Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Koterip tasmaldaityn mashinalar.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
11.94 Mб
Скачать
    1. Барабандар, жұлдызшалар.

Иілмелі тартым элементті конвейерлерде барбандар мен жұлдызшалар полотна арналған, сонымен бірге оған тарту күшін (жетекті барабандар, жұлдызшалар) беру үшін арналған.

Барабандарды ленталы конвейерлерде жəне шөмішті элеваторларда пайдаланылады. Жалпы құрылмасы мен оларды дайындауға кеткен материалдар маркалары бойынша жүк көтергіш машиналар үшін арналған барабандардан ешқандай айырмашылығы жоқ. Көзге түсетін ерекшеліктері мынада барабандардың жұмыс істейтін цилиндрлік бетінде белдеме мен ойықтар болмайды. Барабаннның лента мен ілінісуін арттыру үшін бұл бет үйкелістің жоғары коэффициентті материалдарымен сирек емесе футерлейді (яғни, резеңке, платика), ал бұл беттің резеңкеленген ленталарын дəл ортаға келтіру үшін кейде бөшке тəрізді форма келтіріледі. ( 10.3 - сурет) конвейерлердің барабандары жетекті, созушы,ауытқушы болып бөлінеді. Соңғылары лента қозғалысының бағытын өзгерту үшін жəне қамту бұрышының ұлғаюы үшін қызмет етеді. Жетекші барабандар конвейерлердің жетекші білігіне шпоноктардың көмегі мен бекітіледі, ал білік мойынтіректе тығыздалған қондырғылар ал білік мойынтіректе тығыздалынған қондырғылармен пресс май сауыттармен жанастырылған.

Барабанның негізгі мөлшері Dб диаметрі мен құбырырлы бөліктерінің ұзындығы Lб. болып табылады. Резеңкеленген ленталарды пайдалану кезінде жетекші барабанның диаметрі Dб = (125 - 150) Z , мұндағы Z – лентадағы төсем саны. Болатты ленталарда Dб

= (800 - 1200) ,мұндағы - болатты лентаның қалыңдығы, мм. Сандық коэффициенттер

берілген формулаларда көрсетілген жəне лентаның ұзаққа жетуін жеткілікті қамтамасыз етеді.

    1. - сурет. Дөңестікті дəл орта келтірілген барабан сұлбасы. 1 - барабан; 2 - лента

Созушы барабанның диаметрі DH =

2 Dб / 3 , ауытушылық DO= 0,5 Dб , мұндағы

Dб - жетекші барабанның диаметрі. Алынған шаманы МЕСТ 22644-77 бойынша барабанның жақын стандарттық мөлшеріне дейін жинақтайды;

160,250,320,400,500,630,800, 1000, 1250, 1600, 2000 жəне 2500мм. барабан

ұзындығына Lб лента енін 100 - 200 мм көбірек алады.

Лентаны дəл ортаға келтіру үшін f дөңестік жебесі барабан ұзындығының Lб 0,005

немесе орташа 1,5 - 5мм құрайды.

Тасымалдайтын машиналар үшін арналған барабанның есебі жүккөтергіш машиналардағы қызмет ететін жетекші барабанның мөлшері дайындау анықтайтын барабанның есебі жүккөтергіш машиналардағы барабандардікі сияқты иілуде, бұралуда шығады. Дегенмен, үлкен емес қосымша күш пен төменгі кернеу, оның беріктігін анықтайтын барабанның мөлшері дайындау технологиясының талап ету есебімен жиі таңдайды.

Тартқыш шынжырлар үшін арналған жұлдызшалар-бұлар шынжырлармен ілінісу үшін арналған-тісті доңғалақтар. Олар штампталған немесе құйылған болаттан Ст 5, Ст 6, 45Г, 65Г, 35Л. дайындалады жəне басқалары тістердің бетінің қаттылығын арттыра, термо өңдеуге ұшырайды. Жұлдызшаладың тістерінің пішіні МЕСТ 592-81 бойынша (пластинкалық шынжырлар үшін) жəне МЕСТ 593-75 бойынша (штамталған жиналмалы шынжырлар үшін) анықталады.

Жұлдызшаладың бөлінген шеңберінің диаметрі ( 10.4 - сурет)

d t cos ec

Д z

t

sin

z

Мұндағы: t шынжыр буының қадамы мм; Z – жұлдызшалар тістерінің саны. Z  6, қабылдай отыра, Z 10 тістер кезінде берілісте динамикалық күш өсіп отырады. Жұлдызшалардың элементтерінің өлшемдері оны құрастыру мен дайындаудың технологиясы мен анықталады.

    1. - сурет. Жетекші жұлдызшалардың геометриялық параметрлері.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]