Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Koterip tasmaldaityn mashinalar.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
11.94 Mб
Скачать
    1. Қауіпсіздік техникасының сұрақтары

Көтеріп-тиеитін, көбіне жүккөтергіш машиналары жұмыс кезінде зонада жүрген қызмет көрсетуші қызметкерлер мен адамдардың өміріне қауіп төндіруі мүмкін. Сондықтан КТМ-ды пайдалану жəне жобалау барысында қауіпсіздік техникалар сұрақтарына көп көңіл бөлінеді. Машина жасаудың барлық сатысына қолданылатын қауіпсіздік техникасының шаралары бойынша тек еңбек қауіпсіздігін машина жасаудың барлық сатысында-жобалаудан, монтаждан жəне тұрақты пайдалануға дейін оның қауіпсіздік жұмысы мен қызмет көрсетуі орнатылады.

Жүккөтергіш крандардың беріктік запастарын жобалау жəне жасау барысындағы ең жауапты бөлімдерінде, сондай-ақ қауіпсіздік ережелерін пайдалану мемлекеттік заңға сəйкестендіріліп жасалынады («Өндіріске өнімдерді жеткізу жəне дайындау» МЕСТ 15.001-73 талаптарының есебімен)

Конвейірлерді жобалау барысындағы қауіпсіздіктің жалпы талаптары МЕСТ 12.2.022-80. бағындырылған (регламентацияланған). Олар өндіріс ғимараттарына конвейірлерді орналастыру жəне қорғау заттарының қондырғыларына, құрамаларына талаптарды енгізеді. Электр жабдықтауға қойылатын талаптарға «Электр қондырғы құрылғыларының ережелерімен» (ПУЭ) бағындырылған.

Машиналарды пайдалану барысындағы қауіпсіздігі қызмет көрсетуші қызметкерлер мен жұмысшылардың толық нұсқау беруімен, лайықталынған пайдалану ережелерімен анықталады. Жүккөтергіш крандары үшін мемлекеттік техникалық қадағалауы таулы қадағалауға жəне өнеркəсіпке қауіпсіз жұмыстарды енгізуде қадағалау комитетіне жүктеледі. (Мемтаутехқадағалау).

Мемтаутехқадағалауымен жүккөтергіш крандарды пайдалану барысында техника қауіпсіздігі бойынша нұсқаудың жəне жағдайының, талап ережелерінің бірлігін қамтамасыз ету мақсатында бірлестірілген «Жүккөтергіш крандарды қауіпсіз пайдалану жəне көтеретін құрылысын қауіпсіз пайдалауды іске асырушы инженер-техник қызметкерлерге арналған типтік жағдайы» бекітілген.

Мемтаутехқадағалау инспекторлары жүккөтергіш машиналарын шығарушы- зауыттарын сол сияқты өндірістерді, олардың пайдаланушылығын бақылайды.

  1. Жүккөтергіш машиналардың құрылмалары жəне сипаттамаларына шолу жасау

    1. Жүккөтергіш машиналардан құрылмалы ерекшеліктері мен техникалық параметрлері (көрсеткіштері)

Жүккөтергіш машина КТМ негізгі түрлерінің бірі болып саналады. Оларға циклдік қозғалыс тəн: Жұмыс қозғалысындағы-қармау, тік жəне көлденең жылжыту (ауыстыру), ағыту, келесі жүкті қармау, оны көтеріп жəне жылжыту (ауыстыру) үшін бос (қайтар) жүрістердің белгілі бір жүйелікпен орындалуының нəтижесінде (ірі, жекелік немесе шашылатын сусымалы) жүктерді жылжыту іске асырылады.

Жүккөтергіш машиналардың үш түрі бар: қарапайым, көтергіштер, крандар. Қарапайым машиналарға домкрат, шығыр, полипаст, тали (жүккөтергіш) жəне тельферлер жатады.

