Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
DKBZh_shpor.docx
Скачиваний:
270
Добавлен:
01.05.2015
Размер:
2.48 Mб
Скачать

7.3 Жергілікті мдельдерді біріктіру

Бұл сатыда алдын ала құрылған жергілікті модельдердің жеке қолданушылар көрсетілімдері бір концептуалды модельге бірігеді. Жергілікті модельдердің бірігуі келесі жолдармен жүзеге асады:

  • идентивті элементтердің бірігуі;

  • әр түрлі модель негіздерінің тізімдері арасындағы байланысты орнату;

  • әр түрлі модель элементтерінің арасындағы байланысты көрсету үшін жаңа агрегатты элементтерді енгізу;

  • негіздерді жалпы негіз ретінде қарастыруға мүмкіндік беретін түрлі негіз типтерінің жалпылануы.

Сол жолдардың әрқайсысын арастырайық.

Идентивті элементтерді біріктіру

Егер бірдей түсінікті мәндер болса, екі немесе одан да көп элементтер моделі идентивті.

Идентивті элементтері бар модельдердің бірігуі сол элементтердің «бірігу» жолымен жүзеге асады. 1 және 2 модельдердегі МАМАНДЫҚ негізінің екі тізімі бірдей мәні болады (сурет 7.1) және бір негіз тізімімен ауыстырылуы мүмкін (сурет. 7.2).

Сурет 7.1  Идентивті элементтері бар модельдер

Сурет 7.2  Біріктірілген модель

Әр түрлі модель негіздерінің тізімдері арасында байланысты орнату

Модельдерге бірігетін негіз тізімдерін қарастыру кезінде олардың арасында байланыс пайда болу керек, яғни нақты осы байланыстар нәтижесінде интегрирленген деректер қорын анықтайды.

Агрерирленген элементтерді енгізу

Модельдерді біріктіру кезінде түрлі модель элементтері арасындағы байланыс жаңа элемент ретінде қарастырылады.

Ақпараттық көрсетілімді модельдеудің мысалы ретінде студенттердің емтихан тапсыруын қарастыруға болады. Жергілікті көрсетілімдер қатарын көрсетуге болады (сурет 7.3).

Сурет 7.3  Жергілікті көрсетілімдер

Жергілікті көрсетілімдерді біріктіре отырып жаңа байланыстарды орнатамыз (сурет 7.4).

Сурет 7.4  Жергілікті көрсетілімдердің бірігуі

Жоғарыда айтылғандай, модель жетілгендігінің көрсеткіші қолданушы сұраныстарына жауап беру мүмкіндігі болады және байланыстарды орнату да осы мақсатты қарастырады. Қарастырылатын модельдің қандай да бір байланысы енгізілсе де, «А студенттің В пәні бойынша қандай баға алғандығына» жауап беру мүмкін емес. Бұл жағдайда агрегация принципін қолдану керек – модель элементтерінің арасындағы қажет байланысты кейбір жаңа элемент ретінде енгізуге болады. Берілген мысалда осы жаңа агрегатты СТУДНТ ЕМТИХАНЫ ретінде қарастыруға болады (сурет 7.5).

Ары қарай жергілікті модельдердің бірігу процесі қарапайым түрде жалғасады.

Сурет 7.5  Агрегатты элемен

Негіз типтерінің жалпылануы

Әр түрлі факультеттің жергілікті моельдерін қарастырайық, мысалы, есептеу математикасы және кибернетика (ЕТК) факультетінің моделі, экономикалық факультетінің моделі және т.б. ЕТК факультетінің жергілікті моделіне ЕТК ФАКУЛЬТЕТІНІҢ МАМАНДЫҚТАРЫ және ЕТК ФАКУЛЬТТІНІҢ СТУДЕНТТЕРІ негіздері кіреді, экономикалық факультеттің жергілікті моделіне ЭКОНОМИКАЛЫҚ ФАКУЛЬТЕТ МАМАНДЫҚТАРЫ және ЭКОНОМИКАЛЫҚ ФАКУЛЬТЕТ СТУДЕНТТЕРІ сәйкес (сурет 7.6).

