Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Книга профилактика.doc
Скачиваний:
330
Добавлен:
24.03.2016
Размер:
3.47 Mб
Скачать

Ыңғайлылық пен жабдықтың минимальды және оптимальды деңгейлерінде кеңселік алдын-алу үшін жұмысшы орынды ұйымдастырудың сызбасы

Жабдықталуы

Минимальды нұсқа

Оптимальды нұсқа

Ыңғайлылықтар

Табиғи жарық, су құбыры жоқ, жылу көздері жоқ, канализациясы жоқ

Электрлік жарық, ыстық және салқын су, канализация, залалсыздандыру үшін жылу көздерінің болуы

Дәрігердің жұмысшы орны

Орташа биіктіктегі орындық

Орындықтың биіктігін реттейтін ауыстырылатын кресло

Науқасқа орын

Жазық орнықты кушетка немесе науқасқа басын алға-артқа және оңға-солға бұруға мүмкіндік беретін үлкен емес жастықшасы бар кереует; оператор артта отырып, науқастың басын көру қажет*

Орындықтың биіктігін және иілуін реттейтін кресло

Көмекшіге орындық

Оператордан сәл көтеріліп отыратын көмекшінің орындығы

Орындықтың биіктігін реттейтін ауыстырылатын кресло

Қосымша жарық

Қосымша жарық жоқ, немесе рефлектор дәрігердің басында, немесе лампа

Дәрігердің басынан жоғары орналасқан және науқастың аузын жарықтандыратын ауыстырылатын көлеңкесіз лампа

Құралдары бар табақ

Дәрігердің білегімен жасалатын қимылдар деңгейінде

Столдар

Қол жууға арналған тазиктер мен құралдары бар табаққа арналған столик

Қол жууға арналған жабдықтары және сақтау үшін жәшіктері бар ұзын стол

*Эпидемиологиялық тексеруді жүргізген кезде мүмкін абсолютті минимум: дәрігер «түрікше» жерде отырады, науқастың басы дәрігердің тізесінде.

Науқасты үйдегі алдын-алу процедуларына үйрету және мотивация үшін зона көрнекі нұсқаулардың (щетка, жақ мүсіндері, плакаттар және т.б.), науқасқа ыңғайлы биіктікте айнаның және қол жуғыштың (мүмкіншілігі бойынша) болуын қажет етеді.

Дәрігердің физикалық және эмоциональды шаршауын төмендету үшін жұмысқа орташа қызметкерді – медбике, ассистент, гигиенистті белсенді қатыстыру қажет. Орташа қызметкерге науқастың ауыз қуысы тіндеріне келесі келесі процедуралар тапсырылады:

  • науқаспен жұмыс: оған қажетті ақпаратты беру; мотивация, нұсқау; тамақтануды ұйымдастыру бойынша ұсынымдар;

  • қызылиектің қанағыштығы және тіс қағы индекстерін анықтау;

  • сілекейлі тесттер;

  • жұмсақ және қатты тіс жұғындыларын алып тастау;

  • фтор препараттарымен ауыз қуысында гигиеналық шараларды өткізу;

  • фиссуралар мен шұңқырларды инвазивті емес жабу;

  • қайта келуін ұйымдастыру.

Қауіпсіздік техникасының ережелері

Электрлік жабдықта қауіпсіздік техникасы оның жер қосылуын талап етеді, оған емдік мекеменің қауіпсіздік техникасы бойынша инженері немесе басқарма жауапты болады. Науқаспен жұмысты бастамас бұрын қондырғыны желіге қосып, оның барлық агрегаттарының жұмыс қабілеттілігін тексеру қажет. Күйген резина немесе пластмассаның, түтіннің иіс пайда болған кезде қондырғыны электр желісінен дереу сөндіру қажет. Жұмысты аяқтаған кезде қондырғының жұмыс істейтін агрегаттарын сөндіру қажет.

Бормашинаны қолданумен жұмысты бастамас бұрын механикалық байланыстардың беріктігін бақылау қажет, соның ішінде ұштықтың ротациялық щетканың, бордың және т.б. бекітілуін: егер щетка ұштықтың басына еркін кірсе немесе жұмыс кезінде шығып кетсе, онда аспирация немесе науқастың щетканы жұтуын алдын-алу үшін жұмысты дереу тоқтатады. Жұмыс барысында қызып кету және термиялық күйікті алдын-алу үшін ұштықтың температурасын қадағалау қажет. Қондырғы немесе ұштықтың жұмысында бөгде дыбыстар, құралдардың айналуы кезінде тоқтап қалуы пайда болған кезде жұмысты тоқтату қажет. Айналуды ашық шнурлардың көмегімен беретін қатты шлангысы бар қондырғыларда жұмыс кезінде шаштың машинаға оралу қаупі пайда болады, сондықтан қызметкер медициналық бас киімде жұмыс істеу қажет.

Фармакологиялық алдын-алу препараттарын және биоактивті заттарды қолданған кезде науқасты уланудан сақтау қажет, ол үшін препараттардың бөлек, науқасқа қол жетпейтін жерде сақталуын қадағалау, препараттардың және олардың байланысының мөлшерін дәл таңдау қажет. Жергілікті алдын-алу процедураларын орындаған кезде науқасты қалдыруға болмайды: науқастар аппликация үшін немесе шаю үшін ауыз қуысына енгізілген препараттарды жұтпауын қадағалау қажет.

Инфекция ауа-тамшылы, қатынасты, оральды-фекальды және парентеральды жолдармен берілуі мүмкін екені белгілі. Стоматологияда инфекцияның бір адамнан басқа адамға барлық берілу жолдары мүмкін: жұқтырылған құралдар арқылы, ауамен, жеке қатынас кезінде, қан арқылы, жұқтырылған тағам және су арқылы. Инфицирленудің алдын-алуы үшін инфекцияның барлық аталған таралу жолдарын бақылауда ұстау қажет. Алдын-алу қабылдауында инфекция көзі науқас та, персонал да болуы мүмкін екенін есте сақтау қажет. Ең қолайсыз таблицада (табл. 3.2) аталған патогенді микрофлорамен инфицирлену факті болып табылады.

Таблица 3.2