Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
DKBZh_shpor.docx
Скачиваний:
270
Добавлен:
01.05.2015
Размер:
2.48 Mб
Скачать

1.7. Дербес компьютерлер дәуірі. Желілік және файлдық сервер технолгиясы ("файл-сервер" архитектурасы)

Тапсырма күрделілігінің артуы, дербес компьютерлердің және жергілікті есептеу желілерінің пайда болуы жаңа файл-сервер архитектурасының пайда болуына себеп болды. Бұл желілік қатынасы бар деректер қорының архитектурасы желідегі компьютердің біреуін оқшауланған сервер ретінде тағайындады жоспарлайды, онда деректер қорының файлы сақталады [[6]]. Қолданушылар сұраныстарына сәйкесфайл-сервердегі файлдар қолданушылар бекетіне беріледі, онда деректерді өңдеудің негізгі бөлімжүзеге асады.Орталық сервер негізінен деректерді өңдеуге қатыспай файл қоры рөлін атқарады (сурет 1.10).

Сурет 1.10 "Файл-сервер" архитектурасы

Жұмыс келесі түрде құрылған:

  • Деректер қоры түріндегі файл тізімі арнайы бөлінген компьютердің (файлдық сервер) қатқыл дискінде орналасады.

  • Клиент компьютерінен тұратын жергілікті желі бар,олардың әрқайсысында ДҚБЖ және ДҚ жұмыс істейтін қосымша орналасқан.

  • Әрбір клиент компьютерінде қолданушылар қосымшаны іске қосу мүмкіндігіне ие. Қолданушы интерфейс көрсетілген қосымшаны қолдана отырып ДҚ ақпаратты таңдау/жаңартуды иницияциялайды.

  • ДҚ барлық қатынастар ДҚБЖ арқылы өтеді, ол файлдық серверде орналасқан ДҚ физикалық құрылымы туралы мағлұматты ішінде инкапсуляциялайды.

  • ДҚБЖ файлдық серверде орналасқан қатынастарды иницияциялайды, нәтижесінде ДҚ файлдарының бір бқлігі клиент компьютеріне көшіріледі және өңделеді, ол қолданушы сұраныстарын орындауға мүмкіндік береді (деректерде қажетті операциялар орындалады).

  • Қажет болғанда (деректер өзгерген кезде) деректер қайта файлдық серверге ДҚ жаңартуға жіберіледі.

  • ДҚБЖ нәтижені қосымшаға қайтып жібереді.

  • Қосымша қолданбалы интерфейсті қолдана отырып, сұраныстардың орындалу нәтижесін сипаттайды.

" Файл-сервер " архитектурасының шекарасында алғашқы танымал dBase және Microsoft Access ДҚБЖ орындалды.

[6]әдебиетте берілген архитекраның келесілей негізгі кемшіліктері көрсетілген:

  • Қолданушылар жиынының бір декрекке бір уақытта қатынасуы кезінде жұмыстыі өнімділігі күрт төмендейді, өйткені деректермен жұмыс істеп жатқан қолданушы өз жұмысынаяқтағанын күту керек. Кері жағдайда бір қоданушымен жасалған, басқа қоданушылардың өзгерістерімен қателерді өшіру оқиғасы да болуы мүмкін.

  • ДҚ қатынасы кезіндегі кестеден ақпаратты таңдап алу сұранысын берген кезде ДҚ барлық кестесі клиент машинасына көшіріледі және таңдауды клиент орындайтындықтан есептеу жүктемесінің барлық ауыртпалығы клиент қосымшасына түседі. Демек, клиент компьютері мен желісінің ресурстары тиімді шығындалмайды. Нәтижесінде желілік трафик артады және қолданушы компьютерінің аппарат қуатының талабы артады.

  • Ереже бойынша, жеке жазбалармен жұмыс істеуге бағытталған навигациялық жақындау қолданылады.

  • ДҚ файл-серверінде құрылғылық құралдар (мысалы, Borland фирмасының Paradox және dBase файлдары үшін Database Desktop);, ) қосымшасын жанама өтіп, жеке кесиелерге өзгеріс енгізу әлдеқайда жеңіл; мұндай ДҚБЖ деректер қорында түсінік физикалыққа қарағанда логикалық түрде жеңілдетілген мүмкіндігімен түсіндіріледі, өйткені ДҚ деген дисктің жеке бумасындаға жеке кестелер тізімі деп түсіндіріледі. Мұның барлығы қауіпсіздіктің төменгі деңгейін айтуға мүмкіндік береді – ұрлап алып және зиян келтіру көзқарасы тұрғысынан қалай болса, қате өзгертулерді енгіз тұрғысынан да солай болады.

  • Жетік дамымаған транзакция құрылғысы мәндік және ақпараттық сілтемелік тұтастығы жоспарында бір жазбаға бір уақытта өзгерістер енгізу кезінде қателердің потенциалды көзі ретінде қызмет атқарады.

Қорытынды

Дәрісте көпқолданбалы ДҚБЖ өңдеген кездегі түрі архитектуралық шешімдер қарастырылды. Орталықтандырылған архитектура. Желілік және файлдық сервер технолгиясы ("файл-сервер" архитектурасы).

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]