Сурет 7.6  Элемент тектес модельдер

ЕТК ФАКУЛЬТЕТІНІҢ МАМАНДЫҚТАРЫ және ЭКОНОМИКАЛЫҚ ФАКУЛЬТЕТТІҢ МАМАНДЫҚТАРЫ негіздерінің екі тізімі 1 және 2 модельдерде бірдей түсінікті мәнге ие болады және факультет атауы жаңа атрибутын енгізген кездегі негіз тізімімен ауыстырылады (рис. 7.7).

Сурет 7.7  Жалпылама негіз мысалы

Берілген жағдайда факультеттің жергілікті модельдерінің негізін ЭКОНОМИКАЛЫҚ ФАКУЛЬТЕТ СТУДЕНТТЕРІ және ЕТК СТУДЕНТТЕРІ негіздерінде бірдей мән болған жағдайда және біріктіруге болатын кезде ғана біріктіріледі. Бірақ, жалпы жағдайда әрбір жергілікті модель басқа жергілікті модельдерде жоқ негіз бен байланыстардан тұрады.

Басқа мысалды қарастырайық. Студенттер туралы деректерді (тегі, аты, әкесінің аты, курсы, тобы) және оқытушылар туралы деректерді (тегі, аты, әкесінің аты, кафедра, дәрежесі) сақтаймыз. Сәйкесінше, пәндік аймақта СТУДЕНТ және ОҚЫТУШЫ екі негізін белгілейміз.

Бұл әр түрлі негіздерді кейбір жағдайда тектес модельдер ретінде қарастыруға қарастырады. Сәйкес негіздерді жалпылау үшін, ең алдымен, олардың атрибуттарын жалпылау керек. «Тегі, аты, әкесінің аты» атрибуттары «Кафедра» және «Курс» негіздері сәйкес келеді, «Тобы» атрибуты оқу орнын көрсетеді және оны «Жұмыс орны» жалпыланған атрибутымен ауыстыруға болады. «Лауазым» атрибутын СТУДЕНТ негізін де де қолданылады, егер сәйкес атрибуттың мәні ретінде «студент» мәнін қолдануға болады. Сонда ОҚЫТУШЫ және СТУДЕНТ негіздерін тектес эелементтер терінде қарастырып және оларды жалпыланған негізге ауыстыруға болады. Осы жалпыланған негізге КАДРЛЫҚ БІРЛІК атауын берейік (рис. 7.8).

Сурет 7.8  Жалпыланған негіз мысалы

Студенттің «Жұмыс орны» атрибуты «Курс», «Тобы» атрибуттарының сәйкес мәнін, ал оқытушылар кафедра атауын қабылдайды. Жалпыланған модель 7.9 суретте көрсетілген.

Сурет 7.9.  Жалпыланған модель

Бұл жағдайда концептуалды модельдің құрылымы екі есе және, сәйкесінше, деректер қорының құрылымы жеңілдейді. Оқытушылар және студенттер туралы деректермен жұмыс істеу үшін бір бағдарлама тізімі жеткілікті. Демек, тектес объектілер типін жалпылау бағдарламалауға кететін шығынды азайтады.

Жергілікті көрсетілімдердің бірігу үдерісі жергілікті модельдеу кезіндегі сияқты атауларына түзетулер енгізіледі. Бірігу үдерісі итерациялық сипатта болады және барлық көрсетілімдер толық итерцияланып, келісіліп және ондағы барлық кемшіліктір жойылып, барлық атаулары түзетілмегенше жалғасады. Жергілікті көрсетілімдердің бірігуі нәтижесінде алынған жалпыланған көрсетілім және концептуалды модель болып табылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]