Заттардың сан алуандығы мен бірлігі, бір-бірімен шарттастығы, құрамы мен қасиеттеріндегі қайшылықтары, санның сапаға ауысуы туралы ғылыми көзқарастар қалыптасады.

Оқу-тәрбиелік маңызы зор болғандықтан, химияның бағдарламалары мен оқулықтарында бейорганикалық қосылыстардың маңызды кластарына едәуір мол орын беріліп келеді.

1935-1950 жылдарда бөлек тақырып ретінде оқытылып, 7-сыныпта басталып 8-сыныпта аяқталады. Оқу материалы концентризм принципі бойынша орналастырылды. VII класта өтілетін деректі материалдың көлемі үлкен болғандықтан оқушыларға ауыр тиді. Оның үстіне бейорганикалық қосылыстар жөнінде аяқталған білім беруге тырысу байқалды. Бұл кезеңде материалды орналастырудың генетикалық негізі үстем болды. Алдымен оксидтер қарастырылып, олардың гидраттануы арқылы негіздерге және қышқылдарға ауысу жүзеге асырылды. Мұның кемшілігі оқушылар іс жүзінде жүрмейтін реакциялардың теңдеулерін жазды, білімнің үстірт болуына әкеліп соқты.

1953-1962 жылдары Д.М. Кирюшкиннің VII сыныпқа арналған оқулығында алдымен негіздер, қышқылдар содан соң оксидтер және тұздар оқылатын болды. Өйткені оксидтердің химиялық қасиеттері қышқылдарға және негіздерге қатынасы арқылы ғана берілуі мүмкін.

1970 жылдардың соңында химия бағдарламасына елеулі өзгерістер енгізілді. Бейорганикалық қосылыстар VII сыныпта жеке тақырып ретінде оқытылмайтын болды. Оксидтер туралы алғашқы ұғым оттегі тақырыбына, қышқылдар мен тұздар туралы мәліметтер сутегі тақырыбына, негіздер су тақырыбына көшірілді. Олар туралы білім VIII сыныпта қорытылып бір жүйеге түсірілді. Ең соңғы жаңартылған бағдарламада білімді қорытындылау VII сыныпқа ауыстырылды.

Бейорганикалық қосылыстардың мазмұны, оқылу реті, методикалық тәсілдері бірнеше рет өзгергенімен алғашқы ұғымдарды қалыптастыруды теориялық деңгейі атом- молекулалық ілімнің сатысында қалып отырды. Алмасу реакцияларының ақырына дейін жүру жағдайларын, иондық механизмін қарастыру мүмкін болмады.

Орта мектептегі бейорганикалық химияның мазмұны мен құрылымын түбірлі өзгерткен Н.С. Ахметов және Л.М. Кузнецова оқулығында бейорганикалық қосылыстарды оқып үйренудің атом-молекулалық деңгейі және жеке тақырып түріндегі деректі материалдары шығып қалды. VII сыныпта “Химияның алғашқы ұғымдары”, “ Атомның құрылысы” тақырыптарынан кейін “Химиялық айналулар” “Заттарды жіктеу” тақырыбында қышқылдар, негіздер және тұздардың химиялық реакциялары электрон-иондық тұрғыдан қарастырылды.

Оксидтер, негіздер, қышқылдар және тұздар туралы алғашқы ұғымдар қалыптасуының үш кезеңі бар.Бірінші кезеңде бұл заттардың құрамы және кейбір химиялық қасиеттері атом-молекулалық ілім тұрғысынан түсіндіріледі. Екінші кезең периодтық заң және периодтық жүйе, заттың құрылысы өтілгеннен кейін басталады. Әр класқа жататын заттардың химиялық байланыстарының түрлері, кристалл торлары және қасиеттері электрондық теорияның тұрғысынан қарастырылады. Үшінші кезеңде (IX класс) бейорганикалық қосылыстар туралы ұғымдар электрон-иондық көзқарастармен байытылып дамиды. Оқушылардың білімі жаңа сатыға көтеріледі. Үш кезеңге сәйкес оксидтер, негіздер, қышқылдар және тұздар туралы берілетін білімнің көлемі мен орнын келтіреміз.

