Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
DKBZh_shpor.docx
Скачиваний:
270
Добавлен:
01.05.2015
Размер:
2.48 Mб
Скачать

Дәріс 2. Деректер қорын басқару жүйесінің негізгі түсінігі

 Дәрістің мақсаты: қолданбалы бағдарламалар мен деректер қорының арасындағы бағдарламалық интерфейстің құру мүмкіндіктерін көрсету және көп қолданушылардың деректер қорымен өзара әрекеттескендегі тапсырмадан шығатын ДҚБЖ негізгі қызметтерін қалыптастыру.

2.1. Файлдық жүйелердің кемшіліктері

Файлдық жүйеде ақпараттық жүйені негіздеуді шештік деп қарастырайық және арнайы кітапхана қызметі арқылы файлдық жүйенің базалық мүмкіндіктерін кеңейте отырып СЛУЖАЩИЕ файлдарының бірін қолдануды қарастырайық. Біздің жағдайда минималды ақпаратты бірлік қызметші болады, бұл файлда әр қызметші туралы бір жазба болу керек. Жоғарыда көрсетілген талаптарды қанағаттандыру үшін қызметші туралы жазбалар келесі өрістерден тұруы керек:

  • қызметшінің толық аты (СЛУ_ИМЯ);

  • оның құжатының номері (СЛУ_НОМЕР);

  • қызметші қызметінің сәйкестігі туралы деректер (СЛУ_СТАТ; қарапайым үшін «иә» немесе «жоқ»);

  • жалақы өлшемі (СЛУ_ЗАРП);

  • бөлім номері (СЛУ_ОТД_НОМЕР).

Біз осы СЛУЖАЩИЕ файлымен шектелетін болғандықтан, сол жазбада бөлім жетекшісінің аты да жазылу керек (СЛУ_ОТД_РУК). (Әйтпесе, номері белгеле бөлім жетекшісінің атын алу мүмкін болмас еді). Ақпараттық жүйе өзінің базалық қызметін тиімді қолдана алу үшін СЛУЖАЩИЕ файлына аз кілтпен СЛУ_ИМЯ и СЛУ_НОМЕР кілттік қатынас қамтамасыз ету керек. Кері жағдайда деректерді алу үшін қолданылатын операцияларды орындау үшін файл жазбасының орта есеппен жартысын тізбектеліп қарастыру керек. Бұдан басқа СЛУ_ОТД_НОМЕР мәні бар ортақ жазбаның барлығын тиімді таңдау мүмкіндігі қамтамасыз етілу керек, яғни тиімді емес кілт бойынша қатынас. Егер қатынастың арнайы мехнизмін қолдамаса, онда бөлім туралы деректерді алу үшін жалпы жағдайда файлды толық қарап шығу қажет. Талап етілген СЛУЖАЩИЕ файлының жалпы құрылымы 2.1 суретте көрсетілген. Бірақ бұл жағдайда да бөлім санын немесе жалақы өлшемін алу үшін жүйе берілген бөлімнің қызметшілері туралы барлық жзбаларды алып, сәйкес ортақ мәндерін есептеу керек.

Демек, біз файлдық база негізіндегі осындай қарапайым операциялық жүйені өңдеу кезінде пайда болатын келесі қиыншылықтарды көреміз:

  • файлдарға көпкілттік қатынас үшінкүрделі түзетулерді құру талап етіледі;

Сурет 2.1.  Қосымша деңгейіндегі СЛУЖАЩИЕ файлының құрылымы (бір файлдың жағдайы)

  • деректердің артықшылығы пайда болады (әрбір қызметші үшін бөлім жетекшісінің аты қайталанады);

  • жалпылама таңдау және бөлімдер туралы қосынды ақпарат алу үшін есептеулерд талап етіледі.

Бұдан басқа, егер жүйені эксплуатациялау кезінде жалақы алатын қызметшілердің тізімін беретін операцияны қамтамасыз ету керек болса, онда әрбір осындай операцияяны орындау кезінде файлды толық қарастыруға болады немесе СЛУ_ЗАРП өрістерін және кілттік сөздерді СЛУЖАЩИЕ файлына қайта құрылымдау керек.

Оқиғаны жақсарту үшін екі көпкілттік файлдарды қолдауға болады: СЛУЖАЩИЕ және ОТДЕЛЫ. Бірінші файл СЛУ_ИМЯ, СЛУ_НОМЕР, СЛУ_СТАТ, СЛУ_ЗАРП және СЛУ_ОТД_НОМЕР өрістерінен, ал екіншісі - ОТД_НОМЕР, ОТД_РУК (бөлім жетекшісінің қызметші құжатының номері), ОТД_СЛУ_ЗАРП (берілген бөлім құжатының жалақы өлшемі) және ОТД_РАЗМЕР (бөлімдегі қызметшілер саны). Бұл файлдардың құрылымы 2.2 суретте көрсетілген.

Сурет 2.2.  Қосымша деңгейіндегі СЛУЖАЩИЕ және ОТДЕЛЫ файлдарының құрылымы (екі файл мәселесі)

Бұл екі файлдың енуі алдыңғы абзацта көрсетілген көптеген ыңғайсыздықтарды шешуге мүмкіндік береді. Әр файл көшірілмейтін ақпаратты сақтайтын еді, бөлімдер бойынша ақпарат қосындысының динамикалық есептеулерінде қажеттілік болмас еді. Бірақ, мұндай өту кезінде біздің ақпараттық жүйеде ДҚБЖ жақындататын кейбір жаңа ерекшеліктер болуы керек.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]