Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Книга профилактика.doc
Скачиваний:
330
Добавлен:
24.03.2016
Размер:
3.47 Mб
Скачать

Уақытша және тұрақты тістердің шартты сандары

Уақытша тістер

Тұрақты тістер

Орталық күрек тіс

1

1

Бүйір күрек тіс

2

2

Ит тіс

3

3

Бірінші премоляр

4

Екінші премоляр

5

Бірінші моляр

4

6

Екінші моляр

5

7

Үшінші моляр

8

Таблица 4.2

Тістер жағдайының шартты белгілері

Тістің жағдайы

Шартты белгілер

тұрақты тістерге

уақытша тістерге

сауыты

түбірі

Сау

0

0

A

Тіс жегісі және оның асқынулары

1

1

B

Ақауы бар тұрақты пломба, пломба және тіс жегісі

2

2

C

Тұрақты пломба, тіс жегісі жоқ

3

3

D

Тіс жегісі нәтижесінде жұлынған

4*

-

E**

Басқа себеп бойынша жұлынған (30 жасқа дейін)

5

-

-

Герметигі бар сау

6

-

F

Тірек сауыты, арнайы сауыт немесе винир/имплантант

7

7

G

Жарып шықпаған тіс (сауыт)/көрінбейтін түбір

8

8

-

Жарақат

Т

-

Т

Кодталмайды

9

9

-

Ескерту:

* 30 жастан асқан адамдарда жұлу себебін анықтамай әрбір жұлынған тіс болып табылады.

** Тістің физиологиялық ауысуының стандартты мерзімдеріне дейін екі жылдан көп тіс қатарында болмаған әрбір тіс болып табылады.

Тістер жағдайының ең кең таралған нұсқалары үшін ДДҰ 4.2 таблицада келтірілген шартты белгілерді ұсынады.

Сур. 4.2.Тұрақты және уақытша тістесудің тіс қатарлары.

Стоматологиялық құжатта «тіс формуласы» болады, оны толтыру кезінде барлық қабылданған белгілер қолданылады.

5 Тарау. Тіс жегісін біріншілік алдын-алу

5.1. Тіс жегісінің этиологиясы мен патогенезінің теориялары. Тіс жегісін біріншілік алдын-алудың негізгі бағыттары

Тіс жегісінің табиғатын зерттеу тарихы

Тіс жегісі (лат. сөзінен сaries - сүйек сырқырау)- тіс тінінің жергілікті деструкциясының патологиялық үрдісі. Адамның тістері тіс жегісімен неолит дәуірінде зақымдалған: Кроманьон үңгірінің қабырғаларында ауру тістер туралы суреттердің жасы 22000 жылдан асады. Адам мәдениеттілігінің дамуына байланысты тіс жегісі агрессивті болды және адамдарды принципиальды маңызды сұрақтарға жауаптар іздеуге мәжбүр етті: неге тістер бұзылады және одан қалай құтылады?

Жегіленген аурудың табиғаты бұрын адамдарға парадоксалды болып саналды: тістердің «шіруі» адам тіршілігі кезінде ғана дамып, өлгеннен кейін ешқашан болмайды деп есептелді. Сондықтан тіс жегісінің себептерін бастапқыда-ақ ағзаның жалпы жағдайымен байланыстырылды: ежелгі гректер тістердің саулығы, жан мен тәннің саулығы сияқты – қан, лимфа, ақ және қара өт - 4 сұйықтықтың қатынасымен анықталады деп есептеген.

Тірі табиғатты зерттеу тәжірибесі тіс жегісінің инфекциялық себептері туралы тұжырымның туындауына негіз болды: құрттар «тістерді жеп, олардан қанын ішеді»,- деп Гомер мен Шекспир туындыларындағы басты кейіпкерлер шағымданады.

Жегіленген патологияның үшінші аспектісі - оның химиялық үрдістермен байланысы - алғашында Гиппократ пен Аристотель еңбектерінде, тіс жегісі, тамақ тұрып қалып, шіритін аймақтарда дамиды делінген, сондықтан тістерге ең зиянды – тәтті жабысқыш фигалар болып келеді деп атап өтіледі.

