Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
DKBZh_shpor.docx
Скачиваний:
270
Добавлен:
01.05.2015
Размер:
2.48 Mб
Скачать

3.2 Sql-бағытталған дқбж сіртқі сақтанішқа деректерлерді ұімдастру жалпі принциптер.

SQL-бағытталған ДҚБЖ сіртқі сақтанішқа деректерлерді ұімдаструінің ірешлектері

  • Екіденгейлі жұе :

    • сіртқі сақтанішқа деректерлерді басқару денгей

    • тіл денгей (SQL).

  • Каталог- кестелерді устау

  • Деректер құрілмдардің регулярдіқтіғі.

  • Индекстер.

  • Артіқ деректер сақтау ДҚ сенімділігін сақтану ұшін

Кестелерді сақтау

Служебная информация.

  • Ішкі каталогтар;

  • Деректер беттердегі жадібос жане бос емес жаділарді корсететін жазбалар;

  • Бір кестенің беттерін байланістру.

3.3 Деректер қорда сұраныстарді өңдеу.

3.4 ДҚБЖ-ларді қіскаша қарастру

2. Деректер қорын концептуалды жобалау

Дәріс 4. “Пәндік аймақты жүйелі талдау

4.1 Ақпараттық жүйенің пәндік аймағы

Пәндік аймақ – басқаруды ұйымдастыру мақсатында зерттеуді, нақтырақ айтқанда автоматтандыруды талап ететін нақты әлемнің бөлігі.

Пәндік аймақ фрагменттер жиынымен көрсетіледі, мысалы, кәсіпорын – цех, дирекция, бухгалтерия және т.б.

Пәндік аймақтың әрбір фрагменті объектілерді қолданатын объектілер мен үдерістердің көптігімен сипатталады, сонымен қатар пәндік аймаққа көптеген қолданушылардың түрлі көзқарастарымен сипатталады.

Сур. 4.1.  Деректер туралы қолданушының жалпы түсінігі

Барлық қолданушылардың деректер туралы жалпылама түсінігі ДҚ концептуалды моделі (схемасі) деп аталады.

Концептуалды модель логикалық өзарабайланыстарды ескере отырып, пәндік аймақтың ақпараттық сипатын көрсетеді, сондықтан оны инфологиялық модель деп те атайды.

Модельде ЭЕМ түсінігіне, ЭЕМ жадысына, ЭЕМ жадысындағы деректердің орналасу тәселдеріне байланысты түсініктер болмайды, бүл пәндік аймақтың моделі.

Деректер қорын құрып және онымен жұмыс істеу үшін деректер қорының басқару жүйесі қолданылады. Әрбір нақты ДҚБЖ деректерінің моделі деп аталатын деректердің белгілі түрін сипаттайды.

Деректер қорын өңдеудің келесі сатысы ДҚБЖ нақты моделінің көмегімен концептуалды модель түсінігін таңдауды жобалайды. Мұндай жағдайда алынған концептуалды модель ДҚ логикалық моделі деп аталады.

Басқаша айтқанда, логикалық модель нақты ДҚБЖ тіліне спецификацияланған концептуалды сұлба.

Логикалық модель құрамы мен сақтау ортасына байланысты деректер мен деректер элементтерінен құралады.

Деректер туралы алынған түсінік ішкі түсінік \представление\ немесе сақтау құрылымы деп аталады. Қолданбалы бағдарламалар логикалық модельмен жұмыс жасайды, әрбір қолданушыға оның пәндік аймағы туралы түсінік беретін осы логикалық модельдің (ішкі сұлба) ішкі жүйесі ұсынылады. Әрбір қолданбалы бағдарлама өзіне қажет деректерді ғана «көреді» және оларды өңдейді.

Сур. 4.2.  ДҚ-ғы деректер туралы түрлі түсініктер

Сәйкес түсініктер деректер қорымен жұмыс істейтін қолданушыларға оның «көрінуін» сипаттауға мүмкіндік береді:

  • сыртқы түсініктер – пәндік аймақ маманының (қолданушының) түсінігі;

  • сыртқы түсініктер және логикалық модель – қолданушыға арналған нақты бір қосымшаны өңдейтін қолданбалы программистің түсінігі;

  • логикалық модель және ішкі түсініктер – деректер қорын администраторлайтын жүйелік программисттің түсігнігі.

  • Берілген сұлбада деректерді сипаттаудың үш әртүрлі деңгейі (сыртқы, концептуалды, ішкі) көрсетілген.Бұл деңгейлер 1975 жылы АҚШ ұлттық стандарттау институтының (American National Standards Institute – ANSI)

  • Бұл архитектураның негізгі мақсаты деректер қорындағы физикалық түсінік тұрғысынан деректер туралы қолданушы түсініктері болып табылады.

  • Деректер туралы мұндай түсініктерді қолдану ДҚ-на қойылатын негізгі талаптарды, яғни бағдарламалар мен деректер тәуелсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

    • Қолданбалы бағдарламалар өзгергенде соған сәйкес сыртқы түсініктер де өзгеруі мүмкін, бірақ деректердің логикалық моделі өзгермейді, сәйкесінше басқа да қодлданбалы бағдарламалар өзгермейді.

    • Ішкі түсінік (сақтау құрылымы) өзгерген кезде логикалық модель өзгермейді, сәйкесінше қолданбалы бағдарламалар да өзгермейді.

Нақты әлем көріністері --->ЭЕМ деректері

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]