Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
DKBZh_shpor.docx
Скачиваний:
270
Добавлен:
01.05.2015
Размер:
2.48 Mб
Скачать

1.3.1. Деректер

Деректер – нәтижелерді алуға болатын таза факторлар жиынтығы. Қолмен жазылған хат, басып шығарылған кітап, отбасылық сурет, видеопленкадағы кино, шығарылған және қол қойылған құжаттар, банк бухгелтериясы және шот иесінің жинақ кітапшасы – мұның барлығы деректер мысалы.

Компьютерлік дәуірдің басталуына дейін деректер қағаз жүзінде немесе пленка арқылы таратылды. Бүгінде осы деректерді ыңғайлы формаға келтіруге болады, мысалы, электрондық хабарлама, электронды кітап, растрлық бейне немесе цифрлық кино. Бұл деректерді компьютерде құрып және 1.2. суретте көрсетілгендей нөл мен бірліктерден тұратын жолдар сияқты электронды түрде сақтауға болады. Мұндай деректер қоры цифрлық деректер деп аталады, олар компьютерлік өңделуден кейін қолданушыға рұқсат етілген болады.

Компьютерлік технология мен техникалық байланыс құралдарының дамуына байланысты деректерді құру жылдамдығы мен деректерді алмастыру жылдамдығы геометриялық прогрессияда артты. Цифрлық деректердің артуына себеп болған бірнеше факторлар:

  • Деректер қорын өңдеу кезіндегі өнімділіктің жақсатуы: қазіргі компьютерлер

Деректерді өңдеу және сақтау өнімділігінарттыру мүмкіндігін береді. Бұл әр түрлі ақпарат тасушыларға контенттің ұлттықтүрлерін цифрлық форматтарға түрленуіне мүмкіндік береді.

  • Цифрлық құрылғылардың бағаларының төмендеуі: технологиялық прогресс және деректерді сақтау құрылғысының құнының төмендеуіқымбат емес шешімдердің пайда болуына және арзан деректерді сақтау құрылғыларының өңделуіне себепші болды. Бағалардың төмендеуі өндіріс көлеміне және деректерді сақтаудың артуына мүмкіндік туғызды.

Сурет 1.2. Цифрлық деректер

  • Жоғары жылдамдықты технологияның пайда болуы: қазіргі таңда цифрлық деректерді алмастыру жылдамдығы ұлттық әдістерден асып түсуде. Қолмен зазылған хатты қабылдаушыға жеткізу бір апта уақытты алады, ал электронды хатты алушыға жөнелту бірнеше секунд уақытты ғана алады.

Деректер қорының қымбат емес және қарапайым құрылу түрі, бизнес пен жеке тұлғалардың дамып жатқан қажеттіліктерінде деректер қорының барлық түрлерін жинау және сақтау ақпараттық бум деген атаумен белгілі деректер көлемінің жылдам дамуына әкеліп соқты. Сондықтан, ақпараттық бумға әртүрлі деңгейде коммерциялық кәсіпорындар мен жекетұлғалар әсерін тигізді.

Уақыттың өтуіне байланысты деректердің мәнділігі (значимость) мен қажеттілігі өзгереді. Көп жағдайда құрылатын деректердің мәнділігі қысқаша сипатта болады, ал уақыт өте келе ондай деректер құнсызданады. Бұл деректерді сақтау үшін қолданылатын шешімдер типін анықтайды. Жеке тұлғалар деректерді түрлі құрылғыларды, яғни қатқыл дискте, CD/DVD дисктерде немесе флэш-жадылы USВ-құрылғыларында сақтайды.

1.3.2 Ақпарат

Құрылымданған және құрылымданбаған деректер кәсіпорындар мен жеке тұлғалардың мақсатын мағыналы формада көрсетілмесе орындамайды. Кәсіпорындар міндетті түрде мағынасына қарай қажетті деректерді талдап және ерекшелек керек. Ақпарат – бұл деректерден алынатын мағлұматтар мен білім.

Кәсіпорындар белгілі бір мәнге ие тенденцияларды шығару үшін шығыс деректерді талдайды. Осы тенденцияларға сүйене отырып, компания өзінің мүмкіндіктерін жоспарлап жәнеөзгерте алады. Мысалы, сатушы тауарға инвентаризация жүргізіп және сатып алу тарихын талдай отырып, алушыларға қажет тауарлар мен сауда белгілерін есептеп шығарады.

Деректерді тиімді талдау бар кәсіпорындарға тек қана пайда әкелмейді, сонымен қатар, ақпаратты өнімді пайдалану кезінде жаңа іскерлік мүмкіндіктерге потенциал құрады. Мысалы, еңбек биржасының порталы.

Танымал жұмыс берушілердің ізденушілері түйіндемелерді жұмыс істеу жүйесін ұсынатын түрлі сайттарға орналастырады. Бұл сайттар түйіндемелерді жинайды және оларды танымал жұмысберушылер үшін көруге ыңғайлы бөлімдерге орналастырады. Сондай-ақ, жұмыс іздеу сайттарында компаниялар қажет мамандардың бос орындарын орналастырады. Сәйкесінше, іздеу бағдарламасы түйіндемелердегі кілттік сөздерді тауып алып, оларды бос орындардағы кілттік сөздермен байланыстырады.

Бұл ақпаратты білу бизнес пен сәттіліктің критикалық көрсеткіші болғандықтан, оған қатынаса алу және қорғау қажеттілігі де бар.

Деректерге қатынасу және оларды қорғау бойынша заңдар, шешімдер және келісімді жағдайлар бұл қажеттілікті тек арттырады. Сағатына миллион доллар болып есептелетін қаржылық операциялар, телекоммуникация, кәсіпорын, бөлшектік сатылым және энергетика сияқты кілттік секторлар жүйесінің істен шығуы шығынға алып келеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]