Домкрат аз ғана биіктікке ауыр жүктерді көтеру үшін қолданылатын механизм. Қолдану аясы: жөндеу, монтаж-құрылыс жұмыстары. Домкратты (2.1- сурет) бұрамалы (а), гидравликалық (б) жəне тиісті-рейкалы (в) ажыратады. Бұрамалы домкраттағы ұтыс күші бұрама-гайка жұбымен, гидралавикалықта əр түрлі диаметрдегі гидроцилиндрмен, поршенімен (тестегірішпен), тісті рейкалық- тісті берілісінің жүйесімен жүзеге

асырылады. Домкрат жетектері қолмен басқарылады. Бұл құрылғыларға шамалы массалар мен тұтастығының қатал талаптары қойылады, өйткені олар ауыспалы болады. Олардың жүккөтергіштігі 1000 т дейін жетсе, ал жүк көтеру биіктігі 0,15 - 0,7м құрайды. Типтік гидродомкраттың 200 т-ға дейін жүккөтергіштері бар. Домкраттарды жалпы машина жасау есептерінің нормалары мен ережелері бойынша есептелінеді.

Полиспаст-блоктар (шығырлар) жүйесі, айналдыратын арқанмен. Əр полиспаст үшін блоктар блокты құрсау (шеңбер) деп аталатын екі құрылмалы тораптарын біріктіреді.

Полиспаст дербес көтеріп-тиетін құрылғылар сияқты жүктерді көтеру жəне тарту үшін қызмет еткендіктен, мұнда адам күші пайдаланылады. Бұл құрылғылар жөндеу мен монтаж құрылыс жұмыстарында қолданылады. Кран мен көтергіштерде полиспастар жүк көтеретін машиналардың құралмалы бөлшектері ретінде пайдаланылады.

    1. – сурет. Көтергіштердің (домкраттардың) кестесі.

а – бұралмалы, б - гидравликалық; в – тісті-рейкалы; 1 - бұрама; 2 –сап (тұтқа); 3 - гайка; 4 - корпус; 5 - поршень; 6 - насос; 7 - рейка; 8 -тістегіш; 9 – тісті беріліс

Шығыр-дербес жеке жүк көтеретін механизмінде арқан барабандарды немесе шынжырлы жұлдызшасы жұмыс органы болып табылады. Шығырлар полипластпен жұп болып жұмыс істеуі мүмкін (2.2 - сурет)

Шығырды қолдану саласына: жүк ағындарын жөндеу, құрылыс-монтаж жұмыстарын механикаландыру. Шығырларды белгілер қатарлары бойынша айырылады: тартқыш органдары бойынша-арқанды жəне шынжырлы; жетек түрлері бойынша-қол жетегі мен механикалық қозғалтқышынан (электр, іштей жану, пневматикалық); орнату жолдары бойынша-стационарлы (қабырғалы, жерлі) жəне жылжымалы; міндеті бойынша- жалпы арнаулы міндеттері жəне т.б. Шығырлар стандартталған. Олардың тарту күші S = 2,5 - 200 кН; канат (арқан) жылдамдығы; V = 0,16 - 1 м/с; арқан ұзындығы lk = до 300 м.дейін.

    1. -сурет. Шығырлар полипластпен жұп болып жұмыс істеуі.

1-қозғалтқыш; 2 -беріліс; 3 - барабан; 4 - полиспаст

Қол ілмелі шығырларын тали (жүккөтергіш) деп атайды. Тали (жүккөтергіш) (беріліс жүйесінің түрлеріне байланысты болады: тістегішті, планетарлы жəне червякті)

Тали қозғалысының механизм жетегі шексіз (1) шынжырымен, (2) жетекші шынжыр доңғалақ арқылы лақтырылған, сол (3) беріліс арқылы (5) монарельс бойынша жылжитын (4) арбаның жетекші доңғалақтарының дөңгелеуін жүзеге асырылады. Көтеру механизмнің қол жетегінде (8) шынжыр көмегімен айналатын (7) шынжыр доңғалағын пайдаланады. (10) беріліс арқылы (13) көтеру механизмінің барабанын шынжыр доңғалақ айналдырады. (12) ілгіштен (аспадан) жəне иілмелі элементтен тұратын полипласттағы қайда қолданылады. Көтерілген жүкті (9) тоқтаумен немесе қозғалтқышпен ұстап тұрады.

