Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК ХОМ.docx
Скачиваний:
183
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
367.18 Кб
Скачать

IX сыныпта енгізілетін есептердің типтері

Әрекеттесуші заттардың біреуі артық алынғанда теңдеу бойынша есептеу.

7-есеп. 23,4г ас тұзына 39,2г күкірт қышқылымен әсер еткенде неше грамм натрий сульфаты түзіледі.

Шешуі: m(NaCl)=23,4г

m(H2SO4)=3962г

m( Na2SO4)-?

M(NaCl)= 58.5г\моль

M(H2SO4)= 98г\моль

M(Na2SO4) = 142г\моль

Алдымен натрий хлориді мен күкірт қышқылының қайсысы артық алынғанын табамыз.

2NaCl + H2SO4 = Na2SO4 + 2HCl

v(NaCl) = 23,4 : 58,5 г/моль = 0,4 моль

v(H2SO4) = 39,2 : 98 г/моль = 0,4 моль +

Реакция теңдеуі бойынша 1 моль ас тұзымен 0,5 моль күкірт қышқылы әрекеттеседі, демек, оның 0,4 моль – 0,2 моль = 0,2 молі артық алынған.

Есептеуді бұдан әрі натрий хлоридінің массасы немесе оған сәйкес моль не болмаса күкірт қышқылының реакцияға кіріскен мөлшері бойынша жүргізеді. Реакцияға 2 моль натрий хлориді қатысқанда екі есе аз моль натрий сульфаты шығады, 0,4 моль натрий хлоридінен 0,2 моль сульфат алынады, оның массасы:

M (Na2SO4) = v * M = 0,2 моль * 142 г/ моль = 28,4 г

Жауабы: 23,4г натрий хлоридінен 28,4г натрий сульфаты алынады.

8-есеп. 23,4г натрий хлориді күкірт қышқылымен әрекеттескенде 13,14г хлорсутек алынады. Хлорсутектің сарамандық шығымын процентпен есептендер.

Шешуі: m= (NaCL)=23.4r

m= (HCL)=13.4r

(HCL)= ?

Өнімнің процентпен алынған шығымы мына формуламен есептеледі: п.ш.= m сарамандық *100% / mтеор.

Бұдан: 23,4г: 117г = х: 73г

Х= 23,4г*73г/117г= 14,6г HCL

п.ш. (HCL)=13,4*100%=90% 14,6г

Жауабы: HCL-дың сарамандық шығымы 90%.

X сыныпта енгізілетін есептердің типтері

Заттардың молекулалық формуларын табу.

Жану өнімдері бойынша органикалық заттың молекулалық фориуласын табу.

9-есеп. 4,6г зат жанғанда 8,8г көмірқышқыл газы және 5,4г су түзілді. Бұл заттың ауа бойынша тығыздығы 1,59. Осы заттың молекулалық формуласын табыңдар.

Шешуі: 1) Жану реакциясының жорамал сызбанұсқасы жазылады.

CxHy +O2=CO2+H2O

2) сызбанұсқаға есептің шартында берілген және теңдеуден табылған шамалар қойылады:

4,6г 8,8г 5,4г

CxHy+O2=CO2+H2O

Mr= 29*1.59 44 18

M= 1г/моль* Мг44г/моль 18г /моль 46г/моль

3) белгісіз заттың көмірқышқыл газының және судың моль сандарын табамыз:

v(зат)= 4.6r/46r/моль =0.1моль

v(CO2)= 8.8r/ 44г/моль =0,2 моль

v(H2O)= 5,4г/18г/моль=0,3 моль

Зат мөлщерінің бір-біріне қатынасы:

v( зат):v(CO2):v(H2O) = 0,1:0,2:0,3=1:2:3

Демек, заттың формуласы: С2Н6

Жауабы: белгісіз заттың формуласы: С2Н6О

10-есеп. Салыстырмалы молекулалық массасы46-ға тең бір атомды спиртің молекулалық формуласын табыңыздар.

