- •Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі
- •Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі с.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті Қазақ тілі кафедрасы
- •Студенттерге арналған бағдарлама ( силлабус
- •Астана - 8 жыл
- •2. Пән туралы мәліметтер:
- •Оқу уақытын бөлу
- •6. Пәннің мазмұны
- •7. Студенттердің өзіндік жұмыстарының тақырыптары
- •І семестр
- •8. Пән бойынша сөж тапсырмаларын орындау және тапсыру кестесі
- •9. Негізгі әдебиеттер:
- •Қосымша әдебиеттер:
- •11. Білімнің бағалануы туралы ақпарат
- •12. Баға қою саясаты Пән бойынша білім бағалау кестесі
- •Көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қойыңыздар
- •Өлеңді жаттап алыңыздар. Үш бақытым
- •Қарамен жазылған сөздердің синонимдерін табыңыздар.
- •Асты сызылған сөздердің антонимдерін табыңыздар
- •Мына мақал-мәтелдерді жаттаңыздар
- •Мына сұрақтарға жауап беріңіздер
- •Көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қойып, көшіріп жазыңыздар.
- •Мына сөздердің омонимдерін табыңыздар
- •Мәтінді оқып, орыс тіліне аударыңыз.
- •Сөйлемдер мәтін мазмұнына сәйкес келсе «шын», келмесе «жалған» деп жауап беріңіз.
- •Шашылған сөздерден сөйлем құрастырыңыз.
- •Көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қойыңыздар
- •Мәтінді оқып, мазмұнын айтыңыздар.
- •Мына сұрақтарға жауап беріңіз
- •8. Сөйлемдерді оқыңыз, егер ол мәтін мазмұнына сәйкес келсе, «ия», сәйкес келмесе, «жоқ» деп жауап беріңіздер.
- •Мәтін бойынша 5 сұрақ қойыңыздар.
- •Сөйлемдерді оқыңыз, егер ол мәтін мазмұнына сәйкес келсе «шын», сәйкес келмесе, «жалған» деп жауап беріңіздер.
- •Шашылған сөздерден сөйлемдер құрастырыңыздар
- •Мына сөздермен, сөз тіркестерімен сөйлемдер құрыстырыңыздар.
- •Мына сөйлемдерді орыс тіліне аударыңыз.
- •Сөйлемдерді дұрыс септік жалғауында тұрған сөзбен жазыңыздар.
- •Мына мақал-мәтелдердің мағынасын түсіндіріңіз.
- •Мәтінді оқып, түсінгендеріңізді айтыңыздар.
- •« Қазақстанның дамуына менің қосар үлесім» 1-2 беттік эссе жазыңыздар.
- •Мына сөздермен, сөз тіркестерімен танысыңыз
- •7.Сөйлемдерді оқыңыз, егер ол мәтін мазмұнына сәйкес келсе «шын», келмесе «жалған» деп жауап беріңіздер.
- •9. Мына сұрақтарға жауап беріңіздер.
- •10.Мәтінді оқыңыздар
- •Мына сұрақтарға жауап беріңіздер
- •Мәтіннен сапалық сын есімдерді бір қатарға, қатыстық сын есімдерді бір қатарға теріп жазыңдар
- •Көп нүктенің орнына қажетті сөздерді есімдерді қойыңыздар.
- •Шашылған сөздермен, сөз тіркестерімен сөйлемдер құрастырыңыздар.
- •Сөйлемдерді оқыңыз, ол мәтінің мазмұнына сәйкес келсе «шын», келмесе «жалған» деп белгілеңіз.
- •Мақалдардың оқып, мағынасын түсіндіріңіздер.
- •11. Мәтінді орыс тіліне аударыңыз
- •Мәтінді оқып, өз ойларыңызбен толықтырыңыздар.
- •Мәтінді оқыңыздар
- •Мына сұрақтарға жауап беріңіздер.
- •5.Жоғарыда берілген мәтіннен есімдіктерді теріп жазыңыздар.
