Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
БАНКТІ~1.DOC
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
642.56 Кб
Скачать

23.Банкаралық несие ресурстары нарығы

Нарық жағдайында банктердің ресурстық потенциалын өсіру мәселелері және оның тұрақтылығын қамтамасыз ету бірінші дәрежелі маңызға ие.

Банкаралық ақша нарығында бос несиелік қаражаттар жетіспеген жағдайда коммерциялық банк ОБ-тен қысқа мерзімді несие ала алады. Банкаралық несиелік ресурстар екінші деңгейдегі банктер арасындағы қозғалысы, айналымдағы ақша массасы көлемінің өзгеруіне әкелмейді. Ол тек қатаң бақыланатын ақша массасы агрегаттарының М0, М1, М2, М3 – арасындағы өзгерістерді тудырады. Өйткені коммерциялық банктер мәмілелерді тек тартылған несиелік ресурстар және ОБ-тің ақша эмиссиясы негізінде ғана жасайды.

Коммерциялық банктер басқа кез келген заңды тұлға сияқты ресурстарды бағалы қағаздар, акциялар, облигациялар, депозиттік және жинақ сертификаттарын шығару жолымен жинақтау құқығы бар. бұл қаражаттар несиелік ресурстардың депозиттік және жинақ сертификаттарын шығару жолымен жинақтау құқығы бар. Бұл қаражаттар несиелік ресурстардың депозиттік емес көздеріне жатады.

Банкаралық займдар – банктің ресурстық потенциалының тұрақтылығын қолдану үшін ресурстарды қалыптастырудың маңызды көзі. Банкаралық несиелеу банктің тиімділік тенденциясын қолдау мақсатында жүзеге асырылады және негізінен қысқа мерзімді сипатта болады. Банкаралық займдар корреспонденттік қатынастар шеңберінде жүреді және банк ресурстарының басқа көздеріне қарағанда қымбат болады.

Банкаралық займдардың ерекшелігі:

1) банкаралық ресурстар банкаралық ақша нарығынан тартылады;

2) банкаралық несиелерді тарту клирингтік орталықтағы корреспонденттік шоттардың ақшалай қаражаттарыдың қалдықтары шегінде жүзеге асырылады.

1. Ақша жүйесінің ұғымы және оның элементтері

Ақша жүйесі – қандай да бір елде ақша айналымын ұйымдастырудың тарихи қалыптасып, заңмен бекітліген формасы. Әлемдік өркениеттегі ақша жүйелерінің жекелеген элементтері ежелден белігілі, әрі олар құнның ақшалай жүйесі. ХІ-ХҮІІ ғасырдан қалыптаса бастады.

Ақша жүйесі жүйесі өз эвалюциясында ақша-тауар қатынасының даму деңгейіне тікелей тәуелді болғандықтан көптеген өзгерістерге ұшырады. Әрбір мемлекеттің өз ақша жүйесі бар. Ол мынандай элементтерді қамтиды.

  • ақша жүйесін ұйымдастырудың принципі;

  • ақша бірліктерінің атауы;

  • ақша бірліктерінің түрлері, олардан шығарудың тәртібі және қамтамасыз ету сипаты:

  • ақша валюта бағалы несие тұрғысынан реттеудің тетігі;

  • ұлттық валюта бағалы , оны шет елдік валбютаға айырбастаудың тәртібі.

  1. ақша жүйесін ұйымдастырудың принципі мыналар – ақша жүйесін орталықтан басқару, болжау жасау, жоспарлдау , ақша айналымының тұрақтылығы, икемділігі, ақшаны эммессиялау, инфляцияны тежеу, орталық банк тәуелсіздігінің приципі.

  2. ақша - бірлігі барлық татуар бағаларын өтеуге қызмет ететін заңмен бекітілген ақша белгісі. ҚР ақша бірілігі 100 тыиыннан тұратын теге болып табылады.

  3. Ақша – түрлері – Заңды төлем құралдары – қағаз және несие ақшалар – ақшаның түрлеріне жатады.

  4. Ақша несие айналымының тетігі – ақша несиелік реттеу құралдарының, ақша – несие тұрғысынан реттеуші органдардың құқығы мен міндеттердің жиынтығын білдіреді.

  5. Ақша белгілерінің түрлері, оларды шығарудың тәртібі және қамтамасыз ету сипаты. Барлық төлем түрлеріне олардың көрсетілуі құны бойынша міндетті түрде қабылданатын, бакнот пен тиыннан тұратын айнаымдағы мемлекеттің ақша белгілері., ақша белгілерінің шығаруды олардың айналымын ұйымдастыруды оратлық банк жүзеге асырады. ҰБ банкноттары мен тиында барлық активтермен қамтамасыз етеді.

  6. Ұлттық валюта бағаны оны шет елдік валютаға айрыбастау тәртібі. Валюта бағамы – бұл басқа елдің ақша бірлігінде бейнеленген бір елдің ақша бірлігінің бағасы. Валютаны шет елдік валютаға айырбастау «Валюталық реттеу туралы» ҚР заңында белгіленген.