Шешуі: Бір атомды спирттердің жалпы формуласы Сn H2n+1OH

Формуланы түрлендіру арқылы: Сn H2n+1OH=46

14n+1+17=46

14n=46–18

14n=28,бұдан n=2

n = нің сан мәнін жалпы формуладағы орнына қойсақ Сn H2n+1OH = С2Н5ОН

Дәріс №7

Химия тілі - химияны оқытуда таным құралы Жоспары:

  1. Химия тілі химияны оқытудың таным құралы.

  2. Химия ғылымы табиғатты танып білуге және қоғамның материалдық игілігіне жасаудағы ролі.

  3. Химия тілінің оқу тәрбиелік маңызы.

Химия тілі химияны оқытуда таным құралы. Химия тілі тек заттардың реакцияға түсуін түсіндірудің құралы ғана болып қоймай, ол оқушының қоршаған дүниені тануына негіз болатын басты құрал. Себебі химия-бүкіл жаратылыстану ілімдерінің арасында зат пен заттың, зат пен құбылыстың арақатынасын ұғындыратын, оларға байланысты заңдылықтар жайында білім беретін бірден-бір пән.

Химияны дұрыс ұғыну үшін,алдымен оқушыда қоршаған дүние, оның заттары жайында таным қалыптасады. Таным қажеттілік арқылы жүзеге асады, дені сау әрбір адамда таным қажеттілігі бар. өзінің тіршілік және рухани қажеттілігін өтеу үшін оқушы дүниені танып білгісі келеді. Алайда ол өзіне қажетті нәрсеге, мәселен, оқу пәніне қызығады. Кейіннен бұл нәрсе оқушы іс-әрекетінің мақсатына, қозғаушы күш-мотивке айналу мүмкін. Таным – адам санасын дамытудың негізгі және ол арқылы адам өзін қоршаған ортаны игеруге де үйренеді.

«Таным» – философиялық ұғым, айналадағы материалдық шындықтың адам санасында бейнеленуі . қоршаған дүние обьективті өмір сүретін болғандықтан, оның заттар мен құбылыстар мен құбылыстары санада бейнеленеді. Адам баласы таным арқылы білмеуден білуге көшіп отырады. Ол затты, құбылыстар танығаннан кейін енді таныс емес жақтарын білу ұмытылады. Таным арқылы заттар мен құбылыстардың басты белгілері ұқсастықтары мен айырмашылықтары жайындағы бейнені қабылдау нәтижесінде ұғым туады. Таным практикалық қызмет барысында іске асады. Адам іс-әрекеттер арқылы өзінің таным-білген құбылыстарының басты белгілерін, қасиеттерін есінде ерекше сақтайды

Химия ғылымы табиғатты танып білуге және қоғамның материалдық игілігіне жасаудағы ролі. Химия ғылымы табиғатты танып білуге және қоғамның материалдық игілігін жасау маңызды рөл атқаратын жаратылыстану ғылымдарының бірі олай болса, табиғат, қоғам және онда адамның алатын орны жайында алғашқы білім қалыптастыратын дүниетану пәнінің химиялық ұғымдардың да негізқалайтыны сөзсіз себебі химия пәні табиғаттағы толассыз тоқтаусыз жүзеге асатын зат айналасын мәнін табиғат байлығын адам қажеттіне жаратудың жолын оны өрдірудің тәсілін де үйретеді.

Педогогикалық әдебиеттерде танымды қалыптастырудың бірнеше жағдайлары айтылады . соның бірі – оқушылардың таным әрекетін ұйымдастыру формаларын, құралын және әдістерін жетілдіру.

