Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
DKBZh_shpor.docx
Скачиваний:
270
Добавлен:
01.05.2015
Размер:
2.48 Mб
Скачать

9.3 Дқбж негізгі терезесі және деректер қорымен жұмыс жасау үшін басқару элементтері

Visual FoxPro-дағы деректер қоры – бұл кестелер (Table), көріністер (View) және олардың арасындағы қатынастар жиынтығы. ДҚ құрамына сондай-ақ, ДҚ-ғы деректер тұтастығын тексеретін күрделі ережелерді сипаттау үшін қолданылатын сақтаулы процедуралар (Stored Procedures), сонымен қатар, сыртқы деректер көзімен байланысу үшін қолданылатын бірігулер (Connections) кіреді. ДҚ файлдарының dbc кеңейтулері бар және олар құрамынакіретін компоненттер туралы ақпаратты сақтайды.

Visual FoxPro-да деректер қорын құру деректер қорын құрудың визуалды құралдарының көмегімен интерактивті режимде – келесідей мүмкіндік беретін ДҚ конструкторында (Database Designer) жүзеге асады:деректер көрсетілімін, сақталатын процедураларды, кестелерді құруға және модификациялауға; бос кестелерді енгізуге; кестелер үшін индекс анықтауға; формалар мен есептер құрғанда кестелер арасындағы қатынастарды орнатуға.

Деректер қорын құру үшін Visual FoxPro жүйелік мәзірінқолдана отырып ДҚ конструктор терезесін ашу керек. Ол үшін File (Файл) мәзірінде New (Новый) командасы таңдалып алынады.

Ашылған New диалогты терезесінде Database (Деректер қоры) опциясын орнатып және New file (Жаңа файл) пернесін басу керек. Create терезесінің Enter өрісінде құрылатын деректер қорының атауынберу керек. Файл типі өрісінде сақталатын dbс файлының типі орнатылғанына көз жеткізіп, ал Сақтау ашылатын тізімінде құрылатын деректер қоры орналасатын бума дұрыс көрсетіледі, Сақтау персесін басу керек.

Database Designer (деректер қорының конструкторы) деректер қорының бос терезесі ашылады (сурет 9.2). Database Designer саймандар тақтасын қолдана отырып, Database мәзір командасы және контестік мәзір қолдана отырып, деректер қорының констуктор терезесінде бос кестелерді қосуға, жаңа кестелер мен көріністер құруға, сәйкес кестелерді модификациялауға және жоюға, оларға индекс құруға, кестелер арасында бқатынас орнатуға мүмкіндік береді.

Сурет 9.2 - Database Designer терезесі

Деректер қорын құрудың басында деректер қорының конструктор терезесі бос болады. Деректер қорының конструкторында жаңа кестелерді құрып және сәйкестерін модификациялау үшін Database мәзір командаларын қолдануға болады:

  • New Table (Жаңа кесте) – жаңа кестені құрады;

  • Add Table (Кесте қосу) – деректер қорына алдын ала құрылған бас кестені қосады;

  • New Remote View (Жаңа жойылған көрініс) – жойылған деректер көрінісін құрады;

  • New Local View (Жаңа жергілікті көрініс) – жергіікті деректер көрінсін құрады;

  • Modify (Модификациялау) – кесте конструкторында кестені ашады;

  • Browse (Кесте сипаты) –Browse режимінде кесте құрамын көрсетеді;

  • Remove (Жою) – деректер қорынан кестені жояды;

  • Edit Stored Procedures (Сақталатын процедураларды өңдеу) – сақталатын процедураларды өңдеу терезесін ашады;

Деректер қоры конструкторының терезесінде жұмыс істеу үшін тышқанның сол жақ батырмасынбасу арқылы шақырылатын жанама мәзірді қолдануға болады. Ол жиі қолданылатын Database мәзір командасын, сұрау жүесінің шақырту командасын, сонымен қатар деректер қорының конструктор терезесінде объектілердің орнатылған деңгейлерін ашу және жабу үшін арналған команды Expand All (Барлығын ашу) и Collapse All (Барлығын жабу) командаларынан тұрады.

Database Designer саймандар тақтасы деректер қорында жиі қолданылатын пернелерден тұрады. Егер Database Designer саймандар тақтасы экранда көрінбесе, онда View (Түрі) мәзірінде Toolbars (Саймандар тақтасы) командасын таңдау керек. Toolbars диалогты терезесі ашылады, онда Database Designer бөлімінде жалауша қойылады.

Database Designer саймандар тақтасының түрі 9.3 суретте көрсетілген.

Сурет 9.3 - Database Designer саймандар тақтасы.

Қорытынды: Дәрісте қазіргі уақытта кең таралған ДҚБЖ деректер моделінің, яғни реляционды модельдің қалыптасуымен байланысты сұрақтар қарастырылды. Реляционды модельдің формальды сипатталуы және оның негізінде алынған математикалық тәсілдер және алгоритмдер реляционды деректер қорын жобалаудың қадамдар қатарын қалыптастыруға, тиімді деректер қорының құрылымы мен тиімді өңдеу алгоритмін алуға мүмкіндік береді. Мұнда қатынастардың қалыптасқан сипаты, реляциондық модельдегі деректерді манипуляциялау (реляциялық есептеу және реляциялық алгебра, реляциялық алгебраның негізгі операциялары) құралдары қарастырылады. Реляционды алгебраның тізбектеле қалыптасқан операциялары ретінде сұраныстар көрсетілімінің мысалы келтірілген.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]