Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
БАНКТІ~1.DOC
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
642.56 Кб
Скачать

11.Қаржылық бақылаудың мәні мен маңызы. Қаржылық бақылаудың сыныптамасы.

Қаржылық бақылау – қаржы жүйесінің барлық буындарының ресурстарын жасау, бөлу және оларды пайдаланудың негізділігін тексеруге бағытталған айрықшалық қызмет. Қаржылық бақылау қаржыны басқарудың функциялық элементтерінің бірі. Ол басқарудың қаржылық жоспарлау, қаржыны оперативті басқару сияқты басқа элементтерімен тығыз байланысты және бір мезгілде жүзеге асырылады.

Қаржылық бақылаудың болуы экономикалық категория ретіндегі қаржыға бақыляау функциясының тән болуымен объективті түрде шарттасылған. Қаржының бақылау функциясы материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну процесіне қоғам, ең алдымен мемлекет тарапынан ықпал жасауға мүмкіндік береді. Бақылау функциясы – қаржының ішкі қасиеті, ал қаржылық бақылау қаржыға тән объективті мазмұн ретіндегі бақылау функциясын практикалық қолдану болып табылады.

Ғылыми негізделген қаржы саясатын, тиімді қаржы механизмін қалыптастыруға жәрдемдесу қаржылық бақылаудың мақсаты болып табылады.

ҚБ-ң өзгешелігі – оның ақша нысанында жүзеге асырылатындығында. ҚБ функциялары: 1) қаражаттардың жұмсалуын тексеру; 2) қаржы жүйесінің барлық буындары бойынша мемлекеттік ресурстарға қаражаттарды жұмылдырудың уақыттылығы мен толымдылығын тексеру; 3) есеп және есептеме қағидаларының сақталуын тексеру.

ҚБ-ң сыныптамасы субъектілердегі айырмашылықтарға, бақылау іс-қимылдарын жүргізудің уақытына, бақылауды жүргізудің тәсілдеріне негізделген. Осы белгілерге қарай, ҚБ 3 бағыт бойынша: түрлері, нысандары, оны жүзеге асырудың әдістері бойынша жіктеледі.

ҚР-ң қазіргі ҚБ жүйесі оны жүзеге асыратын субъектілерге қарай мемлекеттік, қоғамдық, аудиторлық бақылау болып ажыратылады.

Мемлекеттік ҚБ мемлекеттік ҚБ объектілерінің республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы, олардың атқарылуы бойынша есептеме алу және жүргізу, олардың атқарылуын бағалау, мемлекеттің гранттарын, активтерін, мемлекет кепілдік берген қарыздарды мемлекеттік мекемелердің тауарларды өткізуден түсетін өз иелігінде қалатын ақшаны пайдалану бөлігіндегі қызметінің ҚР-ның заңдарына сәйкестігін тексеру.

Жалпымемлекеттік ҚБ-ведомстволық бағыныштылығы мен меншік нысанына қарамастан бақылаудың кез келген объектісіне қолданылады. Мұны мемлекеттік билік пен басқару органдары жүргізеді.

Салықтық бақылау – салық заңнамасының атқарылуы, бюджетке салық пен басқа төлемдердің, жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналарының толық және дер кезінде аударылуын қамтамасыз етеді.

Бюджеттік бақылау – тексерістік және таңдамалық қызметтің мынандай түрлерін кіріктіреді: елдің негізгі қаржы жоспарының – мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстары бойынша орындалуын бақылау.

Банктік қадағалау – несие ресурстарын қалыптастыру және олардың қозғалысы барысында, күрделі құрылыс процесінде, қолма-қол ақшасыз есеп айырысқанда және басқа жағдайларда жүргізіледі.

Кедендік бақылау. Кеден органдары тауарлар мен көлік құралдарын, оларды есепке алуды кедендік рәсімдеу кезінде де, сондай-ақ кедендік тексермеде де құжаттар мен мәліметтерді тексеру нысанында жүргізіледі.