Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
DKBZh_shpor.docx
Скачиваний:
270
Добавлен:
01.05.2015
Размер:
2.48 Mб
Скачать

7.4. Концептуалды деректер моделінің құрылу мысалы

Қорытынды ретінде «Қорек көзі» деректер қорының инфологиялық моделінің құрылу мысалын қарастырайық, онда тағамдар, олардың күнделікті қолданылуы, тағамдар жасалатын өнімдер және сол өнімдерді жеткізушілер туралы ақпаратты қарастырайық.

Модельдің ER-диаграммасы 7.10 суретте көрсетілген.

 

Сурет 7.10. «Қорек көзі» деректер қорының инфологиялық моделі

 Таратылған инфологиялық модельдер үшін мысалы 7.11 суретте көрсетілген «Кесте-байланыс» инфологиялық модельдеу тілін ұсынуға болады. Ондағы барлық негіздер негіз атауы мен типінен тұратын атаулы бір бағанды кестелермен бейнеленеді. Кесте жолдары – бұл негіз атрибуттарының тізімі, ал ондағы бастапқы кілтті құратындар оның қасында орналасып, қоршауға алынады. Негіздер арасындағы байланыстар бастапқы кілттен немесе оның құраушыларынан бағыттауышпен бағытталады.

 

Сурет 7.11. «Кесте-байланыс» тілінің көмегімен құрылған деректер қорының инфолгиялық моделі.

Деректер қорының инфологиялық моделі құрылғаннан кейін датаогиялық модельді жобалау процедурасының келесі қадамдарын орындау керек:

1.   Деректер қорының кестесі (базалық кесте) арқылыәрбір өзекті көрсету және сол базалық кестенің бастапқы кілтін арнайыландыру.

2.   Әрбір ассоциацияны («көпке-көп» немесе «көпке-көп-көп») базалық кесте ретінде қарастыру. Бұл кестеде ассоциация қатысушыларын идентификациялау үшін сыртқы кілттерді қолдану және әрбір сыртқы кілттермен байланысты шектеулерді арнайыландыру.

3. Әр мінездемені  сол мінездемемен сипатталатын, негізді идентификациялайтын сыртқы кілті бар базалық кесте ретінде көрсету. Бұл кестенің сыртқы кілтіндегі шектеулерді және бастапқы кілтін арнайыландыру – ықтималдық бойынша сипатталатын негіздің тиімділігіне кепілдік беретін сол сыртқы кілттің комбинациясы мен қасиеті.

 4.  Алдыңғы бөлімде қарастырылмаған әр көрсетілімді көрсетілетін негізі идентификациялайтын сыртқы кілті бар базалық кесте ретінде көрсету.

5.  Әрбір қасиетті сол қасиет сипатымен сипатталатын базалық кестедегі өріс ретінде көрсету.

6.  Жобадағы қандай да бір болжаусыз істен шығуларды жою үшін қалыптантыру процедурасын орындау. Қалыптандыру – кестенің екіге немесе одан да көп бөліктерге бөлінуі, олар қосылғанда, өзгертілгенде, немесе деректерді жойғанда жақсы қасиеттерге ие болады. Қалыптандырудың негізгі мақсаты деректер қорының жобасын алу үшін қолданылады, ондағы әрбір факт бір жерде ғана кездеседі, яғни ақпараттың артықшылығы шектеулі. Бұл жадыны үнемдеу мақсатында, сонымен қатар деректерді сақтау мүмкіндігін шектеу үшін қолданылады.

Қалыптандыру ережелері бойынша жобаланған деректер қоры деректер артықшылығын және сақтау үшін қажетті кеңістік өлшемін азайтатын қарапайым қалыптандырылмағандығынан кестелер санынан тұрады.

7. Егер қалыптандыру үдерісінде қандай да бір кестенің бөлінуі жүзеге асса, онда инфологиялық деректер қорын модификациялау және аталған қадамдарды қайталау керек.

8. Жобаланатын деректер қорының біртұтастық шектеулерін көрсету және алынған кестелер мен өрістердің қысқаша сипатын беру.

Сілтемелік біртұтастық - бұл байланысқан кестелер арасында қатынастардың нақтылығана кепілдік беретін және кездейсоқ жою мүмкіндігін шектейтін немесе өзара байланысқан деректер бөлігін өзгертетін ережелер жүйесі. Сыртқы кілті бар кестенің әрбір жолы үшін сілтемелік біртұтастық бастапқы кілті бар кестенің сәйкес жолдарының болуын нақтылайды, егер ол сыртқы кілті бар кестемен осы әрекетті орындау үшін байланысса, алдымен кестелер арасындағы қатынасты жою керек. Сілтемелік біртұтастықты қайталап тексеру деректер қорының эволюциясы бойынша маңызды деректер нақты болып қалады. Сонымен қатар, сілтемелік біртұтастық кестедегі сәйкес мәндердің өзгеруіне байланысты олардың сыртқы кілттерінің бірі бастапқы кілттен басқа мәнге ие болады.

Төменде қабылданатын жоба шешімдерін тіркеу үшін ұсынылатын қосымша синтаксисі көрсетілген.

КЕСТЕ ҚҰРУ Құрамы *( Тағамдар мен өнімдерді байланыстыру )

БАСТАПҚЫ КІЛТ ( ТҒ, Ө )

СЫРТҚЫ КІЛТ ( ТҒ-нан тағам

NULL-мәні ЖІБЕРІЛМЕЙДІ

Тағамнан ЖОЮ ҚАРАСТЫРЫЛАДЫ

Тағамның ЖАҢАРУЫ .ТҒ ҚАРАСТЫРЫЛАДЫ)

СЫРТҚЫ КІЛТ ( ТҒ өнімнен

NULL-мәні ҚАРАСТЫРЫЛМАЙДЫ

Тағамнан ЖОЮ ҚАРАСТЫРЫЛАДЫ

Тағамның ЖАҢАРУЫ .ТҒ ҚАРАСТЫРЫЛАДЫ)

ӨРІС ( ТҒ Тұтас, ТҒ Тұтас, Салмағы тұтас )

Шектеулер (1 Тғ өрістерінің мәні және Тғ ПР

сәйкес кесте өрістерінің таңдау мәніне қатысты

Өнімдер және тағамдар; істен шыққанда хабарлама шығады

"Мұндай тағам жоқ" немесе "Мұндай өнім жоқ

2. Салмағы өрісінің мәні

0.1 ден 500 г. аралығында );

SQL тілінденегізделіп қарастырылған деректерді сипаттау тілі кез-келген нег3зд34 сипатын ыңғайлы және толық сипаттауға мүмкіндік береді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]