Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
БАНКТІ~1.DOC
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
642.56 Кб
Скачать

7.Вексель және оның түрлері. Вексельдік айналым.

1930 жылы Женева конвенциясына сәйкес вексель бағалы қағаздарға жатпайды. Ол несиелік ақшаның бір түрі болып табылады. Бірақ басқа жағынан, ақша сатып алу-сату процестеріне тартылғандықтан вексельді шартты түрде бағалы қағаздарға жатқызуға болады. Вексель – қарызгер несиегерге беретін және несиегерге қарызгерден белгіленген мерзімде вексельде көрсетілген соманы талап етуіне даусыз құқық беретін және заңмен қатаң түрде белгіленген нысандағы жазбаша борышқорлық міндеттеме. Вексель есеп айырысудың нысаны ғана емес, сондай-ақ, бұл коммерциялық несиенің нысаны: өнім немесе қызметтер үшін вексельмен есептесе отырып, кәсіпкер вексель берілген уақыт ішінде банктегі есеп айырысу шотындағы өзінің ақшаларын шығын қылмайды. Ал бұл мәміле жөніндегі әріптес вексельде көрсетілген сомада және мезгілге оған коммерциялық несие береді дегенді білдіреді.

Вексельдің мәні – тек қарызды қайтару кепілі ғана емес, сонымен бірге, ссудалық қарым-қатынастардың тиімділігін арттыру мақсатында осы төлем міндеттемесін белсенді пайдалану арқылы – ресурстардың айналымын жеделдету.

Қолдану өрісіне қарай вексель жай және аудармалы вексель болып бөлінеді. Жай вексель төлеуші немесе вексель беруші жазады. Аудармалы вексель деп несие берушінің (трассанттың) қарыз алушыға (трассатқа) вексельде көрсетілген соманы үшінші кісіге төлеу жөніндегі берген жазбаша үкімін айтады. Вексельді өзге біреуге пайдалануға берген жағдайда «индоссамент» деген белгі жазылады. Оны вексель иемденуші, яки индоссант жазады, ал индоссаментті алған адам индоссант деп аталады. Вексельді өтеу үшін екінші, үшінші адамдарға аудару процесі индоссация деп аталады. Жай вексельді – соловексель, аудармалы вексельді – тратта вексель деп атайды.

5.Акция және оның түрлері

Акция – акционерлік қоғам шығаратын және бағалы қағаздың түрі мен санатына байланысты дивиденд алуға, қоғамды басқаруға қатысуға және қоғам тартылған жағдайда оның қалған мүлкінің бір бөлігін акционерлердің алу құқығын куәландыратын бағалы қағаз. Акция шығару мына жағдайда болады:

  • меншікті акцияландырғанда, яғни акционерлік қоғам құрып, оның жарғылық капиталын қалыптастырғанда;

  • жарғылық капиталды қосымша ұлғайтқанда.

Акция бірнеше түрге жіктеледі.

1) бір акционерден басқа біреуге беру тәсілі бойынша: атаулы және ұсынушыға арналған.

2) корпорацияны басқаруға қатынасу құқығы бойынша: жай және артықшылықты.

Атаулы акция – иесі міндетті түрде корпорация реестрінде тіркелуі тиіс акция.

Ұсынушыға арналған акция – оны нақтылы иелену оның иесінің аты-жөні корпорация кітабында тіркелмеген акция.

Жай акция – иеленушелерінің корпорация тапқан пайдасының мөлшеріне байланысты дивиденттер алу құқы, жиналыстарға дауыс беру арқылы корпорацияның жабылып қалған жағдайында несие берушілермен есеп айырысқаннан кейін мүліктің бір бөлігін алу құқығы бар акция.

Артықшылықты акция – меншік иелеріне дивидентті қоғамның жарғысында белгіленіп, алдын ала айқындалып кепілдік берілген мөлшерде дивиденттер алуға және қоғам таратылған кезде белгіленген тәртіппен мүліктің бір бөлігіне басым құқығы бар акция немесе оны меншік туралы ерекше сертификат деуге болады. Қоғамның артықшылықты акцияларының саны оның жарияланған акцияларының жалпы санының 25%-нан аспауы тиіс.

Акциялар еңбек ұжымының, акционерлік қоғамдардың, кәсіпорындардың ак циялары ретінаде шығады.