Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Книга профилактика.doc
Скачиваний:
330
Добавлен:
24.03.2016
Размер:
3.47 Mб
Скачать

5.2. Тіс жегісінің статистикасы

Тіс жегісі статистикасының міндеттері

Тіс жегісінің алдын-алу жөніндегі ғылыми зерттеу мен тәжірибелік жұмыс түрлі жағдайдағы барлық жас топтары өкілдеріндегі осы аурудың ағымы мен жиілігінің статистикалық мәліметтеріне сүйенеді.

Жегіленген патологияның сандық талдауы мынаған мүмкіндік береді:

  • патологияның пайда болуы мен ағымына әсер ететін әртүрлі факторлардың сипаты туралы ойлауға, яғни этиологиясы мен патогенезінің сұрақтары;

  • тұрғындарды болашақта тіс жегісі даму қаупі дәрежесіне қарай ажырату және осының негізіне сәйкес алдын-алу көмегін жоспарлау;

  • алдын-алу құрал жабдықтары, әдістер және алдын-алу бағдарламалардың тиімділігін бағалау;

  • тексерілген контингент үшін тіс жегісінің маңыздылық дәрежесін, соған сәйкес емдік көмекті жоспарлау.

Түрлі мақсаттар үшін бірліктер көмегімен есептелген тіс жегісімен зақымдалу көрсеткіштерін қолданады: адам, тіс, тістің беткейі, жегіленген ошақ.

Тіс жегісінің таралауы

Тіс жегісінің таралуын (немесе тіс жегісімен аурушаңдылықты) тұрғындардың қай бөлігі тіс жегісімен зақымдалуына қарап есептеп, анықтайды, зақымдалғанын анықтап, есептейді.

Таблица 5.1

Тіс жегісімен аурушаңдылықты бағалау көрсеткіштері (ддұ бойынша)

Тіс жегісі жоқ адамдар үлесі, %

Тіс жегісінің таралуына сәйкес баға

5-ке дейін

Жоғары

5-тен 20-ға дейін

Орташа

20-дан жоғары

Төмен

Соңғы уақытта алдын-алу мақсатпен бірге аталатын көрсеткіш кеңінен қолданылады: мұнда тіс жегісі жоқ адамдар үлесінің – оның таралуына кері шамасы анықталады.

Әлемдегі нақты жағдайға сәйкес ДДҰ тіс жегісімен аурушаңдылықты бағалайтын келесі көрсеткіштерді ұсынады (табл. 5.1).

Тіс жегісімен аурушаңдылықтың көрсеткіштерін әртүрлі аймақтардағы немесе тұрғындардың үлкен топтарындағы жағдайларды салыстыру үшін адын-алу мақсатында қолданады. ТМД-ның көптеген аймақтарындағы тіс жегісінің жоғары немесе орташа таралуы бар. Бір аймақтағы азғана уақыт аралығындағы аурушаңдылықтың динамикасын көрсету үшін (яғни, алдын-алу бағдарламаларының тиімділігін талдау үшін) таралу көрсеткіші шектеулі қолданылады, бұл тіс жегісінің ерекшелігімен, оның адамның басқа патологияларынан «статистикалық» айырмашылықтарымен байланысты. Бір кезде тіс жегісімен зақымдалғамен, басқа аурулар немесе тұмау тәрізді іс-түссіз жоғалып кетпейді, сондықтан тіс жегісі бар, пломбаланған немесе жұлынған тісі бар адамды оның бүкіл өмір бойы әрбір қаралуға келген сайын оларды тіс жегісімен зақымдалған адамдар санына жатқызады, ол жегіленген үрдістің ескілігіне, оның ақырына және тексерілу кезіндегі белсенділігіне байланысты емес. Сондықтан «тіс жегісінің таралуы» жеткілікті консервативті, аз қозғалысты көрсеткіш болып табылады, тіс жегісін алдын–алудың тиімділігін түрлі ұрпақтардағы адамдар топтарының алынған мәліметтерін салыстыра отырып бағалауға мүмкіндік береді. Сонымен, ДДҰ мақсаттарының ішінде 2020 ж. - 6 жастағы тіс жегісі жоқ балалар үлесін 80%-ға жоғарылату жоспарланған.

Тіс жегісінің қарқындылығы

Статистиканың алдындағы мақсаттарын шешу үшін тістің тіс жегісімен зақымдалуын ескеретін нақты өлшемдер ғана емес, оның белсенділік дәрежесі – яғни жегіленген үрдістің қарқындылығы қажет.

Таблица 5.2