Тали механизмінің электр жетегін электиталь деп атайды. Талидің техникалық сипаттамалары: жүккөтергіштігі: Q=0,25-8,0т; көтеру биіктігі Н3м. Тельферлердің техникалық сипаттамалары: жүккөтергіштігі Q=0,25-12,5 т; көтеру биіктігі Н18 м; көтеру жылдамдығы v=0,12- 0,5 м/с.

2.3- сурет. Тали қол жетегінің кестесі.

1 – қозғалту механизмінің шынжыры; 2 – шынжырлы доңғалақ; 3 – тісті беріліс; 4 – қозғалтқыш доңғалақ; 5 - монорельс; 6 - корпус; 7 – көтеру механизмінің шынжыр доңғалағы; 8 – сол берілген механизмнің шынжыры; 9 – қозғалтқыш (тоқтау); 10 - беріліс (тісті червякті); 11 - иілмелі элемент (арқан немесе шынжыр); 12 - ілгек; 13 - барабан.

Жүккөтергіш машинаның көтергіштері, шөміштегі, кабина не алаңдағы жүктерді қозғалтады. Көтеру негізгі қозғалыс болып саналғандықтан, тік жəне енкіш бағытта шығуы мүмкін. Көтергіштерді өндіріс цехтарында, құрылыс алаңдарында, үй салу жəне қызмет көрсету кезінде қолданылады. Шөмішті, құрылыс-монтажды жəне шахта көтергіштері деп ажыратылады.

Шөмішті көтергіші (2.4 а -сурет). (1) шөміштен (доңғалаққа бір белгілі бір формадағы металл жəшігі орнатылған) жəне көтеру механизмінің (2) арқанды барабанынан тұрады. Жіберілген көтергіштер тік жəне енкіш болуы да мүмкін. Шөміш көтергіштің техикалық сипаттамалары: жүккөтергіштігі Q = 20 т дейін, көтеру биіктігі

Н = 100 м дейін, көтеру жылдамдығы V = 1-6 м/с.

2.4 -сурет. Көтергіштердің сұлбасы.

а – шөмішіті, б – құрылыс-монтажды, в- шахтылы; 1- шөміш (скипті); 2- жетекті барабан; 3- еңкейіткіш шығыршық; 4- жүкті платформа; 5- кабина; 6- бақыламалы жүк

Құрылыс-монтажды көтергіштер (2.4б-сурет) (4) жүкті плотформадан, бағыттағыш арқылы доңғалақпен жүретін жəне (2) жетекті арқанды барабаннан тұрады.Осы машиналардың техникалық сипаттамасы: жүккөтеру қабілеттілігі Q= 3 т дейін; жүккөтеру биіктігі Н50 м; көтеру жылдамдығы V = 0,3 -0,8 м/с.

Шахты көтергіштері (лифтер)адамдарды (жолаушыларды) не жүктерді (жүктік) көтеру үшін қолданылады. Лифтің принципті кестесі (2.4.в-суретінде) көрсетілген. Жолаушы лифтінің жүккөтергіштігі Q = 1,8 т дейін, ал жүктікте Q = 5 т дейін; көтеру биіктігі Н == 300 м дейін; көтеру жылдамдығы V = 0,8-6 м/с, ал жүктік жылдамдығы V = 0,1-1 м/с.

Крандарды консольды немесе аралық (өткін) құрылмалар түрінде жасайды. Аралық (көпір түрі) крандарында аралық құрылыс бойымен қозғалатын арбаға жүк ілінеді. Консольді (жай жебелі) крандарда тұрақты немесе жиі ауысушылық тез жүрісі (ұшуы) жəне кран контурының тіреусіз болатын жебелі крандарының бекітілген айналдырушы бөлігіне жүк ілінеді.