- •6. Сөйлемдер мәтін мазмұнына сәйкес келсе «шын», келмесе «жалған» деп жауап беріңіз.
- •7. Шашылған сөздер мен тіркестерден сөйлемдер құрастырыңыздар.
- •8. Мәтінді оқып, орыс тіліне аударыңыздар
- •9.Төмендегі есімдіктермен сөйлемдер құрастырыңыздар.
- •10. Мәтінді оқыңыздар, есімдіктерді теріп жазып мағыналық түрін ажыратыңыздар.
- •11. Мәтін бойынша 5 сұрақ қойыңыздар
- •Көп нүктенің орнына тиісті есімдікті қойыңыздар.
- •4. Мәтіннен үстеулерді теріп жазып, мағыналарын ажыратыңыздар
- •5.Сұрақтарға жауап беріңіздер.
- •6. Көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қойып, сөйлемдерді оқыңыздар.
- •7. Мына сөйлемдерді орыс тіліне аударыңыздар.
- •Сұрақтарға жауап беріңіз.
- •6.Сөйлемдерді оқыңыз, егер ол мәтін мазмұнына сәйкес келсе «шын», сәйкес келмесе «жалған» деп жазып беріңіз.
- •7. Мәтінді оқып, орыс тіліне аударыңыздар.
- •«Мен және қоршаған орта» тақырыбына 1-2 беттік эссе жазыңыздар.
- •Мәтінге қажетті сөздермен сөз тіркестерімен танысыңыздар
- •Сәйкестікті көрсетіңіздер
- •Мына сөздердің синонимдерін табыңыздар
- •Мәтінді оқыңыздар
- •Мәтін бойынша сұрақтар құрастырыңыздар.
- •Мәтіннен етістерді теріп жазып, мағыналық түріне қарай ажыратыңыздар.
- •Көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қойып оқыңыздар
- •Мына сөйлемдерді орыс тіліне аударыңыздар.
- •Төмендегі сөйлемдерді тиісті етістіктермен аяқтаңыз.
- •10.Төмендегі етістіктерге ырықсыз етіс жұрнақтарын жалғап, сөйлемдер құрастырыңыздар.
- •1.Төмендегі берілген етістіктерді тиісті орындарға қойыңыздар .
- •2.Төмендегі етістіктерге ортақ етістің жұрнақтарын жалғап, сөйлемдер құраңыздар.
- •Мәтінді оқып, мазмұндаңыздар.
- •Сәкен Сейфуллин.
- •5.Мәтін бойынша 5-7 сұрақ қойыңыздар
- •6. Мәтіннен есімшелерді, көсемшелерді теріп жазыңдар
- •7.Мәтінді орыс тіліне аударыңыздар
- •Мәтінді оқыңыздар
- •Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіздер.
- •6.Сөйлемдер мәтін мазмұнына сәйкес келсе «шын» деп, сәйкес келмесе, «жалған» деп белгілеңіз.
- •7.Сөйлемдерді орыс тіліне аударыңыздар
- •1.Мәтінді оқып, мазмұндаңыздар
- •2. Мәтін бойынша 4 сұрақ жазыңыздар
- •3.Мына етістіктерді рай түрлеріне байланысты түрлендіріңіздер
- •Мәтінді оқып, мазмұндаңыздар
- •Көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қойып, оқыңыздар.
- •Мына сөйлемдерді орыс тіліне аударыңыздар.
- •Мәтінді оқып, мазмұндаңыздар
- •Мәтінді оқып, орыс тіліне аударыңыздар
- •8.Бос жерлерге қажетті сөздерді қойып, сөйлемдерді оқыңыздар.
- •Көп нүктенің орнына қажетті шылауларды қойып, оқыңыздар
- •Мәтінді оқыңыздар
- •Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіздер.
- •Мәтіннен демеулік шылауларды теріп жазыңыздар.
- •Шашылған сөздерден сөйлемдер құрастырыңыздар.