10-кесте Бейорганикалық қосылыстар жөніндегі білімнің көлемі және реті

Білімнің түрі

Тақырыбы, класы

1

2

Оксидтер

Құрамы

Анықтамасы

Жіктелуі

Аталуы

Физикалық

қасиеттері

Химиялық

қасиеттері

а) сумен

ә) қышқылмен

б) сілтімен

Алынуы

Қолданылуы

Қорытындылау

Дамуы

Қышқылдар

Құрамы

Жіктелуі

Аталуы

Физикалық

қасиеттері

Химиялық

қасиеттері

а) индикаторға

әсері

ә) металмен

б) металл

оксидімен

в) негізбен

г) тұзбен

Алынуы

Негіздер

Анықтамасы

Жіктелуі

Аталуы,

Физикалық

қасиеттері

Химиялық

қасиеттері

а) индикаторға

әсері

ә) қышқылмен

б) бейметалл

оксидімен

в) тұзбен

г) қыздырудың

әсері

ғ) сумен

Алынуы,

қолданылуы

Тұздар

Құрамы

Анықтамасы

Жіктелуі

Химиялық

қасиеттері

а) суға қатынасы

ә) қышқылмен

б) сілтімен

в) тұзбен

8-кл. Оттегі. Оксидтер. Жану

8-кл.

8-кл. Металл оксиді, бейметалл оксиді

8-кл. Бейорганикалық қосылыстар

негіздік, қышқылдық және амфотерлі оксидтер

8-кл. Бейорганикалық қосылыстар: а) ұлттық

ә) халықаралық

8-кл. Оттегі. Оксидтер. Жану

9-кл. Жеке элементтерді оқығанда

8-кл. Су. Негіздер.Ерітінділер

8-кл. Сутегі. Қышқылдар. Тұздар

8-кл. Су. Негіздер. Ерітінділер

8-кл. Оттегі. Оксидтер

8-кл. Бейорганикалық қосылыстар

9-кл. Жеке элементтерді оқығанда

8-кл. Барлық тақырыптарда

9-кл.

8-кл. Арнайы тақырыпта

8-9 кл. Атом- молекулалық ілім, электрондық

теория, электролиттік диссоциациялану

теориясы

8-кл. Сутегі. Қышқылдар. Тұздар

9-кл. Электролиттік диссоциациялану

8-кл. Атом- молекулалық теория.

9-кл. Электролиттік диссоциациялау теориясы

8-кл. Сутегі. Қышқылдар. Тұздар. Бейорганикалық

Қосылыстардың маңызды кластары

8-кл. Сутегі. Қышқылдар. Тұздар

8-кл.

8-кл. Су. Негіздер.

Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары

Су. Негіздер.

Бейорганикалық қосылыстар кластары

8-кл. Негіздер. Ерітінділер

9-кл. Электролиттік диссоциациялану теориясы

8-кл. Су. Негіздер.

Бейорганикалық қосылыстар кластары

8-кл. Су. Негіздер. Ерітінділер

8-кл.

9-кл. Электролиттік диссоциациялау

8-кл. Бейорганикалық қосылыстар кластары

8-кл.

8-кл. Сутегі. Қышқылдар. Су. Негіздер

Бейорганикалық қосылыстар

9-кл. Электролиттік диссоциацияллау

8-9-кл. Сутегі. Қышқылдар. Тұздар

Негіздер. Ерітінділер

Бейорганикалық қосылыстар

Электролиттік диссоциациялау

Оксидтер туралы алғашқы ұғым оттегінің қасиеттерін өткенде беріледі. Металдарға және бейметалдарға жататын жай заттардың оттегімен тотығуының нәтижесінде күрделі заттар− оксидтер түзіледі. Тәжірибелерді бақылау нәтижесінде оқушылар түзілген күрделі заттар екі элементтен тұратыны, оның біреуі оттегі екені жөнінде қорытындыға келеді. Осы белгі оксидтерді анықтауға негіз болады. Оксидтер туралы жалпы ұғым металл оксидтері және бейметалл оксидтері деп екіге жіктеледі. Олардың физикалық қасиеттерін зерттейтін зертханалық жұмыс өткізіледі. Бақылау нәтижелері кесте түрінде жазылады.