Табиғи тіл де таңбалар жүйесіне жатады. Кейбірғалымдардың пайымдауынша, ол семантикасының тұрақсыздығымен прагматикалсының байлығымен ерекшеленеді. Ғылыми тіл табиғағи тілдің негізінде жасалып іс жүзінде қолданысқа ие болады. Сондықтанда ғылыми тілдің құрамында табиғи тілден оқшау тұратын өзіне ғана тән тілдік құралдары – таңбалары болады. Осындай тілдік таңбалардың ең негізгі және ертеден келе жатырған – табиғи немесе ұлтық тіл. Ол таным мен қатынас құралы ретінде пайдаланылған көп құралымды және соған сай атқаратын қызметі де әр түрлі. Ғылыми тіл, оның ішінде химия ғылымының тілі жалпы халықтық тілдің күннен күнге дамып келе жатқан бір бөлігі.

Бұған жататындар: сабақ тың дәстүрлі емес түрлі емес түрлерін өткізу, оларда қолданылатын техникалық және көрнекі құралдардың тиімділігін артыру болып табылады.

Сондай-ақ, ойындар ұйымдастыру; проблемалық және интегративті ұстанымдарды жүзеге асыру; пән аралық және пәнішіндік байланыстарды ашып көрсету; оқушылардың өзіндігінен білім алуын тиімді ұйымдастыру; шығармашылық және зерттеу жұмыстарына белсенділік қалыптастыру; білім тексеру мен бағалаудың алуан түрлерін ұтымды пайдалану арқылы оқытудағы кері байланысты жетілдіру. Оқыту кезінде, оқушының білмеуден білуге қарай дамуы барысында таным қалыптасады. Психологтардың пікірі бойынша, оқушының таным процестері-өзіне тән ерекшелігі бар күрделі психологиялық құбылыс. Олардың нәтижелі оқуына әсер ететін сыртқы және ішкі күштер немесе себептер болады. Әрине білім алуда ілгері қарай басуына себепкер болатын негізгі күш – түрлі қиыншылықтар. Бала білмеуден білуге қадам басқанда, әр түрлі қайшылықтар мен қиындықтарға кездеседі, олар шешу, жеңу нәтижесінде оқу міндеттері жүзеге асырады.

Оқыту үрдісіндегі ең негізгі қайшылық – педогогикалық міндет-талаптар мен оқушының мүмкіндіктерінің (білімі мен дағдысының және дамуының қазіргі деңгейі) арасындағы қайшылықтар. Бұған тағы да оқушының теориялық білімі мен шығармашылық ойлауы мен репродуктивтік ойлау арасындағы және т,б. Қайшылықтар жатады. Осыныдай қайшылықты шешу оқушының саналы түрде көп күш-жігер жұмсауын керек етеді және оның да- муына үлкен әсері болады. Мұндай қайшылықтар әсіресе химия пәнін оқутуда туып отырады.

Оқыту үрдісі-оқушы мен мұғалімнің өзара бірлесіп жасайтын әрекеті. Білім алу-оқу барысында оқушының атқаратын іс-әрекетінің нәтижесі. Білім беру барысында оқушылардың жеке тұлғасын жан-жақты жеткізуге, олардың танымдық әрекетін дамутуға, ой-санасын қалыптастыруға ерекше назар аудару - әр педогог мұғалімнің міндеті. Осы тұрғыдан алғанда оқушылар алған білімін жадында сақтау қана қоймай, оның өмірмен байланысын іс жүзінде қолдануға жаттығады.