- •Тест тапсырмалары
- •Мазмұны
Мәтінді оқыңыздар
Адам және табиғат егіз
Жаһандық жылыну, яғни, климаттың өзгерісі халықаралық ұйымдардың да назарын өзіне еріксіз аударып, БҰҰ-ның 1992 жылғы РИО-де-Жанейродағы жиынында арнайы «Климаттың өзгеруі жөніндегі конвенция» қабылданған болатын. Оған әлемнің 176 елі қол қойды. Ал 1997 жылғы Киотодағы БҰҰ халықаралық саммитінде «Атмосфераға таралатын зиянды газдарды шектеу туралы хаттама» қабылданды. Оны қазіргі таңда әлемнің 157 мемлекеті ресми түрде бекітті. Онда жанар-жағармайдан ауаға таралатын зиянды газдардың көлемін 1990 жылғы деңгейге жеткізіп, 2008-2012 жылдары 5,2 пайызға дейін азайту қарастырылған. Бұл үшін Еуропа Одағына кіретін елдер оның мөлшерін – 8 пайызға, АҚШ – 7, Жапонияда, Канада, Польша, Венгрия – 6 пайыз, басқа елдер оны белгілі бір жылғы көрсеткіштен асырмауға келіскен болатын.
Жер-Ана бәрімізге ортақ, оның бетінде болатын табиғи ауытқушылық планетаны мекен етушілердің бәріне бірдей зардабын тарттырады. Оған жанды мысал – көз алдымызда суалып бара жатқан Арал теңізі. Кеуіп қалған теңіз арнасынан ұшқан тұздың Үндістан шай алқаптарын басып қалғанын айтпағанда, мұхит асып барып, Американың экологиясын да бүлдіріп жатқанының өзі-ақ табиғатта менікі-сенікі деген мәселенің болмайтынын байқатады.
БҰҰ Бас Ассамблеясының 62-ші сессиясында жаһандық климаттың өзгеруі талқыланды. Осы мәселеге қатысты бірқатар фактілерге көз жүгіртер болсақ, 1970 жылдан бері жер бетіндегі климатты жылытатын ауаға тарап жатқан булы газдардың көлемі 70 пайызға артыпты. Ол 2030 жылға дейін тағы да 25 пайызға көбейетін көрінеді. Бұл мұхиттағы мұзтаулардың еруіне әсер етуі мүмкін. Осылай болған жағдайда әлемдегі бірқатар елдер мен қалалар су астында қалып кетуі ғажап емес.
Жалпы алғанда ауа температурасының ауытқуы егіншілікке, қоршаған ортаға және халық денсаулығына келеңсіз әсер ететіні айтпаса да белгілі. Сондықтан да бұл мәселе біздің еліміз үшін де өзекті күйінде қалуда.
Дерек көздеріне сүйенсек, бүгінгі күні Қазақстанның 60 пайыздан астам жері құрғақшылыққа ұшырауда. Жасыл алқаптар мен орман-тоғайлар азайып, мал жайылымдары тарыла түсуде. 2001 жылы ауыл шаруашылығы мақсатына арналған 220,7 миллион гектар жердің 90,9 гектары шөлге айналған. Онсыз да орманға кедей елімізде жасыл желектің азаюы құрғақшылыққа ұшырауды одан әрі жеделдете түсуде.
Қазақстан Республикасы климат өзгерістерінің алдын алуға және оның адамзатқа тигізер кеселдерін азайтуға бағытталған халықаралық келіссөз үрдісіне белсене қатысуда.
Мына сұрақтарға жауап беріңіздер.
Қашан Киото хаттамасы қабылданды?
б. Киото хаттамасында не туралы айтылды?
с. Неліктен климаттық өзгерістер болып жатыр?
д. Сіз климаттық өзгерісті байқадыңыз ба?
5.Жоғарыда берілген мәтіннен есімдіктерді теріп жазыңыздар.
6. Сөйлемдер мәтін мазмұнына сәйкес келсе «шын», келмесе «жалған» деп жауап беріңіз.
Сөйлемдер |
Шын |
Жалған |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
