Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
DKBZh_shpor.docx
Скачиваний:
270
Добавлен:
01.05.2015
Размер:
2.48 Mб
Скачать

1.3.4 Технология дәуірі және деректерді сақтаудың архитектурасы

Жеке тұлғалармен және кәсіпорынмен құрылатын деректер ары қарай өңдеуге ыңғайлы болатындай орналасу керек. Компьютерлір ортада деректерді сақтауға арналған құрылғылар құрылғылар деректерді сақтау құрылғысы немесе қорлар деп аталады. Қолданылатын қордың типі деректер қорына және оның құрылу деңгейі мен қолданылуына байланысты. Мобильді телефондағы немесе цифрлық камерадағы есте сақтау құрылғысы, компьютерлік DVD- және СD- ойнатқыштар/рекордерлар және қатқыл дисктер — мұның барлығы деректерді сақтау құрылғысының мысалдары. Кәсіпорындарға арналған ішкі қатқыл диск пен сыртқы дисктік массив пен ленталарды есепке алғанда деректер қорының әр түрлі рұсқалары бар.

Бастапқыда мекеменің есептеу орталықтарында орталық компьютер (есептеу орталығының негізгікомпьютері) және ақпаратты сақтау құрылғысы (ленталық бобиндер мен диск пакеттері) орналасқан. Ашық жүйелердің дамуы, олардың орналасуының қарапайымдылығы кәсіпорындарға және олардың бөлімдеріне жеке серверлер мен сақтау құрылғыларын алуға мүмкіндік берді. Бастапқыда өңделген ашық жүйелерде деректерді сақтау құрылғылары серверге енгізілген.

  • Кәсіпорын бөлімдеріндегі сервер санының артуы қорғалмаған, басқарылмайтын және ортақ ақпараттық облыстардың және ағымдық шығындардың артуына түрткі болды, өйткені, деректерден құралған және серверлерді басқаружүйелері мен процесстері өте аз болды. Бұл мәселелерді шешу үшін деректерді сақтау технологиясы қарапайым деректерді ішкі есте сақтау құрылғыларынан бастап деректер сақтаудың интеллектуалды желілік жүйесіне дейіндамыды. (1.4 суретті қара).

Рис. 1.4. Эволюция архитектуры хранения данных

Берілген технологияның бірнеше негізгі сатыларын қарстырайық:

  • Тәуелсіз дисктерден тұратын артық массив(READ-массив): берілген технология деректерді сақтау жүйесінін құн талаптарына, өнімділік пен қатынасқа сәйкестендіру үшін өңделген. Бұл технология ары қарай даму үстінде және барлық деректерді сақтау жүйесінде қолданылады, мысалы, DAS, SAN жүйелерінде және т.б.

  • Тікелей жалғанған деректерді сақтау жүйесі (DAS): берілген деректерді сақтау жүйесі серверге (негізгі желілік торапқа) немесе бір желідегі серверлер тобына жалғанады. Жүйе серверге орналасқан және сыртқы құрылғы да болуы мүмкін. Сыртқы DAS жүйесі деректер сақтаудың ішкі құрылғыларының шектелген көлемі мәселесін шешуге көмектесті.

  • Деректерді сақтау желісі (SAN): бұл сервер мен қор арасындағы тиімді блокты ақпарат алуға арналған жоғарғы өнімділікті талшықты арнайы желі. DAS жүйесіне қарағанда SAN жүйесі кеңейтілген қатынасуға оңай және арзан.

  • Деректерді сақтаудың желілік құрылғысы (NAS): файл-серверлік қосымшалар үшін деректер сақтаудың арнайы құрылғысы. SAN жүйесіне қарағанда NAS құрылғысы жергілікті желіге қосылады және желідегі барлық компьютерлер үшін файлдарға қатынасуға мүмкіндік береді. NAS құрылғысы файлдық сервер қосымшаларында деректерді сақтау үшін арнайы өңделген, ол қарапайым файлдық серверлермен салыстырғанда берілген құрылғы кеңейтілген, өнімді және рентабельді болып келеді.SAN (IP-SAN) интернет хаттамасы: IP-SAN SAN және NAS жүйелерінде қолданылатын технологиялардың бірігуін көрсететін деректер сақтау жүйесіндегі соңғы өңделген хаттама. IP-SAN жүйесі аралық және жергілікті желі (LAN және WAN), арқылы ақпараттың блоктық берілуін қамтамасыз етеді, нәтижесінде деректердің бірігуі мен оған қатынасу кең масштабтық деңгейде болады.

Деректерді сақтау технологиясы мен архитектурасы даму үстінде, ол ақпараттық активтерден алынатын максималды дивиденттерге жету үшін деректерді біріктіруге, қорғауға, оптимизациялауға мүмкіндік береді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]