Химиядан сабақ берудің тиімді әдістерін қолдана отырып, оқушылардың ақыл-ойының дамуына,олардың өздігінен жұмыс істеу мүмкіндіктерін күшейтуге жағдай жасалады. Сонымен қатар оқушылардың.танымдық белсенділігін арттыру мәселесіне ерекше назар аударылады. Ғалымдар танымдық белсенділікті үш деңгейде бөліп қарастырған: жаңғырту, түсіндіруші және шығармашылық. Оқушылардың танымдық белсенділіктерін оқу үрдісімен ұтымды ұштастырған жағдайда сабақ тиімді өтеді. Әсірісе оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істей отырып, оқу белсенділіктерін арттыруға мол. Танымдық белсенділікті арттыруды бірнеше жағдайда қарас- тыруға болады: егер сабақ балалардыңөмірден түйген іс тәжірибелері мен білімдеріне баға беру негізінде өтетін болса, нәтижесінде оқушылар тақырыпты тереңірек меңгеріп, танымдық белсенділіктерін іс-тәжірибеге жемісті қолдана алады; егер сабақ ойын түрінде ұйымдастырылса, оқушылар белсенділігінің сабақ барысында артуына жағдай жасалады. Олардың нәтижесінде оқушылар тақырыптық мазмұнын өмірмен байланыстырып, күнделікті іс-тәжірибе мен білімге деген ұмытылыстары, қызығушылықтары артады. Педогогикалық зерттеулер нәтижесі белгілі бір пәнге қызығудың сатылап қалыптасатынын көрсетеді. Оқушыда алдымен білуге әуестік, содан кейін білуге құмарлық, ең соңында қызығу пайда болады. Оқушыларда қызығудв тудыратын бірнеше жағдай болады. Ол, біріншіден, оқытудың мазмұны, мазмұнның тартымдылығы, жаңалығы, ғылым мен техниканың соңғы жаңалықтарының енуі, таңдандыратын тарихи деректер, ғылыми білімнің іс жүзінде қолданылу дәрижесі т.б. Екіншіден, білім беру мен тәриелеу барысында, мұғалім мен оқушы, оқушы мен оқушы арасында сыйластық, ізеттілік, адамгершілік қатынастың орнауы. Осыдан келіп, оқушының білім алуға қызығушылығы туады: қызығу → кейде білім алуға ынтығу, танымдық қызығу → яғни, кейбір бір пәнге қызығу болуы мүмкін .

Химия тілінің оқу тәрбиелік маңызы. Химиядан білім берудің оқу-тәриелік негізгі міндеті- оқушыларды тек білім жүйесімен ғана қаруландыру емес, сонымен бірге олардың алған білі мін жадында сақтау және ойлау қабілетін, химиялық тіл шеберлігін, білімге қызығуын, дүниетанымдық көзқарасын, ықыласынтасын, төзімділігін, іскерлігін, ізденімпаздығын және т.б. қасиеттерін жетілдіру болып табылады. Бұл міндеттері оқушылардың танымдық әрекеті мен ақыл-ойын жетілдіру белсенділігін арттыру арқылы жүзеге асыруға болады. Ол үшін сабақ барысында оқушылардың өздігінен атқаратын жұмыс түрлерін кеңінен қолданған тиімді десек, соның бірі – танымдық ойындардың әр түрлі элементтерін енгізу. Химиядан берілетін білімнің тиянақтылығын сабақ барысында түрлі дидактикалық ойын әрекеттері арқылы жүзеге асырудың мүмкіндігін біз де ашып көрсетеміз. Мәселен, химиялық домино, лото, кесілген таңбалар осының айғағы. Оқушылардың білімін есепке алудағы танымдық ойынның рөлі Н.К Ахметовтың еңбегінде ғылыми негізделген.

Химияны оқыту кезінде ұғым қалыптастырудың теориялық негізі туралы көптен шұғылданып жүрген әдіскер, педагог, ғалым Н.Е.Кузнецова, зат туралы, химиялық реакция жайлы білімнің жалпылану мен қызметін, танымдық іс-әрекетін, теориялық түсінік белсенділігін, олардың творчествалық ойлауын дамытудың ғылыми негізделген әдістемесі мен тұжырымдамасын жасады. Оның пікірінше, химиялық тілдің барлық құрамдас бөліктері туралы білім бірден берілмейді. Ол химияны тану, білу құралы ретінде ұғымдарның қалыптасуы махмұнымен тығыз байланыста жүреді. Берілетін білім мен ұғымның теориялық деңгейі өзгерген кезде, білімнің айтылу түрі өзгеріп, таңбалық ақпарат қайта белгіленеді, сөйтіп олар қатар дамиды. Әрбір ғылым өзінің маңызды және ерекше белгілерін оқушыларға ашып, қолайлы түсіндірілетін тиімді тілде баяндайды. Сол сияқты химия ғылымының тілі де өз құрамына табиғи тіл сөздері мен сөйлемдерден басқа, ерекше бөліктері: химиялық термонология, номенклатура және символиканы – «химиялық тілді» қамтиды. Химияны ғылымда тек өз тілі арқылы пайдалануға мүмкіндік туады.

