Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kontrosha.kz.doc
Скачиваний:
7
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
198.14 Кб
Скачать

Экономикалық теория

Курстық жұмыс

35

Ақша теориясы

Мазмұны

Кіріспе 3

1 Ақша теориясының эволюциясы 5

1.1 Ақшаның пайда болуы және мәні 5

1.2 Ақшаның металдық және номиналдық теориялары 16

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АҚША РЕФОРМАСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЖОСПААРЛАУ КЕЗЕҢДЕРІ 20

2.1 Алғашқы ақша реформасының мазмұны 20

2.2 1993 жылғы ақша реформасының ерекшелігі 29

Қорытынды 33

Қолданылған әдебиеттер тізімі 35

Кіріспе

Ақша реформасы - француздың "reforme" және латынның "reformo" -өзгертемін деген сөзінен шыққан. Бұл — мемлекет билігімен ақша жүйелерінің толық немесе ішінара өзгеруі және ақшаның бір жүйесінің жаңа белгіге ауыстырылуы. Капитализм жағдайында ақша реформасы буржуаздар мүддесі үшін жүргізіледі, оның ақыры қалың бұқараны қанауды күшейтуге, тұрмысын нашарлатуға әкеліп соғады. КСРО және баска кеңес елдерде еңбекшілер мүддесі әр уақытта мемлекет қамқорлығында болды. Ол ақша реформасы кезінде еңбекшілердің әл- ауқатын жақсартуға бағытталған арнаулы экономикалық шаралар жүргізуден айқын көрінеді.
КСРО-да ақша реформасы екі рет — жаңа экономикалық саясаттың (ЖЭС) алғашқы жылдары (1922-1924) және Ұлы Отан соғысы аяқталғаннан кейін (1947)жүргізілді. Азамат соғысы, одан кейін Ұлы Отан соғысы кезінде Кеңес үкіметі Отан корғау шараларына байланысты көп шығындарды өтеу мақсатымен ақшаны айналыс қажетінен артық шығара беруге мәжбүр болды. Бұған қоса көпшілік қолды тұтыну тауарларын өндіру мен сату мөлшерінің кемуі салдарьшан нақты акшаның айналыс қажеттілігі де азайды.Ақша реформасы айналысқа банк билеттері - червонецтерді шығаруды көздеген 1922 жылғы заңнан басталады. Червонец таза алтынның 7,74234 г., яғни ескі 10 сомдық аліын шақаға (монетаға) теңелді. Кеңес Үкіметінің Министрлер Кеңесі мен БК(б)І I Орталык Комитетінің 1947 жылғы "Ақша реформасын жүргізу және азық-түлік пен өнеркәсіп тауарларына карточкаларды жою туралы " қаулысында: "Акша реформасын жүргізу еңбекшілердің әл-ауқат дәрежесін арттыруға, халық шаруашылығын қалпына келтіріп, өркендетуге және кеңес мемлекетінің күш-қуатын одан әрі нығайта беруге көмектеседі " деп көрсетілді. 1947 жылғы ақша реформасы мемлекеттің қазыналық билеттер құрылысына ешбір өзгеріс енгізген жоқ, мұнда айналыстағы басы артық ақша жойылды, жалдаптар жинаған ірі ақшаларынан айырылды және карточка жүйесі жойылғаннан кейін олардың арзандатылған бағамен тауарларды көптеп сатып алуына мүмкіндік қалдырылмады. Ақша реформасы мен карточка жүйесінің жойылуының экономикалык маңызы зор болды, шаруашылықта ақшаның мәні көтерілді, кеңес сомының кұны толығынан қалпына келді. 1961 жылы "Баға масштабын өзгерту және ақшаны жаңа ақшаға ауыстыру туралы" қаулы қабылданғаннан бастап, ескі ақша жаңа акшаға 10 сомына 1 сом есебімен айырбасталды. Төл теңгеміз дүниеге келген күні бәріміздің бөркімізді аспанға ата қуанғанымыз рас. Оған да міне, он бес жылдың жүзі болыпты. Осы орайда ұлттық валютамыздың туу тарихын еске түсіру орынды.

Курстық жұмыстың мақсаты :

ақша теориясының даму жолдарын жүзеге асыруға қол жеткізу;

ҚР-ғы ақша реформасының ерекшеліктерін түсіну

Курстық жұмыстың міндеті:

ақша теориясының мәнін, негізгі түрлерін және ақша реформасының теориялық аспектілері мен өткізу қажеттіліктерін қазіргі экономика тұрғысынан ашып қарастыру.

ҚР-ғы ақша реформасының ерекшеліктерін толық қарастыру

Курстық жұмыстың құрылымы:

Курстық жұмыс кіріспеден, мазмұннан, екі бөлімнен , қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Бірінші бөлімде ақша теориясының мәні, негізгі түрлері, формалары және ақша реформасын өткізу қажеттіліктері қамтылған.

Екінші бөлімде Қазақстан Республикасындағы ақша реформасының ерекшеліктері қарастырылады.

1 АҚША ТЕОРИЯСЫНЫҢ ЭВОЛЮЦИЯСЫ

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]