Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Книга профилактика.doc
Скачиваний:
330
Добавлен:
24.03.2016
Размер:
3.47 Mб
Скачать

Патологиялық тістесу қалыптасуының қауіп-қатер факторларымен басқару принциптері

Тіс-жақ ауытқулары қалыптасуының қауіп-қатер факторлары

Қауіп-қатер факторы әсерінің минимизациясы бойынша шаралар

Орындаушылар

Өмірінің антенатальды, натальды және постнатальды кезеңдері ағымында жүйелі аурулар

Тістесудің қалыптасуында болашақ ана мен баланың соматикалық денсаулығының ролі туралы санитарлы ағарту,

салауатты өмір салты,

жүктілікті жоспарлау;

патологияның ерте симптомдарын уақытында дұрыстау

Отбасы, стоматолог, акушер-гинеколог, терапевт, педиатр

Жақ-бет аймағының сүйекті тіндерінің патологиясы

Тіс жегісі мен жақтарда одонтогенді үрдістерді біріншілік, екіншілік алдын-алу

Стоматолог, отбасы

Периодонт патологиясы

Периодонт патологиясын біріншілік және екіншілік алдын-алу

Стоматолог, отбасы

Тіс жегісі

Тіс жегісін

Стоматолог, отбасы

Уақытша тістердің ерте жұлынуы, тұрақты тістердің жоғалуы

Тіс доғасында кеңістіктердің жоғалуын алдын-алу;

Протездеу

Стоматолог

Келбеттің патологиялық қалыпастуы

Ұйқы мен баланы сергіту үшін жағдайларды дұрыс ұйымдастыру;

Емдік дене шынықтыру

Стоматолог, педиатр, отбасы

Жақ-бет аймағы қызметтерінің патологиясы

Тыныс алу патологиясы

Мұрын жолдары, мұрын- және ауыз жұтқыншақты сауықтыру, ауыз саңылауын бекітетін бұлшықеттер тонусын қалпына келтіру

Педиатр, ЛОР, стоматолог, отбасы

Жұтыну патологиясы

Қоректендіруді дұрыс ұйымдастыру, мұрын жолдары, мұрын- және ауыз жұтқыншақты сауықтыру, тіл бұлшықеттері тонусын (және мөлшерін) қалпына келтіру

Педиатр, стоматолог, отбасы

Сору патологиясы және онымен байланысты оральды әдеттер

Баланы қоректендіруді және оны сергіту тәртібін дұрыс ұйымдастыру; бала үшін психологиялық жасау, мінез-құлқын бақылау

Педиатр, стоматолог, отбасы

Шайнау патологиясы

Баланы дұрыс қоректендіру, ауыз қуысын сауықтыру, бұлшықеттер тонусын қалпына келтіру

Педиатр, стоматолог, отбасы

Сөйлеу патологиясы

Тіл бұлшықеттері тонусын қалпына келтіру, тіл үзбесінің пластикасы

Логопед, стоматолог

7.3. Тістесу патологиясын алдын-алуда миогимнастика: мақсаттары, әсер ету механизмдері, әдістері, сабақтарды ұйымдастыру

Миогимнастика әсерінің мақсаттары мен механизмдері

Миогимнастика жақ-бет аймағының патологиялық қызмет етуші бұлшықет топтары (шайнау, мимикалық, ауыз қуысы түбі бұлшықеттері) үшін, олардың тонусы мен қызметін қалпына келтіру мақсатында, жүйелі нормаланған жаттығуларға негізделеді. Осындай арнайы жаттықтыру нәтижесінде дұрыс динамикалық бұлшықеттік стереотип қалыптасады, оны бекіту үшін жаттығулардың сәйкес жиынтықтарын бір жыл ішінде орындау қажет.

Миогимнастика алдын-алу (және емдік) шарасы ретінде ең жиі 4 жастан 7 жасқа дейінгі балалармен жұмыста қолданылады. Миогимнастиканың әсері бір жағынан морфологиялық және функциональды бұзылыстардың айқындылығының дәрежесіне, басқа жағынан – осы ұзақ мерзімді алдын-алу шараларын орындауда науқастың және оның отбасының ынтасына байланысты.

Шайнау және мимикалық бұлшықеттердің гимнастикасы емдік дене шынықтырудың бөлігі болып табылады және оның ережелеріне бағынады:

  • бұлшықеттерді жайлап және бір қалыпты қатайту қажет;

  • жаттығулардың қарқындылығы және олардың сермеуі жеткілікті болуы қажет, бірақ шамадан тыс емес; әрбір бұлшықеттің ширығуынан кейін босаңсуы болуы қажет;

  • әрбір жаттығуды бірнеше рет орындау қажет – бұлшықеттердің аздап шаршау сезімі пайда болғанға дейін;

  • жаттығуларды үнемі, жүйелі түрде орындау қажет;

  • жаттығулардың ұзақтығы және олардың саны уақыт аралығында өсуі қажет.

Емдік дене шынықтыруда жаттығудың екі негізгі түрлерін қолданады: а) статистикалық (жаттығуды орындау кезінде бұлшықеттердің ширығуы олардың босаңсуымен кезектеседі). Жаттығудың ұзақтығы қандай да бір бұлшықет топтарының қалыпты физиологиялық мүмкіншіліктеріне (табл. 7.3) және науқаста анықталған қызметтің бұзылысы кезінде бұлшықет төзімділігінің төмендеу дәрежесіне байланысты (табл. 7.4). Жаттығуларды орындау қарқыны баяудан тезге түрленеді: тез қарқында жаттығу бір есепте, орташада – екі, баяуда – 4 есепте орындалады. Жаттығуларды қайталау саны 5-тен 10-20-ға дейін біртіндеп жоғарылайды.

Таблица 7.3