Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
DKBZh_shpor.docx
Скачиваний:
270
Добавлен:
01.05.2015
Размер:
2.48 Mб
Скачать

10.2. Реляционды модельдің бүртұтастық бөлігі. Қазіргі дқбж деректер біртұтастығының жүзеге асу шарттары.

Деректре қорының біртұтастығы ретінде пәндік аймақты толық және адекватты бейнелейтін ақпарат. Реляционды ДҚ біртұтастығын қолдану келесі талаптарды орындауға негізелген.

1. Бірінші талап негіз біртұтастығының талабы деп аталады. Реляционды деректер қорындағы нақты әлем негізі немесе объектісі қатынас кортеждеріне сәйкес келеді. Нақты талап катынастың кез келген кортежін осы қатынастың кез келген басқа кортежінен ерекшелеуде. Егер жүйеде қатынастың базалық қасиеттері бұзылмаса, бұл талап автоматты түрде қанағаттандырылады.

2. Екінші талап сілтеме бойынша біртұтастық талабы деп аталады. Егер қатынастардың қалыптандыруларын қадағалаған кезде нақты әлемніңкүрделі негіздері реляционды ДҚ бірнеше қатынастардың бірнеше кортежі түрінде көрсетілетіні анық. Қатынастар арасындағы байланыс кілт миграциясы көмегімен жүзеге асады.

Сыртқы кілттің мысалы.

СТУДЕНТ (Студент коды, Тегі) ЕМТИХАН тапсырады (Студент коды, Пәні, Бағасы).

ЕМТИХАН негізінің Студент коды атрибуты сыртқы кілт деп аталады, оның мәні кейбір басқа қатынас кортеждерімен яғни Студент қатынасымен көрсетілетін негіздерді сипаттайды (Студент коды өрісі Студент қатынасының кілті болып табылады).

Сыртқы кілті анықталған қатынастар осындай атрибут сыртқы кілт болатын сәйкес қатынастарға сілтенеді.

Сілтеме бойынша біртұтастық талабы немесе сыртқы кәлттің талабы сілтеме баратын қатынастағы сілтенетін қатынастың әрбір ыртқы кілт мәні үшін бастапқы кілт мәні бар кортеж табылуы тиіс немесе сыртқы кілт мәні белгісіз болу керек.

Негіз біртұтастығының шектеуі және сілтеме бойынша ДҚБЖ қолдау көрсету керек. Негіз біртұтастығын қадағалау үшін кез келген қатынаста бір ғана мәнібар сыртқы кілттің болмауына кепілдік беру жеткілікті (Access-те ол үшін арнайы біртұтастық өрістің – «Санауыш» типті өрістің жүзеге асуына арналған). Сілтемебойынша біртұтастық жұмыстар күрделірек болады.

Сілтенетін қатынас жаңарған кезде (жаңа кортеждерді енгізу немесе бар кортеждерде сыртқы кілт мәнінің модификациясы) сыртқы кілттің ұсқынсыз мәндерінің пайда болуын қадағалау жеткілікті.

Бірақ, сілтеме жасалатын қатынастан кортежді жою кезінде не істек керек?

Мұнда сілтеме бойынша біртұтастыққа қолдау көрсететін үш жақындау бар. Бірінші жақындау сілтенетін кортеждерді жоюға тыйым салады (алдымен сілтенетін кортеждерді жою керек немесе олардың сыртқы кілттерін сәйкесінше өзгерту). Екінші жақындауда сілтенетін кортеждерді жойған кезде барлық сілтенетін кортеждерде сыртқы кілт мәні автоматты түрде белгісіз болады. Үшінші жақындау сілтеме жасалатын қатынастан котеждерді жою кезінде сілтенетін қатынастардан барлық кортеждер автоматты түрде жойылады.

Дамыған реляционды ДҚБЖ-де әдетте сыртқы кілтті анықтайтын жеке оқиға үшін сілтеме бойынша қолдау көрсету тәсілдерін таңдап алуға болады. Әрине, мұндай шешімді қабылдау үшін нақты пәндік аймақтың талаптарын талдау керек.

Барлық қазіргі ДҚБЖ негіз біртұтастығын және сілтеме бойынша біртұтастыққа қолдау көрсетеді, бірақ, қолданушыларға берілген шектеулерді өшіруге, яғни реляционды деректер моделіне деректер қорын құруға рұқсат бермейді.

Реляционды модльдің негізгі қағидасынан шеттеу кету қысқа мерзімді ұтысқа алып келетінін тәжірибе көрсетуде – алгоритмдер қарапайымдау болады, бірақ, нәтижесінде тапсырманы, әсіресе оның қолдауын қиындатады.

Дамыған реляцинды ДҚБЖ-де әдетте сыртқы кілтті анықтаудың әрбір жеке оқиғасы үшін сілтеме бойынша біртұтастықты қолдау тәсілдерін таңдап алуға болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]