Алған білімді бекіту үшін оксидтердің химиялық формулаларын құруға жаттығулар орындалады. Аталуы, формуласы және керісінше ауысулары бойынша химиялық диктант жазылады. Бұл арада оксидтердің химиялық қасиеттері қарастырылмайды, генетикалық байланыстың бір буыны ғана элемент→оксид жүзеге асады.

“Сутегі. Қышқылдар. Тұздар” тақырыбында бейорганикалық қосылыстардың екі класы жөнінде бастапқы ұғым қалыптасады. Қышқылдармен алғашқы танысу оқушылардың өмір тәжірибесіне және индукциялық тәсілге негізделеді. Оқушылар лимон, қымыздық, сірке, сүт, т.б. қышқылдардың дәмін біледі. Бұған қосымша зертханалық жұмыс жасау арқылы жиі кездесетін тұз қышқылының және күкірт қышқылының индикаторларға металдарға және металл оксидтеріне әсерін сынайды. Қышқылдармен жұмыс істеу кезіндегі сақтық шараларын, оларды ажырата білу тәсілдерін үйренеді. Қышқылдардың металдармен әрекеттесуі жалпы қасиет еместігі туралы ұғым қалыптастыру үшін іс жүзінде жүретін (Mg,Fe, Zn) және жүрмейтін (Cu) реакциялардың тәжірибелері жасалып нәтижелері нақтылы талданады: 1. Қышқылдар барлық металдармен әрекеттесе ме? Бұл сұрақты талдағанда металдардың активтік қатары жөнінде алғашқы ұғым беріледі. 2. Металдар мен қышқылдар арасындағы реакциялар қалай жүреді, оларды қай типке жатқызуға болады? Оқушылардың орнын басу реакциясы жөніндегі ұғымы кеңейеді.

Қышқылдардың металл оксидтерімен әрекеттесуі реакцияның бұрын кездеспеген жаңа типіне жатады, оны орын басу реакциясымен салыстырып, ұқсастығы мен айырмашылығы сараланады. Екі күрделі зат қатысып, екі күрделі зат шығатын алмасу реакциясына анықтама беріледі.

Тәжірибелер кезіндегі бақылаулардан: а) қышқылдардың құрамына сутегі және қышқыл қалдығы кіретіні, оның валенттілігі; ә) химиялық қасиеттері және реакция өнімдері жөнінде сызбанұсқаға сәйкес ұғымдар қалыптасады.

Оқушылар біліп алуға тиісті қышқылдардың аты, формуласы, қышқыл қалдықтарының валенттіліктері тұздардың номенклатурасы, тұздардың формуласын құру алгоритмі кесте түрінде жазылады. Алынған білімді бекітетін, тексеретін жаттығулар және химиялық диктанттар орындалады.

Негіздерді оқып үйренуге оқушылар едәуір зор дайындықпен кіріседі. Алғашқы ұғым судың активті металдармен реакциясының механизмін талдау арқылы беріледі:

H2O +Me → Me(OH)n + H2

Осы сызбанұсқаға сәйкес негіздің құрамы, индикаторға әсері, матаны бүлдіруі, физикалық қасиеттері түсіндіріледі, анықтама беріледі, гидроксотоп және оның валенттілігі туралы бастапқы ұғым қалыптастырылады.

Натрий гидроксидінің, кальций гидроксидінің, калий гидроксидінің қасиеттерімен таныстыратын оқулықпен жұмыс, зертханалық эксперимент, әңгімелесу өткізіледі. Содан соң ерімейтін негіздің қасиеттерімен танысады. Алынған мәліметтер кесте түрінде жазылады: 1) аты, формуласы, 2) күйі, 3) түсі, 4) суда ерігіштігі, 5) индикаторға әсері, 6) қышқылдармен әрекеттесуі, 7) қышқылдық оксидтермен әрекеттесуі, 8) қыздырудың әсері. Соның нәтижесінде негіздердің бәріне ортақ қасиеті- қышқылдармен әрекеттесетіні жөнінде қорытындыға келеді. Қышқылдық − оксидпен әрекеттесу және индикатордың түсін өзгерту сілтілердің, қыздырғанда айрылу ерімейтін негіздердің айрықша қасиеттері деген ұғым қалыптасады. Алмасу реакциясының жаңа бір түрімен бейтараптану реакциясымен, титрлеу әдісімен танысады.

