Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Koterip tasmaldaityn mashinalar.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
11.94 Mб
Скачать

Қазақстан Республикасы Білім жəне Ғылым министрлігі м. Тынышбаев атындағы Қазақ көлік жəне коммуникациялар академиясы

Қабашев Р.А. Гудович М.И. Көлгелдинов М.С. Сурашов Н.Т.

Көтеріп – тасымалдайтын машиналар

Бірінші бөлім

Оқу-əдістемелік құрал

1 Алматы-2010

ƏОК 621.83.001(075.8)

ББК 39.9 я 73

Қ13

Пікір жазғандар:

Қайнарбеков Ə.К. - т.ғ.д., Қазақ қатынас жолдары университетінің профессоры Мəуленов Ж.К. - т.ғ.к., Қазақ бас саулет құрылыс академиясының профессоры;

Қозбағаров Р.Ə. - т.ғ.к., М.Тынышбаев атындағы Қазақ көлік жəне коммуникациялар академиясының доценті

Қ13 Қабашев р.А.

Көтеріп - тасымалдайтын машиналар: Оқу-əдістемелік құрал.

/Р. А. Қабашев, М. И. Гудович, М. С. Көлгелдинов, Н. Т. Сурашов.- Алматы: - ҚазККА., 2010. 1-бөлім. -160 бет.

ISBN 978 – 601-207-470-3

Оқу құралында өнеркəсіп, құрылыс жəне көліктің құрылыс-мантаждық (жөндеу), тиеп- түсіретін жəне т.б жұмыстарына қолданылатын көтеріп-тасымалдайтын машиналар есептерінің негіздері мен жабдықтары жөнінде мəліметтер берілген. Оқу құралы: 050713 -

«Көлік, көлік техникасы жəне технологиясы» бакалавр мамандықтарының студенттеріне арналған.

Акдемияның Оқу - əдістемелік кеңесінде (29.10.2009, №1 хаттама) 050713- «Көлік, көліктік техника жəне технологиялар» бакалавр мамандығында оқитын студенттерге оқу құралы ретінде оқу үрдісіне пайдалану үшін ашық баспада жарық көруге ұсынылды.

ƏОК 621.83.001(075.8)

ББК 39.9 я 73

ISBN 978 – 601-207-470-3 - (1-бөлім) © ҚазККА, 2010

2

ISBN 978 –601-207-469-7 © Қабашев Р.А., Гудович М.И., Көлгелдинов М.С., Сурашов Н.Т., 2010

КІРІСПЕ

Көтеріп-тасымалдайтын машиналар (КТМ) кез-келген қазіргі өнеркəсіптік кəсіпорындарыдағы механикалық жабдықтан ажырамайтын құрамды бөлігі болып табылады. Оларды «Өндірістің қолдары» деп атайды. Олар көтергіш, көліктік, тиеу мен түсіруші, құрылыс-монтаждық жұмыстарды механикаландыру үшін, сонымен қатар дайын өнімдерді, төгілмелі жүктерді жəне т.б жинау жұмыстары үшін арналған. Жұмыс күшінің көп мөлшері осы жұмыстардан босамайды, жəне де жұмыс көлемінің тең жартысы қауіпті, əрі ауыр болады. КТМ шығару көлемі машина жасайтын өнімдерді шығарудың жалпы көлемінің 6-7%-ін құрайды. Жылжымалы жүктердің сипаты мен түрлерінің əр түрлілігін сонымен қатар өндірудің əр түрін қажет ететін жүктерді жылжытудың тех. жұмыс формаларының көптігін арнайы анықтайтын КТМ-ның конструкциялық түрлерінің саны көп.

Көтергіш немесе тасымалдау машиналарын рационалдық таңдаудан, олардың негізгі параметрлерін дұрыс анықтау, сонымен қатар оларды белгілі бір деңгейде пайдаланудың жақсы ұйымдастырылуы кəсіпорынның барлық өндіру процесіне байланысты болады. Міне, сондықтан да əрбір механикалық мамандық инженерлерінен КТМ-ді пайдаланып жəне конструкциялық сипаттарымен пысықтап танысу мен құрастыруда тəжірибелік қолдануды, олардың есеп айырысу əдістерін меңгеруді талап етеді.

КТМ-ді көп қолдану темір жол көлігінде, құрылыста, металлургиялық өндірістерде жəне басқа да өндіріс салалары мен адам қызметтерінде айырықша үлкен орын алды.

Көтеріп-тасымалдайтын машина дегеніміз не? Көтеріп-тасымалдайтын машина жекелеген (ірілі) жəне көптеген (төгілмелі жəне майда даналы) жүктерді қысқа қашықтықта (көтеру биіктігін Н 40м, көлденеңді жылжыту жолы α 300 м) көлденең, тігінен жылжыту үшін арналған агрегат жəне машиналық комплекс. Бұл анықтау КТМ-нің өндірістік жəне құрылыс жағдайларында жиі қолданатын түрлерін айқындайды. Бұл машиналар жергілікті, тұрақты қызмет ету машиналарына жатады. Олар жұмыс орнын немесе өндірістің шектеулі бөлігін қамтамасыз етеді, жергілікті жүк легінде депо шекарасында немесе депо мен цех арасында, зауытта, құрылыс-монтаждық бөлімшелер шекарасында сирегірек механикаландырады. Ауыр, жай жүрісті крандарды үлкен қашықтықта пайдалану көлік құралы ретінде тиімсіз.

КТМ көлденең, тігінен жəне көлбеу тармақтардан тұратын күрделі трасса бойымен бұйымдар мен материалдарды жылжытып шығарады. Бұл машиналар қосалқы жабдықтарға жатады жəне өндіріс заттарын шығаруға тікелей қатыспайды. Тек автоматтандырылған толассыз өндірісте олар негізгі технологиялық құрал-сайман (мысалы, құрама конвейер) болып табылады.

Өндірісте, құрылыста жəне көлікте ғылыми-техникалық процессті жеделдету мен жоғары сапалы машиналарды енгізу жəне талдау жұмыс принциптері теорияны тереңнен оқуға мүмкіндік туғызады. Сонымен қатар қондыру жəне алдыңғы инженерлік- техникалық тəжірибелерді жетілдіру жəне көтеріп-тасымалдайтын, тиеп-түсіру жəне көлік құралдарын пайдалану, осы оқу құралдарында баяндалған.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]