Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
R_S_R_R_R_R_-R_R_S_R_RgRyoS_R_S_RyeR_R_RyiR_S_R...doc
Скачиваний:
9
Добавлен:
21.11.2019
Размер:
950.27 Кб
Скачать

1. Moғолстанның құрылуы.

2. Moғолстанның саяси тарихы.

Moғолстан. XIV ғасырдың ортасында Шағатай мемлекеті ажырады: батыс бөлігінде Мавреннахр, шығыс бөлігінде Моғолстанның негізі салынған болатын. Моғолстанның шығысында қалмақтардың жерлерімен шектес болды, солтүстікте Балқаш көлімен шектес болды, батыста Түркістан және Ташкентпен шектесті, оңтүстікте – Ферғана, Қашқар, Ақсу және Тұрфанмен шектесті. Сайып келгенде, Moғолстан Қазақстанның оңтүстік - шығыс және Қырғызстанның солтүстігін қамтыды.

Моғолстанның шекаралары 150 жыл ішінде өзгеріп отырды. Тоғылық Темір кезінде Моғолстанның вассалы болып Қазақстанның оңтүстік шығыс бөлігі және Шығыс Түркістан территориялары болды. Кейіннен, Шығыс Түркістан Тимуридтер тарапынан алынды. XV ғасырдың 80 жылдары Моғол ханы Ташкент, Сайрамды жаулап алды, бірақ Жетісудан айрылды. XVI ғасырдың басында Моғол ханы Саид сұлтан Қашқария жерін жаулап алды.

"Moғолстан" термині нені білдіреді? "Моңғол" термині түркі және иран қайнаркөздерінде "Моғол " деп жазылған және айтылған болатын.

Moғолстанда дулаттар, қаңлылар, керейлер, үйсіндер, арғындар өмір сүрді. Дулаттар Moғолстанда басты рольді ойнады. Бұл тайпалардың негізгі бөлігі Жетісуда қоныстанды, олар қазақ халқын құрылуына себеп болды. Тян Шань және Шығыс Түркістан территориясын қоныстаған тайпалар қырғыз және ұйғыр халқын құрылуына себеп болды.

Алмалық Моғолстанның бірінші астанасы болды. Бірінші моғол ұлыс жүйесін сақтап қалды. Олар жаңа салықтар және салық салу реформаларын жүргізді.

Moғолстанның саяси тарихы. Toғылық Темір (ол Шағатай әулетінен) Moғолстанның бірінші ханы (1347-1362) болды. Toғылық Темір және оның ұлы Іляс қожа (1362-1380) Шағатай мемлекетін бағындырып, Мавреннахрды жаулап алды. Біріктіру науқаны 1360 жылы басталды. Оған Мавреннахр әмірлері қарсы тұрамады, себебі ұрыс-таластар бүкіл мемлекетке таралған болатын. Әмірлердің бірі болашақ жаулап алушы Тоғылық Темірге бағынды және де Кешті жаулап алды. Бірақ Toғылық Темір Мавреннахрды жаулап аламады, өйткені Моғолстанда ең ірі көтеріліс орын алды. Тоғылық Темір Моғолстанға көтерілісті басу үшін қайта оралды. 1361 жылы көтерілісті басқаннан кейін Тоғылық Темір Мавреннахрға жорық жасады және де Мавреннахрдың билеушісі етіп өзінің ұлын Іляс Қожаны тағайындады.

Toғылық Темір өлімінен кейін, Іляс Қожа Moғолстанға қайтты және өзін хан етіп жариялады. 1365 жылы ол Мавреннахрға жаңа жорық жасады. Сырдарья жағасында шайқасты. Темір әскерлері жеңілген болатын және де шайқас барысында 10 мыңнан жоғары жауынгерлер шегінді, және бұл шайқас "батпақты қырғын шайқасы" атына ие болды. Жеңіс Мавреннахрға жолды ашты, бірақ Моғолдар Самарқандты қабыл ала алмады, өйткені оларға қала тұрғындары қарсы тұрды.

.

XIV ғасырдың 70-80 жылдары басқа хандар Қызыр қожа, Енге төре, және Қамар Ад-дин Темірмен соғысты. Нәтижесінде, Моғолстан ұсақ бөлімдерге ажырады. Бірақ, Мухаммед хан (1408-1416) кезінде Moғолстан біріктіріліп және Тимуридтерден тәуелсіз болды. Ол Шу және Талас өзені территориясын босатты, және де Моғолстанға исламды күшпен таратты.

Уайс хан билігінде (1418-1428) Moғолстанның шығыс шекаралары ойраттардың шабуылында болды. Уайс хан олармен көп соғысты, Жетісудің астанасын Тұрфаннан Ілебалыққа көшірді. Уайс ханның ұлы Есен Бұқа (1433-1462) Моғолстанды біріктіруге тырысты, бірақ бұл пайдасыз болып ол тек қана Шығыс Түркістанның территориясын биледі.

Glossary

Conduct

Проводить

Жүргізу

Resist

Сопротивляться

Тойтарыс беру

Obey

слушаться, повиноваться

Тыңдау

Rebellion

мятеж, восстание

Көтеріліс

Retreat

Отступать

Тойтарыс беру

Plunder

Ограбить

Тонау

Fix

Назначать

Тағайындау

Set free

отпустить на волю

Бостандыққа жіберу

Trample down

Затоптать

Таптап тастау

Capture

Захватить

Жаулап алу

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]