Оқушылар тұздармен алғашқы рет металдарды қышқылмен әрекеттестіріп сутек алғанда танысады. Мұнда да ұғымды анықтаудың негізгі белгісі − құрамы. Тұздар металл атомдары мен қышқыл қалдықтарынан тұрады. Оқушылар еритін және ерімейтін, орта және қышқыл тұздармен танысады. Қышқылдардың металл оксидтерімен, бейметалдар оксидтерінің сілтілермен әрекеттесуін және бейтараптану реакциясын өткенде тұздар алудың жолдары туралы оқушылардың білімі нығаяды. Бұл алғашқы кезеңде тұздардың химиялық қасиеттері қарастырылмайды.

Сонымен химиялық алғашқы ұғымдардан кейінгі үш тақырыпта оксидтер, негіздер, қышқылдар және тұздар туралы бастапқы түсініктердің қалыптасу кезеңі аяқталады. Әр тақырыпта алынған шашыранды білімді жинақтап, жүйеге келтіру қажеттігі сезіледі. Бұл арнайы тақырыпта жүзеге асырылады.

Бейорганикалық қосылыстардың маңызды кластары жөніндегі білімді қорытындылау. Бұл тақырыптың міндеттері: 1) оксидтердің, негіздердің, қышқылдардың және тұздардың құрамы жөніндегі білімді бір жүйеге түсіру; 2) құрамы мен аталуының және қасиеттерінің арасындағы тәуелділікті ашу; 3) жіктелу негіздерін түсіндіру; 4) химиялық тіл туралы білімі мен білігін нығайту; 5) эксперимент дағдыларын жетілдіру, алған білімді эксперимент есептерін шығара білуге қолдану.

Бұл міндеттерді жүзеге асыру үшін алғашқы сабақта оксидтердің, негіздердің, қышқылдардың және тұздардың құрамы мен аталуы қарастырылады. Алдымен оқушылардың білетіндерін еске түсіру үшін әңгімелесу немесе оқулықпен өздігінен жұмыс өткізіледі. Оқушылар бейорганикалық қосылыстардың жіктелуін сызбанұсқа түрінде сызып, әр класқа мысалдар келтіреді. Содан соң мына сұрақтар бойынша әңгімелесу ұйымдастырылады: кальций мен көміртегі (IV) оксидтерінің құрамында қандай ұқсастығы мен айырмашылығы бар? қышқылдар мен тұздар құрамында қандай ұқсастық пен айырмашылық бар? негіздер мен тұздар құрамында қандай ұқсастық пен айырмашылық бар?

Әңгімелесуден кейін оқушылардың өздігінен істейтін жұмыстары ұйымдастырылады. Заттарды кластарға бөлу, заттың қай класқа жататынын дәлелдеу (эксперимент есебі), құрамы бойынша затты атау, аты бойынша формуласын жазу тапсырмалары орындалады, мысалы: 1. Төменде формулалары берілген заттарды кластарға жіктеп, кесте түрінде жазыңдар: H3PO4, Fe, CaSO4, KOH, Cu, Ca3(PO3)2, Cu(OH)2 , Fe2O3, S, KNO3, Al2O3, Fe(OH)3, HNO3, Ca(OH)2, SO2, NaCl, MgO, P2O5, O2, CuO, Zn(OH)2 .

Оксидтер

Негіздер

Қышқылдар

Тұздар

2) көрсетілген заттарды атаңдар: KOH, CuSO4 , SiO2.

3) аталған заттардың формулаларын жазыңдар: темір (III) хлориді, күкіртті қышқыл, азот (V) оксиді, алюминий гидроксиді, т.б.

Тапсырмалар әр түрлі әдістермен тексеріліп, қорытынды жасалады.

