Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
DKBZh_shpor.docx
Скачиваний:
270
Добавлен:
01.05.2015
Размер:
2.48 Mб
Скачать

8.5 Концептуалды модельдің автоматтандырылған жобалау жүйесі

Концептуалды модельдің автоматтандырылған жобалау жүйесі қазіргі уақытта үлкен сұранысқа ие және деректер қорының құрылымын және деректерге қатынасу үшін қолданушы интерфейсін құру кезінде жүзеге асады.

Бұл құралдардың өзгеру себебі бағдарламалық қамтамасыздандырудың бірнеше нұсқаларын құру кезінде қарастырылатын бағдарламалық қамтамасызданудың өмірлік циклін спиральді модельдің деректер қорын нақты өңдеу кезінде қолданудан тұрады.

Әрбір келесі нұсқа алдыңғысынан тұрады және алдыңғы нұсқаны тестілеу нәтижесінде алынған қолданушының ескертулеріне жауап ретінде қарастырылады. Деректер қорын құрған кезде бағдарламалық қамтамасызданудың алғашқы моделі, өкінішке орай, сирек жағдайда сәтсіз болып табылады. Көп жағдайда сұраныс беруші бірінші нұсқаны қабылдамайды, себебі ол оның талаптарына жауап бермейді. Мұндай оқиғаның себебі сұраныстың бағдарламаның бастапқы нұсқасы құрылғанға дейін өзінің талаптарын толық және нақты қалыптастыру болып табылады. Әдетте бағдарламалық қамтамасызданудың бастапқы нұсқасын алғаннан кейін сұраныс беруші құрылған деректер қорының шегінде жүзеге асуға болмайтын қосымша талаптарды көрсетеді. Бұл өңдеушілерді деректер қорының құрылымына өзгеріс енгізуге, сонымен қатар сәйкесінше деректер қоры үшін қолданушы интерфейсіне мәжбүрлейді. Мұндай итерациялар сұраныс берушінің адекватты сұраныстарынан шешім алған уақыттан бастап бірнеше болуы мүмкін. Бірақ, қанағаттанарлық шешім алғаннан кейін де деректер қорын өңдеу процесі аяқталмайды. Өмір бір орында тұрмайды, сұраныс берушілердің сұраныстары уақыттың өтуіне байланысты өзгереді. Бұл өзгерулердің бөлігін тек қана қолданушы интерфейсін өзгерте отырып, деректер қорының құрылымын өзгертпей жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Мұндай өзгерістердің еш зияны жоқ – оларды енгізу жұмыстары күрделі, жағымсыз болып, жөндеуден өткен бағдарламалық кодтың үлкен мөлшерін ауыстыруды талап етуі мүмкін. Басқаша айтқанда, ауыстырылған код бекер жазылған, шындығында оны жазбаа да болады.

Демек, жұмысқа қабілетті деректер қорын құруды үш сатыға бөлуге болады – жұмыс прототиптері құрылатын деректер қорын жобалау, кодалау – деректер қоры құрылымын құру және қолданушының аяқталған интерфейсі мен дайын деректер қорын жетектеу.

Деректер қорын автоматтандырылған жобалаудың құралдарын қолданудың негізгі идеясы қолмен кодту үдерісі тек қана жобалау үдерісі аяқтлғаннан кейін басталуда жатыр.

Жобалау барысында деректер қорының сұлбасы және қолданушы интерфейсі CASE-құрылғылары (Computer Aided Software/System Engineering) көмегімен концептуалды модель сипатынан шыға отырып, деректер қорына ену үшін автоматты түрде құрылады. Әрине, мұндай жолмен құрылған интерфейс аяқталған бағдарламалық өнім болмайды, бірақ ол сұраныс берушіге соңғы өнім қабілеттерін бағалауға және түзетулер енгізуге мүмкіндік береді. Сұраныс беруші жұмыс проотипін мақұлдағанан кейін ғана өңдеушілер қолмен кодтауға, яғни аяқталған қосымшаны құруға мүмкіндік береді.

Жетектеу кезінде барлығы қайталанады, бірақ қосымша толық генерацияланбайды, тек оның өзгрету керек бөлігі ғана генерацияланады.

Тәжірибеде көп жағдайда CASE-құралдар ER-диаграмма түрінде деректер қорының құрылымын құру үшін және деректер қорынгенерациялауда нақты ДҚБЖ үшін қолданылады. Сұраныс берушіден өзгерістерді алғаннан кейін өңдеушілер «негіз-байланыс» диаграммасына сәйкес түзетулер енгізеді және деректер қорының құрылымын генерациялайды. Интерфейстерді автоматты генерациялау құралы жиі қолданылады.

Қазіргі уақытта тәжірибеде әрбір ДҚБЖ қолданушысы автоматтандырылған жобаланудың жеке бағдарламалық өнімін ұсынады. Бұл Oracle Designer (Oracle), Power Desinger (Sybase) және басқалары. Берілген бағдарламалық өнімдердің демонстрациялық нұсқаларын сәйкес (www.oracle.com, www.sybase.com) жүктеуге болады. Бұдан басқа нарықта ДҚБЖ өндірмейтін үшінші фирмалар шешімдері де бар. Олардың ішінде кеі таралғандары AllFusion – AllFusion ERwin Data Modeler и AllFusion Process Modeler (ранее – BPwin) және басқалар. Ресей нарығында мұндай бағдарламаларды Interface Ltd. (http://www.interface.ru) фирмасы ұсынады. «Негіз-байланыс» диаграммасын құру AllFusion ERwin Data Modeler көмегімен жүзеге асады, деректер қорын құрудағы бағдарламалық код генерациясын қосқанда оның ары қарай модельденуі AllFusion Process Modeler бағдарламасының көмегімен жүзеге асады.

Деректер қорының моделін құрғаннан кейін ДҚ құрылымын оптимизациялау керек және оның талаптар мен оның өңдеу жылдамдығына толық сәйкестігіне қол жткізу керек. Визуалд модельдеу құрылатын деректер қорының сапасын, өнімділігін және оның құрылу жылдамдығының сапасын арттырады.

Interface Ltd. сайтында AllFusion ERwin Data Modeler демонстрациялық нұсқа үшін қатынас орнатылған, ол уақыт бойынша шектелген толық функционалды нұсқаны көрсетеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]