Тіс жегісінің пайда болуының химиялық және инфекциялық версияларын қосатын тістердің химико-паразитарлы теорияны құру, Пастер мен Кохтың жұмыстары көмегімен ХІХ ғасырдың екінші жартысында мүмкін болды. Тіс жегісінің инфекциялық теориясының дамуы Кларк жұмыстарында маңызды түрткі болды: 1924 ж. ол деминерализацияланған эмальға қонатын микроағзаларды зерттеп, тіс жегісінің туындауында елеулі әсер ететін микроағзаларды анықтады, оларға Streptoccus mutans атауын қойды (атауы инкубация жағдайына байланысты баған түрінің өзгерісін сипаттайды).

ХХ ғасырда тіс жегісінің инициация мен дамудың механизмдерін зерттеу жалғасады. 1940 жылдары тіс жегісі кезінде эмальдың белокты матрицасының жағдайына көңіл бөліне бастады. Протеолитикалық теорияның авторлары Готлиб, Пинкус пен Фрисби, қышқылдың эмальды деминерализацияға әкеліп, оны ақ дақ сатысына айналдырып, бірақ шынайы жегіленген қуыстарды түзбейді деп тұжырымдады. Авторлар пікірлері бойынша шынайы тіс жегісін тудырып, эмальдың екіншілік деминерализациясын қамтамасыз ететін, тіннің ішіне микробтардың инвазиясын жеңілдететін, эмаль призмалары арасында байланыстарды бұзуға, ыдырауына әкелетін маңызды үрдіс органикалық құрылымдардың біріншілік бұзылуы болып табылады.

Хелационды теорияға сәйкес (Шац, Мартин, 1955) тістер тіндерінің деминерализация үрдісі бейтарап және қышқыл ортада кальцийді ұстауға қабілетті, белоктар мен органикалық қышқылдардың хелат түзуші қасиеттерімен (тамақ, эмальдың микробты шабуылының өнімдері) жеңілдетіледі.

Морш (1971) компромиссті версияны ұсынды: жегіленген үрдіс қышқыл ортада микробты деминерализациямен басталады, ал бейтарап ортада хелатты қосындылардың түзілу жолымен жалғасады.

ХХ ғасырдың екінші жартысында соматикалық, инфекциялық және химиялық версияларды қосатын тіс жегісінің пайда болуы мен дамуының интегративті концепцияның қалыптасуы үшін жағдайлар пайда болды.

Тіс жегісі бастапқы сатысының этиологиясы мен патогенезінің қазіргі заманғы концепциясы

Жегіленген үрдіс дамуының факторлары мен механизмінің салыстырмалы мәні әртүрлі стоматологиялық мектептермен бағалануы міндетті емес: тіс жегісі этиологиясының қазіргі заманғы жалпыға ортақ теориясы үрдісті көп факторлы деп есептейді, бұл теорияның графикалық белгісінде көрсетіледі (Кейс, 1962; Кениг, 1971; сур. 5.1). Бүгін барлығы, тіс жегісі қожайынның тіс жегісіне төменгі тұрақтылығы жағдайында қышқылдардың түзілуімен қақтың тағамдық көмірсутекті құрам бөліктерінің ұзақ уақыт бойы ферменттелетін тіс қағының арнайы микрофлорасымен иницирлейтін инфекциялық үрдіс болып табылатындығымен келіседі.

Сур. 5.1. Тіс жегісі этиологиясының принципиальды сызбасы.

Эмальдың бастапқы жегіленген деминерализациясы принципиалды түрде екі кезекті негізгі химиялық реакциялар үрдісінде апатиттің қышқылды еруі ретінде сипатталады:

  1. Са10(РО4)6(ОН)2+ 2Н3+О ↔Са103О)2(РО4)6(ОН)2;

1 теңдеуде көрсетілген деминерализация үрдісі табиғи және қайтымды болып табылады. Бір үрдістің басым болуы - апатиттердің еруі немесе кальцийдің апатитке кері преципитациясы екі негізгі факторларға байланысты: тісті қоршаған ортада кальций иондарының қышқылдығына және концентрациясына.

