Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Книга профилактика.doc
Скачиваний:
330
Добавлен:
24.03.2016
Размер:
3.47 Mб
Скачать

5.4. Тіс жегісіне резистенттілік

Тіс жегісіне резистенттілік – жегіленген шабуылға қарсы тұра алу қасиетін білдіретін ұғым. Тістің эмалінің сақталуы кариесогенді жағдайда екі негізгі табиғи фактормен жүзеге асады:

1) эмальдың қасиеті;

2) минимальды жегіленген зақымдану жағдайында олардың реминерализациялану қасиеті.

Сондықтан ағзаның тіс жегісіне резистенттілігі туралы айтады, ол адамның жалпы денсаулық деңгейі мен физиологиялық жекелікпен, ал жергілікті деңгейде - эмальдың тіс жегісіне тұрақтылығы және ауыз сұйықтығының тіс жегісіне қарсы қасиетімен анықталады.

Эмальдың тіс жегісіне тұрақтылығы тірі тістің эмалінің жағдайын реттеп отыратын, тіс ұлпасының функциональды жағдайы мен оның құрылымының сапасын көрсетеді.

Эмаль құрамының көптеген сипаттамаларының ішінде, оның тіс жегісіне тұрақтылық деңгейіне әсер етуші минерализация сапасын ерекше ажыратып айтады. Минерализация үрдісін шартты түрде екі сатыға бөледі:

1) преэруптивтивті, жақтың ішінде тіс эмалінің қалыптасу кезінде өтеді;

2) постэруптивті, тіс эмалінің беткей қабатында табиғи көздерден минералдардың түсуімен және алдын-алу препараттарымен байланысты.

5.4.1. Тіс жегісіне резистенттілік қалыптасуының табиғи жағдайлары

Тіс жегісіне резистенттілік қалыптасуының преэруптивті механизмі

Тістердің қалыптасуы тіс ұрығының қалыптасуы мен дамуынан басталады. Дифференциация үрдісінің келесі кезеңі эмальды ағзаның, эмальды емізікшелердің және эмальды қапшықтың түзілуіне әкеледі. Гистогенез кезеңінде дентин түзіледі және онымен байланыста эмаль түзіле бастайды. Эмаль энамелобласттардың өнімі ретінде есептеледі. Бұл молекуласынан үш өлшемді тор түзіледі, сол түйіндерде кальций иондары орналасады.

Эмаль матрицасының осындай үрдіспен қалыптасуынан Са-түйіндерінде кристалдардың түсуі басталып, тез минерализацияланады. Эмаль кристаллдарының негізгі типі - апатиттер, жалпы формуламен есептеледі.

Апатиттердің көп бөлігін (75%) гидроксиапатиттер құрайды. Гидроксиапатиттердің қышқылды ерітіндіде тұрақтылығы бірнеше факторларға тәуелді, соның ішінде кальций атомдарының санына, өйткені апатиттің қышқылмен байланысы кезінде, байланыстыру үшін Н+ беру қажет. Себебі апатитте фосфатты топтар саны салыстырмалы тұрақты. Апатиттің қышқылда тұрақтылығы, ондағы кальций мен фосфордың қатынасына тәуелді. Гидроксиапатиттердің тіс жегісіне тұрақтылығы келесі қатармен өседі , Са:Р қатынасында 1,3;1,67 және 2,0 сәйкес.

Апатиттердің тіс жегіге тұрақтылығының түрлі варианттары белгілі:

а) кальцийді бариймен, магниймен, хроммен, кадмиймен немесе мырышпен ауыстыруға болады;

б) фосфатты топтар құрамында карбонат, кремний немесе мырышы бар топтармен ауыстырылуы мүмкін;

в) гидроксильді топтарды фторидпен (қышқыл тұрақтылығын жоғарылатады), хлор ионымен, бормен, йодпен (қышқыл тұрақтылығы төмендетілген) алмастыруға болады. Ең оптимальды апатит ретінде фтордың екі ионымен көп мөлшерде кальций атомымен байланысқан апатит есептеледі:

Ақуыз торларының түйіндерінде түзілетін апатиттер, эмальды призманың негізін құрайтын пластиналарға жиналады. Түзілген эмальдың ақуыздың матрицасы өте жұқа, даму үрдісі кезінде эмаль ақуызы арнайы ферменттермен белсенді бұзылады, бірақ байланыстырушы жіптер қызметін сақтайды және эмальды сұйықтықтың ығысуына әсер етеді.

Уақытша және тұрақты тістердің әрбір тобының өзінің ұрықтырының қалыптасу, дифференциация, гистогенезі мен минерализациялану мерзімі болады (табл. 5.14). Бұл кездегі ағзаның гомеостазы тістің тіс жегісіне тұрақтылық деңгейіне әсер етеді деп есептейді. Тістердің дамуы мен тіс жегісі тұрақтылық қалыптасуының критикалық кезеңдерін ажыратады (табл. 5.15).

Таблица 5.14