Химия тілі ғылыми негізде құрылады да, білім мен тәрбие құралы ретінде оқыту жүйесінің құрамдас бөлігі, химиялық білімнің берілуі формасы мен көзі болып табылады. Химия тілі химия ғылымының бір бөлігі ретінде қаралады. Әр ғылымының зерттейтін объектісі, зерттеу нәтижесінде алынған білім жүйесі, оны тіркеп заттандыратын таңбалар жүйесі – ғылым тілі болады. Әдетте, тар мағынада түсінік, осы үшеуінің ңшңнде білім жүйесін ғана ғылымға жатқызады. Білім – сананың қызметі, ол бақылайтын, зерттейтін объектіге айналу үшін тіл арқылы берілуі керек. Ғылымның тілін өзінен бөліп қарауға болмайды. Ғылым тілі оның жинаған білімін тіркеу, сақтау және ұрпақтан ұрпаққа жеткізу үшін қолданылады. Ғылыми білім оның зерттейтін объектісі, ақиқат болмыстың санадағы көрінісі.

Химия – заттардың сан алуан сапалық өзгерістерін зерттейтін жаратылыстану ғылымдарының бірі. Заттарды тәжірибелік зерттеуден алынған білім алдымен ғылым саласына орнайды, одан екінші салаға ауысу немесе қоғамдық сана қорына құйылу үшін білім естілетін немесе көрінетін материаға айналуы қажет. Тіл – осындай дыбыстан не әріптен тұратын материя. Химияның объектісі – зат. Ол да материаның нақты бір түрі. Химиялық білім мен тіл – химиялық дүниетанымның жүйесі. Үшеуінің арасындағы тәуелділікті үшбұрышпен көрсету тиімді әрі көрнекі:

Ғылыми білім, зат, ғылым тілі. Ғылыми еңбекті оқығанда алдымен мәтін мазмұнынан ғылымның тілін қабылдаймыз, содан соң тілдің астырындағы мағынасы-білім арқылы заттар алуан құбылыстарын түсінуге ұмтыламыз. Химиялық таным заттан тілуге, тілден затқа қарай қарама-қарсы бағытта жүзеге асады. Өйткені ғалым зерттейтін заты жөнінде өзіне дейінгі ғылым арқылы тіркеліп жазылған білімді жетік игерімесе, жаңалық ашуы мүмкін емес. XVIII ғасырда А. Лавуазье ғылымсыз тіл, тілсіз ғылым жетілмейтінін дәл басып айтты. Ол жалпы жаратылыстану ғылымы үш бөліктен: 1)ғылыми деректер, 2)олардан туындайтын көзқарастар, 3)осы екеуін баяндайтын тіл,-дегенді айтты.

Ғылыми тілі сол ғылымның құрамдас бөлігі болып табылатындығы туралы пікір осы күнге дейін өз мәнін жойған жоқ. Ғылым тілі ғылыми таным нәтижелерін бір-бірімен байланыстырып, оқушылардың белгілі бір білім жүйесін қабылдауын жүзеге асырады. Химиялық таным обьектілер-заттар, ал пәні-тұтастай затардың химиялық қосылыстары, яғни оның молекулалық бертолидті формасы - ауыспалы күйі болып табылады.

Дәріс №8