5.2 суретте көрсетілген сызба жегіленген жайдайдың қалыптасуының механизмдерін толық ашады, көптеген қауіп факторларын көрсетеді, тіс жегісін алдын-алудың нысаны болып табылады.

ОТДЕЛЬНО

Сур. 5.2. Никифорук бойынша тіс жегісі патогенезінің қазіргі заманғы концепциясы, 1985.

Тіс жегісін біріншілік алдын-алудың негізгі бағыттары

Тіс жегісі этиологиясы мен патогенезінің қазіргі заманғы концепциясына сәйкес тіс жегісін біріншілік алдын-алудың стратегиясы құрылды (қара сур.5.3). Тіс жегісі пайда болуының қауіп факторларының бөлігі («жалпы» деп аталатын) обьективті жағдайлармен байланысты, сондықтан оларға науқастың немесе стоматологтың күшімен әсер ету шектеулі сәттілікті береді. Науқастың жүріс тұрысына байланысты және өз өзіне көмектесу шараларына негізделген, ауыз қуысындағы тіс жегісінің дамуына «жергілікті» қауіп факторымен толық реттелуі стоматологқа ең мәліметті болып келеді. Тәжірибе бойынша барлық тістердің денсаулығын сақтау - әртүрлі тиімді алдын-алу заттары мен әдістері жеткізіледі.

Сур. 5.3. Тіс жегісін біріншілік алдын-алудың негізгі объектілері.

Тіс жегісінің этиотропты алдын-алуы зақымдаушы микробты фактормен күреседі: инфицирленуді болдыртпайды, патогенді колонизация масштабтарын шектейді, физикалық, химиялық және биологиялық әдістерді қолданып, тіршілік ету жағдайында жегіленген микрофлора үшін қолайсыз жағдай жасайды. Этиотропты алдын-алуды жүзеге асырудың негізгі әдісіне қазіргі кезде тұрғындардың санитарлы ағарту болып табылады: тұрмыстық және диеталық әдеттерді түзету, тиімді заттарды қолданып, ауыз қуысының гигиеналық күтімін мотивациялау және т.б.

Тіс жегісін біріншілік алдын-алудың басқа бағыты «қожайынның» жегіге төзімділігінің жоғарғы деңгейін ұстап тұру және қалыптастыру мәселелерін шешеді. Эмальдың сапасы көп жағдайда тіс жарып шыққанға дейін ол қандай жағдайда қалыптасқанына (преэруптивті кезеңде деп аталатын) және жарып шыққаннан кейін жетілгеніне (постэруптивті кезеңде) байланысты, сондықтан жүйелі және жергілікті деңгейде гомеостаздың энергетикалық, пластикалық және минералды қамтамасыз етілуінің жоғары алдын-алу маңызы бар. Эмаль тұрақтылығын қамтамасыз етуде фторидтер маңызды роль атқарады, оларды ішке тамақ құрамында, сонымен қатар ауыз қуысында жергілікті сықпа, гель, лак түрінде қолдануға болады.

Ауыз қуысы сұйықтығының қасиеттерін бақылау - тіс эмалінің табиғи қорғаушысы – сілекей бөлінудің стимуляциясын, оның физико-химиялық және биологиялық сипаттамаларын дұрыстауды жорамалдайды (минералдар құрамы, буферлік қасиеттері, қышқылдылығы, тұтқырлығы).

Эмальдың қатпарларында - фиссуралар мен шұңқырларда дамитын тіс жегісін алдын-алу жеке мәселені құрайды. Бұл зоналарды сақтаудың арнайы шаралары бар.

Жалаңаштанған түбір тіндерінің тіс жегісі – тұрғындардың өмір ұзақтығына байланысты өзгереді. Түбірдің тіс жегісін алдын-алу шаралары жегіленген шабуылға ұшырайтын (цемент, дентин) тіндер қасиеттерінің ерекшеліктерін және қарт науқастардың өзіне көмектің шектеулі мүмкіншіліктерін есепке ала отырып, өңделеді.

Алдын-алу міндеттерін тәжірибелік шешу оңай шаруа емес. Бұл мәселені оң мәнде шешу үшін науқас пен дәрігердің арасында терең түсінушілік болуы керек. Соның нәтижесінде оң көрсеткішке ие болады.