Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
DKBZh_shpor.docx
Скачиваний:
270
Добавлен:
01.05.2015
Размер:
2.48 Mб
Скачать

Дәріс 10 Деректер қорының біртұтастығы

Деректер қорында біртұтастықты ұстанатын шектеу шарттары.Категориялы біртұтастық ережесі. Сілтемелер деңгейінде біртұтастық ережесі.

10.1. Біртұтастық шектеулері

Деректер қорының біртұтастық түсінігіне толық және пәндік аймақты адекватты сипаттайтын ақпарат жатады.

Деректер қорына енетін деректердің үлкен көлемі (деректер түрлі қолданушылармен енгізіле алады) енгізу қатесінің үлкен санын қамтамасыз етеді. Ақпаратты ұлттық «қағаздағы» өңдеу кезінде дұрыс жазылмаған

Деректер көп кездеседі. Бірақ, адамдар белгілі деректермен жұмыс істегенде бақылу үшән осы деректер туралы көріністерді қолданады. Мысалы, кадр бөлімінің қызметшісі жұмысшы картасынан 1693 жылы туылғандығы туралы ақпаратты көргенде бұл қатені бірден байқайды, нақты 1963 жылдың екі санының ауыстырылып тұрғандығын аңғарады. Яғни, қызметші көріністерінде деректерге кейбір логикалық шектеулер қолданылған. Демек, деректердің енгізу дұрыстығын бақылау үшін деректер қорымен жұмыс жасағанда мақсатты түрде шектеулерді қалыптастырып және қолдану керек.

Әдетте сәйкес шектеулерді үш топқа бөледі: сыртқы, арнайы бақыланатын және ішкі. Пәндік аймаққа осы ішкі бөлімде қысқаша сипатталатын бастапқы екі топ жатады. Ішкі шектеулер деректер қорына қатысты және деректер моделін арналған бөлімде қарастырылады.

Сыртқы шектеулер

Бұл шектеулер пәндік аймақтың адекватты сипатталуымен байланысты. Мысалы, ұйым қызметшісі 17-ден жас немесе 90-нан үлкен болуы мүмкін. Туған жылға (GR) байланысты сәйкес шектеулерді келесідей жазуға болады:

Ағымдық жыл – 17 > GR > Ағымдық жыл – 90.

Осы шектеулердің тәсілдерінің бірі қандай-да бір атрибуттың жіберілетін мәндерінің соңғы жиынын атап шығу болып табылады. Мысалы, жоғарғы оқу орнындағы оқытушы дәрежесі келесілердің біреуін қабылдайды: профессор, доцент, аға оқытушы, оқытушы, ассистент. Нақты нұсқа үшін аталған мәндердің біреуіне де сәйкес келмейтін, енгізілетін лауазым мәні қате болады.

Арнайы құрылымдар көмегімен сипатталған шектеулер

Мысалы, ЖОО деректер қорына студенттер мен оқытушылар саны туралы ақпарат енгізіледі. Нормативті құжаттар бойынша студенттер санының оытушылар санына қатынасының нақты мәні берілген. Осы қатынасты деректер жеткіліктілігін бақылау үшін тексеруге болады. Мұндай құрылымдар қарастырылатын пәндік аймақ деректерінің спецификасын құрудан шығады. Мысалы, келесі түрдегі көп құрылымдарды құруға болады: берілген атрибут бойынша мәндер қосындысы барлық негіз нұсқаларына байланысты басқа негіз нұсқасындағы анықталған атрибут мәнінен сәйкес келу керек.

Демек, ER-модельдеу сатысында деректер жеткіліктерінің артуы үшін деректерге сәйкес шектеулерді қалыптастыру керек. Сәтті жағдайда әрбір атрибут мәні бақылану керек. Бұл шектеулерді қолдану деректер қорындағы деректердің жеткілікті болуының артуына мүмкінд береді.

Сілтемелер бойынша біртұтастық талаптары немесе сыртқы кілт талаптары қатынасқа сілтеме жасауға мүмкіндік беретін сыртқы кілттің әрбір мәні үшін сондай бастапқы кілті бар кортеж табылу керек, немесе сыртқы кілт мәні белгісіз болу керек. Біздің мысал үшін егер қызмтшіге бөлім номері көрсетілсе, онда бөлім болу тиіс.

Негіз біртұтастығының шектеуі және сілтеме бойынша ДҚБЖ қолдау көрсету керек. Негіз біртұтастығын қадағалау үшін кез келген кортеж қатынасында бастапқы кілттің бір ғана мәнінің болмауына кепілдік беруі керек. Сілтеме бойынша біртұтастық кішкене күрделірек болады.

Сілтенетін қатынас жаңарған кезде (жаңа кортеждерді енгізу немесе бар кортеждерде сыртқы кілт мәнін модификациялау) сыртқы кілттің ұсқынсыз мәнінің пайда болуын қадағалау керек. Бірақ, сілтеме жасалатын қатынастағы кортежді жойғанда не болады?

Мұнда сілтеме бойынша әрқайсысының біртұтастығына қолдау көрсетілетін үш жақындау бар. Бірінші жақындау сілтеме жасалатын кортежді жоюға тыйым салумен шектеледі (яғни, алдымен сілтенетін кортеждерді жою керек немесе олардың сыртқы кілттерінің мәнін сәйкесінше өзгерту керек). Сілтемелері бар кортеждерді жойған кездегі екінші жақындауда барлық сілтенетін кортеждерде сыртқы кілт мәні автоматты түрде белгісіз болады. Енді, үшінші жақындауда (каскадты жою) сілтемеге апаратын қатынастанкортежді жою кезінде сілтенетін қатынастан автоматты түрде барлық сілтенетін кортеждер жойылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]