Келесі сабақта оксидтердің жіктелуі мен химиялық қасиеттері қорытылады. Оксидтердің анықтамасы, жіктелу негіздері, әр типке жататын оксидтердің белгілері туралы әңгімелесу ұйымдастырылған соң өздігінен жұмыс орындалады. Оқушылар өткенде кестеге жазылған оксидтерді немесе мұғалім формулаларын берген оксидтерді жіктеп кесте түрінде жазады, оксид түзуші элементтердің валенттілігін көрсетеді. Бір элементтің төменгі валенттілігінде негіздік оксидтің, ал жоғарғы валенттілігінде қышқылдық оксидтің қасиеттерін білдіретініне назар аударады, мысалы: MnO − негіздік оксид, Mn2O7 − қышқылдық оксид.

Оксидтердің химиялық қасиеттері туралы білімді бір жүйеге түсіру үшін зертханалық жұмыс жасалады. Оқушылар кремний (IV) және көміртегі (IV) оксидтерінің суға, кальций гидроксидінің ерітіндісіне, мыс (II) оксидінің және кальций оксидінің суға және күкірт қышқылына қатынасын зерттейді. Соның нәтижесінде: 1) қышқылдық оксидтердің сілтімен; 2) негіздік оксидтердің қышқылмен әрекеттесуі жалпы қасиеттері екені, бұл қасиет оларға анықтама беру үшін пайдаланылатыны жөнінде қорытынды жасалады. Суға қатысы туралы тәжірибеден алынатын мәліметтер: 3) көміртегі (IV) оксиді және кальций оксиді суда ериді, бір жағдайда қышқыл, екінші жағдайда сілті түзіледі; 4) кремний (IV) оксиді және мыс (II) оксиді суда ерімейді. Оксидтердің бәрі бірдей сумен әрекеттеспейді, бұл олардың ерекше қасиеттеріне жатады.

Сабақ соңында қосылыстардың бір кластан екінші класқа ауысатын жаттығулар орындалады.

Оқушылар әр негіздік оксидке − негіз, әр қышқылдық оксидке қышқыл сәйкес келеді деген қорытынды жасайды. Оксидтің сипатын ашатын дәлелдейтін эксперимент есептерін шығарады, мысалы: күкірт (IV) оксидінің қышқылдық оксид екенін тәжірибе жүзінде қалай дәлелдеуге болады. Мыс (II) оксидінің негіздік оксид екенін дәлелдеңдер.

Қышқылдардың жіктелуі мен химиялық қасиеттерін қорытындылауға арналған сабақ жаппай әңгімелесуден басталады. Қышқылдардың құрамындағы ортақ белгісі, анықтамасы және жіктелу белгілері еске түсіріледі, соңғы сұрақтың жауабы сызбанұсқа түрінде жазылады. Қышқылдар құрамы бойынша − оттекті және оттексіз, негізділігі бойынша − бірнегізді, екінегізді, үшнегізді және көпнегізді, агрегаттық күйі бойынша − сұйық және қатты, ерігіштігі бойынша еритін және ерімейтін деп жіктеледі. Осылардың әрқайсысына бірнеше мысалдар келтіреді: H2S, HCI, H2SO4, HNO3, H2SiO3 (ерімейді).

Қышқылдардың қасиеттері туралы білімді бір жүйеге түсіргенде бәріне ортақ және жеке топтарына ғана тән қасиеттеріне көңіл аударылады. Қышқылдардың ортақ қасиеті − бейтараптану реакциясы, ол құрамында сутегінің болуына байланысты. Күшті және қыздыруға тұрақты қышқылдар металдардың ерімейтін оксидтерімен әрекеттеседі.

Генетикалық байланыс шығу тегі жағынан байланысы. Күрделілену жағынан алғанда бұл байланыс химиялық элементтің жай затынан басталып, тұзбен аяқталатын қатар түзеді: Металл → негіздік оксид → негіз → тұз

Химиялық элементтердің жеке топтарын, топшаларын, сутекті және оттекті қосылыстарын өткенде үш теорияның тұрғысынан алған білім жеке қосылысты сипаттау үшін пайдаланылады.

Дәріс №13