Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
DKBZh_shpor.docx
Скачиваний:
270
Добавлен:
01.05.2015
Размер:
2.48 Mб
Скачать

Дәріс 7. Концептуалды деректер жобалау мысалы

7.1 Құрылудың негізгі сатылары

Концептуалды модель деректер туралы түрлі қолданушылардың жалпы сипатын көрсетеді. Осыған байланысты концептуалды модельдің құрылымы ереже бойынша екі сатыда жүзеге асады. Бірінші сатыда деректерді талдау және жинақтау, жергілікті көрсетілімдер құрылады. Көп жағдайда жергілікті модель жеке қолданушының көрсетілімін сипаттайды (жеке функционалдық тапсырма). Кейде мұндай модельдер бірнеше функционалды қызметтердің кейбір тәуелсіз деректер аймағын сипаттай алады. Мұнда қолданушылардың көрсетілімін модельдеу деректер интеграциясы деңгейінің төмендеуіне алып келеді, ал қолданушылар тобының көрсетілімін модельдеу жобалау күрделілігінің жоғарылауына байланысты.

Концептуалды модельдеу кезінде, ең алдымен, негіздерді анықтау керек. Осы мақсатта келесілерді орындау керек:

  • қандай ақпараттың сақталып және өңделетіндігін түсіну керек және негіздерді анықтай алады ма;

  • сол негізге атау беру;

  • негіз атрибуттарын шығарын, оларға атау берді;

  • негіздің тиімді идентификаторын анықтау.

Негіздерді белгілеп олардың арасындағы қандай байланыстардың бар екендігін анықтау керек.

Байланыстарды анықтау кезінде (әрине, тек қана деректерді өңдеудің шешілетін тапсырмаларына қатысты байланыстар ғана қарастырылады) келесілерді ескеру керек:

  • бір негіздің нұсқасы басқа негіздің нұсқасымен байланысты;

  • қолданушылардың барлық сұраныстарына жауап беру үшін байланыстың қалай орнатылғандығы (ақпараттық қажеттілікке байланысты).

Ары қарай байланыстарға атау беріп және олардың байланыс типтерін анықтау крек.

Екінші сатыда құрастырылған жергілікті модельдер жалпы концептуалды модельге бірігеді.

7.2. Жергілікті көрсетілімдерді модельдеу

Ең алдымен құрастырылған модель келесідей талаптар қатарын қанағаттандыруы керек:

  • деректер туралы қолданушының көрсетілімдерін адекватты сипаттау;

  • қарастырылатын негіздердің минималды шығындар саны бойынша мүмкін болатын қолданушы сұраныстарына жауап беру мүмкіндігі;

  • минималды көшірмелері бар деректерді көрсету.

Көрсетілген талаптарды қанағаттандыратын модельдерді құру процесі шығармашылық болып табылады және оны қалыптастыру мүмкін емес. Модельдеу кезінде кейбір нұсқалардың пайда болу тәсілдерін көрсетуге болады. Көшірмелер өлшемін бағалау және қолданушылар сұраныстарына жауап беру кезіндегі қарастырылатын объектілер саны негізінде мұндай нұсқалардың бірін таңдау жобаланатын деректер қорының эксплуатациялық сипатын жақсартуға мүмкңндңк береді.

Модельдеудің нұсқалылығы атрибут, байланыс және негіз таңдаудың бірегей еместігі қарастырылады. Бір нұсқада негіз ретінде біреуін, ал екіншісінде атрибут ретінде, үшіншісінде байланыс ретінде қарастыруға болады. Мысалы, «факультет номері», «факультет номері» атрибуттары бар ФАКУЛЬТЕТ негізін анықтадық. «Кафедра номері», «кафедра атауы» атрибуттары бар КАФЕДРА негізін енгізейік. Осы негіздердің арасында «факультет кафедрадан тұрады» деген байланыс бар. Жоғарыдағы байланыс негіз атрибуттары арқылы көрсетілетін басқа да нұсқа болуы мүмкін (ФАКУЛЬТЕТ негізіне сол факультеттегі кафедра атаулары мен номерлары көрсетілетін қосымша атрибуттар енгіземіз).

Жергілікті модельдің рационалды нұсқасы таңдалып алынғаннан кейін енгізілген негіз атауларын, атрибуттарын және байланыстарын жөндеу жүзеге асады. Мұнда келесі қадамдар орындалады:

  • толқынды атаулар жойылады (барлық атауларды қолданушылар түсіну керек);

  • синонимдер жойылады (бір түсініктің бірнеше атаулары);

  • омонимдер жойылады (түрлі түсініктердің бір атауы).

Бұл әрекеттер итерациялық сипатта болады, яғни олар орындалғаннан кейін қайтадан толқынды атаулар, синонимдар, омонимдар пайда болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]