Көпір түрінің аралық (өткін) крандарын-көпірі (2.5.а-сурет) жəне мосы түрлері (2.5.б - сурет) арнаулы кран астындағы жолмен қозғалатынтүрінде жасалады. Бұл боймен арба көтергіш механизмімен ауыстырылады. Көпірлі кран түрлеріне көпір жүк ауыстырушылар, бір арқалықты көпір крандары (кран-арқалық), кран-штабельдері жатады. Бұл крандар міндеттеріне қарай жалпы жəне арнаулы көпір түрлеріне бөлінеді. Соғысына грейферлі, құю, шөмішті крандары, кран-штабельдері жəне т.б жатады.

2.5- сурет. Көпір түрінің аралық крандары жəне мосы түрлері.

а – көпір кран, б – мосы кран; 1- бас арқалықтар (көпір); 2- арба; 3- кран астындағы жол; 4- тельфер; 5- тіректі тіреу.

Көпір крандарының техникалық параметрлері: жүккөтергіші Q = 5-320 т; аралығы Lк = 10-34м дейін, Н = 30м дейін, көтеру жылдамдығы vп= 0,03-1м/с, арбалар жылдамдығы vт=0,3-1 м/с, кран қозғалысы vк= 1-2,5 м/с; кранның салмағы m = 300 т дейін. Жалпы құрылыстың г-тəрізді формасы оларға тəн болғандықтан, жұмыстың ерекшелігі мен есептерін анықтайды. Жебелі (консульді) крандары мобильдік пен жылжымалыққа ие болады. Олардың қолдану аясы: өндірістік цехтарда, тиеп-түсіретін

алаңдарда, құрылыстарда жəне т.б.

Жебелі (консольді) кран түрлерінің таяныш-бұрылмалы қондырғыларының құрылымдарына байланысты ажыратылады:

Тіреуіш қатарларында; тікқабырғалы; айналдыратын шеңберде. Тіреуіш қатарларындағы (колоннадағы) крандар (2.6.а- сурет)- тіреуіштен, жебелі құрылымдардан жəне жүк арбасынан тұрады. Оларға стационар крандары, деррик-крандары жəне т.б жатады.

Қабырға крандары (2.6.б-сурет) жебелі металл құрылымдары мен көтеру механизмдері жəне бұрылмадан тұрады. Олар тұрақты жəне ауыспалы тез жүрісті болуы мүмкін.

Бұл машиналардың тез жүрісі (ұшуын) мен жүккөтергіштігі ғимараттар қабырғасындағы жүктерді шектік кезеңмен тежейді (шектейді) [М]100 кН·м.

.

2.6-сурет. Жебелі (консольді) кран түрі, құрылымдары мен техникалық параметрлері. а –тіреуіштер қатарындағы кран , б -қабырғалы кран, в- мұнаралы кран, г- жебелі кран; 1-жылжымайтын тіреуіштер; 2- консольді арқалық; 3- арба; 4- бұрамалы (ауыспалы) тіреуіш; 5- ферма; 6- жүккөтергіш шығырлар; 7-мұнара; 8- жебе; 9- бұрылмалы платформа; 10- жебелі шығырлар; 11- таяныш (тіректі), тіреу

Айналдыратын шеңбердегі крандар бос тұратын жылжымалы крандардан тұрады. Бұл машинаның түріне жататындар: мұнаралы (2.6.г-сурет) пнево доңғалақтағы, автомобильдерді, шынжыр табанды, теміржолды, портальді крандар жəне т.б.

Жебелі (консульді) крандардың негізгі техникалық параметрлері: жүккөтергіштігі

Q160 т, тез жүрісі (шығуы) Lс 40 м, көтеру биіктігі Н = 5-50 м, көтеру жылдамдығы

V = 0,1-1,2 м/с, арбалардың жүріс жылдамдығы vт= 0,2-0,8 м/с, кранның салмағы М 300 т.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]